«Тиірмен қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мектептің жылдық жоспарына сәйкес 01.09.2023 жылғы №1-н бұйрық негізінде 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде
анықтама.
Мақсаты:
Оқушылардың психо-эмоционалдық көңіл-күйін, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын, зейінін шоғырландыруын, үзіліс уақыты мен сабақ барысындағы белсенділігін диагностикалау.
Параметрлері:
2023 - 2024 оқу жылында 1 сыныпта 12 оқушы бар. Оқушылар мектептің «Келісім шартында» көрсетілген оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті оқушының мектепке келіп, кетуі жақсы жағдайда. 1 сынып оқушылары 100% буфеттік тамақпен қамтылған.
Сынып жетекшісі: Жас маман Бағашарова Гүлнар. Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, Сынып жетекшісі оқушылармен жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.
Сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға қадағалу бар.
Мектептің оқу- тәрбие жұмыс жоспары бойынша 14 қыркүйек бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау мектеп психологы тарапынан жүргізілді. Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.
Ұсыныс: Мектеп ережесін барлық оқушылар сақтайды. Көбірек көңіл бөлетін оқушы: Маргез Аяла мен Еркінбек Асхат.
Достарыңызбен бөлісу: |