Теориялық және қолданбалы биофизика
3 кредит. Пререквизиттері: Биофизика, теориялық биология, биологиялық процестердің термодинамикасы
Лектор б.ғ.д., профессор Төлеуханов С.Т.
Электрөткізгіштік пен термодинамика заңдарының биопроцестерде қолданылуы; биомембраналардағы энергияның тасымалдануы; биологиялық құрылымдардың реттілігі; биофизиканың жетістіктерін практикада қолдану.
Эндокринологияның теориялық және қолданбалы аспектілері
3 кредит. Пререквизиттері: Адам және жануарлар физиологиясы, эндокринология, жас кезеңдер эндокринологиясы
Лектор б.ғ.к., доцент Сраилова Г.Т.
Эндокринді бездерді функциялаудың теориялық негіздері мен тіршілік әрекетіндегі негізгі процестерді бақылауда эндокринді жүйелердің үйлестіруші рөлі, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында эндокринологияның рөлі.
Шығыс елдеріндегі қазіргі кезеңдегі геосаяси үрдістері
2 кредит. Пререквизиттері: Қазіргі заман Шығыс елдерінің жаһандық мәселелері
Лектор т.ғ, д., профессор Алдабек Н.А
Бұл пәнде қазіргі замандағы Шығыс елдеріндегі болып жатқан геосаяси үрдістерді саралау, оның себептерін талдау жүргізіледі. Осы пән арқылы студенттер қоғамдық және саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерді танып білуі тиіс.
Әлем әдебиеті
3 кредит. Пререквизиттері: Ежелгі әлем әдебиеті (пропедевтика)
Лектор ф.ғ.к., доцент Көптілеуова Д.
Курс ежелгі дәуірден бастап ХХ ғасырға дейінгі кезеңдегі аралықты толық қамти отырып, студенттерді әлем әдебиетінің көлемді жетістіктерімен таныстырады. Лекциядағы негізгі ой шығыс әдебиетінің даму тенденциясына және де әдеби ескерткіштеріне назар аударады.
Иран-қазақ әдебиеттерінің байланыстары /ХІХ – ХХ ғ./
3 кредит. Пререквизиттері: Шетел халықтары әдебиеті (VI-XVIII ғ.)
Лектор ф.ғ.д., профессор Күмісбаев Ө.К.
Курс Фирдоуси «Шахнамасының» сюжетінің, тақырыптарының қазақтың ауызша және жазбаша әдебиетінде таралуын қарастырады. Қазақ ақын жазушыларының ирандық авторлар шығармаларын қайта жырлауы талданады. Арабтың атақты эпосы «1001 түннің» қазақ әдебиетіне әсері баяндалады.
Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері
3 кредит. Пререквизиттері: Қаржы, сақтандыру
Лектор э.ғ.д., профессор Тинасилов М.Д.
Бұл курсты оқу барысында экономикалық ілімдерді тыңдаушыға келесі бағыттар бойынша кеңінен ашу қарастырылған: елдің экономика және қаржы саласы бойынша ҚР заңнамасы, оның ішінде сақтандыру заңнамасы бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде толық зерделеу жасау және т.б.
Ашық экономиканың кибернетикалық модельдері
3 кредит. Пререквизиттері: Микроэкономика, информатика негіздері
Лектор ф.м.ғ.д., профессор Оспанов С.С.
Ашық экономиканы кибернетикалық модельдердің көмегімен зерттеудің қазіргі жағдайы. Бұл курс коммуникациялық талдаудың экономикалық, компьютерлік және математикалық құралдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасының халықтар географиясы және еңбек ресурстары
2 кредит. Пререквизиттері: Халықтар географиясы, демография және этнография негіздерімен; Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Лектор г.ғ.к., доцент Нюсупова Г.Н.
Берілген курстың оқыту барысында Қазақстан халқының орналасу ерекшелігін және динамикасын, ұдайы өсіп-өнуі мен көші-қон үрдістерінің аймақтық ерекшелігін, ұлттық, жастық-жыныстық, жанұялық құрамын, еңбек ресурстарын және оларды тиімді қолдану мәселелерін қарастырады. Қазақстанның халықтар географиясын оқыту барысында республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының заманауи кезеңдеріндегі ең маңызды мәселелеріне үлкен мән беріледі.
Қазақ тілінде блок жүргізудің қыр-сыры
3 кредит. Пререквизиттері: Информатика
Лектор аға оқытушы Асхат Еркімбай
Курста жаңа медиа және интернет журналистика туралы толық мәлімет беріледі. Блок ашу, безендіру, жүргізу үйретіледі. Саиттармен жұмыс істеу, ақпараттық технологиялардың жаңалықтары қамтылады.
Сараптамалық мақалаларды жазуға баулу
3 кредит. Пререквизиттері: Әдебиет
Лектор «Түркістан» газетінің тілшісі Кәпқызы Е.
Бұл курсты оқу барысында мақала жанры және оны жазудың ерекшеліктері, сараптамалық мақала туралы жан-жақты, толық ақпарат беріледі. Жазу машығын қалыптастыруға үйретеді.
Тарихи процестің сызықтық және бейсызықтық динамикасы
2 кредит. Пререквизиттері: Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Қазақстанның жаңа заман тарихы, Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Лектор т.ғ.д., профессор Көкебаева Г.К.
Тарихты зерттеу адамзат тарихын ой елегінен өткізудің негізгі концепциялық қағидаларын игеруден басталуға тиісті. Ұсынылып отырған пән жалпы тарихтың оқиғалары мен құбылыстарының ішкі логикасының іргетасын құрайтын негізгі теориялық мәселелерді қамтиды. Тарих ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде бірқатар жағдайлар оның теориялық-методологиялық мәселесіне ерекше назар аударуды және оларды зерттеуді талап етеді. Соңғы жылдардағы тарих ғылымындағы зерттеушілік бағдарлар мен методологиялық приоритеттердің өзгеруі тарихи таным және тарихи үрдіс теориясы туралы түсініктерде де өзгерістер туғызды.
Қазақ ұлттық мемлекетінің қалыптасу мәселелері
2 кредит. Пререквизиттері: Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы
Лектор т.ғ.д., доцент Кәрібаев Б.Б.
Жаңа этносаяси қоғамдастықтардың, мемлекеттілік құрылымдарының пайда болу үрдісінің эволюциясын жан-жақты және кешенді зерттеуден туындайтын тарихи ой-пікірдің орнығуы мен тереңдеуін және биліктің саяси-ұйымдық формалары мен құрылымын, әлеуметтік ерекшеліктерін зерделеу қажеттілігіне байланысты болып отыр. Аталған дәуірдің көпдеңгейлі өзгерістерін зерттеу ұмтылысында болып отыр, сол дәуірдің тарихи-жағрафиялық, ру-тайпалық құрамының, әлеуметтік институттарының қалыптасуы, олардың трансформациясы, монғол ұлыстары, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, «көшпелі өзбектер» мемлекеттерінің өзара ықпалы мен әсеріне байланысты мәселелер жатады.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары
3 кредит. Пререквизиттері: Шет елдердің қазіргі заман тарихы, Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Лектор аға оқытушы Смағұлов С.С
Курс тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Курстың хронологиялық шеңбері - 1991-2011 жылдар. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалыптаса бастаған сыртқы саясаты, жүргізген сыртқы саясатының концепциялары мен стратегиялық бағыты, саяси дипломатия саласындағы өзгерістері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар мен әлемдік қауымдастыққа кіруі мен қазіргі кезеңдегі сыртқы саяси қатынастардың ерекшеліктері қарастырылады.
Қазақстан халқының әлеуметтік дамуы (1991-2010 ж.)
2 кредит. Пререквизиттері: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Лектор аға оқытушы Смағұлов С.С
Бұл пән тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Сол себепті хронологиялық шеңбері 1991-2010 жылдарды қамтиды. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап 2010 жылға дейінгі республикада болып жатқан әлеуметтік өзгерістер мен жағдайы, ҚР әлеуметтік реформалар мен оның жетістіктері және кемшіліктері қарастырылады.
Азия мен Африка елдеріндегі саяси үдерістер
3 кредит. Пререквизиттері: Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы, Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы, халықаралық қатынастар тарихы.
Лектор т.ғ.д., профессор Қожахметов К. Қ.
Курстың мазмұны Жапония, Қытай, Корея Үндістан, Ауғанстан, Түркия, Египет, Алжир Судан, Тунис, Сауд Арабиясы, Нигерия, ОАР сияқты шығыстық мемлекеттердегі жаңа қауіп-қатерлер мәселелері болып табылады. Азия және Африка елдерінің алдында тұрған осы басты қатерлердің бірі қоғамның модернизациясы. Бір елдерде бұл үдеріс бейбіт, ал кейбір елдерде әлеуметтік-саяси дағдарыстар және бұқараның революциялық бас көтерулері арқылы жүзеге асырылуда. Аталған курс осы үдерістердің жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтауға арналған.
Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері және Қазақстанның саясаты
3 кредит. Пререквизиттері: Халықаралық қатынастар тарихы, Қазақстан тарихы
Лектор т.ғ.д., профессор Қожахметов К. Қ.
Оқыту барысында студенттер Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын қазіргі халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері контекстінде қарастырады. «Қырғи-қабақ» соғыстың аяқталуы және КСРО-ның ыдырауы жаһандану үдерісінде батыстық бағдарды ұлттық және аймақтық деңгейлерде күшейте түсті. Бір полярлы әлемдік тәртіптен көп полярлы әлемдік тәртіпке өту үдерісі жүріп жатыр. АҚШ-тың өзінің монополиялық жағдайы мен оны ұзақ уақыт бойы әртүрлі аймақтарда позицияларын нығайтып, сақтап қалу талпынысы әлемдік қауымдастық тарапынан қарсылыққа ұшырауда. Аталған курс халықаралық қатынастардағы үдерістердің мәнін ашып, олардың ҚР-дың өзінің сыртқы саяси бағытын анықтаудағы ықпалын ашып көрсетеді.
Геосаясаттың құқықтық қырлары
3 кредит. Пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, халықаралық жария құқық
Лектор з.ғ.к., доцент Айдарбаев С.Ж
Курсты оқыту мақсаты - студенттерді геосаясат негіздерімен таныстыру, геосаясат негіздері бойынша теориялық ілімді қалыптастыру, халықаралық құқық қағидалары мен нормаларының геосаясат пен байланысын үйрету. Сонымен қатар курсты оқыту мақсаты - «Халықаралық құқық» мамандығы бітірушілерінің халықаралық қауымдастығы қатынастардың геосаяси қырларымен танысу арқылы кәсіптік мамандануын бекіту.
Қарулы қақтығыстар құқығы
3 кредит. Пререквизиттері: Халықаралық жария құқық, қылмыстық құқық
Лектор аға оқытушы Ешниязов Н.С.
Қарулы қақтығыстар кезінде олардың гуманизациясы мақсатында қолданылатын халықаралық құқық нормалары зерттеледі. Халықаралық және халықаралық емес сипатты қарулы қақтығыстардағы соғысушы тұлғалар, соғыс құрбандары, медик-санитарлық құрылымдардың құқықтық жағдайы, оккупация, соғыс тұтқындығы, азаматтық тұрғындарды интерндеу режимдері, соғыс жүргізудің тиімді құралдары (қару түрлері) мен әдістері, азаматтық объектілері мен мәдени құндылықтарды қорғау, бейтарап мемлекеттер, БҰҰ қарулы күштері, Қызыл Крест Халықаралық Комитетінің мәртебесі қарастырылады.
Қамауға алынған адамдармен айналысудың халықаралық- құқықтық стандарттары
3 кредит. Пререквизиттері: Халықаралық жария құқық, халықаралық қылмыстық құқық
Лектор аға оқытушы Құрманғали М.Ш.
Курста қамауға алынған адамдармен айналысудың халықаралық құқықтық стандарттарының заңды табиғаты; олардың классификациясының негіздері мен түрлері қарастырылады және осы стандарттарды ҚР ұлттық заңдарына имплементациялау мәселелері де қамтылады.
Пенитенциарлық мекемелердің әкімшілігі мен қызметкерлері жұмысының халықаралық- құқықтық стандарттары
3 кредит. Пререквизиттері: Халықаралық жария құқық, халықаралық қылмыстық құқық
Лектор аға оқытушы Құрманғали М.Ш.
Курста пенитенциарлық мекемелердің әкімшілігі мен қызметкерлері жұмысының БҰҰ-ң халықаралық-құқықтық стандарттарының түсінігі, құқықтық табиғаты, олардың 2006 ж. Еуропалық пенитенциарлық ережелерімен салыстыру жүргізіледі және аталған стандарттарды ҚР ұлттық заңдарына имплементациялау мәселелері де қарастырылады.
Мемлекеттік тілде дипломатиялық құжаттарды құрастыру дағдыларын қалыптастыру
3 кредит. Пререквизиттері: Қазақ тілі, Практикалық қазақ тілі
Лектор ф.ғ.к., аға оқытушы, Бөрібаева С.Б., аға оқытушы Абдвахитова Г.Н.
Курсты оқыту барысында студенттерді ресми құжат үлгілерімен таныстырып, дайын трафаретті құжаттарды сауатты толтыруға үйрету, ресми құжаттарды қазақ тілінде жазуға дағдыландыру, бұқаралық ақпарат құралдарының құжаттарымен, дипломатиялық құжат үлгілерімен таныстыру, дипломатиялық терминдердің лексикалық мағынасын түсіндіру, меңгерту, байыту көзделеді.
Қор биржасындағы стохастикалық дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданылулары
3 кредит. Пререквизиттері: Математикалық талдау
Лектор д.ф.-м.н., профессор Кангужин Б.Е.
Опциондар. Бағалы қағаздардың қоржынын құру. Хеджирлеу.
Тиімділік теориясы және оның қолданылуы
3 кредит. Пререквизиттері: Математикалық талдау
Лектор д.ф.-м.н., профессор Кангужин Б.Е.
Тұтынудың ең жоғарғы пайдалы себептерін құру. Сұраным функциясы. Екі жақтылық есеп.
Автономды жүйелерге әкелетін математикалық модельдерге сапалы түрде талдау жасау
3 кредит. Пререквизиттері: Қарапайым дифференциалдық теңдеу, физика, механика
Лектор ф.-м.ғ.к., доцент Каримов А.К.
Негізінде математикалық модельдерді сипаттау процесінде біз интегралды шешімді интерпретациялаумен ғана шектелеміз. Егер математикалық модель автономды теңдеулер жүйесімен сипатталатын болса, онда геометриялық интерпретациясын фазалық кеңістікте беруге болады. Автономдық жүйеде геометриялық интерпретацияның айтарлықтай айырмашылығы бар, сондықтан бұл кинематикалық талдау деп айтуға болады, себебі бұл интерпретацияда теңдеулер жүйесінің әр шешіміне сәйкес кеңістіктегі қисық емес, қисық бойынша қозғалатын нүкте қойылады. Фазалық кеңістіктегі кинематикалық интерпретация кейбір жағдайда геометриялықтан гөрі айқын болып келеді.
Сызықты интегралды дифференциалдық теңдеулер
3 кредит. Пререквизиттері Дифференциалдық теңдеулер
Лектор ф.-м.ғ.д., профессор Дауылбаев М.
Курста сызықты интегралды дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі бөлімдері баяндалады. Интегралды дифференциалдық теңдеулердің әр түрлері, интегралды дифференциалдық теңдеулерге келтірілетін кәделі есептер қарастырылады. Фредгольм теоремаларының аналогтары дәлелденеді. Коши есептері және шеттік есептер қарастырылады. Фредгольм интегралды дифференциалдық теңдеулерінің сыртқы және ішкі дифференциалдық операторлардың реттеріне байланысты кейбір ерекшеліктері келтіріледі.
Кіші параметрлі интегралды дифференциалдық теңдеулерге арналған шеттік есептер
3 кредит. Пререквизиттері: Дифференциалдық теңдеулер
Лектор ф.-м.ғ.д., профессор Дауылбаев М.
Нақты құбылысты дифференциалдық теңдеулер арқылы сипаттайтын кез-келген математикалық модельге әртүрлі параметрлер кіреді. Сол себепті теңдеуге кірген параметр шамасының аз өзгерісіне сәйкес дифференциалдық теңдеу шешімінің сипаты жөніндегі сұрақ орынды болып табылады. А. Пуанкаре мен А. Ляпуновтың классикалық жұмыстарынан бастап регулярлы деп аталатын жағдай түбегейлі зерттелді. Бұл курс интегралды дифференциалдық теңдеулердің Коши есебі шешімінің регулярлы шарттың бұзылуы жағдайында орын алатын сингулярлы жағдайдағы асимптотикалық сипатын зерттеуге арналған.
Операциялық есептеулер және олардың қолданулары
3 кредита. Пререквизиттері: Дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері
Лектор ф.-м.ғ.д., профессор Сахаев Ш.С.
Интегралдық түрлендірулер тәсілдері қолданбалы математиканың қарапайым, ыңғайлы және өте тиімді жолдармен тез нәтиже беретін амалдарының бірі болып есептеледі. Бұл курс арқылы студенттерді қазіргі қолданбалы математиканың күрделі есептерін осы тәсілдер арқылы қалайша қолданатынын көрсетіп, бұл тиімді тәсілдерді үйретіп және оларды қалай пайдалану жағын жете түсіндіруді мақсат етеді.
Математикалық физиканың жалпылама арнайы функциялары және олардың қолданулары
3 кредит. Пререквизиттері: Дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері
Лектор ф.-м.ғ.д., профессор Сахаев Ш.С.
Сандық әдістердің дамуы және сандық эксперименттердің рөлінің өсуіне байланысты арнайы функцияларға деген қызығушылық өріс алды. Біріншіден, физикалық құбылыстардың математикалық модельдерін құрғанда кейбір дербес эффектілердің салыстырымды рөлін анықтау үшін берілген есепті жеңіл талданатындай қарапайым есептелген түрге келтіруге тура келеді. Екіншіден, күрделі есептерді компьютерде шешкенде сенімді және үнемді есептеу алгоритмдерін таңдау үшін қысқартылған есептерді пайдалану тиімді болады. Сонымен қатар арнайы функцияларды білу теориялық және математикалық физиканың көптеген салалы сұрақтарын түсіну үшін қажетті.
Ақпараттық технология. Web-дизайн
2 кредит. Пререквизиттері: Информатика
Лектор ф.-м.ғ.к., доцент Габдуллина Г.Л.
«Ақпараттық технология (Web дизайн)» курсының мақсаты - студенттерді HTTP және FTP протоколдары арқылы Web беттерін жасақтайтын тілдер (HTML) арқылы Интернет жүйесімен таныстыру. Курста сайт құру үшін белгілі программалық қосымшаларды қолдануды, HTML гипермәтінді таңбалау тілін, электронды орта арқылы өңделген графиктік объектілерді қолданып сайт құруды үйренеді.
Схематехникалық моделдеу (Electronics Workbench, LabView)
3 кредит. Пререквизиттері: Электротехника, информатика, компьютерлі схематехника
Лектор к.ф.н., доцент Алмасбеков Н.Е.
Пәнді оқыту мақсаты – студенттерді қазіргі заманға сай электрлік схемаларды модельдеуге және талдауға арналған системалармен жұмыс істеуді оқыту.
Фракталдар физикасы
2 кредит. Пререквизиттері: Бейсызықтық физика, статистикалық радиофизика, квантты механика, Matlab компьютерлі ортадағы бағдарлама негіздері
Лектор д.ф.-м.н., профессор Жанабаев З.Ж
Пәнді оқыту мақсаты – фракталдық және мультифракталдық талдауды радиофизика мен радиолокацияда қолдану принциптері мен әдістерін игеру, радиолокацияны, радиосигналдарды тауып, оларды фракталдық және мультифракталдық энтропиялық сипаттамалармен бөлуді игеру.
Наноқұрылымдар физикасы
2 кредит. Пререквизиттері: Бейсызықтық физика, статистикалық радиофизика, квантты механика, Matlab компьютерлі ортадағы бағдарлама негіздері
Лектор ф.-м.ғ.д., профессор Жаңабаев З.Ж.
Пәнді оқыту мақсаты – студенттерді наноқұрылымдық шалаөткізгіштердегі негізгі физикалық құбылыстармен, наноэлектрониканың жаңа технологияларымен танысуы, MatLab компьютерлік бағдарламасының көмегімен наноқұрылымдық шалаөткізгіштердегі процестерді фракталдық модельдеуді игеру.
Қазақ әдебиетінің жанрлық ерекшеліктері (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)
3 кредит. Пререквизиттері: Ежелгі дәуір әдебиеті, қазақ әдебиетінің тарихы
Лектор филол.ғ.д., профессор Тілепов Ж. Ж.
Аталған курс қазіргі заманнан бергі қазіргі Қазақстан мен оған іргелес аймақтардың негізгі басыбайлы тұрғыны, атамекен иесі болып тірлік кешіп келе жатқан қазақтар тарихының шамамен отыз ғасырлық уақыт кеңістігін қамтиды. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы шырғалаң тағдырлы авторлары туралы біраз мәселелердің күмәнді жайлары айқындалады.
Көне түркі тіл жүйесі
3 кредит. Пререквизиттері: Түркітануға кіріспе, түркі филологиясына кіріспе,жалпы тіл білімі. Тіл біліміне кіріспе
Лектор филол.ғ.д., профессор Аманжолов А. С.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілдік (графикалық, фонетикалық, грамматикалық) ерекшеліктерімен, көне түркі мәтіндерін зерттеу әдістерімен таныстыру. Көне түркі жазба мәтіндерін талдау арқылы көне түркі тіл жүйесінен мағлұмат беру, өздігінен зерттеу жұмысына дағдылану.
Қазақ әдебиетіндегі әнші-ақындар шығармашылығы
3 кредит. Пререквизиттері: Қазақ халық ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы, қазақ әдебиетінің тарихы
Лектор филол.ғ.д., профессор Мадибаева К.К.
Қазақ мәдениетін дамытуда, халықтың ой-сезімін, рухани дүниесін жаңартып байытуда сал-серілер мен әнші-ақындардың қосқан үлесі алабөтен. Өткен ғасырлардағы Арқа өнерпаздары Нияз сері, Сегіз сері, Сейіткерей, Шәрке, Қанқожа Уәлиханов, Біржан сал, Ақан сері, Құлтума, Назар Сапаұлы, яғни елдің айтуынша Ағаш аяқ, Тәттімбет, Шашубай және басқалары өнер атаулының барлық түрлерін гүлдендіріп, құлпыртып ұстады. Осы бір сал, серілер мектебі, өнерпаздар тобы туған халқының поэзиясын, ән-күйін терең біліп, мәртебесін шырқау биікке көтеруімен бірге, өзге елдің әдебиетін, өнерін, тілін жетік меңгерген.
Қазақ әдебиетіндегі өнерпаздық байланыс түрлері
3 кредит. Пререквизиттері: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің сыны
Лектор филол.ғ.д., профессор Кәкішев Т. К.
Қазақ мәдениетінде, оның ішінде әдебиет саласында дау-дамайы, айғай-шуы басылмай келе жатқан мәселе – Сәкен – Мағжан – Сәбит түйіні. Арнаулы курста Мағжан мен Сәкеннің Омбыда бірге болуы туралы қарым-қатынастарындағы шындықтардың мән-мағынасын, сыр-сипатын екі ұлы ақынның табысқанда, ажырасқанда сәттері нақтырақ айтылады. Сондай-ақ ақындардың шығармашылық ғұмырнамасы тақырыптық жағынан қарастырылады.
Ислам философиясына жаңаша көзқарас
3 кредит. Пререквизиттері: Ислам философиясы, орта ғасырдағы араб-мұсылман философиясы
Лектор философ.ғ.д., профессор Алтаев Ж.А.
Ислам философиясына жаңаша көзқарас тұрғысынан қарау үлкен ғылыми маңызға ие. Оған деген қызығушылық - қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Курстың негізгі мақсаты – ислам философиясын жаңа көзқарас тұрғысынан талдау. Дін адамзаттың тарихи дәуірлеріне сай әртүрлі нысандарда көрінеді. Осы ислам дініне философиялық талдау жасап, олардың діни дәстүр мен нанымдар арасындағы байланыстарын қарастыру негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Шығыстағы этноконфессионалды қақтығыстар
3 кредит. Пререквизиттері: Дінтану
Лектор филос.ғ. к., доцент Затов К.А.
Курс Шығыстағы қазіргі аймақтық және ішкі саяси қақтығыстардың себебін, түрлерін және салдарын сараптайды. Курс шығыстанушы-зерттеушілерге, ішкі саяси ведомство қызметкерлеріне, осы мамандық бойынша білім алушы студенттер мен магистранттарға және осы бағыттағы қызметкерлерге арналады: халықаралық қарым-қатынас, аймақтану, саясаттану, тарих.
Дінтануды оқыту әдістемесі және мектеп курсының ғылыми негіздері
3 кредит. Пререквизиттері: Дін тарихы
Лектор филос.ғ.к., доцент Борбасова К.М.
Дінтануды оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздері. Дінтану курсының негізгі тақырыптарын оқытудың әдістемесі. Дінтану негіздерін оқыту әдістемесі. Оқулықтар және дінтану бағдарламасының мазмұны мен құрылымы. Мектеп курсының негізгі тақырыптарына қатысты жеке әдістемелер мәселелері. Мектеп курсының негізгі тақырыптарын зерттеудің түрлі ыңғайлары. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістері және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Оқу тапсырмаларының таксиномиясы. Оқытудың жаңа технологиясы. Оқушылардың білім деңгейін анықтау әдістері. Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру. Сабақ жоспарлары мен конспектілерін дайындау. Қазіргі ғылым тұрғысынан дінтану курсын талдау. Логикалық құрылым: оқытудың нақты міндеттеріне қатысты ғылымның жалпы тұжырымдамалары мен түйіндері.
Әлемдік діндердің салыстырмалы тарихы
3 кредит. Пререквизиттері: Дінтану
Лектор филос.ғ.к. доцент Бейсенов Б.К.
Бұл курста салыстырмалы дінтанудың шығуы мен дамуы, салыстырмалы әдіс мәні және кросс-ұлттық салыстыру әдісі салыстырмалы дінтану ғылыми пән ретінде, салыстырмалы дінтанудың негізгі теориялары талданады (діни жүйелер, әлемдік діндер, зерттеудің әдістемелік теориялары, қазіргі дінтану дамуының негізгі үрдістері) және Ұлыбритания, Франция, ГФР, АҚШ, Канада және посткеңестік кеңістік елдерінің діни жүйелері.
Тұлғааралық қарым-қатынас теориясы
3 кредит Пререквизиттері: Тұлғаны дамытудың қазіргі теориялары
Лектор п.ғ.д., доцент Мынбаева А.К.
Курс коммуникация теориясының негіздерін қарастырады, оның қайнар көзі мен даму деңгейлерін, тұлғааралық қатынас ерекшеліктерін, педагогтың эмоциялық сезімдері мен қарым-қатынас құрылымдары туралы ғылыми негізделген ақпарат қарастырылған. Сонымен қатар, қарым-қатынас жүйесі мен топтағы коммуникациялық мәдениет және оның қоғамдағы рөлі баяндалған.
Қазіргі білім беру тұжырымдамалары
3 кредит. Пререквизиттері: Педагогика, Педагогика тарихы
Лектор п.ғ.д., доцент Мынбаева А.К.
Бұл курс қазіргі кездегі тұлғаның өзгермелі ортаға әлеуметтенуі, тәрбие және оқытудың тұжырымдамаларын зерттеуге бағытталған. Педагогикалық тұжырымдамалардың ХХ ғасырдағы педагогикалық тұжырымдамалары. Аталмыш курс осы өзгерістердің ерекшелігін меңгеруді көздейді.
Саяси менеджмент негіздері
3 кредит. Пререквизиттері: Саяси технологиялар, мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесі
Лектор с.ғ.д. Кенесов А.А.
Бакалавр академиялық дәрежесін иемдену орта мектеп немесе колледж оқытушысы қызметін көздейді. Осы себептен кәсіпқой жағынан қарастырғанда саяси саладағы әр түрлі субъектілерді саяси басқарудың теоретикалық мәселелері бойынша білім алу маңызды. Саяси менеджмент жаңа және басымды ғылыми бағыт болып табылады. Курсты оқу барысында бакалавр саяси басқарудағы басымды бағыттар жағдайы туралы мәліметтер алады.
Мәдени мұра және ұлттық тәрбие
3 кредит. Пререквизиттері: Қазақстан тарихы; Мәдени мұра; Этнос және мәдениет; Этномәдениеттану
Лектор филос.ғ.д., профессор Молдабеков Ж.Ж
Курс барысында базалық түсініктемелер, ұстанымдар және ұлттық тәрбие мен негізгі мәдени мұра дамуының заңдылықтарын қарастырады; сәйкестілік мәселесі мен қазіргі таңдағы мәдениеттің бетбейнесі; аударма механизмі мен этномәдениеттің маңызды қорын мұра етуі анықталады. Ұлттық тәрбие және мәдени мұра курсы тұлғаның әлем картинасының құрамына жеке көзқарасын қалыптастырып, мәдени құндылықтарына негізделіп, адам мен әлемнің арасында толық қарым-қатынасты тудырады.
Ұлттық идея халықты топтастыруға, мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға, елдің азаматтарын осы мүдделер төңірегіне біріктіруге қызмет етеді. Бұл дәстүр мемлекет тарапынан қолдау тауып, көптеген мәдени мұралар жиналуда.
Қазақ мәдениетіндегі шешендік өнер
3 кредит. Пререквизиттері: Логика, Риторика, Қазақ философиясының тарихы
Лектор филос..ғ.к., доцент Аскар Л.А.
Би және шешендердің мәдени мұрасының негізінде қазақ мәдениетінің шешендік өнерінің ерекшеліктері айқындалады. Қазақ мәдениетінің шешендік өнері тарихтың тереңінен басталады және ол кең таралған. Қазірде шешендік шығармашылық мәдени мұра ретінде көптен жинақталынған. Өмірдің өткір құралы – шешендік өнерде.
Әсер ету мерзімі ұзартылған дәрілік жүйелер жасаудың ғылыми негіздері
3 кредит. Пререквизиттері: Органикалық химия, биоорганикалық химия, жоғары молекулалы қосылыстар химиясы
Лектор х.ғ.д., профессор Бейсебеков М.Қ.
Дәрілік формалар мен тасымалдаушыларға қойылатын талаптар. Суда еритін және гельдік дәрілік формаларды жасау принциптері. Дәрілік препараттардың улылығы мен пролонгациялану дәрежесіне әсер етуші факторлар. Дәрілік препараттарды полимер-тасымалдаушыларға иммобилизациялау және белсенді бастаманың бөліну заңдылықтары.
Жалпы және бейорганикалық химия есептері
3 кредит. Пререквизиттері: Жалпы және бейорганикалық химия
Лектор х.ғ.к., доцент Бекишев К.Б.
Стехиометрия негіздері. Эквиваленттер заңы. Газдар заңы. Химиялық байланыс және молекулалар құрылысы. Молекулалардың құрылысын Гиллеспи бойынша болжау. Химиялық реакциялардың бағытын термодинамика бойынша анықтау. Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеу. Химиялық реакция жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік. Ерітінділер. Электролитті ерітінділердегі иондар тепе-теңдігі. Константа және диссоциация дәрежесі. Сутектік көрсеткіш. Гидролиз. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тұрақты тотығу-тотықсыздану реакцияларының қатары және одан шығатын практикалық түйін. Электролиз. Фарадей заңы.
Қазіргі әлемдегі президент институтының дамуының теориялық және тәжірибелік мәселелері
2 кредит. Пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқығы, ҚР мемлекет және құқық тарихы
Лектор ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Сартаев С.С.
Халықаралық және ұлттық тәжірибені зерттеу негізінде президент институтының ерекшеліктерін анықтау, президент институтына құқықтық талдау жүргізу мен аталған институттың қазіргі әлем тетігіндегі орнын белгілеуге талпыныс жасау.
Азаматтардың құқығын қорғау: теориялық және тәжірибелік мәселелері, ұлттық және халықаралық тәжірибе
3 кредит. Пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқығы, ҚР мемлекет және құқық тарихы
Лектор з.ғ.д., профессор Ибраева А.С.
Қазақстандағы азаматтардың құқығын қорғаудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін ашып көрсету, адам және азаматтардың құқығын қорғау институтына құқықтық талдау жүргізу мен ҚР адамдардың құқығын қорғауға қатысты қоғамдық қатынасты реттейтін заңдарды зерделеу, адам құқығын қорғаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |