«Теміржол көлігінднегі қозғалыс қауіпсіздігі»



бет1/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#130603
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейдегі СМЖ құжаты


ПОӘК


ПОӘК 042-18-12.1.13/03-2014




ПОӘК

«Теміржол көлігінднегі қозғалыс қауіпсіздігі» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар


11.09.2014

Баспа №2



«Теміржол көлігінднегі қозғалыс қауіпсіздігі»

пәнін оқыту-әдістемелік кешен
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»

мамандығына арналған


Оқу-әдістемелік материалдар


Семей

2014

МАЗМҰНЫ
1. Дәрістер

2. Практикалық сабақтар

3. Курстық жоба

4. Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары



1. Дәрістер

Дәріс сабақтарының құрылымы

1-дәріс. Қалааралық және халықаралық маршрутты тасымалдау технологиясы

Дәріс жоспары:

1. Қалааралық жолаушылар тасымалының даму тарихы

Қалааралық және халықаралық коммерциялық жолаушылар тасымалдаулары, көбінесе автобустарды қолдану арқылы топтау әдісімен жүреді. Автобустар қозғалысы ұдайы және ұдайы емес маршруттарымен ұйымдастырылуы мүмкін. Жеңіл автоколіктермен жеке тасымалдау тапсырыс формасында қамтамасыз етіледі. Қалааралық автобусты тасымалдаулар технологиясының ерекшеліктері, маршруттағы эксплуатациялық шарттарымен және жолаушылар тобының спецификасымен анықталады. Анықталған ереже бойынша қалааралық тасымалға қала шекарасынан 50 км-ден астам қашықтықтағы автобус маршруттары жатады. Қызмет ету территориясы бойынша, қалааралық автобус маршруттары облыс ішілік және облыс аралық деп бөлінеді.

Ресейде бірінші қалааралық автобусты маршруттар Қырым мен Кавказда 1908-1913 жж. Пайда болды. 1923 ж. Мәскеуде автокөліктік сауда-өнеркәсіптік акционерлік қоғам "Автопромторг" құрылды, ол қалааралық жолаушылар тасымалымен де айналысты. Севастополде қалааралық және курорттық жолдарға арналған акционерлік қоғам пайда болды. 1923 тен 1925 ж. қалааралық автобустық жолдар ұйымдастырылды: Ялта -Симферополь - Севастополь (101 км), Харьков - Волчанск (75 км), Анапа - Тоннельная және т.б. 1925 ж. жалпы ұзақтығы 2760 км болатындай 38 маршруттар ашылды, ал 1926ж. олар 161 болды жалпы ұзақтығы 14 мың. км, және оларға 753 автобустар жұмыс істеді.

Қалааралық маршруттарының жалпы санының 85% облыс ішілік болып табылады (жуық мөлшермен 70% көптеген тасымалдар 100 км-ге дейін болады, 25% жуығы 100км-ден 200 кмаралығында болады). Облыс арасындағы маршрут ұзындығының бойындағы тұрғындар пунктері есептелмейді.

Ұзақ жолдардағы маршруттарда жүргізушілер ауысып отырады. Қалааралық автобустардың жолда жүру жылдамдықтары 90 км/сағ-тан артпау керек. Эксплуатациялық тәжірибе бойынша жылдамдық 50 км/сағ-тан артық болса, қалааралық маршруттар – жүрдек, ал 55 км/сағ-тан артық болса, экспресс болып саналады.

Егер автобус қозғалысы жылдам жүретін болса, онда оның двигательдің қуаттылығын талап етеді. Өте ұзақ жолдардағы автобустар адамдарды шаршататындықтан, ыңғайлы автобустар пайдаланылады.

Қалааралық жолдарда автомобиль көліктерімен барлық жолаушылардың 57% тасымалданады. Бір жыл бойында автобуспен қалааралық тасымалға сұраныс интенсивтілігі бірдей емес.

Қалааралық тасымалдар автобустар қозғалысын тұтас және учаскілік әдіспен ұйымдастырады. Негізгі болып тұтас әдісі саналады. Мұнда бүкіл маршрут бойында, бастапқы пунктен бастап, соңғы пунктке дейін бір автобус жүріп шығады.

Учаскелік әдісте маршрут эксплуатациялық учаскелерге бөлінеді. Олардың әрқайсысында түрлі автобустар жұмыс істейді, жолаушылар орын ауыстырады және жүктерді басқа жерге апарады. Учаскелік әдіс шектеулі түрде қолданылады.

Халықаралық жолаушылар тасымалы технологиясына және ұйымдастыруына келесілер әсер етеді:

● маршрут территориясына енетін әртүрлі мемлекеттердің эксплуатациялық шарттары мен ұлттық көлік заңдылықтарының әртүрлілігі;

● жолаушылар легінің спецификасы;

● шекарадан өтудің қажеттілігі.

Қалааралық автобус жолына рейс ұзақтығы бірнеше тәулікке жетуі мүмкін. Мұнда жүргізушінің еңбегі мен демалыс режимі шешуші фактор болып табылады. Тасымалдарды ұйымдастыру кезінде, әртүрлі елдердің халықаралық келісім шарттары мен заңдылық талаптары ескерілу керек. Автобус экипажы шетел территориясының жүру шарттарын білу керек, әсіресе, жолда жүру ұлттық ережелері.Қосымша құжаттар да дайын болуы керек, себебі автобустарды, жолаушыларды, персоналды және жүктерді мемлекеттік шекарадан өткізу кезінде, шекаралық және кдендік бақылауды талап tntl/

Халықаралық автобус тасымалы ұдайы және ұдайы емес деп бөлінеді.

Ұдайы тасымал – маршруты келісілген тасымал шарттары бойынша іске асады. Мұнда жолаушылар автовокзалдарда немесе арнайы жабдықталған пункттерде отырғызылып түсіріледі. Мұндай маршруттағы қозғалыс уақыты екі жақты үкімет келісімімен және тасымалдаушылардың келісім шарттарымен реттеледі.

Ұдайы емес - тасымал көбінесе туристтерге қатысты болады. Туристтер тобы туристік объектілерге тоқталу арқылы жүреді. Туристік маршрут айналу пункттерінде, демалу үшін бірнеше тәулікке аялдамалар жасауы мүмкін.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ресейде қай жылы алғашқы қалааралық автобус маршруттары пайда болды?

2. Қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысқан бірінші автокөліктік қоғам қалай аталды?
Ұсынылатын әдебиеттер :

1. Афанасьев Л. Л., Островский Н. Б., Цукерберг С. М. Единая транспорт­ная система и автомобильные перевозки: Учебник. - М.: Транспорт, 1984. - 384 с.

2. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Пассажирские автомобильные перевозки: Учебник для вузов

3. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление пас­сажирскими автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. - 254 с.


2-дәріс. Қалааралық автобусты тасымалдауды ұйымдастыру

Дәріс жоспары:

1. Жүргізушілер жұмысын ұйымдастыру тәсілдері.

2. Автобус айналымының және жүргізушілер жұмысының графиктері.

Қалааралық автобусты тасымалдауды ұйымдастыру қала ішіндегі ұқсас, кейбір ерекшеліктері мынадай:

● жүргізушінің еңбегі;

● қалааралық тасымалдаудың эксплуатациялық жағдайларда және маршруттарды қамтамасыз ететін автокөлік ұйымының орналасу орнына байланысты.

Қалааралық жолдардағы автобус жүргізушілерінің жұмыс уақытының құрамына қосымша енгізілетіндер:



  1. айналым пунктері мен ауысым алдында немесе соңында тұрақ орнында жұмыстың жалғасы;

  2. аралық және соңғы пункттеріндегі тұрақтарда автобусты күзету (егер рейсте 2 жүргізуші болса, күзету уақыты тек 1 жүргізуші үшін ғана есептелінеді );

  3. жүргізуші 12 сағаттан артық автобуста болса, рейске 2 жүргізуші қояды, ал автобусты екінші жүргізуші үшін жатын орынмен жабдықтайды;

Көлемді ұзын автобустарда (9,5 м-ден артық) басқарып жүргізу уақыты 9 сағаттан артпау керек, таулы орындарда 8 сағаттан. Алғашқы 3 сағатты үздіксіз жүргеннен кейін, қысқа уақытты демалыс үшін ұзақтығы 15 минуттан аспайтын аялдама жасау қажет. Ары қарай мұндай аялдамалар әрбір 2 сағаттан жиі болмау қажет. Рейске 2 жүргізушіні жіберген кезде қосымша жүргізушінің автобустағы демалысының 50% кем емес уақыты жұмыс уақыты ретінде саналады.

Қалааралық автобустардағы жүргізушілердің еңбек және демалыс режимдерін ұйымдастыру еңбек заңының талаптарын сақтауға бағытталған. Жүргізушілер жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қолданады:

● бір кісілік (немесе дара) – айналым рейсінде автобус тек бір жүргізушімен қызмет етіледі. Бұл формада айналым рейсінің уақыты, жүргізуші ауысымының уақытына тең болғанда қолданады, яғни маршрут ұзындығы 150 км-ге дейін.

● ауысымды – автобусты бір жүргізуші жүргізеді және автобуста бір жүргізуші ғана болады. Жүргізушілер автокөлік мекемесі тұрған жерде немесе жүргізушінің тұрақты тұратын орнында ауысады. Бұл форма 200 км немесе одан ұзақ маршруттарда қолданылады.

● екі кісілік (немесе жұптық) – автобусты екі жүргізуші кезек-кезек басқарған уақытта қолданылатын форма. Бұл форманы маршрут ұзындығы 320 км-ге дейін қолданылатын форма. Айналым пункттерінде жүргізушіге ұзақ демалыс уақыты берілсе, 750 км-ге дейін қолданылады.

● ауысымды-жұптық – айналымы рейсі уақытында 2 немесе бірнеше жүргізушілер жұбы автобусты басқарады. Бұл форма ауысымды және жұптық қозғалыстарға есептелген формаларға негізделген 500 км-ден басталады.

● ауысымды-топтық – бірнеше автобуста жүргізушілер бригадасына бекітілген. Әрбәр жүргізуші өзінің учаскісінің маршрутта әртүрлі автобустарда кезекпен басқарады. Жүргізуші өзінің толық жұмыс күнін аяқтамағанша, сол участікте болады. 200-1000 км аралығында тәулігіне бірнеше рет рейс жүргізуі мүмкін.

● ауысымды-жұптық-топтық – ауысымды-жұптық және топтық синтезінде жүргізіледі. Мұнда жүргізушілер бригадасына автобустар тобын бекітеді.


Қалааралық автобус маршруттарының трассаларында автокөлік мекемелері мен жүргізушілер еңбегін ұйымдастыру формасын үйлесулерінің мүмкіндіктері:

Маршрут трассасына қатысты автобусты көлік мекемесінің орналасуы

Еңбекті ұйымдастыру формалары

бір кісілік

ауы-

сымды


жұп-

тық


ауы-сымды жұптық

ауы-сымды-

топтық


ауысымды-жұптық-топтық

Маршруттың бір жақ соңында

+

+

+

+

+

+

Маршрут ортасында

+

+




+

+

+

Маршруттың екі жақ соңында













+



Автобуспен тасымалдаудың максималды ұзындығы қозғалыс жылдамдығын және қолданылатын тасымалдай технологиясын нормативті есептеулерін ескере отырып, жүрізушінің ауысымда болу ұзақтығының мүмкіндігімен шектеледі. Жүргізушілер графигінде автобусты басқару уақыты уақыты көрсетіледі, әрбір жүргізушінің жататын орындары, демалыс уақыты, айналым пунктеріндегі автобусты қою және техникалық қызмет көрсету орны көрсетіледі. Рейс уақытын нормаға келтіру кезінде, аралық пунктердегі тоқтауларды ескеру қажет. Тоқтау уақыты келесі факторлардың үйлесуімен анықталады:



  1. автобусты басқаруда жүргізуші демалысы үшін аз уақытты үзіліс;

  2. жүргізушінің тамақтану уақыты;

  3. жүкпен жүргізілетін операцияларды орындау барысын ескере отырып, жолаушыларды түсіру және отырғызу;

  4. транзитті жолаушылардың асханаға, дәретханаға баруын, газет-журналдар алуын немесе автовокзалдан алғашқы қажеттіліктерін алу мүмкіндіктерін алуы ескеріледі.

Сондықтан да, тұрақтың минималды ұзақтығы 10 миннутты құрайды. Автобустың жүруге кететін уақыт нормасы қолданылатын автобус моделінің динамикалық қасиетімен анықталады. Ұзақ жолдағы маршрут автобустары қуатты және жылдам болады.

Қалааралық автобустардың кестесі бірінен кейін бірі жүретін рейстердің жалпы кестесінен құралады. Маршрут учаскісінің жүру уақыты аялдама пунктерінде тұрақтау нормаларына сәйкес, сонымен қатар, автовокзалдар жұмыстарының режиміне және жолаушылар үшін аялдамаға жету уақыты, рейстің бастапқы және соңғы уақытын анықтайды. Әртүрлі рейстегі автобустардың автовокзалға келу уақыттары бойынша сәйкес болуы мүмкін. Осыларды болдырмас үшін, жекелену рейстер автобус қозғалыстарының графиктерін қолдана отырып, бір-бірімен келіседі. Рейстерді графикке олардың ұзақтығының келуі бойынша енгізеді. Егер графиктің қандай да бір жерінде келуі мүмкін емес болса, онда оларды уақыт бойынша жылжытады. Бірнеше бағыттағы қозғалыстардың үйлесуін қамтамасыз ететін түйінде автовокзалдарда уақыт бойынша жылжытуларды, әртүрлі бағыттан келген автобустардың келуін ескере отырып жасайды.

Түзетулер орындалғаннан кейін, қозғалыстың кестесі таблицалық формада құрастырады. Олар жеке маршруттар және рейстер бойынша, станциялық және диспетчерлік кестелер болып табылады. Маршруттар бойынша кесте автовокзалдардағы және маршруттар трассаларындағы жолаушылардың автостанцияларды және вокзалдарды пайдалануларын қанағаттандыру қажет.

Қозғалыстардың станциялық кестелері әртүрлі бағыттарда бірыңғай ретте, рейстердің орындалуын қалыптастырады және жолаушылар анықтама алу үшін оны іліп қояды. Кестеде жүргізілетін барлық өзгертулер жолаушыларға белгілі болып отырады. Әрбір рейске реттік номер меншіктеледі. Оңтүстік және Батыс бағыттағы рейстерге тақ номерлер, Солтүстік және Шығыс бағыттағы рейстерге жұп номерлер сәкес келеді. Тура және кері рейстердің номерлері бір-бірінен бірлікпен ерекшеленеді.

Қалааралық тасымалдауларды қамтамасыз ететін автобустардың резерві автовокзалдарда жеке-жеке жоспарланады. Сондықтан да, алдымен резервті автобустарды орналастыру (дислокация) міндетін шешу қажет. Ондай орындар ретінде, автовокзал таңдап алынады. Резерв дислокациясы желісін қалыптастырушы ретінде аймақтық көлемді автовокзалдар таңдайды. Жеткілікті түрде тығыз желі алынбайынша, оған барлық бағыттар бойынша, автобустарды жіберудің кемуі бойынша, кезекті автовокзалдарды қоса береді. Көршілес пунктердің арасы 100 км-дей болады. Осыдан кейін әрбір пункт үшін қызмет ету зонасын тағайындайды. Осы зона шеңберінде резервті автобустардың берілуі қамтамасыз етіледі. Қызмет ету зонасы диспетчерлік радио байланыстарымен жабдықталу қажет.

Резервті автобустар автобустардың жүруінің жиілігіне, рейсте болудың орташа уақытына байланысты тағайындалады. Үзілген рейстің жолаушылары тағайындалған пунктке резервті автобуспен жеткізіледі . ал егер де маршрутты пайдалану сипаттары және резервті автобусты жүргізуші еңбегінің режимі нормаға сай келмесе, онда тағайындалған пунктке дейін жеткізілмейді, яғни резервті автобусы бар жақын автовокзалға жеткізіледі, толық рейсті солар аяқтайды.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Бір кісілік форманы қалай түсінесіз?

2. Ауысымды топтық форма қай уақытта қолданылады?

3. Ауысымды форма деген не?


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Афанасьев Л. Л., Островский Н. Б., Цукерберг С. М. Единая транспорт­ная система и автомобильные перевозки: Учебник. - М.: Транспорт, 1984. - 384 с.

2. В. А. Гудков, Л. Б. Миротин, А. В. Вельможин, С. А. Ширяев Пассажирские автомобильные перевозки: Учебник для вузов

3. Гудков В. А., Миротин Л. Б. Технология, организация и управление пас­сажирскими автомобильными перевозками: Учебник. - М.: Транспорт, 1997. - 254 с.


3-дәріс. Автовокзал жұмысының технологиялық үрдісі

Дәріс жоспары:

  1. Автовокзал жұмысының жолаушыларға көрсетілетін үрдістері.

  2. Жолаушылардың автовокзалда өзіне-өзі қызмет жасауы.

  3. Автоматты және қолмен іске асатын технологиялар.

Автовокзал жұмысының технологиялық үрдісі жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді жоғары сапада болуына бағытталған және бір-бірімен байланысты келесі үрдістерді қамтиды:

● жолаушыларды автовокзал территориясы бойынша орналастыру;

● жолаушылардың автобустарды күтуі;

● билеттерді алуы;

● багаждарды уақытша сақтауы;

● автобустардың жүрісі туралы және қызмет көрсетулердің тарифы туралы анықтама алу және т. б.

Сонымен қатар, технологиялық үрдіске тасымалдаулардың диспетчерлік басқару бойынша комплексті жұмыстардың орындалуы, өндірістік байланыс құралдарының жұмыс істелуінің қамтамасыз етілуі, территориядағы және ғимараттағы тазалық жұмыстары жатады. Бұл үрдістер типтік технологиялық үрдістер негізінде жергілікті ерекшеліктерге сәйкес ұйымдастырылады.

Жолаушыларға қызмет ететін автовокзал территориясын жоспарлау және оның орындарын өзара орналастыру келесі принциптер бойынша болады: тура дәлдік принципі, өзіне-өзі қызмет ету принципі, қызмет зонасын бөгде адамдардан шектеу принципі.

Тура дәлдік принципі вокзал территориясында қызмет етудің логикалық тізбегін сақтай отырып, жолаушылар қозғалысында минималды орын ауыстыру қарастырады. Ол үшін жолаушылар ағымы қалааралық және қала маңайындағы жолдарға сәйкес бөледі.

Жолаушылардың автовокзалда өздерін-өздері қызмет жасауы әртүрлі көрсетілетін қызметтердің негізгі формасы болып табылады. Бұл принципті іске асыру үшін билетпен қамтамасыз етілетін автоматтарды автоматты түрде сақтайтын камераларда, жалпы тамақтану пункттерінде өзіне-өзі қызмет ету технологияларын және т. б. қарастырады. Алайда, жолаушылардың өтініші бойынша, сәйкесінше қызметтерді арнайы персоналдардың белгілі бір ақыға орындалуына қарастырылады. Мысалы, жүкті көтеруші, вокзал ресторанындағы официант.

Автовокзалдың қызмет ету зонасында бөгде адамдардың қатынасын шектеу қоршаулармен, ескерту жазбалармен, қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

Автовокзалға кіреберісте және вестибюльде кассалық залға өту, күту залына өту және перронға өту жайлы анықтамалық ақпараты бар бағыттаушылар орнатылады. Егер жолаушыларға арналған орындар автовокзалдың бірнеше қабаттарында орналасса, онда әлдеқайда көп қолданылатын қызмет түрлері төменгі қабаттарда болады.

Вестибюльден күту залына және кассалық залға өтеді. Күту залында жолаушылар үшін арнайы орындықтар болады. Күту залы бойынша кезекші адам жолаушылардың тәртіп сақтауын қадағалайды. Кассалық залында автобустарға билет сатылады немесе жолаушылар билеттерін өткізеді. Кассирлердің орны кассалық залдан бөгет терезелермен бөлектенеді. Кассалық зал күту залымен жалғастырылады. Кассалық залдың жанына ана мен бала бөлмесі орнатылады. Онда міндетті түрде ана мен балаға және жүкті әйелдерге қажетті көмек көрсетілетін, билет сатуға кассирді шақыратын кезекші адам болады.

Сақтау камераларын вестибюльмен байланысты орындарға қояды. Автоматты басқаратын және қолмен қоятын сақтау камералары болады. Қолмен қоятын сақтау орындарында жүкті беріп-алып тұратын адамдар болады. Сақтау камералардан ыңғайлы түрде перронға шығатын жолдар болу керек.

Дәретханаларды күту залына жақын жерде орналастырады. Медициналық пункттерді қызметшілер шығатын есіктен, санитарлық автомобильге адамдарды тасушымен жылдам жүріп өту үшін мүмкіндік болатын жерге орналастырады.

Автовокзалдың анықтама бөлімі жолаушыларға барлық ақпаратты айту қажет. Жолаушылардан өте көп түсетін сұрақтарды жинақтап, талдап, оларды арнайы тақтаға іліп және жауаптарын автоматты анықтамаларға енгізеді. Диктор-хабарлаушы микрофон арқылы рейстерге отырғызуын және аяқталуын, рейстерге сәйкес перрон нөмірін, автобустардың келу және кету уақыттарын, рейстердің бөгелмеуін және т. б. жайлы хабарлайды. Қажет болған жағдайда адасып кеткен балалар жайлы, қараусыз қалған заттар жайлы хабарлайды. Қатты сөйлейтін құрылғылар ана мен бала бөлмесінен басқа жолаушылар орындарының барлық жерге қойылады.

Жолаушылар, автобус жүргізушілері және автовокзал жұмысшылары тамақтануы үшін кафе, ресторан, буфеттер болуы мүмкін. Олардың барлығы аренда төлейді. Кафе кухнясы электрмен, суық және ыстық сумен, канализациямен жабдықталу қажет. Үлкен автовокзалдарда жүргізушілер мен автовокзал персоналдары үшін жеке тамақтанатын орындары болады. Вестибюль және күту залында дүмбір шектер орналасады. Оларда баспа өнімдері, жолға қажетті және алғашқы қажетті заттар сатады. Бұларда қызметшілер орындарын, бөгде адамдардың еркін қатынасын шектейтін жекелеме блоктар болады.

Автобустар қауіпті көзі болып табылатындықтан, жолаушыларды автобусқа отырғызуды, кез келген автобустарды түсіріп алуды мұқият ұйымдастыру қажет. Жолаушыларды отырғызу мен түсіру арнайы жабдықталған перрондарда жүргізіледі. Перрон автобус жолынан 20см биіктікте болу керек және олардан бардюрлермен шектейді. Перрондар номірленеді және ақпараттық тақтамен жабдықталады (рейс номері, келу, кету уақыттары). Перрондарда кезекшілер болады, олар тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, жолаушыларға қажетті көмек көрсетеді.

Жолаушыларды отырғызу үшін диспетчер нұсқаған отырғызу перронына жүргізуші автобусты әкеледі. Содан кейін перрон кезекшісі автобустың қозғалыс кестесіндегі типіне сәйкестігін бақылайды, автобустың салонын және жабдықталуын қарайды (аптечка, от сөндіргіш, маршрутты көрсететін табличка, сыпыру,жуу жұмыстарының сапасын тексереді). Егер қандай да бір жетіспеушіліктер болса, тез арада түзетіліп, содан кейін жолаушыларды отырғызады. Жолаушыларды отырғызғаннан кейін, перрон кезекшісі автобустағы жолаушылар санын тексереді. Ешқандай ауытқу болмаса, автобусты рейске жібереді. Перрон кезекшісі сонымен қатар, автобусты қарсы алады, одан түскен адамдарға бағдар жасайды, қажет жағдайда медициналық көмек шақырады.

Өтпелі автобус перронда тұрған жағдайда, күзетпен қамтамасыз етілуі қажет.

Қалааралық маршруттарда жолаушыларға автобус билетін сату, бірқатар ерекшеліктермен анықталады:

● билеттер бір-бірінен алшақ пункттерде сатылады;

● сатылған билеттер саны, автобустағы орындармен сәйкес келуі қажет;

● белгілі бір пункттерде түсіп қалатын жолаушылар ескерілуі қажет;

● билеттердің алдын-ала сатылуына сұраныс бақылану қажет.

Осындай ерекшеліктердің жиынтығы жолаушыларға билеттер сатудың технологиялық үрдісін қалыптастырады. Осы аталған үрдістер әртүрлі автовокзалдар арасында және тасымалдаушылар арасында келісім шарт жасауды қамтамасыз етеді.

Билеттерді сатудың типтік технологияның үрдісінде автобустарда бос орындардың бар болуы жайлы орталықтандырылған ақпарат қарастырады. Алдын-ала билет сату, көбінесе, бастапқы пункттерде болады. Өтпелі автобусқа билеттер алдыңғы автовокзалдан автобус шыққаннан кейін сатылады. Жүргелі тұрған автобусқа егер бос орындар бар болса, билеттер автовокзалдың барлық кассаларында кезексіз сатылады.

Типтік технологияның үрдісі автоматты және қолмен іске асады.



Автоматтандырылған технологиялық үрдістер кассирдің АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны) бос орындардың бар болғандығы келіп түскенде ғана, билеттер ақпарат орталықтандырылған компьютерден түседі. Орталықтандырылған компьютерлер, компьютерлік жұмыс станцияларына тораптармен байланысқан. Орталықтандырылған компьютерлер үлкен автовокзалдарда орнатылған.

Қолмен іске асатын технологияларда рейс бойынша бос орындардың бар болуын операторлар енгізеді. Ол үшін олар арнайы кесте формасындағы банктерді толтырады және әртүрлі автобус модельдеріне сәйкес орындардың орналасу схемасын толтырады. Оператор кассирлерге анықтама бөліміндегі қызметкерлерге және хабарлаушы дикторға мәлімдейді. Мәліметтерді жіберу үшін әртүрлі автовокзалдар операторлары телефон арқылы байланысады. Бұл әдіс көптеген жұмысты талап етеді, ескірген болып саналады. Бұл әдісті кассирдің АЖО жоқ жағдайда пайдаланады.

Билеттер сатылатын пунктер арасында тұрақты байланыс болмаған жағдайда орталықтандырылмаған, яғни билеттерді өткізудің «айналыс» технологиялық үрдісі қолданылады.

Маршруттың алғашқы пункттерінде кассирлер жолаушыларға билеттерді алдын-ала және жүргелі тұрған автобустарға да сатылады. Аралық тоқтау пункттерінде билеттер тек жүретін автобустарға бос орындар болған жағдайда ғана сатады, алдын-ала сатпайды. Бос орындардың бар болуы, тек автобус автовокзалға келген жағдайда ғана белгілі болады. Бұл автобустың қосымша 10-15 минут тұрып қалуына әкеледі. Кей жағдайда жүргізушіге билеттерді сатуға мүмкіндік береді.

Автовокзал территориясын жақсы ұстау үшін, сыпырушы перрондарды, алаңдарды және жүретін жерлерді тазалайды, өсіп тұрған жасыл өсімдіктер үнемі суарылады, перрондар мұз бен қардан тазаланады, мұзға қарсы материалдармен өңделеді, жолаушылар аз кезде дымқыл түрдегі тазалық жұмыстары жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет