Темперамент формуласын анықтау А1* 100 аii а III



Дата26.06.2016
өлшемі49.65 Kb.
#159383
Темперамент формуласын анықтау

А1* 100 АII А III

Х =------холерик С =------ сангвиник Ф =------ флегматик

А А А


АIV

М =------менанхолик

А 1- топ

- шыдамсызсыз, әбігерсіз

- қызбасыз, ашушаңсыз

- тік мінездісіз, адамдармен қарым-қатынаста дөрекісіз

- батыл және бастамшылсыз

- біртеккейсіз

- пікірталаста тапқырсыз

- ұмтылыспен жұмыс істейсіз

- кекшіл және ренжігішсіз

- сөзіңіз тез қызба, дауыс ырғағы ретсіз

- ұшқалақсыз, қызба мінездісіз

- агрессивті, сотқарсыз

-тәуекелге бейімсіз

- мәнерлі ымды тез түсінгішсіз

- тез және шешімді қимылға қабілеттісіз

- жаңалыққа ұмтылғышсыз

- шалт және шұғыл қозғалатын адамсыз

- қойылған мақсатқа жетуде табандысыз

- көңіл-күйдің тез ауысуына бейімсіз

II- топ


    • көңілді және ақжарқынсыз

    • қуатты және іскерсіз

    • көбіне істі соңына дейін жеткізбейсіз

    • өзіңізді асыра бағалауға бейімсіз

    • жаңаны тез ұғып алуға қабілеттісіз

    • қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз тұрақсыз

    • сәтсіздіктер мен жаманшылықтарды жеңіл қабылдайсыз

    • әртүрлі жағдайларға тез бейімделесіз

    • іске қызығып кірісесіз

    • егер іс қызықтырмаса, тез айнып қаласыз

    • жаңа жұмысқа тез кірісіп кетесіз, бір жұмыстан екіншісіне ауыса аласыз

    • күнделікті жұмыстың бірыңғайлылығы тез шаршатады

    • көпшілсіз, қайырымдысыз, жаңа адамдар шаршатпайды,

    • қысылмайсыз

    • шыдамдысыз және еңбекке қабілеттісіз

    • мәнерлі қимылдар мен ишараларды қолдана отырып тез, анық сөйлей аласыз

    • кенеттен болатын жағдайларда өзіңізді ұстай білесіз

    • барлық кезде сергек күйдесіз

    • ұйқыға тез кетіп, тез оянасыз

    • шешімдер қабылдауда көбінесе жинақы емес, асығыссыз

    • кейде салғырт өмір сүруге бейімсіз

III- топ


    • сіз байыпты, сабырлысыз

    • істе жүйелі және байсалдысыз

    • күте білесіз

    • сақ жүресіз және парасаттысыз

    • тұйықсыз және бос сөйлегенді ұнатпайсыз

    • қатты эмоция, қимылдар мен ишараларсыз, байсалды және бірқалыпты сөйлейсіз

    • ұстамды әрі шыдамдысыз

    • басталған істі аяғына дейін жеткізесіз

    • күшіңзді босқа жұмсамайсыз

    • өмірде тәртіпті, жұмыста жұйені қатаң ұстанасыз

    • қарқынды жеңіл тежейсіз

    • мақтау мен даттауға көп көңіл бөлмейсіз

    • кекшіл емессіз. Қонақтарға кішіпейілділік білдіресіз

    • қызығушылықтар мен қарым-қатынастарда тұрақтысыз

    • жұмысқа және бір істен екінші іске жай кірісесіз

    • адамдармен қатынаста бір қалыптысыз

    • барлық істе ұқыптылық пен тәртіпті ұнатасыз

    • жаңа жағдайға қинала бейімделесіз

    • аз қозғаласыз, салғыртсыз, босаңсыз

    • ұстамдысыз

IV- топ

    • сіз ұяңсыз, ұялшақсыз

    • тосын жағдайда абыржып қаласыз

    • бейтаныстармен байланыс орнатуға қиналасыз

    • өз күшіңізге сенбейсіз

    • жалғыздықты жеңіл көтересіз

    • сәтсіздікте абдырап қаласыз және ұнжырғаңыз түсіп кетеді

    • ұяңсыз, тұйықсыз

    • тез шаршайсыз

    • кейде сыбырлап, әлсіз дауыспен сөйлейсіз

    • өзге адам мінезіне амалсыз бейімделесіз

    • мақтау мен даттауды қолайсыз көресіз

    • өзіңізге және өзгелерге үлкен талап қоясыз

    • күмәншілсіз

    • армандауға бейімсіз

    • өте сезісталсыз және тез ренжисіз

    • әсерленгішсіз

    • тез ренжисіз

    • тұйықсыз, көпшіл емессіз

    • белсенді емес, жасқаншақсыз

    • белсенді емес, жасқаншақсыз

    • басқалардың көмектекөмектесуі мен ниеттес болғаын қалайсыз

өздеріңізде анықталған темперамент типтерінің сандық сипаттатын Х және У осьтерінде белгілеңіз. Төрт шеткі нүктені өзара қосыңыз. Алынған кеңістіктің ішін бояңыз. Сіз өз темпераменттіңіздің нақты моделін алдыңыз.

меланхолик

Сангвиник

Холерик Флегматик


Темперамент типтерінің жалпы сипаттамалары жайлы оқып шығыңыз. Темперамент және мінез:

Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшелкітерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның тұлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін құрайды. Темпераменттің 4 түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл 4 типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы –меланхолик сезім темпераментіне жатады. Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде және адамның санасына аса жылдамдықпен пайда болады және сырттай бірден байқалады, бірақ іштей тұрақсыздығымен сипатталады. Меланхолик темпераментінде түйсік сырт көзге байқалмайды, бірақ іштей өте терең және ұзақ болып келеді.

Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғага өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тезбасылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңаф тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын тұрады. Оны ауыр ой мен еңбегі тез шаршатады.

Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келдеі. Ол өзіне қатыстыларының бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.

Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мұндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дұрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.



Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жұмыстан гөрі әрекетсізддікке бейім. Мұндай адам әсерлене бермейді, елейда, әсерлене сол күйде ұзақ болады. Мінез-бұл тұлғаның адамдарға тұрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән құлық ерекшелігін белдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе ұстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана ба ланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәлеуді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет