Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі



Дата15.06.2016
өлшемі177.5 Kb.
#136900

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА



Модуль -терапиялық стоматология пропедевтикасы.

Пән, пәннің коды – Терапиялық стоматология пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық : 051302 «Стоматология»

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

Тақырып: «Кіші және үлкен азу тістердің сауыт қуысы мен түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктері. Біріншілік эндодонттық жол ашу немесе қалыптасрыру».


Оқу сағатының көлемі – 3 академиялық сағат

Курс: 4

Семестр 8

Алматы, 2012 ж.



Құрастырған: м.ғ.к. доц. Баскакова И.В.

Аударған : асс. Манғытаева Б.Б.
Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

хаттама «___ » ________ 2012ж.


Бекітілді:

Терапиялық стомтология пропедевтикасы модулінің жетекшісі

м.ғ.д., профессор __________ Баяхметова А.А.

1. Тақырып: «Кіші және үлкен азу тістердің сауыт қуысы мен түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктері. Біріншілік эндодонттық жол ашу немесе қалыптастыру».
2. Мақсат:


  • Білімін қалыптастыру:

- премоляр мен молярдың сауыт қуысы мен түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктері бойынша,

- біріншілік эндодонттық жолды ашу әдісі бойынша білімін қалыптастыру.



  • Жұмыстың операциональды дағдыларын қалыптастыру –фантомды блокта кіші және үлкен азу тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру бойынша жұмыстың операциональды дағдыларын қалыптастыру.

  • Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

- жаңа терминдерді және жаңа түсініктерді ендіру арқылы: «біріншілік эндодонттық жол», «тістің орташа ұзындығы», «эндодонттық ем», «тістің бетін трепанациялау».

  • Студенттердің мотивациясын жетілдіру кіші және үлкен азу тістердің сауыт қуысы мен түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін оқуға, сау тістерге және тісжегі қуысы бар кезде біріншілік эндодонттық жол ашуға немесе қалыптастыруға студенттердің мотивациясын жетілдіру.

3. Оқытудың міндеттері:

1) Көптүбірлі тістердің тіс қуысының және түбір өзектерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін қарастыру.

2) Төменгі және жоғарғы жақтың кіші азу тістерінің сауыт қуысының топографиялық ерекшеліктерін қарастыру.

3) Төменгі және жоғарғы жақтың үлкен азу тістерінің сауыт қуысының топографиялық ерекшеліктерін қарастыру.

4) Төменгі және жоғарғы жақтың кіші азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстыру;

5) Төменгі және жоғарғы жақтың үлкен азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстыру.



6) Жаңа түсініктер ендіру және жаңа терминдерге түсініктеме беру: «эндодонтитық жол», «түбір өзегінің сағасы», «сауыт қуысының табаны», «түбір өзегінің жұмысшы ұзындығы», «тістің шайнау бетін трепанациялау», «тіс қуысының шайнау бетіндегі проекциясы».

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Көптүбірлі тіс қуысы –элементтері.

  2. Көптүбірлі тістер қуысының құрылысының жалпы заңдылықтары.

  3. Жұмысшы түбір ұзындығы туралы түсінік.

  4. Жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тісінің тіс қуысының топографиясы.

  5. Жоғарғы жақтың екінші кіші азу тісінің тіс қуысының топографиясы.

  6. Төменгі жақтың бірінші кіші азу тісінің тіс қуысының топографиясы.

  7. Төменгі жақтың екінші кіші азу тісінің тіс қуысының топографиясы.

  8. Жоғарғы жақтың бірінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  9. Жоғарғы жақтың екінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  10. Жоғарғы жақтың үшінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  11. Төменгі жақтың бірінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  12. Төменгі жақтың екінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  13. Төменгі жақтың үшінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  14. Жоғарғы жақтың кіші азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.

  15. Төменгі жақтың кіші азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.

  16. Жоғарғы жақтың үлкен азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.

  17. Төменгі жақтың үлкен азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.


5. Оқыту әдістері: түсіндіру, демонстрация,оқытушының жұмысын бақылау, фантомды блокта жұмыс жасау, студенттердің операционалды және коммуникативті дағдыларын тікелей бақылау, альбомда, жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар орындау, кері байланыс.

Оқыту құралдары: «Кіші және үлкен азу тістер қуысының анатомо-топографиялық ерекшеліктері» мультимедиялы формата перзентация, фантомды блоктар,жұлынған тістерден макропрепараттар, стоматологиялық аспаптар мен борлар жиынтығы.
Сабақтың қысқаша хронометражы

(3 академиялық сағатқа есептелген)


п/п

Сабақтың кезеңі

Сабақ кезеңінің мазмұны

Оқыту әдістері

Бақылау әдістері

(оқытушының таңдауы бойынша)

Кезеңге берілген уақыт

1.

Кіріспе бөлімі

Амандасу, түгендеу, тақырыпты айту, сабақтың мақсаты мен міндеттері,

мотивациялық сипаттама



-

-

5 минут

2.

Бастапқы білімін тексеру-

Бастапқы білімін деңгейін анықтау

-

1.Ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Тығыздалған сұрақ

4.Блиц-сұрақ

5.Тест жүргізу


45 минут




Үзіліс










10 минут

3.

Негізгі кезең

1) Оқытушы «Кіші және үлкен азу тістер қуысының анатомо-топографиялық ерекшеліктері» мультимедиялы формата перзентацияны көрсетеді .

2) Оқытушы фантомды блокта кіші және үлкен азу тістерде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру техникасын көрсетеді.

3.



Түсіндіру.

Демонстрация.


Оқытушының жұмысын бақылау
Шағын топта жұмыс істеу

Студенттердің операционалды дағдыларын тікелей бақылау



50 минут



Үзіліс

10 минут

4.

Сапаны бақылау кезеңі

1. Білімді қортынды бақылау



1. Жазбаша сұрау

2.Тығыздалған сұрақ

3.Блиц-сұрақтар

4.Тестілеу

5. Ситуациялық еептерді шығару


15 минут

2.Кері байланыс құру







15 минут

3.Бағалау рубрикасын толтыру (чек-парақтарды), баллдарды санау.







10 минут

4.Бағаларды айту және оны оқу журналына қою.







5 минут

5. Келесі, үйге берілетін сабақтың тақырыбына комментарии жасау.







5 минут




Барлығы

170 минут (50 минуттан 3 академиялық сағат = 150 минут, 10 минуттан 2 рет үзіліс = 20 минут).



6. Әдебиет

Негізгі:

1.Боровский Е.В. Клиническая эндодонтия. – М., 2003.

2.Боровсий Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. и др. Терапевтическая стоматология. - М., 2007.

3.Максимовский Ю.М. Фантомный курс терапевтической стоматологии (атлас) – М., 2005.

4.Скорикова Л.А. Пропедевтика стоматологических заболеваний. - Ростов-на-Дону, 2002.

Қосымша:

1.Базикян Э.А. Практическое руководство по эндодонтии. – М., 2007.

2.Барер Г.М. Терапевтическая стоматология. - М., 2002.

3.Бир Р., Бауман М.А., Киельбаса А.М. Иллюстрированный справочник по эндодонтии. – М.: МЕДпресс-информ, 2006.

4.Ламли Ф. Практическая клиническая эндодонтия (пер. с англ.). – М., 2007.

5.Самусев Р.П., Дмитриенко С.В., Краюшкин А.И. Основы клинической морфологии зубов. - М., 2002.

6.Троуп М., Дебелян Д. Руководство по эндодонтии для стоматологов общей практики. – Азбука, 2005.

7. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма,жаттығулар)

7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:

7.1.1.Сұрақтар:


  1. Көптүбірлі тіс қуысы –элементтері.

  2. Көптүбірлі тістер қуысының құрылысының жалпы заңдылықтары.

  3. Жұмысшы түбір ұзындығы туралы түсінік.

  4. Жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тісінің тіс қуысының топографиясы.

  5. Жоғарғы жақтың екінші кіші азу тісінің тіс қуысының топографиясы.

  6. Төменгі жақтың бірінші кіші азу тісінің тіс қуысының топографиясы.

  7. Төменгі жақтың екінші кіші азу тісінің тіс қуысының топографиясы.

  8. Жоғарғы жақтың бірінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  9. Жоғарғы жақтың екінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  10. Жоғарғы жақтың үшінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  11. Төменгі жақтың бірінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  12. Төменгі жақтың екінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  13. Төменгі жақтың үшінші үлкен азу тіс қуысының топографиясы.

  14. Жоғарғы жақтың кіші азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.

  15. Төменгі жақтың кіші азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.

  16. Жоғарғы жақтың үлкен азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.

  17. Төменгі жақтың үлкен азу тістерінде біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру ерекшеліктері.



7.1.2 тест түріндегі тапсырмалар:

1 тапсырма.

Тіс қуысы элементтеріне төменде көрсетілгендердің, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы жатады:


  1. Күмбезі

  2. Қабырғалары

  3. Табаны

  4. Мойны

5.Өзек сағалары
2тапсырма

Тіс қуысының сауытқа қарай ең шығыңқы элементі қалай аталады:



  1. Күмбез

  2. Мүйізшесі

  3. Табаны

  4. Мойны

  5. Төмпешік

3тапсырма

Үлкен азу тіс қуысының төбесі(күмбезі) көп жағдайда орналасады:



  1. Сауыт экваторы деңгейінде

  2. Сауыт экваторынан 1мм төмен

  3. Тіс мойынынан 2мм жоғары

  4. Тіс мойыны деңгейінде

  5. Тіс мойынынан 2мм төмен

4тапсырма

Кіші азу тіс қуысының төбесі(күмбезі) көп жағдайда орналасады:



  1. Сауыт экваторы деңгейінде

  2. Тіс мойынынан 2мм жоғары

  3. Тіс мойыны деңгейінде

  4. Тіс мойынынан 2мм төмен

  5. Сауыт экваторынан 1мм төмен

5тапсырма

Төменде көрсетілген сауыт қуысы элементтерінің қайсысы тек көптүбірлі тістер қуысына тән:



  1. Мүйізше

  2. Күмбез

  3. Табаны

  4. Түбір өзегі

  5. Қабырғасы

6тапсырма

Біртүбірлі тіс қуысына құрайтын элементтерге төменде көрсетілген элементтердің, ТЕК біреуінен басқасының барлығы жатады:



  1. Мүйізше

  2. Күмбез

  3. Табаны

  4. Түбір өзегі

  5. Қабырғасы

7тапсырма

Төменде аталған тістердің ішінде ең кіші орташа ұзындықтағы тіс:

1. жоғарғы жақтың бірінші премоляры

2. төменгі жақтың орталық күрек тісі

3. төменгі жақтың екінші премоляры

4. жоғарғы жақтың бірінші моляры

5. төменгі жақтың сүйір тісі

8тапсырма

Төменде аталған тістердің ішінде ең үлкен орташа ұзындықтағы тіс:

1. жоғарғы жақтың бірінші премоляры

2. төменгі жақтың ортылық күрек тісі

3. төменгі жақтың екінші премоляры

4. жоғарғы жақтың бірінші моляры

5. жоғарғы жақтың сүйір тісі

9тапсырма

Төменде аталған тістердің қайсысында 30% жағдайда 2түбір өзегі болу ықтималдылығы НЕҒҰРЛЫМ жоғары?

1. жоғарғы жақтың орталық күрек тісінде

2. төменгі жақтың орталық күрек тісінде

3. жоғарғы жақтың бүйір күрек тісінде

4. төменгі жақтың сүйір тісінде

5. жоғарғы жақтың сүйір тісінде

10тапсырма

Төменде аталған тістердің қайсысында 100% жағдайда 1түбір өзегі болады?

1. жоғарғы жақтың орталық күрек тісінде

2. төменгі жақтың бүйір күрек тісінде

3. жоғарғы жақтың бірінші премолоярында

4. төменгі жақтың екінші премолярында

5. төменгі жақтың бірінші молярында

11тапсырма

30% жағдайда 1түбір және 2 түбір өзегі бар тіс:

1. 3.1

2. 3.7


3. 1.1

4. 2.6


5. 1.2

12тапсырма

Burch, Hullen (1974) бойынша тіс қуысы конфигурациясының қанша типін ажыратады?

1. 2


2. 4

3. 6


4. 8

5. 10


13тапсырма

1түбір өзегі және 1апикалды тесігі бар тіс қуысы конфигурациясы…қай типке жатады:

1. I

2. II


3. III

4. IY


5. Y

14 тапсырма

Жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тіс қуысына төменде берілген элементтердің, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы жатады:


  1. Күмбезі(төбесі)

  2. қабырғасы

  3. табаны

  4. мойны

  5. сағасы

15 тапсырма

Төменде берілген элементтердің қайсысы тек көптүбірлі кіші азу тіс қуысына тән?



  1. мүйізше

  2. төбесі (күмбез)

  3. табаны

  4. түбір өзегі

  5. қабырғасы

16тапсырма

Біртүбірлі кіші азу тіс қуысына төменде берілген элементтердің, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы тән:



  1. мүйізше

  2. төбесі (күмбез)

  3. табаны

  4. түбір өзегі

  5. қабырғасы

17тапсырма

Төменде берілген тістердің ішінде қайсысында 2 түбір және 2 түбір өзегі болу ықтималдылығы НЕҒҰРЛЫМ жоғары?



  1. жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тісінде

  2. жоғарғы жақтың орталық күрек тісінде

  3. төменгі жақтың бірінші үлкен азу тісінде

  4. жоғарғы жақтың сүйір тісінде

  5. жоғарғы жақтың бірінші үлкен азу тісінде

18 тапсырма

Жоғарғы жақтың бірінші кіші азу тісінің сауыт қуысының пішінінің түрі:



  1. саңылау

  2. дөңгелек

  3. сопақ

  4. үшбұрыш

  5. тікбұрыш



7.2 Операциональді компетенцияны бағалау тапсырмаларды орындау нәтижелеріне қарай жүргізіледі:

1. Сурет . Жоғарғы және төменгі жақтың кіші және үлкен азу тіс қуыстары.

2. Сурет. Жоғарғы және төменгі жақтың кіші және үлкен азу тістеріне біріншілік эндодонттық жол ашу.

Фонтомды блокта жоғарғы және төменгі жақтың кіші және үлкен азу тістеріне біріншілік эндодонттық жол қалыптастыру.



7.3 Аксиологиялық компетенцияны бағалау (коммуникативті дағдылар) - жаңа түсініктерді және терминдерді ұғыну нәтижесін бағалау арқылы жүреді: «біріншілік эндодонттық жол», «тістің орташа ұзындығы», «эндодонттық ем», «тіс бетін трепанациялау»

7.4. Өзін-өзі жетілдіру дағдыларын бағалау- тақырып бойынша СӨЖ презентациялау және қорғау: «Фантомды класста жұмыс»


13беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет