Балалардың назарларын кітап бұрышына аударады.
- Балалар, қарандаршы, біздің кітап бұрышында мысық жатыр. Ол мында не істеп жүр екен? Ол қай ертегіде екен? Бұл қандай ертегі? («Үйшік» ертегі)
Ол ертегіде мысық бар ма? Ал қандай кейпкерлер бар?
Бұл ертегінде тышқан қандай? (шырылдауық тышқан)
Қандай бақа? (бақылдауық бақа)
Қандай қоян? (секендеген қоян)
Қандай түлкі? (бикеш түлкі)
Аю қандай? (томпандаған аю)
Ал бұл қандай ертегі? –деп балалардың назарын басқа бейнеге аударады («Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі)
Ал осы ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Ал мысық бар ма?
(Мысыққа қарап сөйлейді)
- Мысығым, сен осы ертегілерде жоқсын. Неге ол жерге жатып алдын?
- Балалар, мысығымыз ренжіп қалған сияқты. Енді не істесек екен? Маған бір ой келді. Мен мысық туралы ертегі білемін. Сол ертегіні сендерге айтып берейін. Мысығымыз да тындап реңішін қойсын.
Бүгін мен сендерге «Мақта қыз бен мысық» атты қазақ ертегісін айтып беремін.
Ойын «Естігеніңді көрсете біл»
«Жалынды», «ашуланды», «қорықты» -осылай сөздік жұмысы өтеді- міне осы сөздер қазырғы тыңдайтын ертегінде кездеседі.
Балаларды 2 топқа бөледі.1-ші топты театрға шақырады. 2-ші топты «Өнер» орталығына шақырады.
|
Балалар кітап бұрышына барады.
Мысыққа назарларын аударады.
Ертегілердің аттарын және кейіпкерлерін атап береді.
Зат есімге сын есімді табады.
Балалар карточкалар арқылы екі топка бөлінеді.
І-ші топтың балалары «Театр» орталығына барады.
ІІ-ші топтың балалары «Өнер» орталығына барады.
|