«Аудит» пәні бойынша
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Құрастырылу мақсаты: Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған.
2. Міндеті: Келесі мамандықтар үшін үміткердің білім деңгейін анықтау:
Шифр
|
Білім беру бағдармалар тобы
|
М073
|
«Аудит және салық салу»
|
3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «Аудит» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
|
Тақырыптың мазмұны
|
Тапсырмалар саны
Количество заданий
|
Қиындық деңгейі
Уровень трудности
|
1
|
Аудиттің мәні, мақсаттары және түрлері
|
2
|
А,С
|
2
|
Аудитті нормативтік-құқықтық реттеу
|
2
|
В,С
|
3
|
Клиенттің ішкі бақылау және аудит жүйесі
|
2
|
А,В
|
4
|
Аудитті жоспарлау
|
2
|
В,С
|
5
|
Аудиторлық тәуекелділік және аудиттегі елеулілік
|
2
|
А,В
|
6
|
Аудитті өткізу және аудиторлық дәлелдемелерді жинау
|
5
|
А,В,В,С,С
|
7
|
Аудитте сұрыптауды пайдалану
|
2
|
А,В
|
8
|
Аудитті аяқтау және нәтижелерін рәсімдеу
|
2
|
В,С
|
9
|
Аудит сапасын бақылау
|
1
|
А
|
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны
|
20
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары аудиттің мақсатын, міндеттерін, субъектілерін, объектілерін, сонымен қатар аудитті жоспарлау мен ұйымдастыруды, объективті аудиторлық қорытынды беру үшін аудиторлық тәуекелділікті ескере отырып аудиторлық дәлелдерді жинақтауды қарастыруды көздейді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты.
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут
6. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны.
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7.Тапсырманың формасы.
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау.
Бағалау кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді. Барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл, жіберілген бір қате үшін - 1 балл, екі және одан көп қате жауап үшін - 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
«Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Қазақстан Республикасының Заңы (01.01.2020 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Қазақстан Республикасының Заңы (01.01.2020 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Аудиттің халықаралық стандарттары (АХС) - http://www.minfin.gov.kz/irj/portal/anonymous?NavigationTarget=ROLES://portal_content/mf/kz.ecc.roles/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonym_int_standarts/international_standarts/ISA
Сапаны бақылау, аудит, шолу тексерістерінің, сенімділікті қамтамасыз ететін өзге де міндеттердің және ілеспе қызметтер көрсету бойынша тапсырмалардың халықаралық стандарттарының жинағы (I, II және III томдар), 2015 жылғы басылым http://audit.kz/upload/tom-1.pdf
Дюсембаев К.Ш. Аудит теориясы: Оқулық - Алматы: Экономика, 2013, С.861
Дюсембаев К.Ш. Аудит теориясы және эволюциясы: Оқулық - Алматы: Экономика, 2012, С.722.
Абленов Д.О., Әбле Д.Д., Абленова Д.Д., Абленова А.Д. Профессиональный аудит: теория и практика: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2015, С.876
Достарыңызбен бөлісу: |