Лабораториялық жұмыс №2 Шартты және шартсыз тармақталуды басқару операторлары. Тармақталған бағдарламалау
Теориялық қысқаша материалдар
Басқару операторлары
Бұлар программадағы операторлардың орын-далу реттілігін анықтайды да, алгоритмдерді жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады.
Басқару операторларының түрлері (категориялары – санаттары):
1. Таңдау операторлары, олар мынадай түйінді сөздер арқылы енгізіледі: if, if ... else ..., switch.
2. Циклдік (қадамдық – итеративтік) операторлар, while, do ... while, for, foreach түйінді сөздері арқылы енгізіледі.
3. Көшу (ауысу) операторлары, goto, break, continue түйінді сөздері арқылы енгізіледі.
2. Таңдау (тармақталу) операторы
Тармақталу операторлары: if, else және ауыстырғыш оператор: switch
if шартты операторы есептеу жолының екі бағытта тармақталуын жүзеге асырады.
Оператор форматы:
if(өрнек) 1-оператор;[else2-оператор;]
Шартты оператордың құрылымдық схемасы:
2. Switch операторы
switch (ауыстырғыш) операторы есептеу процесін бірнеше тармаққа бөліп жібереді. Оның алгоритмдік схемасы келесі слайдта көрсетілген. Оператор форматы:
switch ( өрнек )
{
case 1_тұрақты_өрнек: [1_операторлар_тізімі]
case 2_тұрақты_өрнек: [2_операторлар_тізімі]
...
case n_тұрақты_өрнек: [n_операторлар_тізімі]
[default: операторлар ]
}
Тармақталу алгоритмі
1. жалғыз таңдау:
Егер жаңбыр жауса, қолшатырды алу және етікті кию
if (x==" жаңбыр ")
{
Console.Write("қолшатырды алу ");
Console.WriteLine("және етікті кию, себебі далада {0}", x);
}
2. Екі есе таңдау.
Егер айнымалы 5-тен үлкен болса, онда оны 10 есеге көбейт, әйтпесе үш есеге азайту.
if (y > 5)
y *= 10;
else
y /= 3;
Достарыңызбен бөлісу: |