3. Тежегіш жабдық және автотіркегіш құрылғыларды ұстау тәртібі
58. Жылжымалы құрам, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам автоматты тежегіштермен, ал жолаушылар вагондары, моторвагонды жылжымалы құрам және жолаушылар поездарын жүргізуге арналған локомотивтер, бұдан басқа, электрпневматикалық тежегіштермен жабдықталады. Автоматты тежегіштер вагондардың тиелуіне, құрамның ұзындығына және жол профиліне байланысты тежеудің түрлі режимдерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегіштер, әр түрлі пайдаланған жағдайда басқару және жұмысына сенімді болуы, жатық тежеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі бар, сондай-ақ ауа құбыржолының магистралі ажыраған немесе үзілген кезде және тоқтату кранын (шұғыл тежеу кранын) ашқан кезде поезды тоқтатады.
Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегіштері есептік деректер бойынша айқындалған тежеу жолынан артық болмайтын қашықтықта шұғыл тежеген кезде поездың тоқтауына кепілдік беретін тежегіштің басылуын қамтамасыз етеді.
Шаруашылық, қала маңындағы поездардың құрамына адамдарды тасымалдау үшін енгізілетін жүк вагондары тоқтату кранымен жабдықталады.
Жолаушылар вагондарында және моторвагонды жылжымалы құрамда тоқтату крандары тамбурларда, вагондардың ішінде орнатылады және пломбыланады.
59. Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ қол тежегіштерімен жабдықталады. Жүк вагондарының бір бөлігінде құрылымына сәйкес тоқтату краны және қол тежегіші бар өту алаңы болуы тиіс. Теміржол жылжымалы құрамындағы қолмен тежегіштер жарамды жай-күйде ұсталуы қажет және есептік тежегіш қысымын қамтамасыз етуі тиіс.
60. Иінтіректік тежегіш берілістің ажырауы немесе омырылуы габариттен шығып кетуге немесе жолға түсіп қалуға алып келуі мүмкін барлық бөліктерінің сақтандырғыш құрылғылары болуы тиіс.
61. Жылжымалы құрам және АЖҚ теміржол жылжымалы құрам бірліктерінің өздігінен ажырауына жол бермейтін тіркеу құрылғысымен жабдықталады.
62. Автотіркегіш осінің рельс бастиектерінің үсті деңгейінің үстіндегі биіктігі:
1) локомотивтерде, жолаушылар және бос жүк вагондарында - 1080 мм-ден артық болмайтын;
2) локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында – кем дегенде 980 мм;
3) жүк вагондарында (жүк тиелген) - кем дегенде 950 мм;
4) АЖҚ-та бос күйінде - 1080 мм-ден артық болмайтын, тиелген күйінде – кем дегенде 980 мм.
63. Автотіркегіштердің бойлық осьтерінің арасында биіктігі бойынша:
1) жүк поезында - 100 мм-ден артық болмайтын;
2) локомотив пен жүк поезының жүк тиелген бірінші вагоны арасында - 110 мм-ден артық болмайтын;
3) локомотив пен жолаушылар поезының бірінші вагоны арасында - 110 мм-ден артық болмайтын;
4) сағатына 120 км жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезында - 70 мм-ден артық болмайтын;
5) сондай сағатына 121-140 км жылдамдықпен - 50 мм-ден артық болмайтын;
6) локомотив пен АЖҚ-тың жылжымалы бірліктері арасында - 100 мм-ден артық болмайтын айырмашылыққа рұқсат етіледі.
Сағатына 161 км және одан артық жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезы вагондар арасындағы саңылаусыз автотіркегішпен жабдықталады.
64. Жолаушылар вагондарының автотіркегішінде тігінен ауыстырулардың шектегіштері болуы тиіс.
Технология бойынша жолаушылар поездымен тіркеліп жұмыс істейтін АЖҚ-тың, локомотивтің автотіркегішінде тігінен ауыстырулардың шектегіші болуы тиіс.
65. Автотіркегіш құрылғыларының техникалық жай-күйі және поезд құрамындағы вагондардың дұрыс тіркелуін тексеруді жөнелту алдында поезға техникалық қызмет көрсетуді орындаған вагондарды қарап тексеруші жүзеге асырады.
Вагондарды қарап тексерушілері жоқ станцияларда вагондарды поездға тіркеген кезде, сондай-ақ маневрлік жұмыс кезінде вагондардың дұрыс тіркелуі үшін маневрлердің басшысы жауапты болады.
Локомотивтің немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның тиісінше поездың бірінші вагонына немесе басқа өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамға дұрыс тіркелуін локомотивтің немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін АЖҚ-тың машинисі жүзеге асырады.
66. Поездық локомотивтің құрамнан ағытылуын және құрамға тіркелуін (соның ішінде тежегіш жеңдерін ажыратуды, жалғастыруды және асуды, шеткі крандарды ашуды және жабуды) локомотив бригадасының қызметкерлері жүргізуі тиіс.
Поезд локомотивін электрлік жылытумен жабдықталған жолаушылар құрамнан ағытуды локомотив бригадасының қызметкері, ал локомотивке вагондарды қарап тексеруші-машинист жалғыз қызмет көрсеткен кезде поездық электр механик жоғары вольтты вагондық электр жалғағыштарын ажыратқан соң ғана жүргізеді. Жылыту электр тізбектерін ажырату ток қабылдағыш түсіріліп тұрғанда жүргізіледі.
Локомотивке жалғыз машинист қызмет көрсеткен кезде поездық локомотивті жүк және жолаушылар поезының құрамына тіркеу және оны осы құрамнан ағыту жөніндегі операцияларды вагондарды қарап тексерушіге, ал вагондарды қарап тексерушілер көзделмеген станцияларда және аралықтарда: жолаушылар поезында - жолаушылар поезының бастығына (механик-бригадиріне), жүк поезында – локомотив машинисіне жүктеледі.
4. Доңғалақ жұбының пайдалану тәртібі
67. Әр доңғалақ жұбының осінде доңғалақ жұбының қалыптастырылу және толық куәландырылу уақыты мен жері туралы белгілер, сондай-ақ қалыптастыру кезінде оны қабылдау туралы таңбалар болуы тиіс.
Доңғалақ жұптары жылжымалы құрам астында қарап тексерілу мен толық куәландырудан өтуі тиіс, сондай-ақ әрбір домалатып қою кезінде тиісті журналдарда немесе паспорттарда тіркелуі тиіс.
68. Жүктелмеген доңғалақ жұбы доңғалақтарының ішкі қырлары арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс. Жылдамдығы сағатына 120 км-ден жоғары және сағатына 140 км-ге дейінгі поездарда айналатын локомотивтерде және вагондарда, сондай-ақ өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда ауытқулары ұлғаю жағына қарай 3 мм-ден артық болмайтын және кему жағына қарай 1 мм-ден артық болмайтын ауытқуларға рұқсат етіледі, жылдамдығы сағатына 120 км-ге дейін болғанда 3 мм-ден артық болмайтын ауытқуларға рұқсат етіледі.
1435 мм жолтабанында айналатын жолаушы және жүк вагондарының арбашалар мен доңғалақ жұптарына қойылатын талаптар тиісті нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленеді.
69. Жылжымалы құрамды, сонымен қоса АЖҚ егер оның доңғалақ жұбы осінің кез келген бөлігінде немесе оның құрсауында, дискісінде және доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ жұбының жалында сүйірленген қажағы болса, сондай-ақ жол мен жылжымалы құрамның қалыпты өзара байланысын бұзатын доңғалақ жұбының келесі тозулары мен зақымданулары кезінде, пайдалануға беруге және поездармен жүруіне рұқсат етілмейді:
1) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км-ден жоғары және сағатына 140 км-ге дейін:
локомотивтердің, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы вагондарының домалау шеңбері бойынша 5 мм-ден артық сырғанау;
жолдың биіктігі 30 мм болғанда жотаның шыңынан 20 мм қашықтықта өлшегенде локомотивтерде жотаның қалыңдығы 33 мм-ден артық немесе 28 мм-ден кем, ал моторвогонды жылжымалы құрамда, жолаушылар вагондарында жалдың биіктігі 28 мм - жотаның шыңынан 18 мм қашықтықта өлшегенде;
2) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км-ге дейін:
Жүріп өту шеңбері бойынша локомотивтерде, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамда және алыс сапардағы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында - 7 мм-ден астам, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда, жергілікті және қала маңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында - 8 мм-ден астам, рефрижераторлық парк вагондарында және жүк вагондарында - 9 мм-ден астам болғанда;
жотаның биіктігі 30 мм кезінде жотаның басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жотаның биіктігі 28 мм жылжымалы құрамда - жотаның басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың қалыңдығы 33 мм-ден астам немесе 25 мм-ден кем болса;
3) арнайы шаблонмен өлшенетін жотаның тігінен қиылысуының биіктігі 18 мм-ден астам болғанда;
4) локомотивтерде, моторвагонды және АЖҚ, сондай-ақ роликтік букс мойынтіректері және кассеталық үлгідегі мойынтіректері бар вагондарда тереңдігі 1 мм-ден астам, ал тендерлерде 2 мм-ден астам сырғанау сырғақ (ойық) бетінде болғанда.
70. Моторвагонды жылжымалы құрамнан немесе аунақшалы букс мойынтіректері бар тендерден басқа, вагонда жол жүріп келе жатқанда тереңдігі 1 мм-ден артық, бірақ 2 мм-ден көп болмайтын сырғақ (ойық), анықталған кезде мұндай вагонды (тендерді) поездан ағытпастан (жылдамдығы сағатына 100 км-ден артық болмайтын жолаушылар поезы, сағатына 70 км-ден артық болмайтын жүк поезы) таяу жердегі, доңғалақ жұбын ауыстыруға арналған құралдары бар техникалық қызмет көрсету пунктіне дейін апаруға рұқсат етіледі.
Сырғақтың көлемі мотровагонды жылжымалы құрамның вагонынан басқа вагондарда 2-ден 6-мм ге дейін, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамда, сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда 1-ден 2 мм-ге дейін болғанда, поездың ең жақын станцияға дейін сағатына 15 км жылдамдықпен жылжуына, ал сырғақтың көлемі тиісінше 6-дан жоғары 12 мм-ге дейін және 2-ден жоғары 4 мм-г дейін болғанда сағатына 10 км дейінгі жылдамдықпен, доңғалақ жұбы ауыстырылуы тиіс ең жақын станцияға жетуіне рұқсат етіледі. Сырғақтың көлемі вагон мен тендерде 12 мм-ден астам, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонында 4 мм-ден астам болғанда доңғалақ жұбының көтерілуі немесе доңғалақ жұбының айналуына мүмкіндік бермеу шарты орындалған жағдайда сағатына 10 км жылдамдықпен жылжуына рұқсат беріледі. Бұл ретте локомотив поездан ағытылуы, ал зақымдалған доңғалақ жұбының тежегіш цилиндрлері және тартымдық электрқозғалтқышы (электрқозғалтқыштарының тобы) істен ажыратылуы тиіс.
71. «Patentes Talgo S.L..» компаниясы шығарған жолаушы вагондарының доңғалақтары жасаушы зауыттың технологиялық нұсқаулығының талаптарын және төмендегі қосымша талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1) доңғалақтардың ішкі қырларының арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс, «Patentes Talgo S.L.» компаниясы шығарған, жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейінгі поездарда айналадағы ауытқулары ұлғаюы жағына 3 мм-ден және азаю жағына да 1 мм-ден аспауы тиіс.
2) жотаның қалыңдығы 28 мм кем болмауы, доңғалақ құрсамасының қалыңдығы– кем дегенде 40 мм, домалау шеңбері бойынша сырғанауы 3 мм-ден артық болмауы тиіс;
3) сырғанау шеңбері бойынша доңғалақтар диаметрлерінің айырмашылығы доңғалақ жұбын шығарып қайрау кезінде – 0,5 мм артық болмайды, шығарусыз – 1 мм артық болмайды;
4) шектес вагондар арбашаларының арасындағы доңғалақ диаметрлерінің айырмашылығы – 5 мм артық болмайды;
5) сырғанау бетінде тереңдігі 0,5 мм-ге дейінгі сырғақ (ойық) бар болған жағдайда, қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 км-ден артық болмауы тиіс;
6) сырғанау бетінде тереңдігі 0,5 мм-ден 1 мм-ге дейінгі сырғақ (ойық) бар болған жағдайда, қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 км-ден артық болмауы тиіс;
7) тереңдігі 1 мм-ден артық сырғақты байқаған жағдайда ТПҚ талаптарын басшылыққа алу қажет.
5. Темір жол желісінің инфрақұрылымын пайдалану тәртібі
-
Жалпы ережелер
72. Магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғылары ақаусыз күйде ұсталуы тиіс.
Құрылыстар мен құрылғылар ақаулықтарының алдын алу және олардың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз ету оларды күтіп ұстау үшін жауапты адамдардың жұмысында ең бастысы болып табылады..
73. Құрылыстар, құрылғылар, механизмдер мен жабдықтар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Құрылыстардың, құрылғылардың, негізгі механизмдер мен жабдықтардың аса маңызды техникалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған техникалық паспорттары болуы тиіс.
Магистральдық теміржол желісін жөндеу және күтіп ұстау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
74. Магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғылары поездардың белгіленген жылдамдықтарымен өтуін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) мынадай поездардың қозғалысы кезінде: жолаушылар – сағатына 140 км, рефрижераторлық – сағатына 140 км, жүк – сағатына 120 км.
2) жолаушылар поездарының жүрдек қозғалысы кезінде – сағатына 141 – 200 км.
3) жолаушылар поездарының жоғары жүрдек қозғалысы кезінде – сағатына 201 км және одан артық.
75. Жаңадан шығарылған және қайта жаңғыртылған құрылыстар мен құрылғылар олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейтін техникалық құжаттама бекітілген соң ғана қолданысқа енгізіледі.
76. Құрылыстарды жақындату габариттері (бұдан әрі – С және Сп) магистральдық темір жол желісін, теміржолдық кірме жолдарды, олардағы құрылыстар мен құрылғыларды жобалаған, салған, қайта жаңғыртқан кезде, екінші жолдарды электрлендірген және салған кезде, сондай-ақ пайдаланымдағы барлық құрылыстар мен құрылғыларда уәкілетті органмен бектілген Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталауы тиіс.
С мен Сп габариттерінің талаптарына жауап бермейтін қолда бар құрылыстар мен құрылғыларды қайта орналастыруды жоспарлаған кезде, бірінші кезекте, жылжымалы құрам габариттерінің перспективалық жылжымалы құрамын (бұдан әрі – Тпр және Тц), сондай-ақ аймақтық габарит бойынша тиелген жүктерді өткізуді қамтамасыз етпейтін объектілер ескеріледі.
77. Кез келген жөндеу, құрылыс және басқа жұмыстарды жүргізген кезде құрылыстар мен құрылғылардың габариттерін бұзуға рұқсат етілмейді.
78. Қос жолды желілердің аралықтарындағы түзу учаскелердің жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ден кем болмауы тиіс.
Үш және төрт жолды желілерде екінші және үшінші жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 5000 мм-ден кем болмауы тиіс.
Темір жол станцияларында (бұдан әрі - станциялар) түзу учаскелерде шектес жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 4800 мм-ден кем болмайды, екінші дәрежелі жолдар мен жүк аудандарының жолдарында 4500 мм-ден кем болмайды. Станцияларда бас жолдар шетте орналасқан болса олардың арасындағы қашықтықты 4100 мм етуге рұқсат етіледі. Жүкті тікелей вагоннан вагонға қайта тиеуге арналған жолдардың осьтері арасындағы қашықтықты 3600 мм етуге рұқсат етіледі.
Аралықтар мен станцияларда қисық учаскелердегі шектес жолдар осьтерінің арасындағы және жол осі мен құрылыстардың жақындау габариті арасындағы горизонтальдық қашықтықтар белгіленеді.
79. Құрылыстарды жақындату габариттері Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес болуы тиіс.
80. Көрсетілген габарит шектерінде жүктің дұрыс орналастырылуын тексеру үшін жаппай тиеу орындарында (темір жол кірме жолдарында, теңіз және өзен порттарында, қайта тиеу станцияларында) габарит қақпалары орнатылады. Жолдың жанына түсірілген немесе тиеуге дайындалған жүк құрылыстардың жақындау габариті бұзылмайтындай етіп қойылуы және бекітілуі тиіс.
Жүктің (жол жұмыстарына арналып түсірілген балластан басқа) биіктігі 1200 мм-ге дейін болғанда ол шеткі рельс бастиегінің сыртқы қырынан 2.0 м-ден жақын, ал биіктігі жоғары болғанда 2.5 м-ден жақын тұрмауы тиіс.
2. Жотаның жоспары мен пішіні
81. Темір жолдың барлық элементтері (жер төсемі, жоғарғы құрылысы және жасанды құрылыстар) пайдаланған кезде поездың осы учаскеде белгіленген жылдамдықтармен қауіпсіз және жатық қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс.
82. Жол шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыру және техникалық жарақтандыру поездар қозғалысының берілген мөлшерлерін белгіленген жылдамдықтармен орындау үшін темір жолдарды, құрылыстар мен құрылғыларды күтіп ұстау мен жөндеу бойынша қажет жұмыстарды орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
83. Темір жол қисықтардың радиустары, түзулер мен қисықтардың жанасуы, еңістердің қия беткейлігіне қатысты желінің жоспарына және профиліне сәйкес болуы тиіс.
84. Станциялар, разъездер мен озу пункттері алаңда тігінен орналасуы тиіс. Жекелеген жағдайларда олардың 0,0015-тен тік емес, ал қиын жағдайларда 0,0025-тен түзу емес еңістерде орналасуына рұқсат етіледі.
Аса күрделі жағдайларда барлық үлгідегі разъездер мен озу пункттерінде, не болмаса локомотивтің немесе вагондардың маневр және құрамнан ағытылуы және құрастырылған поездардың ажыратылуы көзделмеген бойлық немесе жартылай бойлық үлгілегі аралық станцияларда станциялық алаңның шектерінде 0,0025-тен асатын еңістерге рұқсат етіледі. Пайдаланудағы станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарын ұзартқан жағдайда және вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсіз) өздігінен жүріп кетуінің алдын алу шаралар шарттары 0,0025-тен асатын, бірақ 0,010-нан тік емес еңістерге рұқсат етіледі.
85. Вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсіз) өздігінен жүріп кетуіне жол бермеу үшін станцияларда, разъездер мен озу пункттерінде вагондарды локомотивтен ағытып алу және маневрлік операциялар жүргізу көзделетін жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған қабылдау-жөнелту жолдарының шектегіш бағыттамалар жағына қарай еңіске қарсы құрылғылары бар бойлық профилі болуы және оны жобалау нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.
86. Вагондардың өздігінен басқа жолдарға, поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына шығып кетуінің алдын алу үшін сақтандыру тұйықтарын, қорғағыш бағыттамаларын, лақтырғыш табаншалардың, лақтырғыш үшкірлерді, лақтырғыш бағыттамаларды орналастырылуы, сондай-ақ вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғыларды қолдану көзделеді.
87. Станциялар, разъездер мен озу пункттері, сондай-ақ жекелеген парктер мен тартымдық жолдар түзу учаскелерде орналасуы тиіс. Қиын жағдайларда оларды радиусы кем дегенде 1500 м қисықтарда орналастыруға рұқсат етіледі. Ерекше қиын жағдайларда қисықтың радиусын 600 м-ге дейін азайтуға, ал таулы жағдайда 500 м-ге дейін азайтуға рұқсат етіледі.
88. Магистральдық және станциялық жолдардың, сондай-ақ Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы және концессия шарты бойынша теміржол иесіне тиесілі темір жол кірме жолдары жоспары мен профилі кезең-кезеңмен аспаптық тексеріліп отырады.
Жоспар мен профилді аспаптық тексеру, тиісті техникалық құжаттаманы жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ станциялардың масштабтық және схемалық жоспарларын жасау тиісінше Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторына және концессия шарттары бойынша теміржол иесіне жүктеледі.
89. Магистралды және станциялық жолдарды жөндейтін және күтіп ұстайтын жол шаруашылығының кәсіпорындарында мыналар болуы тиіс:
1) дистанцияда бар жол шаруашылығының барлық құрылыстары мен құрылғылардың сызбалары мен сипаттамалары, сондай-ақ тиісті стандарттар мен нормалар;
2) станциялардың масштабтық және схемалық жоспарлары, барлық бас және станциялық жолдардың, сұрыптау дөңестерінің, сондай-ақ локомотивтер айналатын темір жол кірме жолдарының бойлық бейіндері болады.
90. Сұрыптау, учаскелік және жүк станцияларындағы сұрыптау дөңестерінің, дөңесасты және пішінделген тартымдық жолдардың бойлық пішіндерін үш жылда кемінде бір рет тиісінше Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы және концессия шарттары бойынша теміржол иесі тексереді. Барлық станциялардың станциялық жолдарының қалған ұзындығында пішінді кем дегенде он жылда бір рет тексереді.
Басты жолдардың бойлық пішіні аралықтарда жолдардың күрделі және орташа жөндеу кезінде аспаптық тексеру орындалады.
Жоспар мен профильдің өзгеруіне алып келетін жолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін магистральдық және станциялық жолдардың учаскелерінде жұмыс аяқталған соң, тиісінше Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесі тиісті құжаттаманы бере отырып, жұмысты орындаушылар тексереді.
Станция аумағында жаңа объектілер салған, қолда барларын кеңейткен немесе басқа орынға ауыстырған кезде осындай жұмыстарды жүргізуші кез келген ұйым станцияның қолда бар тарамдарына объектінің байланыстырылуын белгілейтін орындаушылық құжаттаманы тиісінше дереу Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесіне беруі тиіс.
3. Жолдың жоғарғы құрылысы, жер төсемі және
жасанды құрылыстарды пайдалану тәртібі
91. Жер төсемінің үстіңгі жағындағы ені жолдың түзу учаскелерінде жолдың үстіңгі құрылысына сәйкес болуы тиіс. Қолданыстағы желілерде олардың қайта құрылуына дейін жер төсемінің ені кем дегенде: дара жолды желілерде - 5,5 м, қосжолды желілерде - 9,6 м, ал жеке жолды желілердегі жартастық және құрғатқыш топырақтарда кем дегенде - 5,0 м, қосжолды желілерде 9,1 м болуына рұқсат етіледі.
Жер жиегінің үстіңгі бетіндегі ең аз ені жолдың әр жағынан 0,4 м болуы тиіс.
Радиусы 2000 м-ден кем қисық учаскелерде жер төсемі белгіленген нормалар бойынша кеңейеді.
92. Жаңадан салынып жатқан темір жол желілері және екінші жолдар үшін жер төсемінің жоғарғы жағындағы ені Құрылыс нормаларына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сулар жайылатын жерлердегі жер төсемі жиегінің қыры қатты желдер кезінде соғылатын толқындардың ең жоғары биіктігінен кем дегенде 0,5 м-ге жоғары болуы тиіс.
93. Жолдың түзу учаскелерінде және радиусы 350 м және одан үлкен, қисықтардағы рельстердің бастиектерінің ішкі шеттері арасындағы жолтабан енінің номиналдық көлемі - 1520 мм.
94. Едәуір тік келетін учаскелердегі жолтабанның ені:
1) радиусы 349-дан 300 м-ге дейін ағаш шпалдарда - 1530 мм;
2) радиусы 349-дан 300 м-ге дейін темірбетон шпалдарда - 1520 мм;
3) радиусы 299 м және одан кем барлық шпалдар түрінде - 1535 мм.
95. Темір жол желілерінің учаскелері мен жолдарында радиусы 650 м-ден артық учаскелерде жолтабан енінің номиналдық көлемі 1524 мм пайдалануға рұқсат етіледі.
96. Бұл ретте, едәуір тіктеу келетін қисықтарда қабылданатын жолтабан:
1) радиусы 650-ден 450 м-ге дейін - 1530 мм;
2) радиусы 449-дан 350 м-ге дейін - 1535 мм;
3) радиусы 349 м-ден және одан кем - 1540 мм.
Жолдың түзу және қисық учаскелерінде жолтабан енінің номиналдық өлшемдерден ауытқуының шамасы тарылымы бойынша - 4 мм-ден, кеңеюі бойынша +8 мм-ден, ал қозғалыс жылдамдықтары сағатына 50 км және одан төмен учаскелерде таралымы бойынша - 4 мм-ден, ал кеңеюі бойынша - 10 мм-ден аспауына рұқсат етіледі.
97. Номиналдық мөлшерінен ауытқу шамасы жолтабан енінің 1512 мм-ден кем және 1548 мм-ден артық болуына рұқсат етілмейді.
Жолдардың түзу учаскелерінде жолды пайдалану бір рельстік тіні екіншісінен 6 мм-ге биік етіп ұстауға рұқсат етіледі.
Қисық учаскелерде сыртқы рельс тінінің жоғары тұруы 150 мм-ден артық болмауы тиіс.
98. Көпірлер мен тоннельдер бақылау-габариттік құрылғыларымен қоршалады, хабарлау сигнализациясымен және бөгегіш бағдаршамдарымен жабдықталады.
Жасанды құрылыстар өртке қарсы құралдармен және қарап тексеруге арналған құралдарымен жабдықталуы тиіс.
99. Аса ірі жасанды құрылыстардың және деформацияланатын немесе қиын инженерлік-геологиялық жағдайлардағы учаскелердің тізбесін уәкілетті орган белгілейді. Қоршау жабдықтарын орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
100. Барлық көпірлер қолданыстағы есептеу нормалары негізінде жүк көтергіштігі бойынша жіктеледі.
101. Жолдың және құрылыстардың жай-күйін бақылау магистральдық темір жол желісінде жол өлшегіш вагондар мен арбашалар, ақаутапқыш вагондар, ақаутапқыш автомотрисалар, ақаутапқыш арбашалар, ақаутабу жөніндегі зертханалар, көпірлік, тоннельдік, жолды тексерушілік, габарит-тексерушілік, сынау, жөндеу-тексеру-сүңгуір станциялары қолданылуы тиіс.
102. Темір жолдармен поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін станцияларда және елді мекендерге, мал бағу орындарына және т.б. жақын орналасқан жерлерде қоршау құрылғылары орнатылады.
4. Рельстерді, бағыттамалы бұрмаларды, жол және сигнал белгілерін, темір жолдардың қиылусыларын және өтпелерін пайдалану тәртібі
103. Басты және станциялық жолдардағы рельстер мен бағыттамалық бұрмалар қуаты мен жай-күйі бойынша пайдалану жағдайларына (жүктасымалдылығы, осьтік жүктемелер және поездардың қозғалыс жылдамдықтары) сәйкес болуы тиіс.
104. Бағыттамалық бұрмалар айқастырмаларының маркалары мынадай: бас және қабылдау-жөнелту жолаушы тасушы жолдарда - 1/11-ден тік емес, ал айқаспалы және айқаспалы бұрмалардың жалғасы болып табылатын жеке бұрмалар - 1/9-дан тік емес, жолаушылар поездары бұрманың түзу жолы бойынша ғана өтетін бағыттамалы бұрмалар айқастырмаларының маркасы 1/9 болуы тиіс.
Мынадай ауытқуларға рұқсат етіледі:
1) 1/9 маркалы бағыттамалы бұрмаларды 1/11 маркасымен ауыстыру бағыттама алқымдарын қайта орнатуға себепші болса, жолаушылар поездарын қаптал жолға бұруға;
2) жүк қозғалысының қабылдау-жөнелту жолдарында - 1/9-дан тік емес, ал симметриялы - 1/6-дан тік емес;
3) басқа жолдарда - 1/8-ден тік емес, ал симметриялы - 1/4,5-тен тік емес.
105. Бас жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкірлері алдынан бастап тепкіш білеулер төселуі тиіс.
106. Қисық учаскелерде басты жолдарға жаңадан бағыттамалық бұрмаларды орнатуға рұқсат етілмейді.
Орталықтандырылған бағыттамалар климаттық және басқа жағдайларға байланысты механикаландырылған тазарту немесе қар еріту құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
107. Мына ақаулықтардың ең болмағанда біреуі орын алған бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат етілмейді:
1) бағыттамалық үшкірлердің және тартқыштары бар айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерінің ажырауы;
2) үшкірде бірінші тартымның қарсы тұсында, үшкір айқастырманың өзегінің ұшында стрелканың жабық күшінде өлшенетін үшкірдің рамалық рельстен айқастырмалық жылжымалы өзегінің жақтаудан 4 мм және одан да артық кейін қалуы;
3) үшкірдің немесе жылжымалы өзекшені үгітілуі, бұл кезде жотаның төну қаупі туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы:
басты жолда 200 м және одан көп;
қабылдау-жөнелту жолдарында 300 мм;
өзге станциялық жолдарда 400 мм.
4) үшкір басының немесе жылжымалы өзекшенің ені үстіңгі бетінде 50 мм және одан астам болып келетін қимасында өлшенетін үшкірдің рамалық рельсінің қарсысында және жылжымалы өзекшенің жақтаудың қарсысында 2 мм-ге және одан астамға төмендеуі;
5) айқастырма өзекшесінің жұмыстың қыры мен жанама рельс тік қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 мм-ден кем;
6) жанама рельс пен жақтаудың жұмыс қырлары арасындағы қашықтық 1435 мм-ден артық;
7) үшкірдің немесе рамалық рельстің омырылуы, айқастырманың (өзекшенің, жақтаудың немесе жанама рельстің) омырылуы;
8) бір бұрандамалы ішпекте контррельстік бұрандаманың немесе қос болтты ішпекте екеуінің де ажырауы.
108. Басты жолдардағы және қабылдау-жөнелту жолдардағы рельстер мен бұрмалық бағыттамалар ақаутапқыш арбашалармен тексеріледі.
109. Бақылау бағыттама құлыптарымен:
1) поездарды қабылдау және жөнелту жүргізілетін жолдарда орналасқан, сондай-ақ қорғалатын;
2) 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондардың тұруына бөлінген жолдарға апаратын;
3) қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының тұруына бөлінген жолдарға апаратын;
4) сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апаратын;
5) ақаутапқыш вагондардың, жол өлшегіш вагондардың, теміржол құрылыс машиналарын тоқтатып қоюға бөлінген жолдарға апаратын орталықтандырылмаған бағыттамалар жабдықталуы тиіс.
110. Бағыттамалар және айқастырмалардың жылжымалы өзекшелері (дөңестік және сұрыптау жолдарында орналасқандардан басқа), соның ішінде орталықтандырылған және бақылау құлыптары барлары, оларды ілінбелі құлыппен жабудың мүмкіндігі болу үшін үлгі құралдармен жабдықталады. Бұл құралдар үшкірдің рамалық рельске, айқастырманың жылжымалы өзекшесін жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етуі тиіс.
111. Орталықтандырылмаған бағыттамалар бас және қабылдау-жөнелту жолдарында орналасқан жарық берілетін немесе жарық берілмейтін бағыттамалы нұсқағыштармен жабдықталады, бұл станциялардың техникалық-басқару актілерінде (бұдан әрі - ТБА) көрсетіледі.
Электрлік орталықтандыруға қосылған бағыттамалар және сұрыптау парктерінің бағыттағыш бұрманың алқымы нұсқағыштармен жабдықталмайды.
112. Бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды жөндеуді және ағымдағы ұстауды бағыттамалық нұсқағыштарды, лақтырғыш табандықтарды, лақтырғыш үшкірлерді, лақтырғыш бағыттамаларды, вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғыларды, бұрылмалы білеулерді, топсалық -иінді тұйықтағыштарды орнатуды, жөндеуді және күтіп ұстауды жол шаруашылығы кәсіпорындары жүргізеді.
Бұл құрылғылардағы қолданылатын автоматика және телемеханика құралдарын жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді сигнализация және байланыс шаруашылығы кәсіпорындары жүргізеді.
113. Темір жолдардың басқа темір жолдармен, трамвай, троллейбус желілерімен, автомобиль жолдарымен және қала көшелерімен қиылысулары уәкілетті органдар келісім бойынша жүзеге асырылады.
114. Темір жолдар арқылы олардың белгіленбеген жерлері арқылы көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың, сондай-ақ мал айдап өтуге рұқсат етілмейді.
115. Инженерлік коммуникация, құбыржолдар, өтпе, байланыс желісі, электр берілісі, мұнай, газ құбыржолдары, сондай-ақ олардан темір жолдарымен қиылысатын объектілерді немесе олардан өте жақын орналасқан жолақ бұрмасының шегінде орналасқан құрылыстарды құру, орналастыру және пайдалану шарттары оның тапсырыс берушісі мен Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы немесе концессия келісім шарттары бойынша теміржол жолы иесі арасында және уәкілетті органмен келісім бойынша анықталады.
116. Магистральдық және станциялық жолдардың кірме жолдарға жанасуына тиісінше Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесінің келісімі бойынша оларға бұрын берілген техникалық шарттарды орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
Жаңадан салынып жатқан магистральдық жолдардың бас жолдармен жанасуына уәкілетті органның келісімімен рұқсат етіледі.
117. Магистральдық темір жол желісінің бір деңгейде қиылысатын, сондай-ақ желілердің, темір жол кірме және қосылу жолдарының басты жолдарға қосылатын жерлерінде аралықтар мен станцияларда сақтандырғыш тұйықтары немесе қорғағыш бағыттамалар орналасуы тиіс.
Темір жолдардың кірме және қосылу жолдарының қабылдау-жөнелту жолдарына және басқа станциялық жолдарға қосылу жерлерінде жылжымалы құрамның өздігінен станцияға немесе аралыққа қарай шығып кетуіне жол бермеу үшін сақтандырғыш тұйықтары, қорғағыш бағыттамалар, лақтырғыш табандықтар, лақтырғыш үшкірлер немесе түсіргіш бағыттамалар болуы тиіс.
Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы кем дегенде 50 м болуы тиіс.
118. Созылмалы еңістері бар аралықтарда, сондай-ақ осындай аралықтарды шектейтін станцияларда сақтандырғыш тұйықтар көзделеді.
119. Бас жолдардың жанында жол және сигнал белгілері орнатылады. Бағыттамалық бұрмалардың жанында және жолдар қосылатын басқа жерлерде шектік бағаншалар орнатылады.
Темір жолға бөлінген белдеу шекарасын көрсету үшін, сондай-ақ жер төсемінің көрінбейтін құрылыстарын жер бетінде белгілеу үшін ерекше жол белгілері орнатылады.
120. Сигнал белгілері қозғалыс бағыты бойынша оң жақтан, ал жол белгілері оң жағынан километрлер саны бойынша шеткі жол осінен кем дегенде 3100 мм қашықтықта қойылады.
Ойықтарда (жартастықтан басқа) және олардан шыға берістерде жол және сигнал белгілері кюветтер мен науалардың шектерінен тысқары дала жағынан орнатылады. Қатты қар басып қалатын ойықтар мен олардан шыға берістерде (100 м-ге дейінгі шекте) аталған белгілер шеткі жол осінен кем дегенде 5700 мм қашықтықта орнатылады. Сигнал және жол белгілері бағдаршам қалпақшалары, жинақтық трансформаторлық қосалқы станциялар, түйіспе желісінің ажыратқыштары мен разрядтауыштары орнатылған тіректерін қоспағанда, электрленген учаскелерде түйіспелі тораптың тіректерінде орнатылады.
121. Шектік бағаншалар жолтабандар аралығының ортасында қосылатын жолдардың осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ге тең тұсында орнатылады. Т габариті бойынша салынған жылжымалы құрам айналмайтын пайдаланудағы станциялық жолдарда 3810 мм қашықтықты қалдыруға рұқсат етіледі. Жолтабан аралығының ені азайтылған жүкті аударып тиеу жолдарында шектік бағаншалар жолтабан аралығының ені 3600 мм-ге дейін жететін жерінде орнатылады.
122. Жолдың қисық учаскелерінде бұл қашықтықтарды уәкілетті орган бекіткен Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген нормаларға сәйкес ұлғайтылады.
5. Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалану тәртібі
123. Сигнал команда болып табылады және темір жол көлігі қызметкерлерінің сөзсіз орындауына жатады.
124. Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыспен байланысты сигнализацияда мынадай негізгі сигналдық түстер қолданылады:
1) жасыл - белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беретін;
2) сары - қозғалуға рұқсат беретін және жылдамдықты төмендетуді талап ететін;
3) қызыл - тоқтауды талап ететін;
4) айдай ақ – маневрлерге рұқсат беретін;
5) көк – маневрлерге тыйым салатын.
125. Бағдаршамның тыйым салатын көрсетуіне жүріс рұқсат етілмейді
Бағдаршамдардың сөнген сигналдық жарықтары (автоматтық бұғаттаумен жарақтандырылмаған учаскелердегі ескерту белгілерінен, бөгегіш және қайталағыштарынан басқа), олардың түсініксіз көрсетуі, сондай-ақ басқа сигнал аспаптардың түсініксіз сигнал беруі тоқтатуды талап етеді.
Жабық бағдаршаммен (түсініксіз көрсету немесе сөніп қалған) жүріп өту уәкілетті орган бекітетін Темір жол көлігіндегі поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат етіледі.
126. Сигналдық түстер қолдану тәртібі және сингалдық көрсетулердің өту жылдамдығы уәкілетті орган бекіткен Сигнализация жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.
Сигналдарды қабылдауға кедергі жасайтын және сигналдық көрсетулерді бұрмалайтын қызыл, сары және жасыл түсті әшекейлік жаймаларды, плакаттарды және шамдарды орнатуға рұқсат етілмейді.
127. Сигналдық шынылар мен линзалардың түсі белгіленген стандарттарға сәйкес болады.
Магистральдық темір жол желісінде тұрақты сигнал аспаптары ретінде бағдаршамдар қолданылады.
128. Кіру, ескертпелік, өтпелі, бөгегіш және қоршау бағдаршамдардың қызыл, сары және жасыл сигналдық жарықтары жолдың түзу учаскелерінде жақындап келе жатқан поездың локомотивінің басқару кабинасынан күндіз және түнде кем дегенде 1000 м қашықтықта анық көрінеді.
Жолдың қисық учаскелерінде бұл бағдаршамдардың, сондай-ақ бағдаршамдардағы сигналдық жолақтардың көрсетулері кем дегенде 400 м қашықтықта анық көрінуі тиіс. Қатты ойлы-қырлы жерде (таулар, терең ойықтар) аталған бағдаршамдар көрсетулерінің 400 м-ден кем, бірақ 200 м- қашықтық көрінуіне рұқсат етіледі.
Басты жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдардың көрсетулері кем дегенде көрсетулері 400 м-ге дейін, бүйір жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының, сондай-ақ шақыру сигналдарының және маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері кем дегенде 200 м қашықтықта анық көрінуі тиіс.
129. Барлық кіру және өту бағдаршамдардың және қорғау бағдаршамдарының алдында ескертпелік бағдаршамдар орнатылады. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде әрбір өту бағдаршамы келесі бағдаршамға қатысты ескертпелік бағдаршамы болып табылады.
Автоматты локомотив сигнализациясы сигнализация және байланыстың жеке құралы ретінде қолданылатын учаскелерде ескертпелік бағдаршамдары кіру бағдаршамдары алдында орнатылмайды.
130. Үш таңбалы сигнаизациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған желілерде толық қызметтік тежеу және барынша қолданған жылдамдық кезінде берілген орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы тиіс, алайда ол жолаушы поездары үшін сағатына 80 км-ден астам емес кезінде және сонымен қатар автоматты локомотивтік сигнализация мен автоматты құрылғыларының поездың тежегіш жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтіп үлгеретін жолды есепке алғанда іргелес бағдаршамдар арасындағы қашықтық шұғыл тежеу жолынынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте, сигналдардың көрінуі 400 м-ден кем учаскелерде, сондай-ақ автобұғаттаумен жаңадан жарақтандырылған желілерден бұл қашықтық кемінде 1000 болуы тиіс.
Үш таңбалы сигнализациясы бар автобұғаттаумен бұрын жабдықталған желілерде жекелеген бағдаршамдар қажетті тежеу жолынан кем қашықтықта орнатылады. Мұндай бағдаршамда, сондай-ақ оның ескертпелік бағдаршамында жарықтық нұсқағыштар орнатылуы тиіс. Станцияларда жарық нұсқағыштар бас жолдың шектес (кіру, маршруттық, шығу) бағдаршамдары арасындағы қашықтық қажетті тежеу жолынан кем болғанда қолданылады.
131. Үш таңбалы сигнализация үшін белгіленген ең аз ұзындықтан қысқа блок-учаскелері болуы талап етілетін қала маңындағы поездардың қозғалысы ерекше қарқынды желілер төрт таңбалы сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталады.
Үш таңбалы сигнализациямен жарақтандырылған желілерде, олар арқылы жолаушы поездары сағатына 120 км жылдамдықпен немесе жүк поездары сағатына 80 км жоғары жылдамдықпен айналғанда, егер қызметтік тежеуді қолдануы барысында локомотивтік бағдаршамның жасыл жарығы сары жарыққа ауысқанда поездардың жол бағдаршамының алдында тоқтауы қамтамасыз етілсе, олардың белгіленген барынша жылдамдықпен қозғалысы локомотивтік бағдаршамның жасыл жарығы кезінде рұқсат етіледі.
Жартылай автоматты бұғаттауы бар учаскелерде кіру, маршруттық, шығу бағдаршамдары арасындағы қашықтық толық қызметтік тежеу және барынша іске асырылатын жылдамдық кезінде белгілі бір орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы, ал автоматты локомотивтік сигнализациясының жол құрылғылары бар кезінде, сонымен қатар бұл қашықтық автоматты локомотивтік сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне ықпал етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтіп үлгеретін жолды ескергенде жедел тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмауы тиіс.
132. Автобұғаттаумен жабдықталмаған учаскелерде ескертпелік бағдаршамдары негізгі бағдаршамдардан жедел тежеу кезінде және барынша іске асырылатын жылдамдық барысында осы орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем емес қашықтықта, ал учаскелерде автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғылары болған кезде автоматты локомотив сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне ықпал етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтетін жолды ескергенде шұғыл тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмайтын қашықтықта орнатылады.
Автоматты локомотив сигнализациясы сигнализация және байланыстың жеке құралы ретінде қолданылатын учаскелерде екі шектес блок-учаскенің ұзындығы барынша іске асырылатын жылдамдықта автоматты локомотив сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтетін жолды есепке алғанда жедел тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмауы тиіс.
133. Бағдаршамдар қозғалыс бағыты бойынша оң жақта немесе олар қоршаған жол осінің үстіне орнатылады. Қоршау және жолмен дұрыс жүріп келе жатпаған поездар үшін өтпелердің алдындағы аралықтарда орнатылатын оларды ескерту бағдаршамдары қозғалыс бағыты бойынша сол жақта орналасады.
134. Бағдаршамдарды оң жақта орнату үшін габариттер болмаған жағдайларда:
1) теріс жолмен келе жатқан поездарды, сондай-ақ теріс жолмен аралықтан қайтып келе жатқан итермелеу локомотивтер мен шаруашылық поездарын станцияға қабылдау үшін орнатылатын кіру бағдаршамдары мен олардың ескертпелік бағдаршамдарды;
2) екінші жолдарды салу мерзіміне уақытша орнатылатын кіру және өту бағдаршамдарын сол жаққа орнатуға рұқсат етіледі.
135. Маневрлік жұмыс технологиясы жағдайларынан туындайтын жекелеген станцияларда дөңестік бағдаршамдарды сол жақта орнатуға рұқсат етіледі.
136. Қалыпты жанатын сигналдық жарықтары бар бағдаршамдар қолданылады.
Автобұғаттауы бар желілерде олардың алдындағы блок-учаскеге поезд кірген кезде жанатын өту бағдаршамдарында қалыпты жанбайтын сигналдық жарықтарды қолдануға рұқсат етіледі.
137. Басқару құрылғыларының ақаулылығы пайда болған кезде бағдаршамдар автоматты түрде тыйым салатын көрсетуге ауысуы, ал ескертпелік бағдаршамдар - оларға қатысы бар негізгі бағдаршамдардың тыйым салатын көрсетуіне сәйкес ауысуы тиіс.
138. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде өту бағдаршамдарының қалыпты көрсетуі ретінде - рұқсаттық көрсетуі, ал кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының - тыйым салатын көрсетуі болып табылады.
Станция арқылы поездардың тоқтамай өтуі үшін кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдары автоматты қимылға ауыса алатын магистральдық темір жол желісінің учаскелерінде рұқсатық көрсетулері, оларды автоматты жұмысқа ауыстырған кезде қалыпты болып табылады.
Автобұғаттаумен жабдықталмаған учаскелерде кіру, шығу, өту және маршруттық бағдаршамдарының қалыпты көрсетуі ретінде тыйым салу көрсетуі болып табылады.
139. Кіру бағдаршамдары қарсы бағытты үшкірден немесе оң бағыттамалық бұрманың шектік бағаншасынан бастап есептегенде, бірінші кіру бағыттамалық бұрмасынан 50 м-ден кем емес қашықтықта орнатылуы тиіс.
Бұрын бағыттамалық бұрмадан 50 м-ден кем, бірақ 15 м-ден жақын емес қашықтықта орнатылған кіру бағдаршамдары тұрған орындарынан ауыстырылмайды.
Электрлендірілген учаскелерде кіру бағдаршамдары, сондай-ақ «Станция шегі» деген сигналдық белгілер аралықтардың түйіспелі торабын станциялардың түйіспелі торабынан бөліп тұрған ауалық аралықтардың алдына (аралық жағынан) орнатылуы тиіс.
140. Шығу бағдаршамдары әр жөнелту жолдары үшін кеткелі жатқан поезд локомотивінің тұрақтауына арналған орынның алдына орнатылуы тиіс.
Станцияларда поездарды ұзындығы жеткіліксіз жолдардан жөнелткен кезде, поездың басы шығу бағдаршамының сыртына шығып кеткен жағдайда оның сырт жағынан бағдаршамның қайталағыш қалпақшасын орнатуға рұқсат етіледі.
Поездардың тоқтаусыз өтуі өткізілетін жолдардын басқа жолдар тобы үшін топтық шығу және маршруттық бағдаршамдарды орнатуға рұқсат етіледі. Топтық кіру және маршруттық бағдаршамдары поезды жөнелту рұқсат етілетін жолдың нөмірі көрсетілетін маршруттық нұсқағыштармен толықтырылуы тиіс.
141. Автоматтқ бұғаттаудың өтпелі бағдаршамдары блок-учаскелер арасындағы шектерде, ал жартылай автоматтыұ бұғаттаудың өту бағдаршамдары қосынаралық аралығындағы шектерде орнатылады.
Автоматты локомотивтік сигнализациясы сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретінде қолданылатын учаскелерде блок-учаскелердің шекарасында «Блок-учаскесінің шегі» деген сигналдық белгілер орнатылады.
Қосжолды аралықтарда локомотивтік бағдаршамның сигналдары бойынша теріс жолмен қозғалған кезде, дұрыс жолмен қозғалу үшін орнатылған автобұғаттау бағдаршамы блок-учаскенің шегі болып табылады.
142. Станцияларда поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына кіретін бағыттамалардың кіру, шығу және маршруттық бағдаршамдарымен өзара тәуелділігі болуы тиіс.
143. Аралықтарда басты жолдан тарайтын тармақтардың жол бұғаттауының немесе электрлік жезлді жүйенің құрылғылары бар болған жағдайда осы құрылғылармен ең жақын тұрған өтпелі немесе шығу бағдаршамын ашуды немесе жезлді алуды басты жол бойынша бағыттамалардың қалыпты жағдайында ғана мүмкін ететіндей байланыста болады.
144. Бір деңгейдегі қиылысулар және желілердің қосылыстары, сондай-ақ ажыратылмалы көпірлер тиісінше шектік бағаншалардан немесе көпірдің басынан 50 м-ден жақын болмайтын қашықтықта екі жағынан орнатылған паналағыш бағдаршаммен қоршалады.
Бір деңгейдегі қиылысулар және желілердің қосылыстары кезінде қоршау бағдаршамдарының олардың біреуін ашылуы қайшы маршруттар тыйым салушы көрсетулері кезінде ғана мүмкін болатындай өзара тәуелділілігі болады.
145. Автоматты немесе жартылай автоматты бұғаттауы бар учаскелерде орналасқан, басты және қабылдау-жөнелту жолдары бойынша поездарды тоқтатусыз өткізу көзделетін станцияларда кіру және маршруттық бағдаршамдарда бос жолдар бойынша поездарды тоқтаусыз өткізудің сигнализациясы қолданылуы тиіс.
146. Аралықтар жол бұғаттауымен, ал жекелеген учаскелерде аралықтағы екі бағыт бойынша локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша жүргізілетін дербес сигнализация және байланыс құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталады.
147. Автоматты және жартылай автоматты бұғаттау және радиобұғаттаудың құрылғылары олар қоршап тұрған блок-учаскені (станцияаралық немесе қосынаралық аралықты) жылжымалы құрам босатқанға дейін шығу немесе өтпелі бағдаршамның ашылуына, сондай-ақ негізгі электрмен жабдықтаудан резервтегі немесе керісінше ауысу нәтижесінде бағдаршамның өздігінен жабылуына жол бермеуі тиіс.
148. Автоматтық немесе жартылай автоматты бұғаттаумен және радиобұғаттаумен жабдықталған біржолды аралықтарда станцияда шығу бағдаршамын ашқаннан соң дәл осы аралыққа қарсы бағытпен поездарды жөнелту үшін шығу және өтпелі бағдаршамдарын ашу мүмкіндігіне жол берілмейді.
Сигналдардың осындай өзара тәуелділігі әр жол бойынша екіжақты қозғалысты жүзеге асыру үшін автоматтық және жартылай автоматтық бұғаттаумен жарақтандырылған қосжолды және көпжолды аралықтарда болуы тиіс.
Автобұғаттаумен жарақтандырылған қосжолды ендірмелері бар біржолды учаскелерде, сондай-ақ қозғалысы автобұғаттау бағдаршамдарының көрсетулері бойынша бір бағытта жүзеге асырылатын жүктасымалдылығы қарқынды желілердің қосжолды және көпжолды аралықтарында локомотивтік бағдаршамдарының сигналдары бойынша қарсы бағытта (теріс жол бойынша) қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылғылар көзделеді. Қолданылатын техникалық шешімдеріне байланысты бұл құрылғылар тұрақты жұмыс істейді немесе жөндеу, құрылыстық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде іске қосылады.
Автоматты бұғаттау кезінде барлық бағдаршамдар олар қоршап тұрған блок-учаскелерге поезд кірген кезде, сондай-ақ осы учаскелердің рельс тізбектерінің бүтіндігі бұзылған жағдайда автоматты түрде тыйым салу көрсетуін қабылдайды.
149. Жол бұғаттауымен жарақтандырылған учаскелерде орналасқан станцияларда бұл құрылғылардың шаруашылықтық поездарға арналған жезл - кілттері, ал поездарды итермейтін локомотивті қайтарып алып, итермелеу қолданылатын жартылай автоматтық бұғаттауы бар учаскелердің станцияларда - итергіш локомотивтерге де арналатын жезл - кілттері болуы тиіс.
Автоматты бұғаттаумен жарақтандырылған біржолды желілерде, сондай-ақ әр жол бойынша ек жақты автобұғаттаумен жарақтандырылған қос жолды аралықтарда, маневрлік жұмыс маневр жасаушы құрамның станция шегінен шығуы арқылы жүргізілетін станцияларда автоматтық бұғаттаудың құрылғылары қажет болғанда оларға қатысы бар маневрлік бағдаршамдармен толықтырылады.
150. Автоматты және жартылай автоматты бұғаттаумен және радиобұғаттаумен жарақтандырылған желілерде орналасқан станцияларда:
1) бос емес жолға қойылған маршрут кезінде кіру бағдаршамының ашылуына жол бермейтін;
2) басқару аппараттарында жолдар мен бағыттамалардың бос еместігін бақылауын қамтамасыз ететін құрылғылар болуы тиіс.
151. Жартылай автоматтық бұғаттау кезінде станцияларда:
1) жөнелту маршрутында оқшауланған бағыттамалық учаскелердің бостығын бақылауды олардың ақаулылығына байланысты ажырататын;
2) жабылып қалған шығу бағдаршамын, егер поезд одан нақты түрде өтпеген болса қайтадан ашатын;
3) поездың толық құрамымен келіп жеткенінің автоматты бақылауын қамтамасыз ететін құрылғылар болуы тиіс.
152. Автоматты бұғаттау автоматты локомотивтік сигнализациямен және диспетчерлік бақылау құрылғыларымен, ал жартылай автоматты бұғаттау - жолдың белгіленген учаскелерінде автоматты локомотивтік сигнализациямен толықтырылуы тиіс.
153. Автобұғаттаумен жарақтандырылған учаскелерде поездар қозғалысына диспетчерлік бақылау жүргізу құрылғылары белгіленген қозғалыс бағытының (біржолды аралықтарда) бақылануын, блок-учаскелердің, аралық станциялардағы басты және қабылдау-жөнелту жолдарының бос еместігін, кіру және шығу бағдаршамдарының көрсетулерінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.
Жаңадан енгізілетін диспетчерлік бақылау жүйелері, осы тармақта аталған талаптарға қоса, автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық жай- күйінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.
154. Электрлік орталықтандыру құрылғылары:
1) бағыттамалар мен бағдаршамдардың өзара тұйықталуын;
2) берілген маршрутты қоршайтын бағдаршамды бір мезгілде жаба отырып, бағыттаманың кесіп өтілуін бақылау;
3) бағыттамалардың қалпын және жолдар мен бағыттамалы секциялардың бос еместігін басқару аппаратында бақылауды;
4) бағыттамалар мен бағдаршамдарды маршруттық немесе бөлек басқару мүмкіндігін;
5) маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша маневрлік қозғалыстарды жүргізуді және бағыттамалардың жергілікті басқаруға берілуін қамтамасыз етеді.
Жаңадан енгізілетін бағыттамалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандырылу жүйелері, осы тармақта аталған талаптарға қоса, автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық күйін бақылауды, диагностикалауды және мониторингілеуді қамтамасыз етеді.
155. Электрлік орталықтандыру құрылғылары:
1) бос емес жолға маршрут қойылған кезінде кіру бағдаршамының ашылуына;
2) жылжымалы құрамның астындағы бағыттаманың ауыстырылуына;
3) егер бағыттамалар тиісті қалыпқа қойылмаса, осы маршрут бойынша тиісті бағдаршамдардың ашылуына;
4) маршрутқа кіретін бағыттаманың ауыстырылуына немесе қойылған маршрутты шектейтін ашық бағдаршам кезінде қарсы маршрут бағдаршамының ашылуына жол бермейді.
156. Орталықтандырылған бағыттамалардың жетектері мен тұйықтағыштары:
1) бағыттамалардың шеткі жағдайларында қысылған үшкірдің рамалық рельске және айқастырманың жылжымалы өзекшесінің жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етуі;
2) қысылған үшкір мен рамалық рельс немесе жылжымалы өзекшемен жақтаудың арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған кезде бағыттама үшкірлерінің немесе айқастырманың жылжымалы өзекшесінің тұйықталуына жол бермеуі;
3) басқа үшкірді рамалық рельстен кем дегенде 125 мм-ге бұруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |