Теориялық танымның методтары: формалдау, аксиоматикалық, гипотетикалық-дедуктивтік, абстрактылықтан нақтылықҚА ӨТУ, диалектика, ЖҮйелік әдіс және жүйелі талдау



бет1/4
Дата17.11.2023
өлшемі94.07 Kb.
#483532
  1   2   3   4
методы

ТЕОРИЯЛЫҚ ТАНЫМНЫҢ МЕТОДТАРЫ: ФОРМАЛДАУ, АКСИОМАТИКАЛЫҚ, ГИПОТЕТИКАЛЫҚ-ДЕДУКТИВТІК, АБСТРАКТЫЛЫҚТАН НАҚТЫЛЫҚҚА ӨТУ, ДИАЛЕКТИКА , ЖҮЙЕЛІК ӘДІС ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ ТАЛДАУ

Метод дегеніміз - шындықты практикалық және теориялық игеруге бағытталған әртүрлі тәсілдер мен жолдардың жиынтығын білдіреді. Метод адамды белгілі бір принциптермен, талаптармен, ережелермен қамтамасыз етеді. Соларды жан – жақты игерген адам алдына қойылған мақсатты ғылыми тұрғыдан шешуге еркін кіріседі. Қазіргі уақытта методтардың өзін арнайы зерттейтін ғылымның саласы пайда болды. Оны методология деп атайды. Методология дегеніміз – метод туралы ілім. Адамның танымдық қызметінің ерекшелігін зерттей отырып, методология оны пәрменді іске асырудың жолын қарастырады, әртүрлі методтарды олардың мүмкіндігі жағынан бағалап, ғалымдарға тиімді және тиімсіздігі туралы ақпарат беріп отырады. Ғылыми танымның әр түрлі формалары мен деңгейлері бар. Ғылыми танымның екі деңгейін – эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.

  • Метод дегеніміз - шындықты практикалық және теориялық игеруге бағытталған әртүрлі тәсілдер мен жолдардың жиынтығын білдіреді. Метод адамды белгілі бір принциптермен, талаптармен, ережелермен қамтамасыз етеді. Соларды жан – жақты игерген адам алдына қойылған мақсатты ғылыми тұрғыдан шешуге еркін кіріседі. Қазіргі уақытта методтардың өзін арнайы зерттейтін ғылымның саласы пайда болды. Оны методология деп атайды. Методология дегеніміз – метод туралы ілім. Адамның танымдық қызметінің ерекшелігін зерттей отырып, методология оны пәрменді іске асырудың жолын қарастырады, әртүрлі методтарды олардың мүмкіндігі жағынан бағалап, ғалымдарға тиімді және тиімсіздігі туралы ақпарат беріп отырады. Ғылыми танымның әр түрлі формалары мен деңгейлері бар. Ғылыми танымның екі деңгейін – эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.

Теориялық танымның негізгі методтары:

  • Формальдау дегеніміз – ғылыми білімнің белгі – символдық түрде берілуі. Бұл әдісті қолдану барысында нысан туралы ой – пікірлер, тұжырымдар белгі – таңбамен жұмыс істеуге көшіріледі. Мысалы, бірнеше күрделі қоспалардың қасиетін анықтаған соң, оны жан – жақты баяндап болғаннан кейін одан әрі жұмыс істеуді, ойластыруды жеңілдету мақсатында осы ұзақ баяндаулар қысқаша белгі – таңбамен алмастырылады. Ұзақ, адамды шаршатып жіберетін ғылыми баяндау қысқа әрі нұсқа белгі – таңбамен алмастырылады, яғни формулалар пайда болады. Бұл физика, химия, математика ғылымдарында кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет