ТӘрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма



Дата21.06.2016
өлшемі28.69 Kb.
#151332

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА

ТӘЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН







  1. Жалпы мағлұмат

  • Іс-шараның атауы.

  • Іс-шараның уақыты және өткізілетін орны. Іске асырушы.

  • Топ құрамы: жігіттер, қыздар, қызығушылығы бойынша т.б.

  • Іс-шараның түрі: орындалуы қажет іс-шара немесе қосымша орындалатын іс-шара.

  • Іс-шараның мақсаты: жоспарланған іс-шара студенттік топтың қандай мәселелерін шешуге және студенттің қанай жеке сапасын арттыруға септік болады?

  • Іс-шараны таңдауда мән берілуі қажет:

  1. іс-шараның жалпы тәрбие мазмұнына сәйкес келуі,

  2. топтардың даму деңгейі,

  3. студенттердің жас ерекшелігі.



  1. Іс-шаралар дайындығы

  1. Іс-шараның бастамашысы кім және оған даярлық жұмыстары қалай жүргізілді. Іс-шараға қатысуда студенттің ынтасы мен белсенділігі қай жерде және қалай байқалды, студент өз еркімен қатысты ма?

  2. Іс-шараға даярлқтың әдістемесі:

  • жоспарлау,

  • даярлық жұмыстары,

  • аталған шараға студенттерді қатыстыру.




  1. Даярлық жұмыстары барысында жоспарланған шараға қатыстыруға мәжбүрлеу қажеттілігі туындады ма?




  1. Іс-шараның даму барысы

  1. Жоспарланған іс-шара студенттерге қаншалықты әсер етті, шараны өткізудегі алға қойған мақсат пен міндет нақты және анық ашылды ма?

  2. Жоспарланған жұмыс қаншалықты мазмұнды, қызықты өтті? Ұйымдастырылу деңгейі қалай?

  3. Іс-шараны өткізу барысында қатысушылар өзіне қандай тәжірибе алды, студенттерде қандай әлеуметтік ұстаным мен мақсат қалыптасты? Өткізілген іс-шарасы оларда қоғамдық пайдалы әрекеттер жасауға қозғау салды ма?

  4. Атқарылған шарадан студенттер қандай қорытынды шығарды?

  5. Студенттік топтар мен жеке студенттің қарым-қатынасына және олардық қоғамдық көзқарастарын қалыптастыруға өткізілген іс-шараның әсері қандай болды? Студенттік топтардың дамуына және оның қоғамдық бағыттарды қалыптастыруда аталған шараның тиімділігі қандай?

  6. Жеке студентке әсері:

  • Іске асыру эстетикасы.

  1. Шарадағы үлкендердің ролі мен орны (ПОҚ, тәлімгерлер, шақыртылған қонақтар).

  2. Іс-шараның әдістемесі студенттік топтың даму деңгейі мен жас ерекшелігіне сәйкес келуі қажет. Іс-шараларға талдау жасауда ескерілуі қажет:




  1. Іс-шараны бағалау

  1. Іс-шараны іске асыру барысында алға қойған мақсатқа, жетістікке жете алды ма? Жетістіктің, сәтсіздіктің, жіберілген қателіктің себебі неде?

  2. Атқарылған жұмыстың маңыздылығын бағалау.

  3. Студенттер мне тәлімгерлерге арналған психологиялық және педагогикалық қорытындылар мен ұсыныстар.




  1. Тәлімгердің жасаған жұмыстарына талдау жасау

  1. Студенттермен жүргізген тәрбиелік жұмыстар барысында тәлімгер өзінің ерекшеліктерін көрсете білді ме? Немесе қай қырын толық аша алмады?

  2. Тәлімгер студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізуде өзінің педагогикалық қабілетін көрсете алды ма?

  3. Тәлімгер педагогикалық әдеп көрсете білді ме, егер көрсетсе қай жерде? Тәлімгердің осал тұсы?

  4. Тәлімгердің көңіл-күйі өткізілген іс-шараға сәйкес келді ме немесе кері әсерін тигізді ме?




беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет