Қосымша B
Мен, Жетыбаева Аружан 08.09.2023 жылы « Мен және менің отбасым» атты тақырыбында сыныптан тыс тәрбие іс шара өткіздім. Іс шара көрме түрінде өткен болатын. Бұл тәрбиелік іс-шараның мақсаты, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, атадан қалған дәстүрді ұрпақтан- ұрпаққа жалғастыру. Уақыт өтсе де құны мен мәнін жоғалтпаған, жәдігерлер көрмеге қойылды. Мысалы: қамшы, 100 жылдан астам уақыт сақталған ұршық, күміс білезік пен шежірелер кітабы көрменің төрінен орын алды.
Осы іс-шараның тәрбиелік міндеттері, әр отбасының мағызды да құнды жәдігерлерін оқушылардын назарына ұсынып, ата бабаларымыздын бізге мұраға қалдырған жәдігерлерін насихаттап оны келешек ұрпақтын түйсігіне еңгізу. Келесі білім беру міндетіне тоқталатын болсам, бұл іс –шараның тікелей әр оқушының өз тарихын білуге деген алғашқы білім баспалдағы.
Тәрбиелік іс-шараның жоспары:
Қатысушылар жинақтау;
Көрнекіліктер дайындау ;
Оқушыларды тақырыппен таныстыру ;
Видеоролик түсіру;
Кері байланыс алу.
1)Бұл көрмені өткізу алдында, осы тақырыпқа қызыққан оқушыларды жинап көрмеміздін алғышқы жоспарын іске асырдық. Көрмеге қатысқан оқушылар:
3 «А» сынып оқушылары : Абдиашим Абылайхан, Бақтияр Нұрәли, Серғазы Ескендір
3 «Ә» сынып оқушысы: Жексенбай Кәусәр
3 «Б» сынып оқушылары: Мұхамбек Айзере, Жанғазы Амина
2) Көрнекіліктер дайындау барысында оқушылар ата-әжелерінен қалған қазақ халқынын кұнды жәдігерлерін әкелді және оларды көрмеге қойған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |