Темірші ауылдық округінің әкімі Қ. Мұхтардың 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»



Дата23.02.2016
өлшемі276.45 Kb.
#9310
Темірші ауылдық округінің әкімі Қ.Мұхтардың 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму » атты жолдауында және баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет құруға бағытталған 100 нақты қадамда биік мақсатқа жетудің нақты жолы мен ұзақ мерзімді басымдықтары айқындалып, барлық деңгейдегі әкімдерге,атқарушы билік органдарына аса маңызды міндеттер жүктелді.

Әкімдік жұмысындағы басты бағыттар: кедейшілік деңгейін азайту; халықты жұмыспен қамту; білім беру, денсаулық және мәдениет ошақтарының қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасау; шағын бизнес субъектілерінің жұмысын кеңейту және жаңадан ашу; бюджет қаржыларының дұрыс орындалуын қадағалау және ауылға инвестиция тарту болып табылады.

Округ көлемінде 1297 адам тұрады. Олардың 855-і экономикалық белсенді топтар санатына жатады. Ауыл ішінде 1 орта, 1 негізгі мектеп, 2 дәргерлік акушерлік пункт, 2 кітапхана, 2 клуб, балалар мен жасөспірімдер мектебінің бөлімшесі, тойхана жұмыс жасайды.

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласында 29 шаруа қожалығы, 10 кәсіпкер жұмыс жасайды. Өткен жылдан бері жаңадан 2 шаруа қожалығы құрылды. 6 шаруашылық егін салады. Өткен жылы 1700 га алқапқа егін салынып еді, құрғақшылықтың салдарынан әр гектарынан 3 ц. ғана өнім алынды. Алдыңғы жылы 10-12 ц. өнім алынған еді. Биыл 2016 жылы егістік көлемін 2500гектарға жеткізіп, гектарынан 7-8 ц. өнім алуды жоспарлап отырмыз.

Мал басының өсуі жылдан-жылға артып келеді. Үстіміздегі жылдың 1-ші қаңтарына ірі қара- 4273 басқа, яғни 8 % -ға; қой мен ешкі- 11005 басқа, жылқы – 2350 басқа, яғни 8% артып отыр.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ірі қара 417 басқа, жылқы 68 басқа, қой мен ешкі 2 басқа артқан.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқалар толық айырбасталып отырды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша соңғы 2 жылда 3 шаруа қожалығы 33 млн.тг.несие алып, 150 бас ірі қара малын сатып алды.

Асыл тұқымды мал мен селекциялық жұмыстарға шаруа қожалықтары 16 млн 44 мың тенге субсидия алса, егін шаруашылығы бойынша 2 шаруашылық 1 млн 300 мың тенге субсидия алды.

Мал ауруларының алдын алуға байланысты эпизоотияға қарсы бағдарламалар мен ветеринариялық шаралар уақытында жүргізіліп отырады. Бұл салада 4 ветеринар жұмыс жасайды.

Мал басын бірдейлендіру жұмыстары толығымен орындалды. 1339 бас ірі қара; 5890 бас қой, ешкі, 651 бас жылқы малы бірдейленіп компьютерлік дерекқорға енгізілді.

Өткен жылдың аяғында «Мағаз» шаруа қожалығы жаңадан МТЗ-95 тракторын сатып алса, «Ізбасар», «Болашақ» шаруа қожалықтары шөп шабатын агрегат сатып алды. Барлық инвестиция 6 млн. 200 мың тг. болды. Білім беру саласында 1 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды. Татан аулындағы № 23 орта мектепте 147 бала оқыса, Қарағаш аулындағы № 28 негізгі мектепте 64 оқушы білім алады. Екі мектепте де шағын орталықтар жұмыс жасайды.

Мектептер оқу жылына толық дайындықпен кірген болатын. Көмірлері жеткілікті мөлшерде түсірілген.№23 орта мектеп ғимаратының төбесінен су ағады. Келешекте төбесін шатырлауға қаржы бөлінсе дұрыс болар еді.

Өткен оқу жылы ҰБТ қортындысы бойынша75,6 бал жинап ауданның орта көрсеткішінен төмендеу нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыс жасайтын боламыз.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуде Татан аулындағы ФАП пен Қарағаш аулындағы фельдшерлік пункт жұмыс атқарады. Оларда арнаулы білімдері бар 4 медицина мамандары жұмыс жасайды. ФАП ғимараты да ескі, есік, терезелерін айырбастау қажет. «Жедел жәрдем» автокөлігі ескірген жүрмейді. Ауырған адамдарды ауруханаға жеткізуге Томар аулынан «жедел жәрдем» машинасын шақырып отырамыз. Пункттер қысқы маусымға дайын, көмірлері түсірілген. Қажетті дәрі-дәрмек бар.

Ана мен бала өлімі тіркелмеген. Өткен жылы 18 сәби дүниеге келді.

Мәдениет саласында 2 клуб, 2 кітапхана жұмыс жасайды. Мереке күндері өтетін мәдени шаралар халықтың көңілінен шығуда. Ауыл өнерпаздары әртүрлі аудандық мәдени шараларға қатысып тұрады. Клуб үйлерінің жылу қазандықтары тексерістен өткен, көмірлері жеткілікті мөлшерде түсірілді. Бір айта кетерлігі Татан аулындағы клуб үйінің төбесі тозған келешекте төбесін шатырлауға қаржы қажет.Бұл туралы тиісті орындарға сұраныс берілген. Қарағаш аулындағы клуб үйіне өткен жылы жаңадан 80 орындық алынды.

Жастар мен мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына тәрбиелеуде спорттың алар орны ерекше. Мектептің спорт залы мен арнайы жабдықталған спорт алаңында футбол мен волейболдан ауыларалық жарыстар өтіп тұрады. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бөлімшесінде жаттығатын мектеп оқушылары греко-рим күресінен облыстық біріншіліктерге қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн 209 мың теңге қаржы бөлініп, орталық көшені жарықтандыруға жұмсалды.

Елді мекендер ауыз сумен толық қамтылған. Татан аулында су құбырлары үйлерге кіргізілген болса, Қарағаш аулында 12 су колонкасы жұмыс жасайды. Бір қиындық туғызатын жағдай жер асты су құбырларының тозуы, жылда 7-8 жерден жарылатын жер асты құбырларын қолмен қазып жөндеп жүрміз. Келешекте арнайы жер қазатын қондырғысы бар техника қарастырылса жөн болар еді.

Елді мекендердің келбетін келтіруде санитарлық тазалықтың алар орны ерекше. Тазалық жұмысына ауылдың барлық тұрғындары ат салысып, үй маңайларын күл – қоқыстан тазартып отырды. «Қазақмыс» мекемесінің кен тасушы жүк көліктерімен келісім шарт жасасып тазалық жұмыстарын жүргізу әдетке айналған. Өткен жылы да солар арқылы көктем, жаз айларында 180 т. күл-қоқыс шығарылды. 30 тонналық 1 рейстің құны 5000 тг.

Ауылды абаттандыру мақсатында ауылдың атауы жаңартылып, көше аттары қайта жазылды.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай «Ерлік даңқы аллеясында» жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 50түп қарағай отырғызылды. Көше жолдарын тегістеу жұмыстары шаруа қожалықтарының көмегі арқылы тегістеліп отырады. Өткен жылы көктемдегі су тасқынында 2 көпір бұзылған болатын. «Тазалық» мекемесінің арқасында көпірлер қалпына келтіріліп, жолдар тегістелді.

Қоғамдық ақылы жұмысқа қабылдау арқылы 6 адам коммуналдық салада жұмыс атқарды.

Округ бойынша 5 дүкен халыққа қызмет көрсетеді. Негізгі азық-түлік бағалары үнемі бақылауда болады. Дүкендер мен әкімдік арасында азық-түлік бағаларын тұрақты төмен бағада ұстап тұруға меморандум жасалған.

Наубайхана жұмыс жасайды. Келесі жылы екінші наубайхана іске қосылады, ғимараты дайын.

Ауылда машина жөндеу шеберханасы бар, онда екі адам жұмыс жасайды. 2 адам тігіншілікпен айналысады. Ауылда 5 монша бар, оның біреуі тіркелген, қалғандарын салық мекемесіне тіркету бағытында жұмыс жасайтын боламыз.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 2 адам 3 млн, 1-уі 2 млн 400 тг несие алып кәсіпкерлікпен айналысуда.

Биылғы жылы жаңадан 2 шаруа қожалығы құрылды. 1 кәсіпкерқаз өсірумен шұғылдануда. Өткен жылы шағын инкубатор сатып алып, қаздың санын 100-ге жеткізді.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастауыш ұйымында 85 мүше бар. Партия ұйымының жиналыстарында ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму барыс талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылып отырады. Партия мүшелері ауылдың мәдени шаралары мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мүшелік жарналар уақытында төленеді, берешек жоқ.

Ауылдағы ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен тығыз байланыста .

Қоғамдық тәртіпті сақтауда учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Оның қызмет атқаруына жағдай жасалған. Жұмыс кабинеті жабдықталған, телефон байланысы бар. Мал ұрлығын болдырмау мақсатында барлық қыстақтар мен елді мекендерді аралап, мал бағыны туралы ескертіп отырады. Құрамында 5 адамы бар ерікті халық жасақшылары шығарылған.

2016 жылдың баспасөзге жазылу жоспары орындалды. Газет-журналдар ауданнан аптасына 2 рет келеді. Телефон байланысы қалыпты жұмыс жасайды. Елді мекендер толық қамтылған. «Билайн» ұялы байланыс нүктесі қалапты жұмыс жасауда.

Интернеттік байланыс жүйесі қосылды.

Арнайы 15 адамдық «Газель» автокөлігі аптасына 2 рет ауданмен екі арада жолаушы тасымалдайды.

Ауылдық округ бойынша алдағы уақытта шешімін табатын өзекті мәселелер мыналар:

1. №23 орта мектеп ғимаратының төбесін шатырлау.

2. Татан аулындағы клуб үйінің төбесін шатырлау.

3. ФАП ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.

Темірші ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары

басшыларымен өткен жиналыс хаттамасы

Татан ауылы 9 қараша 2015 жыл.

Өткен орны клуб үйі.

Уақыты сағ. 16.00.

Жиналысқа шаруа қожалықтары басшыларынан 15 адам және әкімдік мамандары бар, барлығы 18 адам қатысты.

Жиналысты ауыл әкімі Қ. Мұхтар жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде.


Ауылдық жерде жұмыс орындарын ашу мен өнім өндіруді молайтудағы инвестициялық жобалардың маңызы мен оларға төленетін субсидия және жеңілдетілген несиелер туралы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл әкімі Қ. Мұхтар хабарлама жасады. Ауылда малдың басы өсіп келеді. Кейінгі жылдары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 150 бастай ірі-қара малы алынып, мал тұқымын асылдандыруға біршама жақсы жұмыстар атқарылып келеді. Ендігі мақсат инвестициялық жоба ұсыныуымыз керек. Биылғы жылы инвестициялық жобаларға мемлекет тарапынан субсидия және жеңілдетілген несиелер төлеу қарастырылып жатыр.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шаруа қожалығы басшылары өз ойларын айтты.


  1. Алтыбаев Е– «Мағаз» ш/қ басшысы.

Келешекте 200 басқа арналған ірі қараға арналған бордақылау алаңын салу жоспарда бар екендігін айтты.

  1. Мұқашева Б – «Бірлік» ш/қ басшысы.

Қазіргі уақытта «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып еттік бағытта мал өсіріп жатқанын, алдағы уақытта сүттік бағытта жұмыс жасайтындығы туралы айтып ортаға салды. Жиында сөз алған басқа шаруашылық басшылары бұл ұсыныстарды қолдайтындықтарын білдірді.
Жиналыс қаулы етеді.

Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты айтылған ұсыныс пікірлер еске алынсын .


Жиналыс төрағасы Қ. Мұхтар


Жиналыс хатшысы М. Өкімбаев

Темірші селолық округіне қарасты Татан ауылы тұрғындарымен

өткізілген жиналыс хаттамасы

Татан ауылы 4 наурыз 2015жыл

Өткен орны клуб үйі

Уақыты сағ 16.00

Қатысқан адам - 42
Жиналысты ауыл әкімі Қ. Мұхтар жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде.

2011-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарысы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2012-2016 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары , Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қамтамасыз ету жөніндегі 2014 жылға арналған іс - шаралар жоспары орындалысы туралы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл әкімі Қ. Мұхтар атқарылған жұмыстарға тоқталды . Келешекте осы жұмыстарды жалғастыру керектігі айтылды.

Округ елді мекендерінде нашақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәртіп бұзушылықтар орын алмағандығы айтылды.


  1. Рахимбеков М №23 орта мектеп директоры. Күн тәртібіндегі мәселе орынды қаралып отыр. Мектептегі атқарылған іс-шараларға тоқталды. Сыбайлас жемқорлық, есірткіге құмарлық ,тәртіпсіздік фактілері болған жоқ. Келешекте осы мәселелерге мектеп ұжымы көңіл бөліп , жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.

  2. Абжанов Б. Е учаскелік инспектор, полиция капитаны. Күн тәртібіндегі мәселеге жан-жақты тоқталды.

Темірші селолық округі елді мекендерінде көтерілген тақырыпта жақсы іс-шаралар ұйымдастырылғаны айтылды.

Биылғы жылы іс-шаралар жалғасын тауып , жақсы нәтижелер беретіндігіне сенім білдірді.

Күн тәртібіндегі мәселені ауыл әкімі Қ. Мұхтар қортындылады. Бірауыздан қаулы қабылданды.

Жиналыс қаулысы:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары, Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары еске алынсын.

Темірші селолық округінің әкімі Қ.Мұхтар

Жиналыс хатшысы К. Жармағанбетов

Қарқаралы ауданының әкімі

Қ.М.Мақсұтовқа

Сұраныс хат.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Заңының 3 бабы 6 тармақшасына сәйкес және 15.01.2015

жылы Айнабұлақ елді мекен тұрғындарымен өткізілген жиналысының

хаттамасы бойынша Темірші ауылдық округінің әкімі халқының саны 50 адамнан кем елді мекенді, яғни Айнабұлақ ауылын ауданның әкімшілік- аумақтық құрылымының жеке елді мекен есебінен шығарылып, Қарағаш ауылының құрамына енгізілуі жөнінде өтініш жасайды.

Қазіргі уақытта Айнабұлақ ауыл аймағында 3 отбасы тұрады, тұрғындар саны 7 адам. Бұл мекенде өндірістік ғимараттар, мәдени тұрмыстық ошақтар орналаспаған.

Темірші селолық округінің әкімі Қ.Мұхтар

Темірші ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ ауылы тұрғындарының

Т І З І М І

Аты – жөні Туған жылы Кәсібі


1.Ибраев Қайрат 14.08.1965 мүгедек

2.Ибраева Күлаш 21.05.1940 зейнеткер

3.Сатымқұлов Абзал 26.04.1972 жұмыссыз

4.Омарқұлова Алтын 22.02.1975 жұмыссыз

5.Муқанова Үмітжан 01.04.1951 зейнеткер

6.Муканов Арсланбек 26.02.1980 жұмыссыз

7.Муканов Жарас 17.07.1981 жұмыссыз

Темірші ауылдық округі әкімі: Қ.Мұхтар


Темірші ауылдық округінің әкімі

аппаратының бас маманы: М.Қусылханов

Айнабұлақ елді мекен тұрғындарымен өткізілген жиналысының

Х А Т Т А М А С Ы

Айнабұлақ ауылы 15.01.2015 ж

Қатысқандар:


Темірші ауылдық округі әкімі: Қ.Мұхтар

Темірші ауылы ветеринариялық

пункті меңгерушісі С.Балдайкенов

Жиналыста ауылдық округ әкімі сөз алды:

«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы » Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 3 бабына сәйкес Халқының саны 50 адамнан кем елді мекенді ауданның әкімшілік – аумақтық құрылысының елді мекен есебінен шығару қажет.

Осыған байланысты Айнабұлақ ауылы келешекте Қарағаш ауылының құрамына енгізіледі.

Ауыл тұрғындарының атынан Сатымқулов. А сөз сөйледі. Тұрғындар Муканов А, Ибраев К, А Сатымкуловтың ұсынысын қолдады.
Күн тәртібіндегі мәселені қарай келе жиналыс төмендегідей қаулы етеді:
Ауыл тұрғындары тарапынан қарсылық болмағандықтан Айнабұлақ елді мекенін ауданның әкімшілік – аумақтық құрлысының елді мекен есебінен шығарылып, оны Қарағаш елді мекенінің құрамына енгізілуі сұралсын.
Селолық округ әкімі Қ.Мұхтар
Ауыл тұрғындарының атынан А.Сатымкулов

А.Муканов

С.Ибраев

«ХҚКО» РМК

Қарағанды облысы бойынша филиалының

Қарқаралы ауданындағы бөлімінің

басшысы Э.З.Мерсейтоваға

Темірші селолық округі Татан ауылының тұрғыны Нуриманов Саятқа мекен- жай анықтамасын беруіңізді сұраймын.

Инн 670410300802 жеке куәлік № 030326910.МЮ.РК 28.09.2010 ж

Темірші селолық округінің әкімі Қ.Мұхтар

Темірші селолық округінің әкімі Қ.Мұхтардың 2014 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы

х а б а р л а м а с ы.


Өткен жылдың аса маңызды саяси оқиғалары Қазақстанның озық дамыған 30елдің қатарына ену талаптарын таразылаған «Қазақстан жолы – 2050; Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тарихи жолдауында және 2014 жылғы 11 қараша күнгі «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты жолдауында биік мақсатқа жетудің нақты жолы мен ұзақ мерзімді басымдықтары айқындалып, ел Үкіметі мен барлық деңгейдегі әкімдерге, атқарушы билік органдарына аса маңызды міндеттер жүктелді.

Әкімдік жұмысындағы басты бағыттар: кедейшілік деңгейін азайту; халықты жұмыспен қамту; білім беру, денсаулық және мәдениет ошақтарының қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасау: шағын бизнес субъектілерінің жұмысын кеңейту және жаңадан ашу: бюджет қаржыларының дұрыс орындалуын қадағалау және ауылға инвестиция тарту болып табылады.

Округ көлеміндегі 1300 адам тұрады. Олардың 852 -і экономиканың белсенді топтар санатына жатады. Аулымызда 1 орта, 1 негізгі мектеп (Қарағаш аулында), 2 дәргерлік акушерлік пункт, 2 кітапхана, 2 клуб, музыка мектебінің бөлімшесі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бөлімшесі, тойхана жұмыс жасайды.

Ауылдағы мектептер мен клуб ғимараттары, ФАП-тар қысқы маусымға толық дайындықпен кірді. Қазандықтар жөнделіп, тексерістен өткізіліп қосылды. Жеткілікті мөлшерде көмір түсірілген.

Елді мекендердің келбетін келтіруде санитарлық тазалықтың алар орны ерекше. Тазалық жұмысына ауылдың барлық тұрғындары ат салысып, үй маңайларын күл – қоқыстан тазартып отырды. Биылғы көктем, жаз айларында «Тазалық» коммуналдық шаруашылығымен және «Қазақмыс» мекемелерімен келісім жасау арқылы 1200 т күл – қоқыс шығарылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн 174 мың теңге қаржы бөлініп, оған балалардың ойын алаңы жасалды.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш маңындағы паркке 50 түп ағаш отырғызылды. Абаттандыру мақсатында 2 билборд орнатылып, ауылдың атауы жаңартылып қайта жасалды.

Елді мекендер ауыз сумен толық қамтылған. Татан аулындағы үйлерге су құбырлары тартылғанына 40 жылдан асты. Жер асты құбырлар әбден тозған, жыл бойы 6-7 жерден қазып жөндеп жүрміз. Әсіресе қыс айларында жер қазу қиындық тудырады. Келешекте осы су құбырларын айырбастауға қаржы қарастырылса дұрыс болар еді.

Өткен жылы Қарағаш аулында 4 су колонкасы жөнделді: жаңадан су сорабын моторымен сатып алып дайындап қойдық. Келесі жылы Татан аулындағы 2 су колонкасын айырбастауды жоспарлап отырмыз.

Қоғамдық ақылы жұмыста 6 адам коммуналдық салада жұмыс атқарды.

Аудан орталығына аптасына 2 рет «Газель» автокөлігі жолаушы тасиды. Биылғы жылы аудан мен екі арадағы жолдың 75 км бөлігі тегістеліп, жол шетіндегі шөптер қырылды. Қарағаш аулына баратын 15 км жол да тегістелді.

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласында 27 шаруа қожалығы 10 кәсіпкер жұмыс жасайды. Өткен жылы жаңадан 2 шаруа қожалығы құрылды. Бұларда 156 адам еңбек етеді. 5 шаруашылық егін салады. Биылғы жылы 1530 га жерге егін егіліп, әр гектарынан 10-12 ц өнім алынды.

Мал басының өсуі жылдан-жылға артып келеді. 2015 жылдың 1- қаңтарына ірі қара- 3708 басқа. жылқы – 2164 басқа, қой мен ешкі- 11118 басқа жетіп отыр.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ірі қара 53 басқа, жылқы 67 басқа, қой мен ешкі 119 басқа артқан.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқалар толық айырбасталып отырды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Сарышоқы» шаруа қожалығы 13 млн , «Аманбай» шаруа қожалығы 10 млн тенге несие алыпр 4 асыл тұқымды бұқа мен 80 бас аналық сиыр сатып алып мал басын өсірумен шұғылдануда. Мал ауруларының алдын алуға байланысты эпизоотияға қарсы бағдарламалар мен ветеринариялық шаралар уақытында жүргізіліп отырады. Бұл салада 3 ветеринар жұмыс жасайды.

Мал басын бірдейлендіру жұмыстары толығымен орындалды. 1200 бас ірі қара 4550 қой, ешкі малы бірдейленіп копьпютерлік базаға енгізілді. 500 бас жылқы малына чип салынды. Бұл жұмыстардың қаржысы 100% орындалды.

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жылдан жылға көтеріліп келеді. Ауылда 8 отбасы балалар жәрдемақысын алады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша 1 адам 2,4 млн. тенгеден несие алып мал басын өсірумен шұғылданып отыр.

Округ бойынша 5 дүкен халыққа қызмет көрсетеді. Негізгі азық-түлік бағалары үнемі бақылауда болады. Дүкендер мен әкімдік арасында азық-түлік бағаларын тұрақты төмен бағада ұстап тұруға меморандум жасалған. Наубайхана жұмыс жасайды. өткен қыс айларында Қарағанды қаласынан 10т арзандатылған ұн әкелініп, халыққа таратылды.

Білім беру саласында 1 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды. Татан аулындағы № 23 орта мектепте 144 бала оқиды. Қарағаш аулындағы № 28 негізгі мектепте 65 оқушы білім алады. Екі мектепте де шағын орталықтар жұмыс жасайды. Келешекте № 23 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Төбесінен су ағады, есік терезелері ескі. Бұл туралы келесі жылдың бюджетіне қаржы қарастыру мәселесі бойынша аудандық оқу бөліміне сұраныс жолданған. Екі мектепте де ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы жасалып жаңа оқу жылына толық дайындықпен кірген болатын. Көмірлері жеткілікті мөлшерде түсірілген қысқы маусымға толық дайын.

Биылғы жылы ҰБТ қортындысы бойынша77,13 бал жинап ауданның орта көрсеткішінен жоғары деңгейде болдықсәл төмендеу болдық. Келешекте бұл бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Татан аулында 2-ден 5 жасқа дейін 43 бүлдіршін бар. Шағын орталықтар күніне 3 сағат қана жұмыс жасайды. Алдағы уақытта шағын орталықты кеңейту мәселесін күн тәртібіне шығаруымыз қажет.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуде Татан аулындағы ФАП пен Қарағаш аулындағы фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Оларда арнаулы білімдері бар 5 медсестра жұмыс жасайды. ФАП ғимараты да ескі келешекте жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қажет болады. «Жедел жәрдем» автокөлігі ескірген жүрмейді. Ауырған адамдарды ауруханаға жеткізуге Томар аулынан жедел жәрдем машинасын шақырып отырамыз. Пунктер қысқы маусымға дайын, көмірлері жеткілікті мөлшерде түсірілген. Қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Ана мен бала денсаулығы басты назарда. 2014 жылы 18 сәби дүниеге келді.

Мәдениет саласында 2 клуб, 2 кітапхана жұмыс жасайды. Сонымен қоса мектеп жанында музыка мектебінің бөлімшесі жұмыс атқарады. Олардағы қобыз бен домбыра кластарында арнаулы білімдері бар музыка мамандары сабақ береді.

Мереке күндері өтетін мәдени шаралар халықтың көңілінен шығуда. Ауыл өнерпаздары әртүрлі аудандық байқауларға қатысып тұрады. Өткен жылы ауылдың 50жылдық тойын атап өттік. Клуб ғимараттарының жылу қазандықтары тексерістен өткен, қысқа дайын, көмірлері түсірілген. Татан аулындағы клуб үйінде 1,5 бірлік қана от жағушы штаты бар, енді 0,5 бірлік берілсе деген сұранысты аудандық мәдениет бөліміне бердік.

Қарағаш аулының клуб үйінің көрермендер залына жаңадан 80 орындық талынды.

Жастар мен мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына тәрбиелеуде спорттың алар орны ерекше. Мектептің спорт залы мен арнайы жабдықталған спорт алаңында футбол мен волейболдан ауыларалық жарыстар өтіп тұрады.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бөлімшесінде жаттығатын мектеп оқушылары күрестен облыстық біріншіліктерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастауыш ұйымында 87 мүше бар. Партия ұйымының жиналыстарында ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасының орындалысы талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылып отырады. Партия мүшелері ауылда өтетін мәдени-көпшілік шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Ауылдағы ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Биылғы өткен ардагерлер ұйымының есепті жиналысында ардагерлер кеңесінің құрамы мен жаңадан төраға сайланды.

Қоғамдық тәртіпті сақтауда учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Оның қызмет атқаруына жағдай жасалған. Жұмыс кабинеті жабдықталған, телефон байланысы бар. Мал ұрлығын болдырмау мақсатында барлық қыстақтар мен елді мекендерді аралап, мал бағыны туралы ескертіп отырады. Құрамында 5 адамы бар ерікті халық жасақшылары шығарылған.

2014 жылдың баспасөзге жазылу жоспары артығымен орындалды. Газет-журналдар ауданнан аптасына 2 рет келеді. Телефон байланысы қалыпты жұмыс жасап тұр. Татан аулында 152 үйге телефон нүктесі қойылған, Қарағаш аулына телефон станциясы орнатылып,58 үйге телефон қойылды. Айнабұлақ елді мекенінде 3 телефон жұмыс жасайды.

Өткен жылғы есепті кездесу жиналысында көтерілген проблемалық мәселелердің орындалысы төмендегідей

1. Қарағаш аулындағы клуб үйінің көрермендер залына жаңадан 80

орындық алынды.

2. Татан аулының көшелерін жарықтандыруға 2015 жылдың

бюджетіне өңірлерді дамыту бағдарламасы арқылы 1,2 млн. тенге

қаржы жоспарланды.

3. Қарағаш аулындағы әр үйге телефон қойылып, «Билаин» ұялы

байланыс жүйесі іске қосылды.

4. Қарағанды медициналық орталығынан дәргерлер бригадасы келіп,

халықтың ден,саулығын тексеруден өткізді.
Селолық округ бойынша алдағы уақытта шешімін табатын өзекті мәселелерге мыналар жатады.
1. № 23 орта мектеп ғимаратының төбесін шатырлауға қаржы

сұрау.


2. Татан аулының көшелерін жарықтандыруға қаржы қарастыру

3. Татан аулындағы клуб үйінің төбесін шатырлауға жұмыс жасау.

Темірші селолық округінің әкімі Қ.Мұхтардың 2013 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы

х а б а р л а м а с ы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, ауыл әкімдігі өз жұмысын ауылдың әлеуметтік –экономикалық даму бағдарламасы мен аудан әкімінің елді мекендерді аралау кезінде берген тапсырмаларына сәйкес жүргізіп отырды.

Әкімдік жұмысындағы басты бағыттар: кедейшілік деңгейін азайту; халықты жұмыспен қамту; білім беру, денсаулық және мәдениет ошақтарының қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасау: шағын бизнес субъектілерінің жұмысын кеңейту және жаңадан ашу: бюджет қаржыларының дұрыс орындалуын қадағалау және ауылға инвестиция тарту болып табылады.

Округ көлеміндегі 1300 адам тұрады. Олардың 780 -і экономиканың белсенді топтар санатына жатады. Аулымызда 1 орта, 1 негізгі мектеп (Қарағаш аулында), 2 дәргерлік акушерлік пункт, 2 кітапхана, 2 клуб, музыка мектебінің бөлімшесі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бөлімшесі, тойхана жұмыс жасайды.

Ауылдағы мектептер мен клуб ғимараттары, ФАП-тар қысқы маусымға толық дайындықпен кірді. Қазандықтар жөнделіп, тексерістен өткізіліп қосылды. Жеткілікті мөлшерде көмір түсірілген.

Елді мекендердің келбетін келтіруде санитарлық тазалықтың алар орны ерекше. Тазалық жұмысына ауылдың барлық тұрғындары ат салысып, үй маңайларын күл – қоқыстан тазартып отырды. Биылғы көктем, жаз айларында «Тазалық» коммуналдық шаруашылығымен және «Қазақмыс» мекемелерімен келісім жасау арқылы 1100 т күл – қоқыс шығарылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн теңге қаржы бөлініп, көше жолдарына құм төселіп, тегістелді. Бұл жұмыстарды «Тазалық» коммуналдық шаруашылығы атқарды.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш маңындағы паркке 50 түп ағаш отырғызылды. Абаттандыру мақсатында 2 билборд орнатылып, ауылдың атауы жаңартылып қайта жасалды.

Елді мекендер ауыз сумен толық қамтылған. Татан аулындағы үйлерге су құбырлары тартылғанына 40 жылдан асты. Жер асты құбырлар әбден тозған, жыл бойы 6-7 жерден қазып жөндеп жүрміз. Әсіресе қыс айларында жер қазу қиындық тудырады. Келешекте осы су құбырларын айырбастауға қаржы қарастырылса дұрыс болар еді.

Өткен жылы Қарағаш аулында 4 су колонкасы жөнделді: жаңадан су соратын моторымен сатып алып дайындап қойдық. Келесі жылы Татан аулындағы 2 су колонкасын айырбастауды жоспарлап отырмыз.

Қоғамдық ақылы жұмыста 6 адам коммуналдық салада жұмыс атқарды.

Аудан орталығына аптасына 2 рет «Газель» автокөлігі жолаушы тасиды. Биылғы жылы аудан мен екі арадағы жолдың 75 км бөлігі жөнделіп тегістелді. Жол шетіндегі шөптер қырылды. Қарағаш аулына баратын 15 км жол да тегістелді.

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласында 25 шаруа қожалығы 10 кәсіпкер жұмыс жасайды. Бұларда 156 адам еңбек етеді. 5 шаруашылық егін салады. Биылғы жылы 1630 га жерге егін егіліп, әр гектарынан 10-12 ц өнім алынды.

Мал басының өсуі жылдан-жылға қарқын алып келеді. 2014 жылдың 1- қаңтарына ірі қара- 3397. аналығы- 1591, жылқы - 1771. аналығы- 824, қой мен ешкі- 10158, аналығы- 6564 басқа жетіп отыр.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ірі қара 100 басқа,аналығы -62 басқа, жылқы 52 басқа, аналығы – 32 басқа, қой мен ешкі 226 басқа, аналығы 191 басқа артқан.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында шаруашылықтар 8 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып жұмыс жасап жатыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Бірлік» шаруа қожалығы 6 млн тенге несие алып, мал басын көбейтсе, «Сарышоқы» шаруа қожалығы 13 млн тенге несиені жыл аяғына дейін алып, ірі қара малының басын өсірмекші. Мал ауруларының алдын алуға байланысты эпизоотияға қарсы бағдарламалар уақытында жүргізіліп отырады. Бұл салада 4 мал дәргері жұмыс жасайды.

Мал басын бірдейлендіру жұмыстары толығымен орындалды. 2000 ірі қара 5863 қой, ешкі малы бірдейленіп копьпютерлік базаға енгізілді. 30 бас жылқы малына чип салынды.Бұл жұмыстардың қаржысы 100% орындалды.

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жылдан жылға көтеріліп келеді. Ауылда 8 отбасы балалар жәрдемақысын алады. Өткен жылы 13 отбасы балалар жәрдемақысын алып, 1 отбасы әлеуметтік көмек алған.

Биыл 2020 бағдарламасы бойынша 2 адам 3 млн. тенгеден несие алып мал басын өсірумен шұғылданып отыр.

Округ бойынша 5 дүкен халыққа қызмет көрсетеді. Негізгі азық-түлік бағалары үнемі бақылауда болады. Дүкендер мен әкімдік арасында азық-түлік бағаларын тұрақты төмен бағада ұстап тұруға меморандум жасалған. Наубайхана жұмыс жасайды. өткен қыс айларында Қарағанды қаласынан 10т арзандатылған ұн әкелініп, халыққа таратылды.

Білім беру саласында 1 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды. Татан аулындағы № 23 орта мектепте 164 бала оқиды. Қарағаш аулындағы № 28 негізгі мектепте 64 оқушы білім алады. Екі мектепте де шағын орталықтар жұмыс жасайды. Келешекте № 23 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Төбесінен су ағады, есік терезелері ескі. Бұл туралы келесі жылдың бюджетіне қаржы қарастыру мәселесі бойынша аудандық оқу бөліміне сұраныс жолданған. Екі мектепте де ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы жасалып жаңа оқу жылына толық дайындықпен кірген болатын. Көмірлері жеткілікті мөлшерде түсірілген қысқы маусымға толық дайын.

Биылғы жылы ҰБТ қортындысы бойынша ауданның орта көрсеткішінен сәл төмендеу болдық. Келешекте бұл бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Татан аулында 2-ден 5 жасқа дейін 43 бүлдіршін бар. Шағын орталықтар күніне 3 сағат қана жұмыс жасайды. Алдағы уақытта бала бақша салу мәселесін күн тәртібіне шығаруымыз қажет.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуде Татан аулындағы ФАП пен Қарағаш аулындағы фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Оларда арнаулы білімдері бар 5 медсестра жұмыс жасайды. ФАП ғимараты да ескі келешекте жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қажет болады. «Жедел жәрдем» автокөлігі ескірген жүрмейді. Ауырған адамдарды ауруханаға жеткізуге Томар аулынан жедел жәрдем машинасын шақырып отырамыз. Пунктер қысқы маусымға дайын, көмірлері жеткілікті мөлшерде түсірілген. Қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Ана мен бала денсаулығы басты назарда. 2013 жылы 18 сәби дүниеге келді.

Мәдениет саласында 2 клуб, 2 кітапхана жұмыс жасайды. Сонымен қоса мектеп жанында музыка мектебінің бөлімшесі жұмыс атқарады. Олардағы қобыз бен домбыра кластарында арнаулы білімдері бар музыка мамандары сабақ береді.

Мереке күндері өтетін мәдени шаралар халықтың көңілінен шығуда. Ауыл өнерпаздары әртүрлі аудандық байқауларға қатысып тұрады. Клуб ғимараттарының жылу қазандықтары тексерістен өткен, қысқа дайын, көмірлері түсірілген. Татан аулындағы клуб үйінде 1 бірлік қана от жағушы штаты бар, енді 1 бірлік берілсе деген сұранысты аудандық мәдениет бөліміне бердік. Сонымен қоса Қарағаш аулындағы клуб үйінің көрермендер залына орындық керек. Бұл мәселені қойғанымызға 3 жыл болды, әлі шешімін таппай келеді.

Жастар мен мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына тәрбиелеуде спорттың алар орны ерекше. Мектептің спорт залы мен арнайы жабдықталған спорт алаңында футбол мен волейболдан ауыларалық жарыстар өтіп тұрады.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бөлімшесінде жаттығатын мектеп оқушылары күрестен облыстық біріншіліктерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастауыш ұйымында 92 мүше бар. Партия ұйымының жиналыстарында ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасының орындалысы талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылып отырады. Партия мүшелері ауылда өтетін мәдени-көпшілік шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Ауылдағы ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Биылғы өткен ардагерлер ұйымының есепті жиналысында ардагерлер кеңесінің құрамы мен жаңадан төраға сайланды.

Қоғамдық тәртіпті сақтауда учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Оның қызмет атқаруына жағдай жасалған. Жұмыс кабинеті жабдықталған, телефон байланысы бар. Мал ұрлығын болдырмау мақсатында барлық қыстақтар мен елді мекендерді аралап, мал бағыны туралы ескертіп отырады. Құрамында 5 адамы бар ерікті халық жасақшылары шығарылған.

2014 жылдың жарты жылдығына баспасөзге жазылу жоспары артығымен орындалды. Газет-журналдар ауданнан аптасына 2 рет келеді. Телефон байланысы қалыпты жұмыс жасап тұр. Татан аулында 152 үйге телефон нүктесі қойылған, Қарағаш аулына телефон станциясы қойылды. Айнабұлақ елді мекенінде 3 телефон жұмыс жасайды.

2013 жылдың төртінші тоқсанында өткен есепті кездесу жиынында көтерілген проблемалық мәселелердің орындалысы төмендегідей:
1. Қарағаш аулына телефон станциясы орнатылды.

2. Қарағаш аулындағы клуб үйіне орындықтар алу бойынша

аудандық мәдениет бөлімімен бірлесе жұмыс жасап жатырмыз.

3. № 23 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге

байланысты дефектілік ведомость жасалып, оқу бөліміне

тапсырылды.

4. Татан аулының көшелерін жарықтандыруға байланысты

құжаттар тапсырылып келесі жылдың жоспарына енгізілді.

Селолық округ бойынша алдағы уақытта шешімін табатын өзекті мәселелерге мыналар жатады.
1. № 23 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге

қаражат қарастыру.

2. Татан аулының көшелерін жарықтандыруға 2014 жылдың

бюджетіне қаржы салдыру.

3. Қарағаш аулындағы клуб үйінің көрермендер залына

орындықтар алуды аудандық мәдениет бөлімімен бірлесе шешу.

Отчетная информация Акима Темиршинского сельского округа Мухтар К.М. о работе аппарата Акима за 9 месяцев 2013 года и задачах на перспективу.

Население сельского округа насчитывает 1300 человек. Из них 780 являются экономически активными. В сфере образования на территории округа действует средняя школа № 23, которая находится в селе Татан и основная школа № 28 в селе Карагаш. В двух школах учатся 228 учеников. Школы полностью готовы к новому отопительному сезону. Здание средний школы подлежит капитальную ремонту. Об этом заявлено районному отделу образования.

По результатам ЕНТ выпускники школы показали результат на уровне средне районного показателя 73,8 баллов. В селе Татан детей в возрасте от 2 до 5 лет насчитывает 43. Мини центр работает на пол ставку из-за нехватки помещения. Поэтому поднимается вопрос об строительства детского сада.

По медицинскому обслуживанию населения действует ФАП и ФП в которых работает 5 медицинских работников среднего звена. Машина скорой помощи старая 2002 года выпуска требует капитального ремонта. Расстояние до райцентра 170 км. Больных в районную больницу везут на частных автотранспортах. Главное внимание уделяется на здоровье матери и ребенка. Число новорожденных за 9 месяцев -13.

По организацию культурно-массовых мероприятии работает дом культуры в селе Татан и клуб в селе Карагаш. Обе учреждения подготовлены к зимным условиям. Участники художественной самодеятельности принимают участие в районных, областных смотрах и добиваются хороших результатов. Отопительные котлы проверены и готовы к отопительному сезону.

В доме культуры работает только один кочегар и мы просили еще одну штатную единицу кочегара. Вопрос должно решаться с 1 января 2014 года. В клубе с. Карагаш в зрительном зале нет кресел. Этот вопрос поднимается в течении трех лет, до сих пор не решается.

Животноводство является основным направлением в развитии экономики села. В округе действует 25 крестьянских хозяйств и 10 частных предпринимателей. В них работают 156 человек. 5 крестьянских хозяйств помимо животноводства занимаются посевом зерновых. В этом году они посеяли 1630 га и получили урожай зерновых по 9-10 центнеров с одного гектара. С каждым годом растет поголовье скота. На сегодняшний день насчитывается КРС-4380 гол, из них маточного поголовья – 1673 гол: Лошадей -2417 гол. м.п. -905: овцы и козы -13699 гол. м.п. -7012 голов соответственно. По сравнению с данным периодам прошлого года рост поголовья КРС составляет 89 голов: лошадей -95, овец и козы -206 голов. По улучшению породности КРС хозяйствами закуплено 8 голов быков-производителей казахской белоголовой породы. К/х «Бирлик» по программе «Сыбага» получил кредит в сумме 6 млн. тг и работает над увеличением поголовья скота. К/х «Сарышокы» работает над получением кредита в сумме 13 млн тг. по программе «Сыбага» до 1 ноября для развития племенного животноводства.

Своевременно проводится ветеринарно- санитарные работы. Планы противоэпизоотических мероприятии выполнены. В этом направлении работают 4 ветеринарных врачей. Недавно им выделено служебный автотранспорт. План индентификации поголовья животных выполнен полностью.

По благоустройству села в каждую субботу проводится субботники. Коммунальное хозяйство ТОО «Тазалык» по договору проводил санитарную очистку в селе Татан, им было вывезено 1100 т мусоров и твердых отходов. В рамках программы развитие регионов было выделено 1 млн 57 тыс тенге на текущий ремонт дорог внутри с. Татан и они полностью освоены.

Населенные пункты полностью обеспечены чистой питьевой водой. Системы водоснабжения работают непрерывно. В этом году проводили ремонт 5 водоколонок, заменили 50 м подземных водопроводных труб. Приобрели 1 новый глубинный насос и ремонтировали старые. Замена подземных труб проводится в ручную, нет эксковотора. Для приобретения специальный техники просим выделения средств из бюджета.

Из года в год поднимается жизненный уровень населения. Число малообеспеченных снижается ежегодно. В этом году получают детскую пособию 8 семьи. В прошлом году число получателей детских пособии было 13 семьи. 2 семьи получили кредит по 3 млн. тенге по программе 2020 и занимаются разведение животноводства.

По округу работают 5 магазинов. Был подписан меморандум между акиматом и владельцами магазинов по удержанию цен на основные продукты питания. Работает пекарня. Зимой из г. Караганды привозили 10 т муки по низким ценам и раздавали населению.

Первичная партииная организация «Нур Отан» насчитывает в своем ряду 92 члена. Из общественных организации работают совет ветеранов и женский совет. Они работают в тесном контакте с сельским акиматом.

Для работы участкового инспектора полиции созданы условия для работы. Действует добровольная народная дружины в составе 5 человек. По предотвращению кражи скота участковой инспектор еженедельно объезжает все зимовки и населенные пункты..


Проблемные вопросы

  1. Установка спутниковой телефонной станции в селе Карагаш.

  2. Выделение средств для капитального ремонта здании СШ № 23

  3. Приобретение кресел для зрительного зала клуба Карагаш

  4. Включить в план 2014 года установку уличных освещении в с. Татан


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет