Темір жол көлігінде жүрі қауіпсіздігінің бұзылу себептері



Дата03.01.2024
өлшемі16.46 Kb.
#488411
Дәріс 5


Темір жол көлігінде жүрі қауіпсіздігінің бұзылу себептері
Тасымалдау процесіне қатысушылар Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
- адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды;
- жүктер, багаж және жүк-багаж тасымалының қауіпсіздігін;
- темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігін;
- уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес олардың қарауындағы темір жол көлігі объектілерін күзетуді;
- экологиялық қауіпсіздікті;
- өртке қарсы қауіпсіздікті;
- санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Темір жол көлігінде қауіпсіздік шараларын сақтамау мынадай салдарға әкеледі:
- қирауға;
- аварияға;
- жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайына;
- жұмыстағы ақаулы жағдайға;
- жұмыстағы қиындыққа;
- қозғалыс қауіпсіздігін басқа да бұзушылықтарға.
Ақаудың ерекше жағдайларына мыналар жатады:
- нәтижесінде жылжымалы құрамның ағытылуын және жөндеуге қойылуын талап ететін көлемде бүлінуге жол берілген, жүк және/немесе жолаушы поездарындағы жылжымалы құрамның магистральдық, станциялық және кірме жолдарда соқтығысуы;
- нәтижесінде жылжымалы құрамның ағытылуын және жөндеуге қойылуын талап ететін көлемде бүлінуге жол берілген, жүк және/немесе жолаушылар поездарындағы жылжымалы құрамның магистральдық, станциялық және кірме жолдарда рельстен шығуы;
- поезды бос емес жолға қабылдау - келе жатқан поезд бағдаршамның рұқсат беру кірме (бағыттық) сигналында немесе шақыру белгісінде өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе поезд машинисі басқа поезд немесе жылжымалы құрам тұрған жолға дайындалған бағыт кезінде станцияға жүріп өтуге рұқсат алған жағдай;
- бағдаршамның тыйым салу сигналынан немесе шектік бағанадан рұқсатсыз өту;
- поезд астынан бағыттаманы ауыстыру;
- жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа поезды қабылдау-жөнелту бағытына, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі,
- жылжымалы құрам осінің, доңғалақ осі мойнағының, доңғалақ жұбының сынуы;
- жылжымалы құрам арбашасының бүйір жағының немесе рессоры үстіндегі арқалығының сынуы.
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзуды туындатқан жағдайлар:
- жолдың, жылжымалы құрамның және техникалық құралдардың техникалық ақаулығынан аралықта немесе станцияда поездың отыз минуттан астам және одан да ұзақ уақытқа кешігуі;
- жолдың жоғарғы құрылысын күтіп ұстаудың бұзылуынан локомотив машинисінің жолдағы "соққыны" мәлімдеуі;
- доңғалақ жұбының қай жерде ауыстырылғанына қарамастан, жүріп өту жолында доңғалақ жұбының ақауы бойынша жолаушы поезының доңғалақ жұбын ауыстыру;
- поездан жылжымалы құрамды жөндеу үшін ағытпай-ақ, жолда малды басып кетуді туындатқан жағдайлар жұмыстағы қиындықтар болып саналады.
Қозғалыс қауіпсіздігінің өзге бұзушылықтарына сыртқы себептердің салдары болып табылған қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарға:
- сигнал берудің, орталықтандырудың және байланыстың, электрмен жабдықтаудың қалыпты жұмысының бұзылуына алып келген сыртқы ауа температурасы минус 350С-тан төмен, жел екпіні 20 м/сек-тан астам, найзағай құбылыстары, электрлендірілген учаскелерде түйіспе сымды мұз басқанда кезіндегі ауа-райы жағдайы;
- сигнал беру құрылғыларының техникалық жарамды кезінде автокөлік құралдарымен темір жол өтпелерінде соқтығысулар;
- қауіпті жүктің төгілуі себебінен поездың жүру жолында жүк вагонын ағыту;
- техникалық күтіп ұстауды бұзу салдары болып табылмаған және/немесе поездарды өткізудің кешігуіне әкелген жағдайлар жылжымалы құрамның, жолдың жоғарғы құрылысының, өртену ретінде есепке алынады;
- табиғи факторлардың (жолды су шайып кету және қар басып қалу) немесе бөгде тұлғалардың іс-әрекетінің салдарынан болған осы учаске бойынша поезды өткізудің кідіруін туғызған жолдың жоғарғы құрылысының бұзылуы;
- поезды шұғыл тежеуді қолдану қажеттілігін және оның тоқтауын туындатқан бөгде адамдардың темір жолға заттар қоюы;
- қозғалыс қауіпсіздігін өзге де бұзушылықтар, жоғарыда көрсетілген тізбеге енбейтін бөгде себептердің салдары болып табылатын жағдайлар, сондай-ақ жолда адамдарды басып кету жағдайлары жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет