Темір ауданы әкімі Б.Қаниевтің ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы тезисі.
Темір ауданы жер көлемі 12,6 мың шаршы шақырым, бұл облыс территориясының 4,2 % құрайды. Аудан орталығы Шұбарқұдық кенті болып 1972 жылы құрылды. Ауданның жер қойнауы қазбаларға бай, атап айтқанда мұнай, газ, көмір, құрылыс шикізат заттарының мол қоры бар.
Бүгінде ауданда 35 мыңнан аса халық тұрады, оның 98,5 % қазақтар.
Ауданда 10 жергілікті округке қарасты 27 елді мекен бар. Оның 1 қала, 3 кент, 23 ауыл. Жалпы тұрғындардың 42,8 % аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде, 22,4 % Кеңқияқ өңіріндегі 6 елді мекенде, 34,8 % қалған 19 елді мекеннің халқын құрайды.
Аудан елді мекен тұрғындарының 80,9 % табиғи газды, 82,8 % су құбыранан су пайдаланып отыр, 17,2 % тұрғындар шахталық құдықтардан су пайдалануда.
Ауданның 27 елді мекені 100 % жарықпен, байланыспен, телеарнамен қамтылған.
2012 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны 35538 адамды құрады. Бір жылда 891 бала дүниеге келсе, 240 адам өлімі тіркелді.
Ауданға 451 адам көшіп келсе, 170 адам көшіп кеткен. Табиғи өсім 442 адамды көрсетті.
Салық және бюджеттік саясат
01.01.2012 жылға өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджеттің кіріс бөлігі 124,5 пайызға, бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 пайызға орындалды.
Жыл бойы 35329 млн теңгенің инвестициясы тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 358,6 млн теңгеге артық.
2010 жылы аудан бойынша орташа айлық жалақы 70 382 теңге болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 75 589 теңгені құрады.
Өндіріс өнеркәсібі
Аудан бойынша жалпы өндіріс көлемі 01.01.2012 жылға өткен жылға қарағанда 127,4 пайызға орындалды. Оның ішінде мұнай өндіру 127,4 пайызға, тепловоз жөндеу 118,4 пайызға, басқа қызмет түрлері 110,0 пайызға орындалды.
Аудан көлемінде жұмыс жасап тұрған алты наубайханада 6618,0 мың теңгеге 110,3 тонна нан пісірілді.
Республика бойынша 2 жобаның бірін Темір ауданының «Қызылжар-2030» ЖШС-і «Өнімділік -2020» бағдарламасы бойынша «Ұшқыр жобаны» (Пилотный проект) 150,0 млн теңгені жеңіп алды.
2012 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша тіркелген барлық кәсіпорын саны 166 бірлікті құрады. Оның ішінде 140-ы кіші, 25-і орта, 1 ірі кәсіпорын.
Ауылшаруашылық кешені
01.01.2011 жылға өткен жылмен салыстырғанда ірі қара саны 1100 басқа артты, қой-ешкі 2900 басқа , жылқы 7000 бас болып өткен жылғы санына жетті, түйе 5 басқа, құс 2395-ке өсті.
Жыл қорытындысы бойынша 7893,9 млн теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 101,1 пайызды көрсетті, яғни ауылшаруашылығына 175,0 млн теңге қаржы салынды, 1,9 мың теңге артық қаржы келген.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданға «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 7 шарушылық 41,2 млн теңгеге несие, Аграрлық Кредиттік Корпорациясынан 1 шаруашылық 15,0 млн теңге несие келді.
Ауданда 3 микрокредиттік ұйымда барлығы 47 адамға 22150,0 мың теңге несие беріліп, тұрғындар шаруашылықтарын үлкейтуге, кәсіп ашуға мүмкіндік алды.
Әйтседе, ауылшаруашылық саласында әлі де қолға алуды қажет ететін мәселелер баршылық. Бір ғана жылдың ішінде 1628 мал сарып ауруына шалдығып, барлығы сойылды. Ветеринар мамандар арқылы 114 қора жайларға залалсыздандыру жұмыстары жасалды. Дегенмен бұған жеке тұлғалар аса мән бермеуде.
Ауылшаруашылық саласында біз тек мал шаруашылығы мен шөп шабуды қанағат тұтып келеміз, көкөніспен айналысушылар әлі де болса аз, шағын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін цехтар жұмысы мүлдем жоқ.
Жер реформасы
Аудан бойынша жыл аяғына 300 шаруа қожалығы 369 920 га аумақта және 52459 га аумақта 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жүргізді. Осы шаруашылықтар жеріне талдау жүргізген кезде, көптеген шаруашылықтар иелігінде тіркеуде тұрған жерлердің бірнеше жылдардан бері ешқандай мақсатқа пайдаланылмай келгені анықталды. Бұл көптеген шаруашылық ашуға ниет білдірген адамдардың жоспарларын жүзеге асыруға кедергі болған нәрсе. Бүгінгі күнге осы бағытта жер учаскесі пайдаланусыз тұрған 87 шаруашылықтан 56403 га жер қайтарылды.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жыл бойы қызмет жасаған шағын кәсіпкерлік субъектілері саны 1102 бірлік болды.
Бір жылдың ішінде 160-тан астам кәсіпкерлік нысандары ашылды. Көп ашылған шаруашылық нысандары Шұбарқұдық пен Шұбарши кенттерінде, Кеңестуы ауылдық округтерінде болды.
Кәсіпкерлік субьектілерінде өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 124,4 пайызға (5957,9 мың т) орындалды. Бюджетке 904,5 млн. теңге салыққа түсіп, яғни, өткен жылдан 116,3 пайызға артық орындалды. Бүгінде кәсіпкерлік саласында 3938 адам еңбек етуде.
Шағын кәсіпкерлікке қолдау жасау үшін аудан әкімдігі «Лукойл» компаниясымен байланыс жасап, ауданға 8 млн 677 мың теңге инвестиция әкелді.
Білім саласы
«Балапан» бағдарламасы бойынша биыл Қопа ауылында жаңа заманғы үлгіде 50 орындық балабақша ашылып, пайдалануға берілді.
Өткен жылы білім беру саласына 2 037 873,0 мың теңге қаржы бөлінді. Республикалық бюджеттен Теректі мектеп-балабақшасы мен Шұбарши орта мектептері үшін лингофондық, мультимедиялық кабинет жабдықтары, Кенкияқ, С.Бәйішев мектептеріне биология кабинеті жабдықтары алынды.
Білім беру ұйымдарындағы компьютерлер саны 525-тен 603-ке өсіп, 1 компьютерге 11 оқушыдан келді.
Білім беру мекемелерін ұстау үшін 2011 жылға бюджеттен 1 943 282,0 мың теңге бөлінді. Осы қаржы көлемінде биология, химия, лингофондық, мультидимиялық кабинет жабдықтарын сатып алынды.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен жалпы білім беру қорына аз қамтылған отбасы балаларына оқу-құрал жабдықтарын, киім-кешек алуға, тамаққа, сауықтыруға және ақшалай көмек көрсетуге бөлініп, 23 000,0 мың теңге бөлінді. Жазғы демалыс лагерлерінде биылғы оқу жылында барлығы 5757 оқушы демалды.
Мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 9500,0 мың теңге, спорт құрал-жабдықтарын сатып алуға 5000,0 мың теңге бөлінді.
Білім беру саласындағы маңызды шара бұл биыл жаңа 3 мектеп құрылысының басталуы. Бүгінде Шұбарқұдық кәсіпшілігінде 320 орындық, Кеңқияқ кентінде 600 орындық, Шұбарши кентінде 300 орындық жаңа мектеп құрылыстары жүріп жатыр. Келесі жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін болады. Кеңқияқ өңіріндегі 2 мектеп құрылысы аяқталғаннан кейін ескі мектеп базасында балабақшалар ашу мүмкіндігі бар.
Биыл Кеңқияқ, Темір, Шұбарқұдық және Қопа елді мекендерінде 4 спорт кешені іске қосылды.
Денсаулық сақтау.
Аудан бойынша жыл бойы орталық аурухана, Кеңқияқ селолық ауруханасы, туберкулез ауруханасы, 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік және 15 медициналық пункті тұрғындарға қызмет етті.
Темір аудандық ауруханасы, Кенкияқ селолық ауруханасы және Шұбарши, Темір дәрігерлік амбулаторияларында күндізгі емдеу бөлімдерінде 1899 науқас ем алды.
Туберкулезге 20949 тексерулер жүргізілді, нәтижесінде 12 науқас анықталды, туберкулездің белсенді түрімен 76 науқас есепте алынды, туберкулезбен қарым-қатынаста болғандар- 240 адам, оның ішінде балалар – 101 бала, 66 бала оқшауланған, оның 42 бала балабақшаға, 14 бала «Шағала» санаториясына, Қурайлы мектеп-интернатына 10 бала жіберілді.
2011 жылы Қопа, Құмсай, Бабатай ауылдарында жаңадан медициналық пункттер пайдалануға берілді.
Мәдениет
Мәдениет саласы бүгінде толық жаңарып қалды десек болады. 2011 жылы Шұбарқұдық кентінде екі жерде «Ана мен бала» аллеясы жасақталды. Мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базаны нығайтуға 3380,0 мың теңге қаржы бөлінді.
2011 жылы 17000,0 мың теңгеге Еңбекші ауылында 100 орындық, 24000,0 мың теңгеге Шұбарши кентінде 150 орындық, Саркөл ауылында 21500,0 мың теңгеге 100 орындық клуб үйлері жаңадан салынып пайдалануға берілді.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында елді мекендерде көпшілік шаралар жүргізілді. Ауданның кітап қоры «Темір тарихы», «Темірлік жас таланттар» кітаптарымен толықты. Ауданда елді мекендердің әнұрандарын жасақтау жұмысы жүріп бүгінде Ақсай мен Саркөл елді мекендерінен басқа барлық елді мекеннің өз әндері жарық көрді. Тұңғыш рет «Темірім-Шұбарқұдығым» әніне бейне клип түсірілді.
Зейнеткер аналардан «Ару ана» әжелер ансамблі құрылып, аудан елді мекендерінде концерттер өткізді. Ауданда «Шапағат» іскер әйелдер клубы жұмыс жүргізіп, көптеген маңызды шараларды ұйымдастырды.
Үстіміздегі жылы Темір ауданының құрылғанына 40 жыл толады, сондықтан осы елеулі шара аясында көптеген жұмыстар ұйымдастыру қажет.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Аудан бойынша аз қамтылған және кедейленген отбасылар саны өткен жылмен салыстырғанда 7 отбасыға, отбасындағы адам саны 47 адамға азайды.
Өткен жылмен салыстарғанда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 7 отбасыға, адам саны 22 адамға азайды.
01.01.2012 жылға 34 отбасының 99 адамына 2800,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Өткен жылға қарағанда 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушы отбасы 181 отбасыға, адам саны 443 адамға азайды, төленген қаржы 4134,8 мың теңгеге азайды.
Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 19 отбасыға, адам саны 82 адамға артты. Төленген жәрдем көлемі 250 мың теңгеге азайған. Бұл жағдай жыл басында мәслихат отырысында тұрмысы төмен отбасыларға жасалған жеңілдік шарасы негізінде жасалды.
Өткен жылы ақылы қоғамдық жұмысқа алынғандар 174 адам болса, 2011 жылы 220 адам қамтылды, әлеуметтік жұмыс орнына өткен жылы 30 адам ғана тартылса, 2011 жылы 103 адам тартылды, өткен жылы жастар практикасынан 2010 жылы 20 жас маман өтсе, өткен жылы 112 жас маман жастар практикасынан өтті.
2010 жылы 12 адам кәсіби біліктілік арттыру оқуынан өтсе, биылғы жылы 60 адам кәсіби білім алды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ықпалымен қайта ашылған және бос тұрған орындарына 618 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Жаңа жұмыс орны 722 орынға ашылды.
Облыстық маслихаттың 12.12.2006 жылғы №317 «Жеңілдіктер беру туралы» шешіміне байланысты (электр қуатына, орталық жылуға,суға, отын сатып алуға, телефон үшін абоненттік төлем және судың кәрізін шығаруға) барлығы 427 адамға 9007,5 мың теңге тағайындалып төленді.
2010 жылы тіркелген жұмысыздар саны 50 адам болып, белсенді халықтың 0,3 % құраса, өткен жылы белсенді халықтың 0,2 % құрады.
Өткен жылдан бастап «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
Бағдарлама аясында кәсіби оқуларға 76 адам жолданды, жұмыссыздыққа 190 адам тіркеліп, оның ішінде әлеуметттік жұмыс орнына 9 кәсіпкерге 25 адам жолданды. Сонымен қатар 24 адам мекемелерге орналастырылды. Жалпы барлығы 106 адам жұмысқа орналасты, қалған 84 адам жұмыссыздықта тіркеуде.
5 кәсіпкер 9 млн теңге несие алды Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін 2 жеке кәсіпкер 4,5 млн теңгеге несие алды.
Өткен жылы тұрмысы төмен отбасылар мен оқыс жағдайларға тап болған 51 отбасыға барлығы 1125,0 теңге біржолғы материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде 17 мүгедекке 355,0 мың теңге, өкпе ауруымен ауыратын 8 адамға 165,0 мың теңге бір жолғы материалдық көмек берілді.
Мүгедектерге көмек.
Алға қаласындағы «Шипагер» сауықтыру орталығына 7 мүгедек, Шымкент қаласындағы «Денсаулық» сауықтыру орталығына 7 мүгедек және 2 тыл еңбеккері емделуге жолдама алды.
Өткен жылы 21 мүгедекке гигиеналық құрал, 6 мүгедекке сурдо-тифлотикалық құрал, 1 мүгедекке арба берілсе, 21 мүгедек Алматы қаласына протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ететін орталыққа жолдама берілді.
Байланыс
2010 жылы аудан бойынша 5838 телефон нүктесі болса, бүгінге 6125 телефон нүктесі тіркеліп отыр. Ауданда «КсеІІ», «Билайн», «Далаком» ұялы байланыс желісі кеңейіп келеді.
2011 жылы «Отау ТВ» спутниктік телеарна жұмысы ауданға келді. Тұрғындар 37 каналды, соның ішінде қазақша жаңалықтарды, облыс хабарын көруге мүмкіндік алды. Бүгінде ауданның 27 елді мекенінің 23-і осы телеарнаны пайдаланып, абоненттер санынан облыста І орында тұрмыз.
Өткен жылы мемлекеттік пошта торабының кірісі 1809,5 мың теңге болса, қазір 2526,4 мың теңгені құрап отыр.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
2011 жылға Шұбарқұдық кентінің І.Балмұхамбетов және Жамбыл көшелеріне газ желісін жүргізуге республикалық бюджеттен 12000,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Кеңқияқ кентінде «Сазды-2» мөлтек ауданын газдандыру жұмысы жүргізілді.
Шұбарқұдық кентінің су жүйелерін қайта қалпына келтіру жобасының ЖСҚ-н дайындауға 12000,0 мың теңгеге, Шұбарқұдық кәсіпшілігінің су желілерін қайта қалпына келтіру жобасының ЖСҚ-н дайындауға 11000,0 мың теңге бөлініп, жоба жасалуда.
Шұбарши кентінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 40000,0 мың теңге бөлініп, 3 көшеге жөндеу жұмысы жасалды.
Жамыл елді мекенімен байланыстыратын көпір салынып, көптен шешімін таппай жүрген мәселе шешілді.
Шұбарқұдық кентінің орталық саябағын қалпына келтіруге 14,0 млн қаржы бөлініп, саябақ қайта жасақталады.
Сәулет және қала құрылысы
2012 жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғалардан тұрғын үй және қосымша құрылыстар салуға 366 арыз қабылданып толықтай қанағаттандырылды. 2011 жылы 153 жеке тұлға және 15 коммуналдық тұрғын үй салынды.
Жыл аяғында тұрғын үй құрылысы 13962,0 шаршы метрді құрады немесе былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,5 пайызға орындалды.
Құқық қорғауды нығайту
Өткен жылмен салыстырғанда аудан бойынша тіркелген қылмыс саны 1 бірлікке азайды, оның ішінде ауыр қылмыс 3 бірлікке артқан, қылмыстың ашылуы 4,8 пайызға артқан.
Достарыңызбен бөлісу: |