Міндеттемелер есебі Жоспары: Міндеттемелер және олардың жіктелуі Займдар есебі Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі



бет1/8
Дата30.11.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466145
  1   2   3   4   5   6   7   8
мындет есеп


Міндеттемелер есебі
Жоспары: 1. Міндеттемелер және олардың жіктелуі 2. Займдар есебі 3. Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі 4. Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі
1. Міндеттемелер және олардың жіктелуі
Міндеттеме өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің қарызы және оларды реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстардың ұйымнан кетуіне әкеледі.
Міндеттемелер қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге келесілер кіреді:
қысқа мерзімді несиелер;
Еңбекақы, салықтар бойынша берешектер;
кредиторлық қарыздар:
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге келесілер кіреді:
ұзақ мерзімді несиелер
ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар. т.б.
Кредиторлық қарыздар мына түрлерге жіктеледі:
    • төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;
    • Жабдықтаушылар мен мердігерлердің алдындағы қарыздар;
    • салық бойынша қарыздар;
    • Төленуге тиісті дивидендтер;
    • негізгі шаруашылық серіктестікпен оның еншілес серіктестері арасындағы қарыз;
    • басқа да кредиторлық қарыздар.

2. Займдар есебі
Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Несие бойынша қарыздарды өтеудің әдістері және нақты мерзімдері, тәртібі несие шартында қарастырылады.
Несиелеу қарыз капиталының қозғалысы болып табылады – ол пайыз түрінде үстеме төлем қайтару шартымен қарызға берілген капиталдың қозғалысы.
Алынған несиелерді есепке алу 3010 «Қысқа мерзімді банк займдары», 4010 «Ұзақ мерзімді банктік займдар» пассивті шоттарында жүргізіледі.



Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Несиелер ағымдағы банктік шотқа түсті

1030

3010,
4010,

2.

Несиелер есебінен жабдықтаушы шоты төленді

3310

3010,
4010,

3.

Ағымдағы банктік шоттан несие қайтарылды

3010,
4010,

1030

4.

Займдарды пайдаланғаны үшін пайыздарды есептеу

7310

3380, 4160

5.

Пайыздарды төлеу

3380, 4160

1030



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет