Тәуліктің кешкі мезгілінде жол қауіпсіздігін арттыру үшін киімде жарық қайтару қасиеті бар заттарды пайдаланудың тиімділігі



Дата16.06.2016
өлшемі105.44 Kb.
#138682


Тәуліктің кешкі мезгілінде жол қауіпсіздігін арттыру үшін киімде жарық қайтару қасиеті бар заттарды пайдаланудың тиімділігі

Астана қаласы, 2008 жыл


Түсініктеме





  • Жол көлік апаттары себептерінен жыл сайын сан алуан жүргіншілер қаза табады.

  • Жол-көлік қозғалыстарының ең қорғансыз мүшелері – балалар.

  • Көлік жүргізушілерге түсетін информацияның негізгі каналы – көру.

  • Қазалы жол апаттарының негізгі пайызы тәуліктің қараңғы түскен уақытында болады.

  • Киімінде жарық қайтару элементтері бар адамдар қараңғыда жақсы көрінеді.

  • Бүкіл әлемде, Қазақстан Республикасында да жол қауіпсіздігін арттыру амалдары орындалуда.

  • Жарық қайтаратын қабілеті бар киімді тәуліктің қараңғы түскен уақытында сапарға шыққан жолаушылар міндетті түрде киіп жүрсе, еліміздегі жол апаттарының санын азайтып, ал жол қауіпсіздігін арттыруға болады.

Қауіпті фактілер



«5 пен 10 жас аралығындағы балалар басқа жағдайларға қарағанда

жол апатынан көп қаза табады»1.
Үйден шыққан сайын біз үлкен қауіпте боламыз, бірақ ол біздің ойымызға да келмейді.

«Он жыл ішінде елімізде 28 мың адам жол апатынан қаза тауыпты. Тағы 160 мыңы жол көлік апаты кезінде ауыр жарақаттар алды. Жол апаты салдарынан шыққан экономикалық шығын 1 млд. 750 млн. теңгеге жетті. Әр жүз мың адам тұрғынның 28-і жол апатынан қаза табады. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Мысалы, Еуропа елдерінде кем дегенде 6, ең көп дегенде 12 адам жол апатынан қаза табады. Жол апатынан ең көп адам Ресейде ғана қаза табады. Ең өкініштісі көрсеткіштер бойынша біздің ел екінші орынды иеленіп отыр»2.

Жол апатының статистикасы бойынша 2008 жылдың сегіз айының ішінде 2141 адамның өмірі үзілген. Бұл көрсеткіштер Денсаулық сақтау министірлігінің көрсеткіштеріне сәйкес келмеуге де мүмкін, себебі, емханаға барар жолында бірнеше адам қаза табады. Осы жылдың бірінші жартысында Астана қаласында 31 жол апатынан 32 бала жарақаттанып, 1 бала қаза тауыпты.

Кім кінәлі? Жүргізуші ме? Сөзсіз, біздің жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениеттері төмен: жүргінші адамдарды алдынан өткізіп жіберуді ұнатпайды. Жүргіншілердің де кінәсі бар, себебі, олар жүргізушінің алдынан ойда жоқ сәтте шыға келеді. Жүргізушіге көлікті тоқтатуға мүмкіндік қалмай қалады. Адамдар жолды кесіп өтпейтін жерлерден өтіп, жол ережелерін сақтамайды. Жаман жолдар, ескі көліктер – бұның барлығы қауіпсіз жол жүруге кері әсерін тигізеді.

Қаламызда жаз өте қысқа болып келеді де, қыс пен күз ұзақ болады. Оқу жылының барлық дерлік уақытында далада ерте қараңғы түседі. Екінші ауысымдағы оқушылар үйге қараңғыда қайтуға мәжбүр. Дәл сол уақытта автокөлік жүргізушілері жұмыстан шаршап келе жатып, өтіп бара жатқан баланы байқамай қалады.


Жарық болғай!

Көрінбейтін затты көрінетін қылып жасауға бола ма екен?



«Жол апатына ұшыраған жүргізушілердің оннан сегізі жүргіншіні көрмеген...».
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мамандары жүргізушіге жүргіншіні қалай да анық көрінетіндей ету керек екенін ойлауда. Жауабын, әдеттегідей, табиғаттан таптық, ал ғылым жол үстіндегі әр түрлі апаттар мен жарақаттануларды төмендету технологиясын ойлап шығарды.

Кез -келген беттің жарық шағылдыруы ешкімге де күмән келтірмейді, тек ол әр түрлі болады. Күңгірт бет жылтыр немесе жылтырлатылған беттерге қарағанда жарық сәулелерін азырақ шағылдырады. Шағылдыру әр түрлі болады: диффузды – жарықтың бір бөлігі сәуле көзіне қарай, ал қалған бөліктің көбі, кейде 90%-ға дейінгісі әр түрлі бағыттарда шағылады (№1 сурет), ал айналық шағылу кезінде сәуле түсу бұрышына тең бұрышпен шағылады (№2 сурет).




1СУРЕТ 2 СУРЕТ
Тағы бір түрі - жарықтың қайтарылуы, ол бетке түскен сәулелер, түгелдей қайтадан жарық көзіне бағытталып шағылуы. Осы принципті оңай түсіну үшін мысалға мысықты, дәлірек айтса мысықтың көзін алуға болады. Қараңғы жерде мысықты көру мүмкін емес, бірақ оның бетіне жарық түсірсе, мысықтың көздері жарықпен шағылысып, 80 метрге жуық қашықтықтан мысықты көруге болады.

Жарықтың қайту принципінің негізіне сүйене отырып ғалымдар арнайы жарыққа шағылысатын маталарды шығарып, киім түсіне қоса бастады. «Cats Eyes» немесе «мысықтың көзі» деп аталатын арнайы бұйымдарды қолдану арқылы жүргінші өзін-өзі жол үстінде қорғай алады. Жүргізуші жарық қайтарушысы жоқ жүргінші балаға қарағанда рюкзагында жарық қайтарушысы бар баланы алыс қашықтықтан тез байқай алады. Сол себептен жол-көлік апаттарының болмау мүмкіндігі бар.


Зерттеліп расталған фактілер

Корнелл университетінің (Cornell University, USA) мәліметтері бойынша, жүргізушінің ми реакциясы орта есеппен 1 секунд құрайды, тағы 1 секунд дене реакциясына керек. Ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы жол үстіндегі жарық қайтарушысы жоқ жүргіншіге көліктің жарық шамдары түсуі 30м қашықтықтан ғана көрінуі дәлелденді (жүргізуші реакциясына 1,3 секунд ғана қалады).



80 км/сағ жылдамдығы бар автокөлік 1 секунд уақытта 22м жол жүреді. Ендеше, 2 секундта (жүргізуші шешімін ойлап тапқанша) автокөлік 44м қашықтықты өтіп үлгереді. Бұдан, әрине, көңілсіз жағдай туындайды.

Осы зерттеуде қоса анықталғаны – жүргіншінің үстінде жарық қайтаратын матадан жасалған заттардың бар болуы жаяу келе жатқандарды 150м қашықтықтан көруге мүмкіндік береді (№ 3 сурет).




3 СУРЕТ


Басқа да зерттеулерге қарағанда жүргіншінің жол үстінде көрінуі оның киімінің түсіне де байланысты екен (№ 4 cурет). Демек, көк түсті киімде сізді 17м қашықтықтан көруге болады (бұл аз, өйткені, оқушылардың костюмдерінің көпшілігінің түсі көк болып келеді). Қара түс мүлдем көрінбейді деуге болады. Қызыл түс сізді 24 м қашықтықтан көрсетеді, сары – 37, ал ақ – 55 метрден. Ақ түс жеңіп тұр. Бірақ, сіз Астанада ақ киіммен жыл бойы жүре аласыз ба?

АҚШ федералдық жол әкімшілігінің пікірі бойынша: «…түгелдей ақ киінген адамға қарағанда, қара түсті киімнің үстінде азғантай жарық қайтарушы элементі бар адам әлде қайда алыс қашықтықтан көрінеді, ал қараңғыда көліктің астында қалу қаупі 8 ретке дейін кемиді...» делінген.3


4СУРЕТ

Жол қозғалысының қауіпсіздігі әдістерін ендірудегі халықаралық тәжірибе

Жол қауіпсіздік проблемасын шешу жолындағы жұмыстар көп елде жүргізіліп жатыр.

2005 жылы Украинаның ІІМ Мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығы, жол қауіпсіздік қозғалысы және жергілікті жол-патруль полициясы бірігіп микропризматикалық жарық қайтарушысының эффектілігін зерттеді. «Фликер» үлгілерін қараңғы трассаға 1,20м биіктікке (бұл 8-10 жасар баланың бойы) орнатты. Автокөлік Lanos Daewoo 60 км/сағ жылдамдықпен келе жатып шамдарының жарығын елестетілген балаға түсіреді. Жарық қайтарушыны көрген жүргізуші жылдамдығын алдын -ала азайтады. Жүргіншінің және тоқтаған автокөліктің арасы әлдеқайда үлкейді. «Фликер киген баланы» көліктің жақын жарығымен 130-140 метрге дейін, ал алыс жарығымен тіпті 400 метрге дейін алдын-ала көруге болады. Жарқыраған белгісі жоқ бала 25-40 метрден ғана көрінген екен.

Скандинавия елдерінде жарық қайтарушылардың үлкендер мен балалардың өмірін сақтап қалу қасиетін 30 жылдай қолданып келеді. Және бұл сәтті тәжірибені статистика да дәлелдеп отыр. Осылайша, жарық қайтарушыны қолдану көліктің адамды басып кету қаупін қараңғы уақытта 85%-ға дейін, яғни 6,5 ретке азайтады деп дәлелденді.

Сондықтан жарық қайтарушы Финляндия, Эстония, Латвия елдердегі жүргінші адамдардың міндетті құралы болып табылады. Ал Ұлыбританияда оқу жылының басында Nationwide компаниясы 6 млн жарық қайтаратын бұйымдарды барлық оқушыларға таратты. Көп елдерде, соның ішінде Белоруссияда, жарық шағылыстырушыны киюді жүргіншіге міндеттеді.

Түн уақытында жарық түсірілмейтін көшелерде немесе жолында жүргіншінің үстінде жарық қайтаратын бұйымдар болмаса полиция сол жүргіншіге айыппұл салуға құқылы. Латвияда айыппұл құны 2 лат, ол 4 долларға тең, Батыс Еуропада айыппұл құны 20 евроға дейін жетеді. Үлкендерді өздеріне және жол қозғалысына қатысушыларға қамқорлық жасауға үйретеді.

Прибалтика жақтағы балалар жол ережесін бұзса не олардан жарық қайтаратын бұйымдар көріне қоймаса, оларды полиция жазаға тартпайды екен. Керісінше, қауіпті жағын түсіндіріп, тегін жарық қайтарушыларды таратады.

Жарық қайтарушы құралдар жүргіншілердің қауіпсіздік құралы ретінде көрші Ресейде де «фликер» деп аталды. Ресейде әлі жарық қайтарушыны кию міндетті емес. Бірақ мынадай ұсыныс РФ үкіметінің №767 қаулысында 14.12.2005 жылы жазылған: «қараңғы уақытта жол жиегіндегі жүргіншілер жарық қайтарушы элементтері бар заттарды өзінде ұстауы қажет және көлік жүргізушілерге сол заттардың көрінуін қамтамасыз етуі керек».

Эстониядағы немесе Белорусиядағыдай арнайы мақұлдауларды күтпей-ақ, өздігінен жарық қайтарғыштарды сатып алыңыздар, өйткені бұл өз отбасылардың қауіпсіздігі болады ғой.

Ресей ІІМ мен халықаралық қоғамдық «Российский фонд мира» қоры 2006 жылдың көктемінде арнайы жобаны іске қосты. Ол жоба «2006-2012 жылдары жол жүру қауіпсіздігін арттыру» деген федералдік бағдарламаға тірек болды. Фликерлер баланы басып кету қауіп-қатерін азайтатындықтан, идея авторлары миллионнан астам сондай жарық қайтарғыш қызықты заттарды тегін таратуды жоспарлады. Ресейдің кейбір аумақтарында МАИ қатысуымен мектептерде фликерлер таратыла бастады.

Алғашқы көлемдік акция Краснодар өлкесінде бүкілресейлік «Абайлаңдар, балалар!» операциясы аясында өтті. Статистика көрсеткендей, қыркүйектен желтоқсанға дейін фликерлерді таратқаннан соң жүргінші балалар қатысуымен болған кешкілік уақыттағы жол-көлік апаттарының саны Краснодар өлкесінде өткен жыл көрсеткішіне қарағанда 25,9 пайызға төмендеді. Мұның 30% - кішкентай пластик «жарқылдағыштар» арқасында.

Коми Республикасында жол қауіпсіздігі акциясы Ресей жастар қоғамының Коми Республикалық ұйымының туған күніне байланысты өткізілген. Мыңнан астам оқушыларға сол күні сыйлық ретінде Ресей жол Комитеті атынан жарыққайтарғыш бұйымдар және жол қауіпсіздігі ережелері үлестірілді.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Жарыққайтарғыштар жарықты өте жақсы шағылдырса да, олар түрі мен түсіне байланысты жарықты әртүрлі қарқындылықпен қайтарады. Бүгінде жарықты қайтарудың екі әдісі бар – призма және шар көмегімен . Бұл әдістерді жарыққайтарушы материалдарды жасағанда пайдаланады (№ 5 сурет).

Мысалы, комбинезондардағы және күртелердегі күміс түсті жолақтар Reima Tec, Wolfskin, Helly Hansen – құрылымы бойынша шар әдісті жарық қайтарушылар. Шыны шарик линза сияқты сәулелерді қарсы жағына фокусқа жинайды. Нәтижесінде жарықтың 35% қайтарылады, қалған 65% айнадағыдай жоғалады. Сол 35% өзі жүргізушінің баланы көруіне жеткілікті. Жарыққайтару жөнінде микропризма тиімділеу, өйткені призма жарықтың керемет қасиетін пайдаланады. Ішке бір бетінен түскен сәуле шығарда ішінде үш беттен шағылып шығады. Сонда қараңғыда көрінуі артығырақ.

Жарық қайтарудың микропризматикалық принципі Reflexite маркалы материалда қолданылады. Шетелде ақ және лимон түсті фликерлерді басқаларымен салыстырғанда көп қолданады. Қызыл, жасыл түстілері жарықты азырақ шығарса да, жұмысын атқаруда.

Жарыққайтарғыш жолақтар өте тиімді қорғаныс тәсілі, бірақ олардың жұмысы призматикалық емес, «шарик» технологиясына негізделген, жуылғанда, үйкелгенде тозады. Микропризматикалық материалдар үйкелуге төзімді және кез-келген ауа райында «жұмыс» істейді, жаңбырға да, қарға да қарамайды.


Шар әдісті жарық қайтарушы Призма әдісті жарық қайтарушы
5 СУРЕТ

Пайдалы кеңестер


Арнайы жарыққайтарушы киімі болмаса, онда міндетті түрде жарық қайтаратын басқа элементтер тауып, сөмкенің сыртына, сырт киімге және басқа заттарға орналастыру қажет. Асқыштар мен белгілердің қолайлылығы – бір заттан басқаға тез ауыстыруға болатындығында. Жұмсақ пластиктен жасалған жарыққайтарғыштар әр түрлі пішінді болады. Асқыштар алма, қоян, мысық, автокөлік және жай геометриялық фигуралар түрінде бола алады.

Жабысқыштарды (наклейки) әр түрлі заттардың үстіне орналастыруға болады. Термоактивті ПВХ пленкасынан жасалған жарыққайтарғыш жабысқыштарды матаға үтіктің көмегімен орналастырады. ПВХ пленкасынан жасалған білезіктер де болады

Жарыққайтарғыштар алмалы-салмалы болады, алынбайтыны, ілініп тұратыны болады. Бекітілуі әр түрлі: сыдырманың түймесіне, түйреуішпен күртеге, жіппен белбеуге, және тағы көптеген бекіту мүмкіндіктері бар, тек ол жан-жақтан жақсы көрінетін болсын. Автокөлік шамының жарығы түссе жарқ етіп жылпылдап жарқырай береді. Жарыққайтарғыштардың алынатынын-алынбайтындарын қатар пайдалана беру керек. Киімде жолақтар бар ма? Бұлар алынбайтын жарыққайтарғыштар болған соң, жан- жақтан анық көрінуі тиіс. Оларды жіпке ілінген асқыштармен толықтырайық, немесе балаға жабыстырғыш таспамен (липучка) білезік тағайық, немесе серіппелі білезік кигізейік, жабыстырғыш қағаз тағайық.

Фликкерлердің көптігі жоқ, олардың көп болғаны жөн. Неге десеңіз, қауіпті жерлер – жол айырымдары, онда екі жақта жарыққайтарушы орналасса екі жақтан келе жатқан жүргізушілерге де көрінеді.

Жарыққайтарғыштарды сондай-ақ бала көліктеріне орналастыруға болады – бала арбасына, шанаға, велосипедке, скейбордқа. Мұнда тағы сол ереже қолданылып түр, киімдерді жарыққайтарғыш элементтермен толықтыруда бұйымдар жан- жақтан көрінуі керек. Жабыстырғыш таспа болса барлық беттерге жабыстырылады: шананың арқасына, бүйіріне, велосипедтің рамасына, жүк орнына. Роликтерді де «жарықтағыштармен» жабдықтауға болады.

Қорытынды

Жарыққайтарғыш элементтермен жабдықталған киім мен жеке заттарды пайдалану – ең қарапайым және тиімді тәсіл, оның көмегімен жүргіншілер (және басқа да жол қозғалысы мүшелері) тәуліктің қараңғы кезінде де жолда көзге көріне алады. Ауа-райының жайсыз күйіне қарамастан (қараңғыда, жаңбыр кезінде, қар жауғанда) мезгілінде көзге түсу – қауіпсіздікте болуды қамтиды.

Жарыққайтарғыш материалдардың қасиеттері туралы халықты ақпараттандыруда кеңкөлемді жұмыс өткізу қажет.

Мен жол қозғалысының мүшелерінің БӘРІНЕ де жарыққайтарғыш элементтері бар киімдерді жаппай қолдануды ұсынамын (атай кетсек, жүргізуші көлігінен түскен кезде жүргіншілер қатарына қосылады; велосипед немесе мопед тебетін адам да солай).



Соңғы кездерде ел тіршілігінің сапасын көтеруге көп мән беріледі. Біздің Республикамыз ең мықты елдердің тізіміне кірсін десек, қарапайым азаматтар ретінде күнделікті қауіпсіздікті арттыру бағытында бәріміз атсалысайық. Соның ішінде жол апатынан жарақаттану және қаза болу деңгейін төмендетуге көмектесейік.

Қолданылған әдебиеттер тізімі





  1. http://www.parlam.kz/DocLegacts.aspx?lan=kk-KZ&sozyv=4&idzak=1509 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң, Қазақстан Республикасы Парламенті. 01.08.2008

  2. Қазақстан Республикасының ІІМ Жол полициясы Комитеті http://www.zholpolice.kz

  3. Қостанай ІІД www.kostanaypolice.kz

1 АҚШ Мемлекеттік кәуіпсіздік комитеті

2 Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы сөзінен, http://www.zholpolice.kz

3 http://www.safetyreflectors.com/education.html



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет