Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды Психологиялық сөздіктерде



бет1/4
Дата13.12.2022
өлшемі0.55 Mb.
#467161
  1   2   3   4
Сро 15 апта


Тәрбие жұмысының жоспары

Орындаған Рыспеков Дарын
Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды
Психологиялық сөздіктерде «Мотивация – түрткі, ниеттену, жеке тұлға әрекетінің сипаты, мазмұны және оның мінез-құлқының жиынтығы» деп қарастырылған. Мотивация өзіңді немесе басқаны жеке тұлғалық мақсатқа және ұйымның мақсатына жетуге әрекеттенуге ниеттену процесі.
Тәрбиеленушілердің сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдерін қалыптастыруда алшақтату мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) тәрбиеленушілермен жұмыс жасау.
Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
Белсенділік мотивациясы – бұл жоғары деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына білетін) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
Жоспарлаудың қызметтері
Жалпы алғанда, жоспар – әрекеттің мазмұнды көрсеткіші, оның ретін, көлемін, уақытша шекарасын анықтаушы құжат.
нақты бағыттар мен әрекет түрлеріне бағыт беруші
қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау;
кез келген уакыт аралығында жоспар бойынша істелген жұмыс мазмұны мен көлемін қайта қалпына келтіру
жанама іс-қимыл көрсетуші, нақты әрекет аркылы нәтиже көрсетеді;
әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығы, оның объектісі және субъектісі кім болатынын
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
  • Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
  • Өмірмен тығыз байланыстылығы.
  • Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
  • Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
  • Жоспардың нақтылығы.
  • Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
  • Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.
  • Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.
  • Тәрбиеленушілердің жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет