Тендерлік кепілдікті



Дата12.07.2016
өлшемі49.5 Kb.
#193708
Тендерлік кепілдікті банк клиентке тендерлік сауда-саттыққа қатысу үшін береді. Осы міндеттемеге сәйкес клиент (тендерлік кепілдікке тапсырыс беруші) тендер талаптарын орындамаған жағдайда тендерді ұйымдастырушыға қаржылай ақы төлеудің ақшалай міндеттемесін өзіне қабылдайды.
Өтінімді қамтамасыз ету неліктен талап етіледі (Тендерлік кепілдік):

Әлеуетті жеткізуші Конкурсқа қатысу өтінімінің қамтамасыз етуін:



  • осындай өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін өзінің конкурсқа қатысу өтінімін қайтарып алмауының немесе өзгертпеуінің (жауапкершіліктің 1-тармағы) кепілдігі ретінде

  • Мемлекеттік сатып алулар туралы шартқа белгіленген мерзімде қол қоятындығының (жауапкершіліктің 2-тармағы) кепілдігі ретінде

  • Конкурстың жеңімпазы ретінде анықталған жағдайда конкурстық құжаттамада қарастырылған нысанда, көлемде және талаптармен мемлекеттік сатып алулар туралы шартқа қол қойғаннан кейін мемлекеттік сатып алулар туралы шартты орындаудың қамтамасыз етуін беретіндігін (жауапкершіліктің 3-тармағы) кепілдігі ретінде және

  • Мемлекеттік сатып алулар туралы шартты жасай отырып, мемлекеттік сатып алулар туралы шартты орындаудың қамтамасыз етуін беру және/немесе беру мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған немесе уақытында орындамаған жағдайда (жауапкершіліктің 4-тармағы) ұсынады.


Қамтамасыз ету өлшемдері бойынша тендерлік кепілдіктердің түрлері:
1. Өтелген тендерлік кепілдік
Ерекшеліктері:

100% ақшамен қамтамасыз етілген кепілдік.



Қысқаша сипаттамасы:

Клиент (Конкурсқа қатысушы) Банкке банктік кепілдік сомасын ақшалай өтейді. Банк ақшаны Клиенттің ағымдағы шотынан өзінің банк шотына кепілдіктің әрекет ету мерзіміне есептен шығарады және кепілдікте көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін оны клиентке қайтарады.



Кепілдік беру үшін Клиенттің:

  • Банкте ағымдағы шоты болуы тиіс;

  • кепілдік сомасы 100 % ақшалай өтелуі тиіс;

  • ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салынбаған болуы тиіс /өтініш беретін сәтте шығыс операцияларын уақытша тоқтату туралы шешім болмауы тиіс;

  • Банктің талаптарына сәйкес кепілдіктерді шығаруға қажетті құжаттардың толық топтамасы болуы тиіс;

  • кепілдік шығарғаны үшін комиссиялық сыйақы төлеміне ақшасы болуы тиіс.

Артықшылықтары:

  • комиссияның ең аз сомасы;

  • жеделділік.

Құжаттар топтамасы:

  1. кепілдік шығару жөнінде өтініш;

  2. Банкпен бекітілген Шарт /Келісім;

  3. Клиенттің уәкілетті органының кепілдік бойынша өтеуді ұсыну туралы шешімі;

  4. заңды тұлға – бейрезиденттің (принципал ҚР бейрезиденті болған жағдайда) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;

  5. конкурстық құжаттаманың көшірмесі.



2. Өтелмеген тендерлік кепілдік – ақшалай өтеуден өзге өтеу түрімен қамтамасыз етілген кепілдік.
Ерекшелікткрі:

  • Өтелмеген тендерлік кепілдіктер клиентте ашық кредит желісі немесе мүлік кепіліне берілген дербес қаржы құралы болған жағдайда беріледі.

  • Клиент бизнестің қай түрімен шұғылданатындығына байланысты кредит беру бағдарламалары да, сәйкесінше құжаттар топтамасы да ерекшеленеді.



3. Бланкілік тендерлік кепілдік – ақшалай өтеумен және/немесе мүлік кепілімен немесе қамтамасыз етудің басқа түрлерімен қамтамасыз етілмеген кепілдік.
Кепілдік берілетін Клиенттердің

  • кез-келген сомалардың түсімдері бар Банктегі ағымдағы шоты болуы тиіс;

  • Банкте және басқа да ЕДБ-де (екінші деңгейлі банктерде) қолданыстағы овердрафттары болмауы тиіс;

  • өтінімді беретін сәтте ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларына тыйым салу/уақытша тоқтата тұру туралы шешімдер, мерзімі кешіктірілген несие берешегі, картотека (дер кезінде төленбеген төлем құжаттары) болмауы тиіс;

  • Банктің инкассалық өкімдерді және Клиенттің Банкте ашылған банк шоттарына қатысты үшінші тұлғалардың соңғы үш айдың ішінде бір миллион теңгеден артық сомаға басқа да талаптары болмауы тиіс;

  • Банктің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы болуы тиіс.


3.1. 3 жауапкершілік тармағы бар бланкілік тендерлік кепілдік.

Кепілдік кредиттік түсімдерден тазартылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да соңғы үш айдағы Сіздің орташа айлық кредит ақша айналымыңыздың 70 %-на дейін, уақытша қаржылай көмек және кредиттік түсімдерден тазартылған басқа ЕДБ-да соңғы үш айдағы Сіздің орташа айлық кредит ақша айналымыңыздың 60 %-на дейін сомада беріледі.


3.2. 4 жауапкершілік тармағы бар бланкілік тендерлік кепілдік.
Кепілдік кредиттік түсімдерден тазартылған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да соңғы алты айдағы Сіздің орташа айлық кредит ақша айналымыңыздың 50 %-на дейін, үлестес компаниялар арасындағы есеп айырысулар, уақытша қаржылай көмек және кредиттік түсімдерден тазартылған басқа ЕДБ-да соңғы алты айдағы Сіздің орташа айлық кредит ақша айналымыңыздың 15 %-на дейін сомада беріледі.
Тендерлік кепілдіктерді берумен байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес алу үшін:


  • Өтелген кепілдіктер бойынша – Банктің операциялық басқармасының қызметкеріне немесе Банк филиалдарында заңды тұлғаларға есеп айырысу-касса қызметтерін көрсететін менеджерлерімен;

  • Өтелмеген /бланктік кепілдіктер бойынша – филиалдардың Кіші және Орта бизнеске сату орталықтарының менеждерлерімен хабарласуыңызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет