Тиімді басшының басқару стилі.
І Кіріспе : Мектеп басшысының кәсіби құзырлылығы
ІІ Негізгі бөлім: Жаңару жағдайында орта мектепті басқару.
ІІІ Қорытынды бөлім: Басшылық жасау – адамның адамды басқаруы.
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушысыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз».
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі , қоғамға жоғарғы білімді , рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын , ынтымақтастыққа қабілетті , бейімділігі мен жауапкершілігі биік адам қажет. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модел керек. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту , еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады.
Менеджмент ұғымы – бұл адамдардың ынтымақтастығы , бұл адамдардың қарым-қатынас әдісі. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалық менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол үшін педагогикалық менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын алуға болады.
Адамдарды сыйлау және оған сенімділікпен қарау
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы
Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-қатынасқа көшу.
Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру.Мұғалімге ықпал жасау қағидасы.
Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы.
Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды. Олар мына төмендегілер:
Адамның жеке басының беделін құрметтеу , адамның құқы мен мүмкіндіктерін мойындау;
Адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
Өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру;
Бастамашылықты , шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру;
Жетістікті, мектепке қосқан әркімнің жеке үлесін мадақтау;
Адамға құрмет және сенім – басқарудағы ізгіліктің ең жоғарғы көрінісі. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді , демек , педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер , мұғалім деп емес, оның бүкіл қызмет кезеңіндегі қажеттіліктерімен, мақсаттарымен , бастан кешіретін қобалжулармен бірге тұлға деп қарастырған жөн. Мұғалім де баланы оның үлгерімі тұрғысынан ғана оқушы деп қарамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оның баланы бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы , тұрмысы, т.б. Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу қағидасы , яғни басқарудан қарым-қатынасқа көшуде мынандай қағидалар туындайды:
Мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және мектептің қоғамдық өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;
Мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларға деген ізгілікті қатынастарын , құзіреттіліктерін, бастамашылықтары мен жауапкершіліктерін бағалау;
Мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы – адамгершілік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалық мақсатқа лайық жұмыс болуы тиіс; Ең алдымен , мұқият назар аудару , талдау, сараптау , сонан соң шешім қабылдау;
Ең бастысы, менеджердің мәні – мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция , педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Басқарудың ғылыми негізі (оның ішінде білім беруді басқару ) бұл басқару тәжірибесінің ілімдік негізін құрайтын ғылыми білім жүйесі. Бұл жөнінде Т.Шамованың ойы назар аударарлық: «Басқару жұмысы шын мәнінде зерттеу жұмысы , егер зерттеуші оны тәжірибеде осындай түсінік түрінде пайдаланса , онда ішкі үлкен қорды ашуға болады».
Оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесін басқарудың формасы мен мазмұнын , басқарудың ішкі мәнін қалай өзгерткен жөн, мемлекетіміздің демократиялық мазмұнының рухына сай оқу – тәрбие үрдісін басқаруды қалай сәйкестендіруге болады деген ой мұғалім санасына үнемі қозғау салу керек. Ол үшін посттоталитарлық кезеңде қалыптасқан әкімшілік – бағыныштылық басқару түрін менеджменттік басқару түріне ауыстыру қажет. «Менеджмент» - ағылшын сөзі , латынның «манус» қол деген сөзінен шыққан, яғни , басқарудың көзқарасы , әдісі , құралы мен түрінің жиынтығы.
Профессор Л.Евенконың сөзінше , «менеджмент» - бұл еңбекті , басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, алға қойылған мақсатқа жету іскерлігі. Питер Ф.Друкер өзінің зерттеулерінде «менеджменттің » қимыл және қолдану ісімен байланыстылығын , оның бақылауы нәтижеге жету болып табылатындығына назар аударады. Бұл оны әдістер жиынтығына ұқсас етеді. Бірақ, менеджмент адамдармен де, олардың құндылығымен де, өзіндік өсуімен де , дамуымен де байланысты болғандықтан, қоғамдық ғылымға көбірек ұқсайды. Бруккердің пікірінше «Менеджмент - ...адамды, қоршаған ортаны басқарудың ерекше түрі». Менеджмент бойынша , басшы – негізгі қуат көзі және оны өзгелерге жеткізуші, дем беруші , сонымен қатар олардың қызметін ұйымдастырушы , өз қызметкерлерінің шығармашылығын, іс-тәжірибесін дамытуға ынталандырушы.
Менеджмент – дәстүрлер тарихын, тұжырымдамаларды, институттарды, теория мен тәжірибені қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Менеджмент төмендегідей қызметкерлердің атқарылуын қарастырады:
жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындап, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет, сол арқылы барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты түрде бағыттау.
Басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру , өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қадағалау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;
Достарыңызбен бөлісу: |