Сабақ: Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: кәсіби қолдау мен әрекеттестік»



Дата09.07.2016
өлшемі3.37 Mb.
#186672
түріСабақ
БЕКІТЕМІН

Астана қаласы дарынды ер балаларға

арналған қазақ-түрік лицей-интернатының

директоры Н.Ж.Акимов________________



Ашық сабақ:

Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек»
(«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: кәсіби қолдау мен әрекеттестік» атты қалалық әдістемелік семинар)

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

С.Б.Естемесова

Астана, 2015



САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сынып:

8C

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Күні

05.12.2015ж

Тақырыбы:

Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек»

Негізгі түйінді идея:

Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта отырып, адам қасиеттерін танып-білулеріне ықпал ету


Оқу мақсаты:

Оқушылар «Ілімге толса көкірек» толғауының түйінді идеяларын түсінеді, адамға тән қасиеттер туралы жаңа ұғым-түсінік пайда болады.



Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

1.Білім,адамгершілік,өнер туралы ойларын ашық жеткізе алады.



Көпшілік оқушылар:

1. Сыни ойлана отырып қазіргі өмірмен салыстыра алады. Ойын толық жеткізеді.

Жекелеген оқушылар:

1. Қазіргі заманмен салыстыра отырып,идеяға сәйкес өзіндік шешім ұсынады.




Кезеңдер

уақыт

Мұғалім не істейді?

Оқушылар не істейді?

Ресурстар

Ұйымдастыру

2мин

5мин


Сыныптағы ахуалды анықтайды.Оларды жеңу жолын қарастырады. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

Үй тапсырмасын kahoot.it тест арқылы тексеру





Кезекші сыныптың ахуалын баяндайды.

Жіп арқылы бір-біріне «Сен білесің бе» деп бастап өзі туралы мәлімет айтады


Оқушылар интернетке кіріп, телефон, планшет арқылы сұрақтарға жауап береді


Жіп, қарындаш, бос құты

Интернет, планшет, телефон



Кіріспе

5мин

Ой шақыру

Бейнебаян көрсету.

-Бұл бейнебаян не туралы?

Сұрақ-жауап

-Үйге берген тапсырмамен байланысы бар ма?

-Ілімге толса көкірек,-дейді ақын.Көкірек деген сөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Сендердің ойларыңша, ілім сөзі қандай мағына береді?

Білім ілімі,өнер ілімі, ғылым ілімі дейміз.

Көкірек неге ілімге толу керек?


Оқушылар ойланып, өз ойларын ортаға салады.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды

https://www.youtube.com/watch?v=pcVtmOBY_eI

Негізгі бөлім

10 мин

Топтарға тапсырма:

1-топ: «Жігіттің көркі-өнері»

2-топ: «Жақсының жолы-жарық күн»

3-топ: «Ілімге толса көкірек»

(Майлықожа толғауындағы жолдармен салыстыра отырып,қазіргі өмірмен салыстырады,өз пікірлерін айтады)


Сабақтың табыс критерийлері:

1.Топ ережесін сактау

2.Мазмұнға байланысты шешім шығару

3.Ұсыныс айту


БАҒАЛАУ

Оқушылар топпен дайындалып, Елші әдісі арқылы басқа топтарға барып түсіндіреді.

Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтарды бағалайды.



Постер, түрлі-түсті маркерлер, стикер

Қорытынды бөлім

3мин

РАФТ әдісі арқылы

Рөл –оқушы

Аудитория-оқушылар

Форма-өлең

Тақырып-білім
Үй жұмысы:

«Өнер алды-қызыл тіл» тақырыбына ойтолғау жазу


КЕРІ БАЙЛАНЫС:

Арқан ретінде ұзын лента беріледі.




Оқушылар нақыл сөздерді пайдалана отыра, өлең шығарады

Edupage бағдарламасынан үй жұмысының тақырыбын алады


Сіз өзіңізді арқанның қай тұсындамын деп есептейсіз? Неге?
«Басы» - ақпарат мен үшін маңызды
«Ортасы» - қолдануға болады
«Аяғы» - маңыздылығы төмен


Лента, презентация

Анықтама



Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар:


Не сәтті болды?



АКТ –ны пайдалану.Каhoot әдісі арқылы тест жұмысын орындау,топтық жұмыс

Не сәтті болмады?


Оқушылардың қысылып, сөйлемей, тақырыптарын толық аша алмауы, уақыт үнемдеушілік

Нені жақсартуға болады?



Оқушылардың сөздік қорын байыту, уақытты үнемдеу, сыни ойлау дағдыларын жақсарту

Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым? Нені өзгертуге болады?


Жылдамдық, сыни ойлауға тапсырмалар дайындау, АКТ-ны тимді пайдалану.

Топтық жұмысқа берілген тапсырмаларды түрлендіруге болады.












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет