«Дінтану ғылым ретінде». Дінтанудың пәні, объектісі



бет1/3
Дата06.06.2023
өлшемі41 Kb.
#474751
  1   2   3
1 daris


1.Тақырып – «Дінтану ғылым ретінде».



  1. Дінтанудың пәні, объектісі.

  2. Дінтанудың мәні мен құрылымы.

  3. Қазіргі ғылымдағы дінтанудың рөлі.

  4. Дінтанудың қоғамдағы, ғылымдағы, танымдағы атқаратын қызметтері.

Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мүсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология қүдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық түрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Қүдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пэні дін болғандыктан, діни көзкарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық» пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен «философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық түрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс қүбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, коғамдық ақылмен түсіндіруге болатын қүбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX гасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, эсіресе қандай да бір гылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану» ғылымның бір саласы ретінде калыптасты. Ондай бастаудың шыңында түрган адамдар Э.Тайлор (1832-1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің «Алгашқы мәдениет» атты фундаментальды монографиясында жэне Дж.Фрезердің көп томдық «Алтын бүта» атты еңбектерінде дінді гылыми, теориялық жэне эмпирикалық түрғыдан зерттей бастады. Бүлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді, алғашқы ойлау жүйесін зерттеуге ғылыми эдістемесін қолдануы еді. Бұндай бетбүрыстағы ғылыми еңбектерді М.Мюллердің 1856 жылы шыққан «Салыстырмалы мифология» атты еңбегінен де көреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы және т.б.


Сонымен, дінтану - қазіргі кезде адамзаттың кешендік білімінің бір саласы.
Дінге деген анықтамаға келетін болсақ, ол күрделі іс жэне осы кезге дейін беделді де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды.
Осылайша әр түрлі көзқарастарды жинақтап, екі топқа бөліп карастыруға болады: дін адам санасының жемісі ме, жоқ, санадан тыс, адам ақылынан биік нәрсе ме? Философия лық тілмен айтқанда, дінге иррационалды (санаға сыйымсыз, логиканың заңына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санаға сыйымды) түрғыдан анықтама берүге болады. Соңғы жылдары дінге деген әралуан көзқарастардың ішінен төрт бағыттағы топтар айқындала бастады: теологиялық, философиялық, ғылыми жэне мәдениеттің салалары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет