Мездрение. Бұл бұлшықет, май ұлпаларының кесінділерін, сонымен қатар тері асты клетчаткасының бір бөлігін (мездра) алып тастау, жою процесі. Мездрение кесінділер мен мездраны тағамдық және техникалық мақсаттарда пайдалану үшін сақтап қалуға мүмкіндік береді, сондай –ақ тұздау кезінде теріге сіңетін тұздың диффузиясын жеделдетуге және шикізат массасының азаюына (15 % - ге дейін) жәрдемдеседі, бұның оны кейін өңдеу мен тасымалдау кезінде маңызы зор.

Ірі қара мал, ұсақ мал және шошқа малының терілеріндегі ірі кесінділерді шешу процесінен кйін қолмен алады да оларды тағамдық мақсаттарда қолданады. Қалған кесінділер мен мездраны консервілеу алдында шешіп алады және оны техникалық май мен жемдік ұн өндіруге пайдаланады.
Ірі қара малының терілерінің мездрасын пышақтары өткір ММ – 4, ММ – 3, ММ – А мездрильді машиналарында шешеді. Мездраны бөлу үшін және мездра қабатын шешу процесі жұмсақ жүру үшін пышақты валды сумен сулайды. Ірі қара малының аз габаритті терілерін, шошқа және ұсақ мал терілерінің мездрасын шешу үшін ММ – 2, ММ – И машиналары жарайды.
Санитарлы өңдеудің үздіксіз жұмыс ісиейтін линияларында өтпелі навал тазалағыш және навал тазалағыш – мездра шешу машиналары қолданады.
Ұсақ мал терілерінен тек консервілеген жағдайда және олардың жүнді жағынан навал кір, сондай – ақ барлық лас заттарды алғаннан соң ғана мездрасын шешеді.
Контурлау. Мал ұшаларынан шешілгеннен кейін тері күрделі, иректелген контурға ие болады. Олардың шеткі учаскелері (бас бөлігі, сирақтары) ет комбинаттары мен былғары өндіру зауыттарында механикалық өңдеу кезінде жұлынады да қалдықтардың біраз массасын құрайды. Осы кезде қалдықтарға аз құнды учаскелермен бірге олармен ілесіп кеткен пішуге пайдалы аумақтары да кіріп кетеді. Былғары өндіру кезінде қалдықтардың жалпы мөлшері шикізат массасының 16 % - на жетеді.

Былғары өндіруде шикізат қалдықтарын тері контурларын контурлау жәрдемімен түзүлету арқылы азайтуға болады.Тері шикізатының 8 – ден 30 % -ға дейінгі массасын кесіп ала отырып теріні контурлау көп елдерде қолданылады.
Ірі қара малының терісінің жойылатын ауданы олардың массасының 12 % құрайды. Жалпы қабылданған сүлбе бойынша теріден көз ойықтары бар маңдай бөлігін (4,2 %)6 алдыңғы (3,1 %) және артқы сирақтар (5 %) соңғы жақтарын кеседі. Крупондау әдісімен шошқа малынан терісін шешкенде тері консервілейтін цехке контурлау шикізаты ретінде крупондар келіп түседі.
Сұрыптау. Терілердің табиғи ерекшеліктері, осы немесе басқа ақаулардың болуы, масса, ауданы, терілердің жағдайы олардан дайындалатын былғары және жүн өнімдерін дайындауда сапасын шарттайды. Күндізгі жарықтандыру лампаларын, мөлдір столдар, рефлекторларды пайдалана отырып терілердің мездра және шашты жақтарын қарайды.малдардың барлық түрлерінің терілерінің массасын анықтайды, тек қой малының терісі ерекшелік болып табылады, оның ауданын аықтайды. Ұсақ мал терісін сұрыптау кезінде оның жүнділігін де анықтайды. Ауданын дециметраж тақтасы (дм кв.)планиметр көмегімен терінің жайылған күінде анықтайды.
Саны, ауданы, ақаулардың орналасуына байланысты анықталған тері сапасына тәуелді төрт сұрыпқа бөледі.