УДК 65.253
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒА БЕЛГІЛЕУ ЖҮЙЕСІ
Э.ғ.к., профессор Нұрсеитов Б.Н., э.ғ.к., доцент Тұрабаева М.Б.,
оқытушы Акмаганбетова А.С.
(Теміртау қ. Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық Университеті)
Баға экономикада бір бірімен тығыз байланысқан және біріккен жүйені құрайды. Шет елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу,оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған елдердің баға белгілеу механизмін білу артықшылық етпейді. Алдымен баға, бағаны белгілеу дегеніміз не соған тоқталып өтсек. Баға-тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы. Нарықты зерттеу және сегменттеуде тауар қозғалысы шаруашылық процесстерін реттеудің инструменті болып табылатын бағамен іске асады.Баға белгілеу дегеніміз – тауарлар мен қызметтердің бағасын қалыптастыратын процесс. Баға белгілеу механизмі бірқатар элементтерден тұрады: бағалар, олардың құрылымы, деңгейі, белгілеу тәсілі,баға динамикасының факторлары.«Баға» категориясы деп өзінің қызметтерінің ерекшелігімен, қолдану сферасымен, қалыптасу тәсілімен ерекшеленетін баға түрлерін түсінеміз. Баға - құнның ақшалай көрінісі.Ол құннан ауытқып тұрады, тек нарықта тепе-теңдіктің кейбір моменттерінде құнмен сәйкес келеді. Баға - тауарға төленетін ақша сомасы, яғни баға тауар өндірісіне кеткен шығындармен байланыспайды.[3]
Ал енді төменде дамыған елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу үлгілеріне тоқталсақ, алпауыт ел АҚШ - тағы баға белгілеу мен баға реттеуге келер болсақ, АҚШ-та көтерме және бөлшек сауда бағалары қарқынды түрде өсті. Инфляция деңгейі жоғарылай берді. Мемлекеттің жасаған алғашқы қадамы осы инфляцияны бағаны тура реттеу арқылы жеңу болды. Қазір Америка әкімшілігі бағасын тура реттеудің кейбір түрлерін және мемлекет тұрғысынан қаржыландыруды шектей отырып, жанама реттеу әдісі мен нарық тұтқасын белсенді пайдаланды.Қазір бағаны тікелей мемлекеттік реттеу тек жоғары монополияланған салаларда ғана қолданылады. АҚШ - та мемлекет тұрғысынан бағалық 5%- дан 10%-ға дейін ғана реттеледі. Франция экономикасындағы баға мәселесіне тоқталар болсақ,Франция өнеркәсібі дамыған елдердің бірі болып табылады. Бұл елде ұзақ уақыт бойы баға мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібінде болды. Қазір француз үкіметі монополист - салалар кәсіпорындары өнімінің бағасын реттейді: газ, электр энергиясын, көлікті, ауыл шарушылық өнімдерін. Тауарлар мен қызмет көрсетудің және реттеу бағалары арасындағы арақатынас мынадай: бағаның 20%-ын мемлекет реттесе, ал қалған 80%- ы еркін баға белгілеу тәртібінде реттеледі.
Швеция. Бұл елде бағаны бақылау мен тексеруді – Азаматтық әкімшілігі министрлігіне бағынатын бәсеке мен бағаны мемлекеттік басқармасы сияқты арнаулы орган іске асырады. Швецияда бағаны реттеу заңы мен бәсеке шартымен баға туралы мәліметтерді ұсыну міндеттігі туралы заң қабылданған және әрекет етеді.
Қысқа мерзімді бағаны тоқтату- бұл инфляцияның көтерілмеуіне жол бермеу және нарықтағы күрт дисбаланстарды қалпына келтіру үшін қолданылады. Бағаны реттеу туралы заң мемлекетке соғыс, не оның шығу қаупі, не бағаның жалпы өсу қаупі кезінде бағаға тікелей әсер ету жөніндегі шараларды іске асыру құқын береді. Жекелеген тауарлар үшін максималды баға деңгейін қою, тәртіп орнату мүмкіндігіне ие. Бұл кезде бағаны жоғарлатуға, осы жөнінде алдын ала ескерту берілгеннен кейін және бағаны жоғарлату мөлшері дәлелденгеннен соң ғана рұқсат беріледі. Баға деңгейіне ықпал ету, мемлекеттік монополия және мемлекеттік кәсіпорындар арқылы ғана іске асырылады. Баға белгілеуді мемлекеттің тұрғысына реттеудің маңызды сферасы- тұрғын үй бағасы. Үйлердің өте қымбат екенін ескере отырып, мемлекет тұрғын үй субсидиясы мен қарыздар береді.[1]
Даниядағы баға белгілеу мен баға реттеуге келсек, бұл елде баға белгілеу жүйесі нарық факторларының ықпалымен құрылады. Бағаны қалыптастыруға мемлекттік әсер аса шектеулі. Бұл облыстағы мемлекет функциясы сұраныс пен ұсыныс арақатынасының өндірістік шығындары мөлшері сияқты критерийлерден шыға отырып, өз өнімі бағасын дербес орнататын және өндірушілердің еркін бәсекесі үшін максималды жағымды жағдайлар орнатуда болып табылады.
Мемлекеттің сектордағы масштабы үлкен емес бағалар мен тарифтерді мемлекеттік және муниципалдық өкімет, фолькетинг(парламент) орнатады.Тікелей мемлекет орнататын немесе реттелетін бағалардың үлкен салмағы 6%- ға жуық болады. Норвегия. Елдегі бағаны мемлекеттік реттеудің , 1995 жылғы бекітілеген баға пайда мен бәсекені шектеудің негізі сонымен қатар осы заң негізінде жарық көрген бірқатар корольдік бақылау заңы, резолюциялар болып табылады. Кәсіпкерлік пен баға белгілеу сұрақтарын реттеуші заңдардың орындалуын бақылауды баға белгілеудің мамандандырылған органдары іске асырады. Оның ішіндегі маңыздылары: Баға бойынша кеңес, Баға бойынша директорат, Баға бойынша мемлекеттік инспекция. Мемлекет максималды және минималды баға деңгейін анықтап, бағаны тоқтатуды жүргізеді, баға белгілеу облысындағы баға жеңілдіктер мен үстемелерді, пайданың максималды деңгейі мен басқа ережелерді орнатады. Норвегия ішкі бағаны белгілеудің негізі әлемдік баға болып есептеледі. Норвегия экономикасының сыртқы нарыққа тәуелді болуы үкіметті өз экономикасын қорғау саясатын, соның ішінде ішкі және сыртқы бағалар деңгейлері мен арақатынастарының сәйкестігін бақылауды жүргізеді. Егер импорт ішкі нарықтағы қажетсіз өзгерістерге әкелсе, онда үкімет импортты шектеуге ұмтылады. Австрия. Бағаны мемлекеттік реттеу баға туралы заң, картель туралы демпингке қарсы заң негізінде жүзеге асады. Мемлекет бағаның 10%- ын реттейді. Парламент темекі, темекіден жасалатын бұйымдар, тұз бағаларын, пошталық алымдарды, телефонға, телеграф және темір жолдары тарифтерін орнатады. Қаржы министрлігі спирт ішімдіктеріне баға белгілейді. Австрияның экономика министрлігі кез келеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге 6 айға дейін бағаны реттеуді енгізуге құқылы. Егер бір немесе бірнеше кәсіпорындар бағаны заңсыз көтерсе, не өнімді өндіруге жұмсалған шикізат пен материалдар бағасы төмендегеніне қарамастан, кәсіпкерлер дайын өнім бағасын түсірмесе 6 айға дейін олар бағаны орната алады. Бағалардың экономикалық дәлелі жеке алған кәсіпорын өнімнің нақты өзіндік құны тұрғысынан емес, тұтынушылар мен экономиканың даму позициясынан қарастырылады. Испания. Бағаны мемлекеттік реттеу мен бақылауды 1997 жылы Король деректімен бекіткен. Экономика және қаржы министрлігі жанында баға жөніндегі Жоғарғы кеңес баға реттеу мәселелерімен айналысады. Мемлекет тікелей реттейтін және орнатылатын бағаның үлес салмағы кәсіпкерлік бағаның жалпы саны 10%- ын құрайды. Бағаны мемлекеттік реттеудің механизмі олардың мынадай түрлерін пайдалануды қарастырады: шешілуші баға, жергілікті және хабарлаушы баға. Шешілуші баға. Нақты тауарға немесе қызмет көрсету бағасын жоспарлайтын мемлекеттік немесе жеке компания, Баға бойынша жоғары кеңеске өтініш жасайды және үкімет комиссиясынан рұқсат алғаннан кейін бағаны көтереді. Бағалар соялық майға, электр энергиясына, табиғи және тығыздалған газ,ға, жанармайға, керосинге, дизельдік отындарға, фармацевтік тауарларға, пошта мен телеграф қызметіне, жүк және жолаушы тасымалына белгіленеді.
Хабарлаушы баға. Бұл жоғарғы кеңес хабарынан кейін оның жүзеге асуынан бір ай бұрын жоғарылайтын бағалар. Жергілікті бағалар. Бұл бағалар аурухана, санаторий, емхана қызметтеріне, жолаушыларды қалалық темір жолмен тасымалдыауға, халықты сумен қамтамассыз етуге қойылады.[2]. Елдің жалпы нарыққа кіруіне байланысты көптеген тауарлардың, оның ішінде ауылшаруашылық тауарларының бағаларын реттеу жүргізіледі. Жоғарыда дамыған мемлекеттердің баға белгілеу мен бағаны реттеу үлгілеріне тоқталып өттік.Осы елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу бойынша АҚШ елі мен Франция экономикасындағы қарастырылған мәселелер, басқа елдермен салыстырғанда тауар мен қызметтерге бағаны қалыптастыру ерекшелігі өте жоғары. Сондықтан осы ұсынылған баға мен баға белгілеу мәселелерінен, егерде біздің мемлекеттер үлгі алатын болса, онда Қазақстан Республикасы баға белгілеу механизімін ұтымды пайдаланар еді және мемлекет баға құрылымы процесін тиімді жүргізіп, біз де болашақта экономикасы мықты дамыған мемлекеткер қатарына қосылуымызға мүмкіншілігіміз бар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория,опыт, прблемы). Учебное пособие-Алматы: Зерттеу және сегменттеу, 1998г-248с.
2.Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская О.А. и др. Основы предпринимательства. Учебное пособие - Алматы 1997г-72с.
3.Беляева И.Ю. Ценообразование: Учебное пособие.2-е издание, доп./ И.Ю.Беляева, О.В. Панина, В.В.Головинский. – М .: КНОРУС, 2005-176с.
Достарыңызбен бөлісу: |