Әлеуметтік саладағы тұрғын үй саясаты



Дата29.12.2022
өлшемі2.22 Mb.
#468051
аймак 8 аптп

Жанаөзен қаласы туралы ақпарат

Орындаған: Исламбекова В.

Тексерген:Қосымбаева Ш.


Жаңаөзен — Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан. Тұрғыны 151,0 мың адам
Жаңаөзен туралы ақпарат
Ішкі бөлінісі Шағын аудандар
Құрылған уақыты 1964
Бұрынғы атаулары Новый Узень
Қала статусы 1973
Жер аумағы. 51,5 км²
Континенті: Шұғыл континентті, Құрғақшыл
Алпысыншы жылдардың басында Өзенкенорнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайдаалғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашында жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланады. Сөйтіп барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда болды. Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.
1968 жылы 21 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.
Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің (Теңге және Қызылсай селоларында, Рахат кентінде) туу көрсеткішінің есебінен жыл басынан бері 4500 адамға өсіп, халқының саны 130 000 адамды немесе облыс бойынша халық санының 22,2 пайызын құрайды. Жаңаөзен қаласының әкімшілік - аумақтық құрамына 2 селолық округ - Теңге (18700 адам) және Қызылсай(3500 адам), сондай ақ 2012 жылы жаңадан құрылған Рахат кенті (30800 адам) кіреді.
Халық саны
Экономикасы
Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданыстағы бағада 141,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112,4 пайызды құрады. Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бiрі-"Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚазГӨЗ" ЖШС. 2012 жылдың сәйкес кезеңінен мұнай өндіру көлемі 457,4 мың тоннаны құрады немесе 2,9 пайызға көбейді.
Мәдениет
Қалада қалалық мұражай, "Мұнайшы" мәдениет үйі, "Жалын" кинотеатры, "Өнер" МКҚК, кітапханалар бар. Қалаға іргелес Қызылсай мен Теңге селоларында "Шаңырақ" және "Атамұра" мәдениет үйлері бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет