Тест спецификациясы



Дата20.07.2024
өлшемі27.33 Kb.
#503005
- - -


«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» пәні бойынша
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
магистратураға кешенді тестілеу
(2024 ж бастап күшіне енеді)


1. Құрастыру мақсаты: Тест ҚР жоғары оқу орындарындағы мемлеттік аттестация кезінде бітіруші курс студенттеріне кешенді тестілеуді өткізу мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті: ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін келесі мамандықтары бойынша анықтау:



Шифр

білім беру бағдарламалары тобының атауы

М150

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар



3. Тест мазмұны:



Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсырмалар саны

1

Кіріспе. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы.

В

2

2

Техникалық реттеудің негізгі принциптері.

В

2

3

Техникалық реттеу механизмдері. Техникалық регламенттердің бірлігі және міндетті талаптары.

В

2

4

Техникалық реттеу саласындағы сәйкестікті растау инфрақұрылымын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар

В

3

5

Көтергіш тасымал құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

В

2

6

Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

А

4

7

Су жылытатын және бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

А

3

8

Технологиялық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын талаптар

С

2

9

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

С

2

10

Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары

С

2

11

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою

А

2

12

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

В

1

13

Қауіпті өндірістік объектілердегі оқыс оқиғаларды, аварияларды тергеп-тексеру және есепке алу

С

2

14

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шаралары

С

1

Бір нұсқадағы тапсырмалар саны




30



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары талапкерлердің өндірістік процестер мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары, техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің негіздері, технологиялық процесті әзірлеу және тәжірибелік сынақтан өткізу реттілігі туралы білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.


5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут.


6. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (1 деңгейі) – 9 тапсырма (30 %);
- орташа (2 деңгейі) – 12 тапсырма (40 %);
- ауыр (3 деңгейі) – 9 тапсырма (30 %).


7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.


8. Тапсырмалардың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл беріледі, басқа жағдайда – 0 балл беріледі.


9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған (2022 жылғы 19 қыркүйектегі өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (01.01.2024 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен)
3. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (01.05.2023 ж. өзгертулер мен толықтырулармен)
4. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (01.07.2023 ж. өзгертулер мен толықтырулармен)
5. Дүниежүзілік сауда ұйымы. Бизнеске арналған қысқаша нұсқаулық. Мәскеу: Сауда саясаты және құқық орталығы, 2006 ж.
6. https://docs.cntd.ru/document/1200007314
7. Н.Ә. Медеубаев Техника және технология қауіпсіздігі. - Қарағанды, 2009. - 65бет
8. Н.Ә. Медеубаев, Д. Народхан Өндірістік қауіпсіздікті техникалық реттеу. – Қарағанды, - 2018. – 98бет
9. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету 30.12.2014ж. №359
10. Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық. 27.07.2021ж. №329
11. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы N 358 бұйрығы.
12. Ж. Аманжолов Охрана труда и техника безопасности. Учебное пособие, 2-ое издание, Астана 2011г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет