Тезисы қарабас ауылдық округi әкiмiнiң 2015 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі



Дата07.07.2016
өлшемі63.91 Kb.
#183005
түріТезисы
ТЕЗИСЫ
Қарабас ауылдық округi әкiмiнiң 2015 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 30 қараша күні Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауын жариялады. Жолдау әлемдік дағдарыс кезіндегі Қазақстанның іс-қимылына арналады. Елбасы өз жолдауында халыққа және әрқайсымыздың алдымызға Ел дамуын қамтамассыз ететін жаңа талаптар қойды. Бұл талаптарды орындалуы бүкіл халықтың және барлық атқарушы органдардың күш біріктіруін талап етеді.

Елбасының жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында ауылдық окрігте екі ақпараттық насихат тобы құрылып, тұрғындармен 23 кездесу өткізілді.

Ауылдық округ аумағында төрт елді мекен орналасқан, аула саны 519, тұрғындар саны 1875 адам, жалпы жер көлемі 136834 гектарды құрайды.

Ауылдық округтің саяси-әлеуметтік жағдайын дамытуда ауыл шаруашылығы бағыты негізгі рол атқарады. Оның негізін ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнестің дамуы мен елді мекендердегі инфроқұрылымды дамыту болып табылады.


Ауыл шаруашылығы
Қарабас ауылдық округінде былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырылғанда мал басының өсіу байқалады: 4315 бас ірі қара мал – 15 басқа, немесе 100,3 пайызға; 1344 бас жылқы – 104 басқа (108,3 пайызға); 2310 бас құс - 10 басқа (100,4 пайызға); 4760 бас ұсақ мал - 40 басқа (100,8 пайызға), 11 бас шошқа – 6 басқа.

2015 жылға ет 9211 центнерді құрайды, ал 2014 жылмен салыстырғанда 187 центнерге көбейді, сүт 64788 центнер, 4787 центнерге көбейді, жұмыртқа 392 мың данаға, жүн 140 центнер, 2 центнерге артты.

Округте 42 шаруа қожалығы, 8 фермер қожалығы, 21 жеке кәсіпкерлер тіркелген. Қарабас ауылында мал дәрігерлік пункті, мал дәрігерлік емхана және мал сою алаңы жұмыс істеп тұр.

Мал дәрігерлік қауіпсіздік жағдайды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық жануарларын халық аралық талаптарға сай ет, сүт, және малдын шикі затын өндіру мақсатында үй жануарларын бірдейлендіру яғни сырғалау, таңбалау, құжаттандыру сонымен қатар жануарлардан адам денсаулығына қауіп төндіретін жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында зертханалық сараптамалар жасалып, екпе егу, емдеу жұмыстары жоспарланып іс-шаралар уақытылы жүргізіледі.

2015 жылы округте 1510 бас ірі қара малдың сырғасы, 800 бас ұсақ малдың сырғасы беріліп, 2310 бас мал сырғаланып, 100 процент компьютерлік базаға енгізілді.

Бруцеллез ауруын жұқтырған тоғыз бас ІҚМ анықталып, уақытылы барлық санитарлық-ветеринарлық талаптарға сай жойылды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 1 адам 3 000 000 теңгеге ірі қара малға несие алып, 1 жаңа жұмыс орны ашылды.

Инвестиция енгізу туралы
2015 жылы «Саттаров К» шаруа қожалығы 4 млн. теңгеге троктор, 640 000 тнг. тиегіш, 80 000 тнг. шөміш, 180 000 тнг. құрама шөпеке арналған арнайы тиегіш, 950 000 тнг. трокторлық тіркеме алды. «Қалижан» шаруа қожалығы 325 000 тнг. «Шумахер» шөп шалғысы, 2 210 000 тнг. шөп орағыш алды.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған жалпы инвестиция 8 385 000 теңгені құрады.


Инфрақұрылым және абаттандыру
«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарлама бойынша Өндіріс ауылында су құбыры салынды, 241,6 мың теңге жұмсалды.

Округ бойынша 106 фонар орнатылған.

Округті көркейту, оның ішінде елді мекендерді санитариялық тазалау бойынша 264,0 мың теңгенің жұмыстары атқарылып, ауылдарды көріктендіруге 109,0 мың теңге, жарықтандыруға 1 млң 500 мың теңге (оның ішінде 780,0 мың теңге фонарларды жөндеу және 720,0 мың теңге қызмет көрсету), жолдарды қардан тазалауға және қызмет көрсетуге 700 мың теңге жұмсалды.

2015 жылы «Мегалайын» байланыс желісі, Теле-2 ұялы байланыс желісі іске қосылды. Көктемде округ бойынша екі айлық санитарлық тазалық акциясы ұйымдастырылды, қоқыстар арнайы орынға шығарылады.


Әлеуметтік жағдай
Семеновка орта мектебінде 540,8 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді.

Өндіріс орта мектебінде:

- республикалық бюджет арқылы 7796,7 мың тнг., 866,3 мың тнг. жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылып жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер болған «ЖармаҚұрылысГаз» ЖШС.

- республикалық бюджет арқылы 11480,9 мың тнг., жергілікті бюджеттен 382,7 мың теңге бөлініп ескі ағаштан жасалған терезелер мен есіктер, пластикалық терезерелер мен есіктерге ауыстырылды. Мердігер болған «СтройС» ЖШС.

- 3881,2 мың теңгеге 25 орынға есептелген «Арман» шағын орталығы ашылды. Мердігер болған «СтройС» ӨК.

«Қарабас ауылдық округі әкімі аппараты» ММ 2015 жылы жеке кәсіпкерлермен шартқа отыру арқылы мектептердің асханаларын ақылы түрде жалға беру келісім шартын жасады. Келісім шарттың құны 170808 теңге. Жергілікті қауымдастықтың шешімімен түскен қаржының 70808 теңгесі қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жоюға, 100000 теңгесі қар тазалау жұмыстарына бағытталып толықтай игерілді.

Қарабас ауылының Ленин көшесінің жолына 1745000 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Мердігер болған «Милена» ДК.


Салық жинау
2015 жылы округ бойынша салық жинау жоспары 100 пайызға орындалды. Оның ішінде: жер салығы – 134 000 теңге, мүлік салығы – 92 000 теңге, көлік салығы – 1 300 000 теңге жиналды.
Жұмыспен қамту
2015 жылы Жұмыспен қамту орталығында 22 адам тiркеуде тұр. Қоғамдық ақылы жұмысқа 22 адам тартылды.

Округ бойынша 9 жаңа жұмыс орны ашылды, 114 адам уақытша жұмысқа орналасты.


Денсаулық сақтау
Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт қызмет көрсетеді. 9 медициналық қызметкер жұмыс істейді. 1 жедел жәрдем автокөлігі бар.

2015 жылы ауылдық округте 23 бала дүниеге келді, 8 адам қайтыс болды, табиғи өсім 15 адам. Округ тұрғындары медициналық зерттеулер скринингінен өтті. Барлығы 385 адам.


Әлеуметтік қорғау
Ауылдық округте тұрмысы төмен отбасыларына, зейнеткерлер мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге үлкен көңiл бөлiнеді.

Сол сияқты мүмкiндiгi шектеулi 3 балаға да үлкен көңiл бөлiнуде. Окургте 20 жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсететін төрт әлеуметтік қызметкерлер қызмет етеді. Олар жұмасына екі рет қарттарды аралап, көмегін көрсетеді. Сонымен қатар «Асыл» үкіметтік емес үйымының 3 қызметкері жұмыс істейді. Олар өз көмегімен 20 жеке тұратын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі 1 баланы қамтып отыр. Тұрмысы төмен отбасылар саны округ бойынша - 8 отбасы, оның ішінде 44 бала. 1 отбасы балаларға мемлекеттік жәрдемақы алады. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар жоқ. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 3 адам жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта округте 45 тыл еңбеккері тұрады.

Ауылдық округ аумағында көп балалы аналар тұрады. Оның ішінде: «Алтын алқа» иегері 35 адам, «Күміс алқа» иегері 24 адам, «Ана даңқы» белгісінің 1-2 дәрежесінің иегерлері 4 адам, 4 және одан көп бала тәрбиелеген 14 адам.


Мәдениет және спорт
Жылдың атаулы даталарының аясында: Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына, Конституцияның 20 жылдығына орай Қарабас ауылдық округі аумағында мәдени-қоғамдық және спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Ағымдағы жылы аудан орталығында Ауылдық округтердің күндері өтіп, Қарабас ауылдық округі 2 орын алды.



Білім беру
Ауылдық округте 2 мектеп жұмыс істейді. Оларда барлығы 261 оқушы тәлiм-тәрбие алуда. 2015 жылы12 оқушы ҰБТ тапсырды алынған орташа бал 72,8%, 2014 жылы ҰБТ тапсырғандар жоқ.

Семеновка орта мектебінің «Балбөбек» шағын орталығында толық күнге 25 бала білім алады, Өндіріс орта мектебінің «Арман» шағын орталығында 22 бала білім алады. 132 оқушы тегін тамақпен қамтылған. Жағдайы төмен отбасылардың балалары және 1-4 сынып оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектептердің спорт залдарында волейбол, баскетбол, теннис,шахмат, дойбы, күрес, тоғыз құмалақ үйірмелері жұмыс істейді.


Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау
2015 жылы Қарабас ауылдық округінің аумағында 3 қылмыс жасалды, оның ішінде 1-уі ашылмаған. Барлығы 120 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген оның ішінде: отбасының шырқын бұзу – 15, кіші-гірім бұзақылық – 21, қоғамдық орындарында алкоголь ішу – 38, тіркелу режимін бұзу – 6, ЖЖЕ бұзу – 40.
Ауылдық округте ақпараттық-насихат тобының ұйымдастыруымен жемқорлық- заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында насихаттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп 3 дана баннер көрнекі құрал ретінде ілінді.
Ауылдық округ әкімінің есеп беру жиналысында 3 ұсыныс айтылды:

- Дөңгелек ауылында медпункт ашу;

«Бесқарағай ауданының медециналық бірлестігі» МҚК жауабына сәйкес медициналық пунктер 50-ден 80 адамға дейін тұрғын тұратын елді мекндерде құрылады. Дөңгелек орманшылығында 01.01.2015 жылғы есеп бойынша 45 тұрғын тіркелуіне байланысты медициналық пунк құруға болмайды.

- Семеновка орманшылығына қосымша шам орнату;

Семеновка орманшылығына қосымша 2 шам орнатылды.

- Қарабас ауылының Ленин көшесінің жолына ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізу;

Қарабас ауылының Ленин көшесінің жолына 1745000 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Мердігер болған «Милена» ДК.


2016 жылғы міндеттер
- 2016 жылы мал және құс басын, оның ішінде асыл тұқымды мал бастарын көбейтуі жоспарлануда;

- Өндіріс ауылында мал сою алаңын ашу;

- Қарабас, Өндіріс ауылдарындағы және Қарабас ауылы мен орман шаруашылығы арасындағы жолдарды орташа жөндеу өткізу;

- Қарабас ауылының кіреберісіне стелла орнату;

- Өндіріс және Қарабас ауылдарында ауылдық клубтарын және профилакторийдын ЖСҚ дайындау;

- Өндіріс ауылында жасанды жабындылы футбол алаңын орнату (ЖСҚ бар).



Қарабас ауылдық округінің әкімі О.Болысбеков

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет