Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне



бет1/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
#131189
  1   2   3   4   5   6
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.04.2010 17:51:38
Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне

қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация

желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі

Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 145-ө бұйрығы

(2009.04.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы 1-тармағының 19) тармақшасын орындау үшiн бұйырамын:



1. Қоса берiлiп отырған Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерi бекiтiлсiн.

2. Байланыс саласындағы мемлекеттiк саясат және қаржылық реттеу департаментi (Сейтiмбеков А.А.) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Д.С. Оразалиновке жүктелсiн.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге алынған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

 

Төраға

 

Келiсiлген:

Қазақстан Республикасы

Табиғи монополияларды

реттеу және бәсекелестікті

қорғау жөніндегі агенттігі

Төрағасының м.а.

__________________________

17 шілде 2004 жыл

«Телекоммуникация желілерін

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісіне қосу

және Қазақстан Республикасының

ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісі бойынша

трафикті өткізуді реттеу

Ережелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының

Ақпараттандыру және байланыс

жөніндегі Агенттігі Төрағасының

2004 жылғы 12 шілдедегі

145-ө бұйрығымен бекітілген



Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация

желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын

телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу

Ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Осы телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес байланыс операторларымен және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін құрайтын желі иелерінің өзара қатынасын реттейді және мыналарды анықтайды:

1) телекоммуникация желілерін (тіркелген және жылжымалы) қосу жағдайы мен тәртібі;

2) байланыс операторлары мен қосылатын телекоммуникация желілері иелерінің ұйымдастыру-техникалық әрекеттестігі;

3) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері (бұдан әрі - ОПТЖ) бойынша трафикті өткізуді реттеу тәртібі;

4) желілік ресурстарды өзара пайдалану және трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды жүргізу тәртібі.

2. Байланыс операторларымен және телекоммуникация желісі иелерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Ережелерге, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес орындалады.

3. Осы Ережелер мыналар арасындағы ұйымдық-техникалық әрекеттестік тәртібін қарастырады:

1) тіркелген желі байланыс операторларының бір-бірімен және ОПТЖ-ға қосыла алатын жылжымалы тіркелген желілермен;

2) егер әрекеттесуші желілердің біреуі ОПТЖ-ға қосыла алатын болса, телекоммуникацияның ведомстволық, арнайы, корпоративтік желілер иелері бір-бірімен қосылғанда;

3) телекоммуникацияның ведомстволық, арнайы, корпоративтік желі иелері және ОПТЖ-ға шыға алатын жылжымалы байланыс операторлары, егер олар ОПТЖ-ға қосылған болса.

4. ОПТЖ-ға шығатын телекоммуникацияның ведомстволық, арнайы, корпоративтік желі иелеріне осы Ережедегі жалғау, трафикті өткізу, әрекеттестік және өзара есеп айырысуды жүргізу жағдайлары және тәртібі бойынша талаптар таралады.

Телекоммуникация желілері иелерін жалғау ерекшеліктері осы ереженің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында келтірілген.

5. Байланыс операторларымен, желі операторы және иелері арасындағы құқықтық қатынастар мен ұйымдастыру-техникалық әрекеттестік және өзара есеп айырысу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың арасында жасалған телекоммуникация желілерінің Қосу шартымен (бұдан әрі - Қосу шарты) реттеледі.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Осы Ережелерде, Заңда қолданылатын ұғымдардан басқа, мынадай ұғымдар пайдаланылады:



1) телекоммуникациялар желілерінің иесі – ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желілерінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – желі иесі);

2) трафик бірлігі - телекоммуникация желісі бойынша берілген телефондық қосылудың секунды, минуты немесе ақпарат кбайты;

3) ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) IP-желісі - IP хаттамасы базасындағы пакеттік коммутация желісі;

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005.17. № 10-п бұйрығымен  5 тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) IP-телефония - бұл телефон байланысы және IP-хаттамасы арқылы нақты уақыт режімінде факсимильдік хабарларды беру қызметтерін ұсыну;

6) маршруттау - желілі трафикті берудің әр түрлі жолдарының біреуін таңдауды қамтамасыз ететін аппаратты-бағдарламалық кешен;

7) шағын - автоматты телефон станциялары - сыйымдылығы 128 нөмірден аспайтын автоматты телефон станциялары (бұдан әрі - АТС);

8) жүктеме - уақыт интервалына берілген шақырулар ағыны түскен кездегі коммутация жүйесінің шығыс жиынтық уақыты;

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005.17. № 10-п бұйрығымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) нақты уақыт режімінде факсимильдік хабарларды беру (соның ішінде алдын-ала төленген карточкалар бойынша) және телефон байланысы қызметінің IP- желісін қолдануға мүмкіндік беретін IP-хаттамасы базасында технологияны қолдана отырып ұсынатын байланыс операторы - IP-телефон операторы

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді)



8-2) жергілікті байланыс қызметтерін көрсетуші жергілікті телефон байланыс операторы - тіркелген байланыс операторы;

9) жылжымалы желі - шеткі терминалдарының аумақтық тіркелген орналасу орындары жоқ телекоммуникация желісі;

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005.17. № 10-п бұйрығымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) IP-телефонын пайдаланушысы - IP-хаттамасы базасында технологияны қолдана отырып телефон және факсимильдік байланыс хабарлары қызметі ұсынылатын телекоммуникация желісінің абоненті немесе басқа пайдаланушысы

10) префикс - нөмірдің, желілердің және қызметтердің әр түрлі тұрпаттарын жүзеге асыратын, сандар мен белгілердің біреуінен немесе комбинациясынан тұратын индентификатор;

11) жергілікті деңгейдегі қосылулар - телекоммуникациялардың бір желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосатын желі (желі үзіндісі) қосуды жүзеге асыратын жергілікті желі нөмірлерінің жоспарына енгізіледі;

12) ішкі аймақ деңгейіндегі қосылулар - бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосатын желі ішкі аймақтық нөмірлеудің «ab» кодын беру арқылы автоматты қалааралық телефон станциясына (бұдан әрі - АҚТС) қосылады;

13) қалааралық деңгейдегі қосылулар - бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосатын желі қосатын желінің нөмірлеу аймағына айналады немесе егер қосатын желіге «DEF» коды бөлінсе, қосатын желі қалааралық транзиттік торапқа (ҚаТТ) немесе қосатын желінің АҚТС-на қосылады;

14) халықаралық деңгейдегі қосылулар - қалааралық және халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерінің, халықаралық коммутация орталықтары арқылы халықаралық байланыстың әрекеттестігін ұйымдастыру;

15) қызметтерді жеткізуші - өзінің телекоммуникация желісі жоқ және басқа байланыс операторларының желілері мен қызметтеріне қол жетімділік қызметтерін ұсынатын оператор;

16) есептік мөлшерлемелер – кірісті, шығындар мен кірістірілген активтерді бөлек есептеудің деректері немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және көлемде технологиялық процестің белгілі бір кезеңінде телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді қамтамасыз ететін, техникалық құралдар мен құрылыстарды ұсыну және қызмет көрсету құны енетін экономикалық талдау және қаржы есептілігі деректері негізінде есептелген экономикалық негізделген шығындар мен табысты өтеуді қамтамасыз ететін баға (тариф);

17) трафиктің өткізілуін реттеу - телекоммуникация желісіндегі және олардың арасындағы трафикті өткізу жолдары мен қандай да бір тәсілдері таңдап алынатын (немесе жоққа шығарылатын) ережелерді бекіту;

18) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желісінде нөмірлеу жүйесі мен жоспарын құру ережесі - болашағы бар байланыс құралдарын, оның ішінде жаңа байланыс қызмет көрсетулерін енгізе отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желілерін техникалық (технологиялық) құруды анықтайтын нормативті-техникалық құжат;

19) электрмагнитті сигналдар арқылы деректер тарату желісі - желіні пайдаланушылар арасында ақпарат алмасуды, ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті және ақпараттық ресурстардың әрекеттестігін ұйымдастыруға арналған коммутация тораптары мен телекоммуникация желілерінің жиынтығы;

20) тактілік желілі синхрондау жүйесі (ТСЖ) - цифрлық телекоммуникация желісінің барлық элементтерін синхрондау сигналдарымен қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені;

21) қосатын жол - бір оператордың желісінен екінші оператор желісіне дейінгі физикалық жолдан тұратын техникалық жабдықтар кешені, сондай-ақ қосатын және қосылатын желі операторының, осы жолдың жұмысын қамтамасыз ететін станция жабдығының бір бөлігі;

22) терминал - шеткі абоненттік құрылғы;

23) қосылу (қосылыс) нүктесі - бір желіні келесі желіге физикалық жалғау орны (порты);

24) қосылу деңгейі - телекоммуникация желісінің иерархиялық қосылуы бойынша белгіленетін желі деңгейі;

25) тіркелген желі - шеткі терминалының аумақтық бекітілген орналасу орны бар телекоммуникация желісі.



ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 26); 27); 28); 29) тармақшаларымен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді)

26) қосушы оператор - жергілікті, ішкіаймақтық, қалааралық және халықаралық деңгейде өзге байланыс операторларының желілерін олардың өтіміндері бойынша өз желісіне қосушы ЖПТЖ байланыс операторы;

27) қосылушы оператор - жергілікті, ішкіаймақтық, қалааралық және халықаралық деңгейде өз желісін ЖПТЖ қосу туралы ұсыныспен ЖПТЖ байланыс операторына өтінім жасаушы байланыс операторы;

28) телекоммуникацияның бір желісін (байланыс құралдары) басқасына қосу - телекоммуникацияның екі желілерінің арасындағы технологиялық әрекеттесуін ұйымдастыру оның ішінде бұл желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылардың өзара қосылуларын орнатуға және ақпарат беруге мүмкіндігі бар қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілері;

29) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі (ҚХБОТЖ) - байланыс қызметін ұсыну мақсатында желінің деңгейіне сәйкес қалааралық және халықаралық трафикті өткізуге арналған уәкілетті органның белгілеген талаптарына жауап беретін ЖПТЖ байланыс операторының телекоммуникация желісі;

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 30) тармақшамен толықтырылды

30) қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі – типтік техникалық шарттарды пайдаланумен және қосудың типтік шартына сәйкес, бір желіден екіншісіне қосу үшін тағайындалған телекоммуникация құралдары.

 

2. Байланыс операторларының, желі иелерінің



ОПТЖ-ға желілерді қосу процесіндегі

ұйымдық-техникалық әрекеттестігі

§ 1. Ұйымдық-техникалық әрекеттестік кезеңдері

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005.11.07. № 218-ө бұйрығымен 7-тармақ толықтырылды; ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен 7-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)



7. Ұйымдастыру-техникалық әрекеттестік екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – желілерді қосу процесіндегі әрекеттестікте мынадай мәселелерді шешу енеді:

1) Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордан Қосылу шартының жобасы мен 4-1-қосымшаға сәйкес ресімделген қосылуға типтік техникалық шарттарды алу.



Қосатын оператор, техникалық мүмкіндікке байланысты, егер қосылу бір нөмірлеу аумағында жүргізілетін болса, отыз күннен аспайтын мерзімде және нөмірлеудің түрлі аумағында бір уақытта қосылған жағдайда, алпыс күннен аспайтын мерзімде қосылуды орындау үшін қажетті нақты әрекеттерді көрсетумен, техникалық шарттар береді және қосылудың стандартты нүктесіне (қосудың) қосудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қосу мақсатында телефон кәрізіне кәбілді төсеуге сауалнама жасаған кезде, кәбіл (телефон) кәрізінің иесі, техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттарында кәбілді төсеу үшін кедергілерді жоюда қандай іс-шаралар орындау қажет екенін көрсетеді;

2) қосылатын оператормен (желі иесімен) қосылуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;

3) қосылатын оператормен (желі иесімен) қосылуға және (немесе) техникалық шарттарды орындауға жобаны іске асыру;

Орындалған техникалық шарттар актісіне қол қойған сәтінен бастап, екіжақты келісім бойынша, қосатын және қосылатын байланыс операторлары (желі иесі) үш күннен аспайтын мерзімде Қосылу Шартына қол қояды.

Басым байланыс операторының қосу шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді;

4) желілерді тестілік режимде қосу.

Бірінші кезеңнің аяқталуы орындалған техникалық шарттар актісіне, табысты тестілеу негізінде желіні қосуға дайындығы туралы актісіне, сондай-ақ Қосылу шартына қол қою болып табылады.

Екінші кезең – желілерді қосуды жүзеге асырғаннан кейін мынадай мәселелерді шешу енетін, телекоммуникация қызметтерін ұсыну процесіндегі өзара әрекеттестік:

5) қызметтерді ұсыну кезіндегі өзара әрекеттестік;

6) трафикті өткізуді ұйымдастыру;

7) ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;

8) ұсынылған қызметтерге және кіріс, шығыс және транзиттік трафикті босатуға өзара есеп айырысуды жүргізу.

 

§ 2. ОПТЖ-ға қосылатын телекоммуникация



желілеріне қойылатын жалпы талаптар

8. ОПТЖ-ға қосылған телекоммуникация желілері технологиялық тұрғыдағы көзқараспен және қызметтерді ұсыну ережелері бойынша ОПТЖ-ның құрамды бөлігі ретінде қарастырылады.

9. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес барлық байланыс операторлары және желі иелері ОПТЖ-ға өз желісін қосу құқығына ие.

10. Бір желіні екіншісіне қосу осы Ережедегі 7-тармақта қарастырылған тәртіппен іске асырылады, ал әрекеттестік қосатын және қосылатын операторлар, желі иелері арасындағы шарт негізінде іске асырылады.

11. ОПТЖ-ға қосылған және шетелдік әріптестерінің телекоммуникация желілерінде арналары бар желі иелері оларды ОПТЖ операторларына/операторларынан трафик өткізуді жүргізуге пайдалана алмайды.

12. Бөлектелген желілердің байланыс операторларына сериялық нөмірлер, телефоншылар пульттарын, ОПТЖ-ға және бөлектелген желілерге бірмезгілде қосылатын кез келген жабдықты пайдалану арқылы трафикті өткізуді ұйымдастыруға тыйым салынады.

Бөлектелген желілердің түйінделуі кезінде ОПТЖ-дан олар ортақ пайдалану желісі санатына өтеді. Оларда «ab» коды мен АТС индекстерін тарату және пайдалану осы Ережеге сәйкес іске асырылады, ал қосылу қайта берілген лицензия шарттарына байланысты жүргізіледі.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.04.06. № 247 бұйрығымен  13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Қосылатын желілерде мынадай талаптар орындалуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін бірыңғай стандарттар негізіндегі технологиялық желілердің ерекшелігін есептегендегі байланыс сенімділігін және басқаруын қамтамасыз ету бойынша;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес ақпараттық тұрақтылық және қауіпсіздікті, жедел-іздестіру шараларының қызметтерін, байланысты қалпына келтіру бойынша төтенше жағдайлар жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша;

3) Қазақстан Республикасының сертификаттау саласындағы стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі тиісті уәкілетті орган аккредиттеген, сертификация органдарында қосылатын желілер операторларымен өзара есеп айырысуды жүргізу мақсатында жабдықтарды сертификаттауды қамтамасыз ету бойынша.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006.05.10. № 400-п бұйрығымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне қойылатын.

14. Қосылатын желіні және оның байланыс объектілерінің құрылысын салу бойынша жоба құжаттамасы Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес болуы тиіс.

Жоба құжаттамасын әзірлеуді жоба жұмыстарын орындауға лицензиясы бар ұйым жасауы тиіс.

Жобалық құжаттаманың құрамына Халықаралық электр байланысы одағының телекоммуникациялар секторының (бұдан әрі - ХЭО-Т) G.803, G.812, G.813 ұсыныстарына сәйкес жасалған және ОПТЖ-ның тактілік синхрондау желісінің сызбасына толығымен қиыстырылған тактілік синхрондау желісінің сызбасы кіруі тиіс.

Арнайы қызметтерді орындайтын аппаратуралар мен жабдықтардың стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган берген сертификаты болуы тиіс.

15. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін құрайтын барлық желілерге желіні құрастыру, құрылымы, тактілік синхрондау желі жүйесі, сигнал беру жүйелері, нөмірлеу жоспарлары, желілерді басқару және қолданылатын коммутация жабдықтарының түрлері бойынша қойылатын жалпы техникалық талаптар Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісі Басқару құжатына және ХЭО-Т ұсыныстарына сәйкес болуы тиіс.

16. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін (бұдан әрі - БТЖ) құрайтын барлық санаттағы байланыс операторлары және желі иелері байланыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен бірыңғай әрекеттестік тәртібінің талаптарын қанағаттандыратын өз желілерін басқару жүйелерін құрады.

Нақты желіні басқару жүйесі ХЭО-Т қабылдаған Электр байланысын басқару желісі тұжырымдамасына, ХЭО-Т ұсыныстарына, Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар мен нормаларға сәйкес болуы тиіс.

17. Қосылатын желілердегі техникалық пайдалану ОПТЖ техникалық пайдалану ережелеріне, байланыс саласындағы уәкілетті органның нормативтік құжаттарына, ХЭО-Т ұсыныстарына сәйкес ұйымдастырылуы қажет.

3. Желілерді қосу барысындағы байланыс операторларының (желілер



иелерінің) әрекеттестігі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет