«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар



бет4/24
Дата26.05.2022
өлшемі482.5 Kb.
#458662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
«Ò?ðáèå æ?ìûñûíû? òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³»

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тәрбие процесін түсіндіріңіз.
2. Тәрбиенің әлеуметтік мәні неде?
3. Тәрбиенің қозғаушы күшін анықтаңыз.
4. Тәрбие әдістерін сипаттаңыз.
5. Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?
Әдебиеттері:

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

  2. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж

  3. Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.

  4. Педагогика тағылымы. Табылдиев А.

  5. Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

Дәріс 2 Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Мақсаты : Студенттерді мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар жайлы толық мәліметпен қаруландырып, мектептегі тәрбие жүйесінің маңыздылығын түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық кеңес, жеке тұлға, топ жетекші, сыныптық сабақ жүйесі, сынып жетекші, мақсат қоюшылық, жоспарлау, жобалау, педагогикалық қызмет,әлеуметтік- гуманитарлық қызмет, ұйымдастырушылық қызмет.
Дәріс жоспары:

  1. Мектептегі тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және балаларды әлеуметтендіру мен дамытудың мақсатты факторы ретінде.

  2. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы

1. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтері:



  • Кіріктіруші;

  • Реттеуші;

  • Дамытушы;

Кіріктіруші қызметі бұрын бөлек-салақ, стихиялы сипаттағы келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіруге қол жеткізеді. Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістерді реттеугу, оларды басқаруға бағытталады. Дамытушы қызметі бір шетінен оның қызмет етуін оңтайландырудағы екінші жағында дамуында, жаңаруында, жетілдіруіндегі жуйе динамикасын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдардағы педагогикалық бақылаулар мектептің тәрбиелік жүйесінің өміріміздің объективті шындығы туғызған жаңа қызметтері бар екенін корсетуге мүмкіндік берді. Олар:

  • Қорғау;

  • Түзету;

  • Теңестіру;

Кез-келген мектептің тәрбиелік жүйесі ең алдымен педагогикалық ұжым ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды. Егер жоқ болса онда жүйе де жоқ. Өкінішке орай жаңадан құрылған жүйелердің авторлары, оны қалай жасайтынын айтады да, ал оны не үшін жасайтыны туралы ештеме демейді. Мақсаттар жүйенің сипатын анықтайды және жүзеге асырады. Автормен бірге жүйені педагогтар, оқушылар, ата- аналар, мәдени мекемелер, құқықтық басқа да мектеп өміріне қатысты тұлғалар құрады. Сондықтан осы адамдардың барлығы да жүйені тудырушылар болып есептеледі, олар мектептің тәрбиелік ұжымымен қоян-қолтық бірлесіп әрекет еткенде ғана тәрбиелік жүйенің өзегіне айналады.
Қазіргі жағдайда ғалымдар тәрбие үрдісінің тиімділігін көтеруді тәрбиелік жүйе құрумен байланыстырады, сонымен бірге онда шешуші рөл директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына беріледі.Тәрбие жүйесін басқару, дамыту, қалыптастыру теориясы оның тиімді екеніне көз жеткізуде.
Біріншіден, жүйелі амалды пайдаланғанда тәрбиелік әрекет субъектілерінің ықпалының кіріктірілуі, педагогикалық үрдіс құрауыштарының өзара байланысы бекиді. Бұл маңызды, себебі, оқушы тұлғасының толық дамуын тек тұтас тәрбиелік үрдіс қана қамтамасыз ете алады.
Екіншіден, мектеп ұжымы игерген әлеуметтік және табиғи ортаны қамтыған тәрбиелік жүйені құру, тұлғаға деген тәрбиелік ықпал мүмкіндігінің ауқымын кеңейтеді.
Үшіншіден, тәрбиелік жуйе құру әр жақты дамыған толыққанды тұлға тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін және уақытын үнемдейді. Әрекет пен қарым – қатынасты құру тұлғағ ықпал ететін барлық дәстүрлік амалдардың тиімділігін арттырып, шығын аз талап етіледі. Өйткені жаңа жағдайда немесе үйренбеген қалыпта жұмыс істегеннен гөрі дәстүрлі амалмен әрекет ету жеңілдеу болады. Сондықтан жүйе құру барысында белгелі бір дәстүрдің қалыптасуына жете мән беру керек.Олар жүйеге орнықтылық беріп, ғұмырын ұзартады.
Төртіншіден, тәрбиелік жүйеде оқушы, мұғалім, ата- ана тұлғасы өзін-өзі іске асыруы және өзіне-өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызылады әрі моделденеді. Бұл олардың шығармышылық және басты қабілеттерінің анықталуына және өсуіне зор ықпал етеді. Сондай-ақ ұжымда гуманистік іскерлік қарым–қатынастар орнауына жоол ашады. Педагогикалық жүйені және мектептің тәрбиелік жүйесін өзгерту, жетілдірудің бірден-бір шарты ретінде ұжыммен бірге қабылданған мектептің даму тұжырымдамасы есептеледі. Педагогикалық жүйе секілді тәрбиелік жүйенің де басқарылатынын, оны басқару функцияларының алуан түрлі екенін есте сақтауымыз керек. Демек, бүгінгі таңда білім беру мекемелері әрекетінің сапасын арттырып, деңгейін көтеру мақсатында тәрбиелік жүйе құру қажет және аса маңызды әрі пайдалы.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесші болып саналады. Сондықтан да ол қиын әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізігі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол – сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері,алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл –күй жағдайлары жүзеге асырылады.

  1. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы

«Тәрбиелік жүйе» ұғымы. Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы жәнеолардың өзара әрекеттестігі. Тәрбиелік құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері. Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің компоненті. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысты.Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың тәрбиелік жүйесі, А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Е.Шуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы. В.А.Сухомлинский бойынша мектептің тәрбиелік жүйесінің ерекшеліктері. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері.Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.


Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.
Академик В.ДАфанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:
— түпнұсқаның — жүйеге ұқсас, соған сай келуі;
— мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;
— субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу;
— түпнұсқаның — жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы.
Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгі жасау процесі — ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В.ГАфанасьев).
Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келетіру (ізгіліктілік, тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ырғақтылық, өзін-өзі реттеушілік, ашықтық) үлгісінде жасалуы керек. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілермен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және аралықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметгік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы жөне ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:

I кезең — мектеп бейнесін жасау. II кезең — оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру. III кезең — оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.

Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет