1 тақырып Кіріспе



бет1/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Лекция Тех.рем


1 тақырып
Кіріспе
Сұрақтар

  1. Пәннің мақсаты - мағнасы және міндеттері.

  2. Техник – электромеханик дайындаудағы оның ролі.

  3. Жылжымалы құрам - жөндеу өндірісінің қазіргі жағдайы.

Жылжымалы құрамның жөндеу технологиясы пәні - көпсалалы және әр тарапты көлік өндірісін дамытудың, арақатынасын зерттеп оқытады және вагондармен локомотивті жөндеумен оларды құрастыру бірліктерін және деталдарын білуге үйретеді.


Технология (гректің techne – шеберлік, білу, өнер және logos – сөз үйрену деген сөздерінен шыққан) деген әдіс және қолдану арқылы ішкі затты өңдеу мен қайта өңдеу, сөйтіп материалдар мен жартылай фабрикаттарды дайын өнімге айналдыру болып табылады. Бұл пәннің мақсаты физикалық, химикалық, механикалық және басқа заңдылықтарды анықтай отырып, тиімді және экономикалық өндірістік процесстерді де тәжірибе жүзінде қолдану үшін уақыт пен материалды аз жұмсауға қамтамасыз етуі.
Локомотив сөзі латынның – «Лока» - тартамын, «матив»- жылжымалы деген мағнаны білдіреді. Локомотивті қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін локомотив жөндеу бригадасы және локомотив бригадасы жағынан техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек. Оларға: жөндеу циклының құрлысы, жөндеу ережесін сақтау жатады.
Жылжымалы құрамды жөндеудің технологиясына – вагондармен локомотивті жөндеуге дайындау, олардың жағдайының техникалық диагностикасымен және жаңа прогрессивтік технологиялық процесстерді жасау, вагондар және локомотивтер ресурстары мен жұмыс қабілетін арттыру, қажет болғанда оларды модернизациялау, жөндеу жұмыстарының өндіру мен жылжымалы құрамның бөлшектерінің жағдайын бақылау үшін технологиялық жарықтандырудың арнайы көлемін анықтау т.б. жұмыстар кіреді.

2 тақырып


Жүк және жолаушылар вагондардың техникалық күту,және олардың
жүйелерінің мерзімдері мен түрлері

  1. Жолаушылар вагонның түрлері мен техникалық қызмет көрсету.

  2. Жүк және АРВ – ның түрлері мен оларға ТҚК.



1.Пойыздағы вагондарды тексеріп және күнделікті ағытпай жөндеуді дұрыс ұйымдастыру әр стансаға арналып жасалған технологиялық процесспен қамта-масыз етіледі.
Сұрыптау стансаларының қабылдау паркінде ағытып және жөндеуді талап ететін вагондардың ақауларын анықтау үшін олардың техникалық жай күйін тексеру және де құрамды сұрыптауға керекті жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөнелту паркінде вагондарды техникалық байқау, сондай – ақ қабылдау, сұрыптау және жөнелту паркінде вагондардың табылған ақауларын құрамнан ағытпай жөндеудің негізгі жұмыстары орындалады.
Қазақстан темір жолдарында вагондарды жөндеу жоспарлы – ескерту жүйесі бойынша жузеге асырылады және ол жылжымалы құрамның шығының аз жұмсап бірқалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
ТҚК дегеніміз детальдармен бөлшектердің тез істен шығуын азайтады және олардың бұзылуы мен ақауын алдын – ала ескертіп отырады.
Жолаушылар вагондарына төмендегідей техникалық қызмет көрсетіледі:
ТҚК – 1 – техникалық қызметтің бұл түрі пойыз сапарға (рейске) шықпастан бұрын сол станцияда, және қайтатын станциясында, және сондай - ақ жолдағы станцияларда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет