Ақпараттық МӘтіндерді аудару ерекшеліктері



Дата20.05.2022
өлшемі132.52 Kb.
#458022
АҚПАРАТТЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аударма адам қызметінің, іс-әрекетінң бір түрі. Ал іс-әрекет- субъектінің болмысқа қарым- қатынасын белгілейтін ұғым. «Аударма» - көп мағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үдерісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның, жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс- әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді.

  • Аударма адам қызметінің, іс-әрекетінң бір түрі. Ал іс-әрекет- субъектінің болмысқа қарым- қатынасын белгілейтін ұғым. «Аударма» - көп мағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үдерісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның, жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс- әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді.
  • Аударма әдебиеттің тілі – бір тілден екінші тілге ауыстырылған семиотикалық таңба-белгілердің жиынтығы емес; коммуникативтік мақсаты бар тұтас құрылым. Аударма әдебиеттің тілі де төл тілдегі нұсқалар сияқты ақпарат беру, эмотивті (қабылдаушыға әсер ету) қызметтерін атқарады [1, 215б]. Осыған қоса аударма әрқашан да стилистика ұғымымен өзара байланысты болып келеді.

Қазіргі лингвистикада «метафора» термині төмендегідей үш бағытта түсіндіріледі:


ұқсастық негізінде құрылған көркем құрал ретінде. Метафораның негізгі функциясы – эстетикалық.
екі мағынаға (тура және ауыспалы мағыналардың) ортақ семантикалық құрылымдағы актуалдығын көрсетудегі жалпы атуы ретінде.
адамның ойлау қабілетінің ерекше әдісі ретінде метафораны пән аралақ және семиотика тұрғыдан қарастыру.

«Стиль» термині тіл ғылымында тар мағынада – тілідің атқаратын қоғамдық қызметтері ыңғайында ғана танылса, әдебиеттану ғылымында бұл мәтін кең мағынада жұмсалады. Бірақ тіл ғылымында ол терминді өзгеше кең мағынада жұмсайтындар да бар. Солардан айыру үшін әдеби тіл жайындағы стилистика ғылымында ол сөз тіл қызметінің орайындағы стиль «функционалдық стиль» деген тіркес құрамында, тар мағынада жұмсалады. Ол мәтін кейде «жұмыс стилі», «сурет салу стилі», «ән – күй стилі», деген сияқты құрамда дараланып, «тәсілі» деген мағынады жұмсалады.

  • «Стиль» термині тіл ғылымында тар мағынада – тілідің атқаратын қоғамдық қызметтері ыңғайында ғана танылса, әдебиеттану ғылымында бұл мәтін кең мағынада жұмсалады. Бірақ тіл ғылымында ол терминді өзгеше кең мағынада жұмсайтындар да бар. Солардан айыру үшін әдеби тіл жайындағы стилистика ғылымында ол сөз тіл қызметінің орайындағы стиль «функционалдық стиль» деген тіркес құрамында, тар мағынада жұмсалады. Ол мәтін кейде «жұмыс стилі», «сурет салу стилі», «ән – күй стилі», деген сияқты құрамда дараланып, «тәсілі» деген мағынады жұмсалады.
  • Әдеби тілдің стильдік тармақтарының болуы – оның басты сипатының бірі. Тілдің коммуникативті қызметінің аясы кеңейіп, баспасөздің де құралына айналғанда, оған басқа да ерекше «міндеттер» жүктеледі. «Міндеттер» - деп отырғанымыз – баспасөз, жазба әдебиет тілінің қоғамдық қызметі. Стиль дегеніміз – тілдің қоғамдық қызметінің әр қилы орайында тілдік тәсілдердің белгілі мақсатпен жинақталған жүйесі. Сондай тілдік жүйелерден оның стильдер топтары құралады.

Аударма тәсілдерінін бейнелегенде, әрбір тәсілдің ерекшлелігін еске алу керек. Аса ерекшелінетіндер жазбаша және ауызшы аударма тәсілдері. Егер біріншісінде мәтіннің ерекшелігін, оның стилі мен мазмұнын сақтау талап етілсе, екіншісінде аудармашының шет тілдегі сөз тіркесін есте сақтай отырып, оның аудармасын айту талап етіледі.

Жазбаша аудармада, ең біріншіден, мәтіннің жанрлық – стилистикалық және жанрлық ерекшлеліктері анықталады:


ғылыми – техникалық аударма (ғылыми – техникалық мәтіндері мен қағаздарын аудару);
қоғамдақ – саяси аударма ( қоғамдық – саяси мәтіндерді ауару);
көркем аударма ( көркем мәтіндерді аудару);
әскери аударма (әскери тематикадағы мәтіндерді аудару);
юридикалық аударма (юридикалық мәтіндерді аудару);
тұрмыстық аударма (ауызекі – тұрмыстық мәтіндерді аудару);
Функционалдық стильдер жүйесі әрдайым даму үстінде келеді. Қысқа уақыт мерзімі ішнде жаңа хабарды жеткізу әрекеті коммуникативті міндет сипатында және тіл арқылы іске асады. Газет тілінде, сөзсіз, оны көркем, ғылыми, ресми іс – қағазалар мен ауыз екі стильдерінен айыратын, өзіне ғана тән ерекшеліктері бар [16,127б.]. Олар әр түрлі деңгейде ерекшелінеді: кейбіреулердің шекараларын анықтау мүмкін емес. Осы қиындықтар әсіресе газет немесе публицистикалық стильде кездеседі.

И.Р. Гальперин «Очерки по стилистике английского языка» атты кітабында газет стиліне үлкен тарау арналған. Газет стилінің ішінде автор екі өзге түрлерді ажыратады:


газет хабарлар стилі, мақала атауы мен хабарландыру. И.Р.Гальперин пікірінше осы аталған стиль түрі газеттің негізін қалыптастыруда қызмет етеді;
газет мақалаларының стилін әр түрлі публицистикалық стильдер құрайды, соның ішінде шешендік және эссе стильдері де кіреді

Газет мәтінінің стиль қалыптастырушы факторлар мен функцияларын анықтайды:


ақпараттық;
гедонистикалық
ағартушылық;
тәрбиелік;
ұйымдастырушылық;

Публицистиакалық шығармалар тілінің төмендегідей көрсетілген негізгі ерекшеліктер болады:


берілген материалдың оқырманға әсерлілілгі.
берілген материалдың деректілігі және ресми деректермен сәйкестігі;
берілген материалдың қалың көпшілігіне түсініктілігі;
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет