- Орындаған:Қабылова.Т.Б
- Тобы:301-СД
- Тексерген: Базарбек.Ж.Б
- Семей мемлекеттік медициналық университеті.
- Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы
- Кәсіпкер үшін бизнес-жоспар жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтінін бағалауға және оның болжамды нәтижелерін анықтауға, сондай-ақ банктен несие рәсімдеу барысында қажет болады.
- Сонымен, бизнес-жоспар бұл – жаңа бизнестің жан-жақты толық сипаттамасы. Онда бизнес туралы ақпарат, бизнестің қаржылық талдауы, маркетингтік жоспары және қызметкерлер бойынша жоспары жасалу керек. Сонда, кәсіпкер жаңа бизнестің түр-сұлбасын көре алады және өзі де көп нәрсені түсініп, байқай алады.
- Бизнес-жоспардың кімге
- арналғанына байланысты оның бірнеше түрін ажыратамыз:
- Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл бизнес-жоспар кәсіпкерге жаңа бизнестің қаншалықты тиімді, я болмаса тиімсіз екенін анықтауға арналған.
- Несие алуға арналған бизнес жоспар. Банктер кәсіпкерге несие беру туралы шешім қабылдау үшін, одан бизнес-жоспарды талап етеді.
- Инвесторларды тартуға арғалған бизнес-жоспар. Инвесторлар өз қаржысын бұл бизнеске салар алдында, бизнеске талдау жүргізеді. Сол себепті, кәсіпкердің бизнес-жоспары қаралады.
- Жергілікті және шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорынға арналған бизнес-жоспар. Сауатты құрылған бизнес-жоспар сіздің ісіңіздің маңыздылығына серіктестің сенімін арттырады.
- Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Білікті мамандарды өзіңізге жұмысқа тарту қиынға соғады. Сондықтан, бұндай бизнес-жоспар қызметкерге болашақ қызметтің сипаттамасы жайында және ұсынылатын жұмыстың тұрақтылығы мен келешегі туралы ақпарат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |