Темы вашего учебного проекта



Дата08.03.2016
өлшемі81.36 Kb.
#46481
түріКраткое содержание

Жоба авторы

Фамилия, имя отчество

Төлемісова Гүлмира Серікқызы

Регион

Қазақстан

Населенный пункт, в котором находится школа/ОУ

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы

Номер и/или название школы/ОУ

Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі

Описание проекта

Название темы вашего учебного проекта

Процент – біздің айналамызда

Краткое содержание проекта

Жоба жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушыларына арналған. Осы жоба бойынша оқушылар проценттік есептеулер бойынша кең көлемде мәлімет ала алады. Оқушылар зерттеу жүргізу барысында әртүрлi мамандық өкiлдерiнен интервью алу арқылы проценттердің қолданылу аясы туралы мәліметтер алады. Оқушылар әртүрлi мамандық иелерінің жұмысымен танысуды iске асыру барысында өз ауылының адамдарының жаңа кәсiби мүмкiншiлiктерiн көредi. Оқытылатын теориялық білімдердің күнделікті тұрмыста да пайдаланылатынына көз жеткізеді және көпшілікпен жұмыс жасауға,үнемшілдікке үйренеді.

Предмет(ы)

Математика

Класс(-ы)

5 класс

Приблизительная продолжительность проекта

4 сағат

Основа проекта

Оқу стандарты

- берiлген санның процентiн, процентi бойынша санды табу;

- сандардың қатынасын процент арқылы өрнектеу, проценттi бөлшек түрiнде жазу;

- арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, процентке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;

процент” терминiн қолдану және оның күнделiктi өмiрдегi қолданымына мысалдар келтiру бiлiктерiн меңгерулерi тиiс.



Дидактические цели / Ожидаемые результаты обучения

Жоба аяқталған соң оқушылар:

  • процент туралы есептеулер жүргізе алады

  • айналамыздағы процентке байланысты есептеулерді жүргізе алады

  • күнделікті тұрмыста проценттің қолданылуын біледі; процентті есептеу білудің арқасында суды,электр энергиясын,ақшаны үнемдеуді үйренеді

  • алдағы жұмысты жоспарлауды;топпен және жұппен жұмыс жасауды

  • алынатын мәлiметтi сын көзiмен бағалап, әртүрлi формалардағы мәлiметтi және әр түрлi әдiстермен талдап, интегралдап, бағалап құруды

  • жоба барысында жауапкершілікті сезінуді,тапсырылған істі аяғына дейін орындауды

Вопросы, направляющие проект

Основополагающий вопрос

Процент біздің өмірімізге не үшін қажет ?

Проблемные вопросы учебной темы

Процент күнделікті тұрмыста қай жерлерде кездеседі?

Дүкенде немесе базарда проценттер керек пе?

Баспасөз бетіндегі жарнамалардағы проценттер

Банк жүйесінде проценттер неге керек?



Учебные вопросы

  • «процент» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

  • Бізге «проценттер» не үшін қажет?

  • Берілген санның процентін қалай табамыз?

  • Процентті не үшін оқимыз?

  • Процентті қалай есептейміз?

  • Процентпен қандай есептерді шешуге болады?

  • Процентке берілген есептерді қандай тәсілдермен шешуге болады?

План оценивания

График оценивания

Жобамен жұмыс жасағанға дейін

Оқушылар жобамен жұмыс жасап тапсырмаларды орындайды

Жоба аяқталған соң

1.Тақырыпты таңдап алады

2. «Процент біздің айналамызда»тақырыбында эссе жазу

3.Жоба жоспарын құру

4.Вики-сайт жасау

5. Жұмыс үлгісін құрастыру

6. Бағалау өлшемдері



1.Материалды оқу және талдау,топпен және жұппен жұмыс жасайды.

2.Слайдтар қарау және талдау.

3.Жобаға байланысты мәліметтер жинақтау.

4.Ата-аналармен, сатушылармен,банк қызметкерлерімен сұхбат жүргізу

5.Баспасөз материалдарымен,бланкалармен жұмыс жасау .


Өзара қарым-қатынаста жұмыс жасауды үйренеді.

Әр топ атқарған жұмыстарының презентациясын жасайды.



Ассоциация – сұрақ: Сонымен процент біздің күнделікті өмірімізге қажет пе екен?

Бағалаудың әдiстерiнiң сипаттамасы

1.Тақырыпты таңдап алады. «Процент» топтастыруы бойынша оқушы ойларын білу

2. «Процент біздің айналамызда»тақырыбында эссе жазу.Оқушылардың процент туралы жалпы түсінігін қалыптастыру.

3.Жоба жоспарын құру.Алынған мәліметтер бойынша топтарға бөлініп жұмыс жасау,әр топ өз жоспарын құрады,мәліметтерді талдайды,талқылайды.

4.Вики-сайт жасау.

5. Жұмыс үлгісін құрастыру

6. Бағалау парағы – жобадағы оқушының әрекетін талқылау парағы, оқушылар парақшаға өз бағалары түсіреді.



Жоба туралы мәліметтер

Бастапқы қажетті білімдір, біліктер, дағдылар.

Пән бойынша: процент және оны есептеу жолдары;санның процентін табу мен проценті бойынша санды табу есептерін шеше алу

Негізгіні таба алу біліктілігі (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып)

ДК-қа жұмыстың қолданбалы дағдылары (мәтіндік, графикалық редактор, презентацияда слайдтар жасау және редакциялау), Вики ортасында жұмыс iстей бiлу - (мақаланы редакциялау, блогке комментарий енгізу)

Оқу шаралары

Оқу кезеңдері

Дайындық кезеңі (жобамен жұмыс бастағанға дейін )

Жобаға әр қатысушыны тарту, оқушылардың жұмыс жасауына түрткі жасау және білімдерін актуалдау үшін оқушылар процент туралы білетіндерін ортаға салады. Одан кейін алынған мәліметтер жұпта, топта талқыланады және жалпы ақпарат тақтаға жазылады.

Негізгі сұрақты талқылау

Жауап табуды қажет ететін сұрақтар тізбегі құрастырылады.Сұрақтар жұпта, топта, ал кейін ұжыммен талқыланып, әрекет ету бағыттары таңдап алынады.

Негізгі кезең ( тапсырмалар орындау және жобамен жұмыс)

Жобаға қатысушылар жұмыс бағыттарын жазып алады (ақпараттарды классификациялау барысында анықталды) :

1. «Отбасы бюджеті мен мектептегі проценттер»- «Мектептегі проценттер» - мектеп кітапханасынан мәліметтер жинау, мектеп әкімшілігінен мәліметтер алу, мектеп және сыныптағы мәліметтер бойынша диаграмммалар салу

2 «Банкирлер» -бланкалармен жұмыс жасау

3.«Жарнамашылар» - «процент – баспасөз бен теледидарда»,газет пен теледидар бетіндегі жарнамаларды жинақтап есептеулер жүргізу

Жұмыс бағыты анықталып және бағыт бойынша топтар қалыптастырылып болғаннан кейін, әр топ өз зерттеу тақырыбы бойынша берілген алгоритммен жұмыс жасады:

Мақсат, міндеттерді белгілеу

Проблема бойынша әдебиеттерді талдау

Зерттеу әдістерін анықтау. Пән мұғалімінің консультациясы.

Жеке зерттеулер жүргізу.

Мәліметтерді талдау.



Алынған мәліметтерді бағалау, ұсыныстар жасау.

Оқушылар практикалық жұмыстар орындайды. Бұл алдағы зерттеу материалы.

Жоба жұмыстарын қорғау алдында оқушылар бағалау өлшемдерін қолданып нәтижелерін топта талқылап, конференцияға қатысуға дайындықтарын тексерді. Жоба жұмысы белгілі бір өлшемдер бойынша бағаланады.

Қорытынды кезең. Жобаны қорғау ( жоба жұмысы аяқталғаннан кейін).

Жоба қорғау жұмыстары мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен конференцияда өтеді. Жұмыс нәтижелері презентация түрінді беріледі. Жоба барысында оқушылар жоба күнделігін жүргізеді.

Саралап оқыту материалдары

Оқу материалын меңгеруде проблемалары бар оқушы (Проблемалық оқушы)

Нақты тапсырма беру, көмек көрсету, жоба жұмысының нәтижелері: көлемі, мазмұны және қорытынды (ауызша, жазбаша, диаграмма, сурет) осы балалардың даму деңгейіне сай болады.

Сабақ беру тiліоқушы үшін ана тілі емес

Адаптавті материалдар: ана тіліндегі мәтіндер, екі тілдегі сөздіктер, электронды аудармашылар және оқушының өз ана тіліндегі сайт – ресурстарына сілтемелер ұсыну

Дарынды оқушы

Саралап оқыту құралдарын жеке таңдау (мысалы, жобаның мақсаттарымен,баланың қабiлетттері мен қызығушылықтарына сәйкес ақпаратқа және құралдарға қол жеткізу. Жоба шеңберiнде зерттеулердiң ашық тақырыптары. Жоғары ойлаудың қызметі - талдау және синтез тәсілдерімен, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтаумен байланысты әрекетті ұйымдастыру. Қабылдауларын ұйымы, белгiлердiң анықтауымен дағды құрастыруға қатысты бағасы үшiн.

Жоба үшін қажетті материалдар мен ресурстар

Технологиялар – құралдар (керек тармақтарды белгiлеңiз)

Фотоаппарат, диск, видеомагнитофон, компьютер, принтер, видеокамера, цифрлік камера, проекциялық жүйе, DVD-проигрыватель, сканер, интернет желілер,телевизор

Технологиялар - программалық қамтамасыз ету(керек тармақтарды белгiлеңiз)

СУБД/электронды кестелер, суреттерді өндеу, веб-сайт дайындау бағдарламалары, үстел үсті басылым жүйесі, веб-браузер, мәтіндік редакторлар, электрон почта бағдарламалары, мультимедиялық жүйелер , CD-ROM –дағы басқа анықтамалықтар

Баспа негiзiндегі материалдар

1.Математика – 5 класс. Оқулық

2. Математикалық анықтамалық

3.Оқушылар энциклопедиясы


Басқа құралдар

Фотоаппарат,принтер,видеокамера,сандық камера, DVD-проигрыватель, сканер, диктофон, парақшалар, теледидар.

Интернет-ресурсы

http://letopisi.ru

http://wikipedia.org

http://wiki.iteach.kz

http://google.kz



Басқа қорлар

Ата-аналарды көмектесуге шақыру.

Қалалық банктермен, мектеп кітапханасымен,мектеп әкімшілігімен байланыс орнату.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет