Ыдысқа құю, тығындау, таңбалау. Пастерленген сүтті сыйымдылығы 2,5 және 1 л және 0,2; 0,5; 1,0 л қағаз пакеттерге құйылады. Мұндай пакеттегі сүтті тасымалдау өте ыңғайлы. Пастерленген сүт шығарылатын ыдыс міндетті түрде таңбаланады. Жуылмайтын бояудың көмегімен белгілерді енгізеді: өндіруші-өнеркәсіптің атауы мен нөмірі немесе оның тауарлық белгісі, сүттің түрі, литрдағы көлемі, тұтынудың соңғы саны немесе күні, бірлік бағасы және стандарттың атауы. Дайын өнімді сақтау. Дайын өнім сатуға шығарылуға дейін арнайы камераларда сақталады. Сақтау камераларының жасанды салқындату және изоляциясы болады. Пастерленген сүттің барлық түрлері камерадағы ауаның температурасы 0-8°С температурада, ауаның қалыпты ылғалдылығында (85-90%) сақтайды. Сақтау камераларында ауаның вентиляциясы мен тазалықты қатаң ұстану қажет. Пастерленген сүтті сақтау ұзақтығы технологиялық процес аяқталған кезден бастап 36 сағаттан артық болмауы керек. 1 – сүтке арналған насос , 2 –сүтке арналған есептеуіш, 3 – резервуар, 4 – пластикалық суыту қондырғысы, 5 – теңестіргіш бөшке, 6 – пластиналы пастеризациялық-суытқыш қондырғы, 7 – сепаратор, 8 – гомогенизатор, 9 – құбырлы пастеризациялық-суытқыш қондырғы, 10 – араластыруға арналған резервуар. Автоматтандырылған пластиналы қондырғысы сүтті лезде жұқа қабатта пастерлеуге және салқындатуға арналған. Ол комбинирленген пластиналы аппараттан, теңестіргіш бактан, сүт ағынын реттегіштен, бойлердан, сүт тазалағыш сепаратордан, буға арналған реттегіш құрылғыдан, тұздыққа арналған реттегіш құрылғыдан, басқару тетігінен, араластырғыштан тұрады. 1-пастиналы пастеризатор, 2-теңестіргіш бак, 3-сорғы, 4-өнім арынының біркелкі берілуін реттегіш, 5-бойлер, 6-сүт тазалағыш сепаратор, 7-буға арналған реттегіш құрылғы, 8-тұздыққа арналған реттегіш құрылғы, 9-басқару тетігі, 10-араластырғыш, 11-тұрақтандырғыш немесе бір қалыпта ұстап тұрғыш Пластиналы аппарат бірнеше секцияларға бөлінген тат баспайтын жылуалмастырғыш пластиналармен жабдықталған. Секциялар бір бірінен арнайы аралық плиталармен бөлінген, сұйықты енгізуге және шығаруға арналған штуцерлері бар. Пластиналарға реттік номірлері ойылып жазылған, сонымен қатар осы нөмірлер пластинаны құрастыру сұлбасында көрсетілген. Қысқыш құрылғылар мен плиталар көмегімен тірекке пластиналар қысылып жапсырылған. Жылу секцияларының қысылу дәрежесі жоғарғы және төменгі кермелерде орнатылған шкаладан кесте бойынша анықталады. Тік керменің болт өсі бойынша нөлдік бөлуді орнатады, ол герметикалықты қамтамасыз ететін минимальды қысуға сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |