«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет1/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы







«ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ - бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы)

2016 жыл.


Қарғалы ауданы В.И.Пацаев атындағы орта мектеп
Құрастырушы-автор: А.С.Бабаниязова – Қарғалы ауданы, В.И.Пацаев атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі.


Пікір жазғандар:


«Тәрбие жұмысы – бастауышта» жинағы балаларды әсемдікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, әдептілікке, табиғатты аялауға, қамқор болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, аналар мен қыз баланы сыйлауға, Отанының қорғанышы болуға, білімге деген құштарлығын арттыруға тәрбиелеудегі көмекші құрал болып табылады. Әдістемелік жинақ білім беру жүйесі қызметкерлеріне, мұғалімдерге, жас мамандарға көмекші құрал ретінде пайдалануына арналған.


Кіріспе
«Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай тауып айтылған даналы сөз десеңізші. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін,оның білімді тұлға болып қалып-тасатынын, елдің берік тірегі болатынын көреміз.
Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті.
Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысының түрлері, өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отыр.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп болғандықтан,бұрынғыдан да зор жауапкершілік артуда. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан. Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Мұнда тәрбие түрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады. Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани, мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету өз нәтижесін береді. Ата-анамен, отбасымен тығыз байланыста болудың ең негізгі жолы мектепте өткізілетін әртүрлі мерекелер, іс-шаралар мен жиналыстар, сайыс, ашық есік күндерін ұйымдастырып, ата-аналарды шақырып, ата-аналарды тек көрермен ретінде ғана қарастырып қоймай, балалармен бірге әртүрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, көңілді ойындарға қатыстырып отыру керек. Ашық тәрбие сағаттары, психологиялық тренингтерге қатыстыру немесе құқық қорғау органдарынан инспекторлар, дәрігерлер, ақсақалдар алқасынан қонақтар шақырылып, мәні зор инабаттылыққа, имандылыққа баулитын ақыл-кеңестер алу өз нәтижесін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет