Аккаирова Айнур Амантурлиевна
Ақтөбе қаласы,
№23 «Балауса» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі
Балабақшамен қоштасу
Жүргізуші: Құттықтау сөзі.
-Қымбатты ата-аналар,балабақша қызметкерлері! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп,күтіп тәрбиелеп бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер,-деп,сүйікті балабақшасымен қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.
(Жеңіл музыка әуенімен қолдарына шар ұстаған балалар саппен залға кіреді.
Залға оқымысты мысық музыка ырғағымен кіреді.
Оқымысты мысық: Сәлеметсіздерме балалар,сіздерді бір белестен өтіп,сүйікті балабақшаңызбен қоштасқалы жатқаныңызды естіп,білімдеріңізді тексеруге келдім.Мектепке баруға дайынсыңдар ма балалар?
Балалар: ия.
Музыка ырғағымен Дымбілмес шауып кіреді.
Дымбілмес: Балалар,сендермен бірге мен де мектепке барайын деп едім,мені өздеріңе қосыңдаршы.
Оқымысты мысық: Дымбілмес сен мектепке қалай барасың,ешқандай білімің жоқ,жыл бойы ойнадың.
Дымбілмес: Балалар маған көмектесіңдерші,мен де сендермен мектепке барғым келеді.
Жүргізуші: Балалар Дымбілмеске көмектесесіңдерме?
Балалар: Ия.
Оқымысты мысық: Жарайды Дымбілмес олай болса ойлан.
Әуен ырғағымен Аққу-қаздар билеп кіреді.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аққу-қаздар.
Қаз ана:Балалар біз құр келген жоқпыз,Дымбілмеске тапсырма алып келдік.Ал сендер көмектесесіңдер.Қане Аққу-қаздарым жұмбақтарыңды жасыра қойыңдар.Дымбілмес сен жауап беруге тырыс.
Жұмбақтар:
Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
Пышақпен ұштала береді,
Бойы қысқара береді. (Қарындаш)
Үнсіз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің (Кітап)
Дымбілмес: Мен білем,мен білем,-деп жауап береді.Жауап дұрыс болмай шығады.
Аққу –қаздармен қоштасу.
Оқымысты мысық: Жарайды Дымбілмес бір сатыдан өттің,келесі тапсырманы қалай орындайды екенсің.
Осы кезде музыка ырғағымен Қызыл телпек кәрзеңкесімен келеді.Қызыл телпек орман арасынан өте берген кезде қасқыр қасқыр жеймін деп жармасады. Сол кезде
Дымбілмес: Қасеке Қызылтелпекті жей көрме.
Қасқыр: Олай болса,менің тапсырмамды орында,әйтпесе Қызыл телпекті жеп қоямын.
Дымбілмес (басын ұстап): Бұл қандай тапсырма екен,мен білмей қалсам Қызыл телпекке не болады.Қызыл телпекті қасқыр жеп қояды ғой.Балалар тапсырманы орындауға маған көмектесіңдерші.
Осы кезде тапсырма орындалады.
Қасқыр: Ал,Дымбілмес қандай білесің, айта ғой.
Дымбілмес қиналып жатқанда балалар көмектеседі.
Балалардың көмегі.
Санамақтар.
Данияр:Бір үйде біз үшеуміз,
Кел санайық санамақ.
Бас бармағым –папам
Балан үйрек –апам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек –мен,
Кішкене бөбек-сен,
Бір үйде біз нешеуміз?
Даурен:Ал,санайық,санамақ
Саусақтарға қарап ап,
Қане,қане санайық,
Санап біліп алайық.
Біреу,екеу,үшеу,төртеу,бесеу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Қасымдағы сұқ қолым,
Ебедейлі мықты оным.
Бармақтың басты тірегі,
Өзінің ісін біледі.
А.Ислам: Дүйсенбіде доп ойнадық қорады,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қорықта,
Сенбі күні кино көрдік клубта,
Жексенбіде үйде болдық дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Алихан:Бір дегенім-білеу,
Екі дегенім-егеу.
Үш дегенім-үскі
Төрт дегенім-төсек,
Бес дегенім-бесік
Алты дегенім-асық,
Жеті дегенім-желке,
Сегіз дегенім-серке,
Тоғыз дегенім-торқа,
Он дегенім –орақ.
Оқымысты мысық: Жарайды Дымбілмес балалардың көмегімен бұл сатыдан да өттің.Енді,Дымбілмес үшінші тапсырмаға дайындалып ойлан.
Осы кезде әуен ырғағымен ешкі жеті лағымен кіреді.
Ешкі: Сәлеметсіңдерн ме,балалар,сәлеметсіңбе Дымбілмес.Дымбілмес сенің бәіліміңді байқау үшін менің лақтарым тапсырма алып келді.
Сөз есептер:
Айгерім: Табақта бір алма,
Қолымда үш алма.
Барлығын қосқанда,
Болады қанша алма.
Арайлым: Төрт қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу,
Жауабын кім табады.
Динара: Алма бағы жайлаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп бесеуін,
Тағы алдым екеуін,
Алдым сонда нешеуін?
Жұлдыз: Екі мысықтың аяғы нешеу?
Дымбілмес қиналып,балалардан тағы көмек сұрайды.
Балалардың көмегі.
Оқымысты маысық: Дымбілмес талпынысың жаман емес,келесі тапсырмаларға да дайын бол.
Осы кезде музыка ырғағымен буратино билеп кіреді.
Буратино: Дымбілмес сен балалармен бірге мектепке барамын деп талпынып жатырған көрінесің,олай болса,менің математика патшалығымнан досым келе жатыр.Қане, қарсы алайық.
Осы кезде музыка ырғағымен Математика патшасы кіреді.
Математика патшасы: Сәлеметсіңдерме балалар,сәлеметсіңбе Дымбілмес.Мен сандардың анасымын,сандар менің балаларым.Сендер сандар туралы тақпақ білесіңдерме?
Балалар: Ия.
Математика патшасы: Бірлік балам келе ғой
Ислам: «Бірлік» жазған едім мен
Ұқсастығын кім білген.
Аумай қалды айға ұшқан,
Зымыранның өзінен
Жебедей көкте қалқыдым
Қуаныштан балқыдым
Еш бала мендей бірінші
Болған жоқ-ау,алтыным!
Математика патшасы: Екінші балам келе ғой.
Али: Екі ұшы бар
Таяқтың,
Секіретін жіптіңде
Арқанның,
Ине,қайрақтың,
Бәтеңкенің бауының,
Бөрененің тіпті де
Үй жанынан өтетін.
Жолдың да екі ұшы бар,
Басын менен аяғын
Табуға кім құлшынар.
Математика патшасы: Үштік балам келе ғой.
Айжан:Жылан арбаушы сырнаймын
«Үштікті» еске түсіреді
Құйрығын бұрап,ол шіркін,
Тамағын желге ісіреді.
Кімнің бар,қане,таласы
Аумайды «3-тен» қарашы!
Математика патшасы:Төрттік балам келе ғой.
Әсемай: Шығады,қазір,»Төрт» енді,
Төңкеріп қалсам үстелді
Математика патшасы: Бестік балам келе ғой
Ахат: «Бестікке» қара,енді
Көзіңді байлай жөнелді
Айналып келіп алдыңда
«Екілік» шыға келеді.
Математика патшасы: Алтылық балам келе ғой.
Айша:Дөңғалақ сынды күлшеге,
Мүйізше қойдым мен неге?
Жеп қойдым,деп талпын ба,
«Алтылық» тұр ғой көрдің бе?
Математика патшасы: Жетілік балам келе ғой.
Толғанай: «Жетілік»-өткір шалғы ғой,
Шалғыңды,ал да,ора ғой.
Математика патшасы: Сегіздік балам келе ғой.
Әдемі:Бұл санға да ал үлгі
Қар адамы кәдімгі
Қыс түссе болды аулада
Келтіріп тұрар сәніңді.
Бір ғана саған тапсырма
Үшінші «Басты» жапсырма!
Математика патшасы:Тоғыздық балам келе ғой.
Қ.Ислам: Мәнділеу менің тұрағым,
Үш үшті алып жығамын.
Басымды төмен қаратсам,
«Алтылық» болып шығамын.
Математика патшасы: Ондық балам келе ғой.
Сол кезде Дымбілмес мен білемін деп өзі шығады.
Дымбілмес: «О» деген әріп ішінде,
Нем бар оның ішінде.
«Бірлікті» қойсақ қасына,
Он саусақ болар расында.
Жетпейді бұған қалғаны,
Аз емес,»оның салмағы».
Оқымысты мысық: Жарайсың Дымбілмес, барлық тапсырмалардан балалардың көмегімен жақсы өттің.Міне, саған білім кілтін ұсынамын,балалармен бірге сабақты жақсы оқып үлгілі бол.
Жүргізуші: Өсті ақыл,ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Тақпақтар: А.Ислам,Алихан,Әдемі,Әсемай.
Жүргізуші: Алда мектеп-ана бар,
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар,даналар.
Ән: «Біз мектепке барамыз.»
Жүргізуші: Қыдырамыз көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп,
Биде билеп береді.
Би: «Өзбек».
Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Тақпақтар: Толғанай,Данияр,Амандық,Қ.Ислам.
Жүргізуші: Таң атқаннан кеш батқанша,
Бірге жүрдім өздеріңмен.
Қызық күндер өтті міне,
Қоштасқымда келмиді.
Ән: «Қоштасу әні».
Жүргізуші: Бүгін қызық,бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әеге салып,би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.
Би: «Самбо».
Жүргізуші: Бірге болсын ойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Балалар біздің шаттана,
Тақпақ айтады шаттана.
Тақпақ: Али,Аслан.
Жүргізуші: Қандай ғажап күн бүгін,
Күміс-күлкің,жан-жағың.
Күлімдеген бар бала,
«Жігіттер» биін билейді.
Би: «Грузин» биі.
Жүргізуші: Мектепке енді барамыз,
Оқимыз,сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
Балабақшам бесігім,
Қайсысын айтып берейін.
Қабыл алшы гүлімді,
Сіздерге сыйлап кетейін.
Гүл беру: Тақпақтар: Айжан²,Дәурен,А.Ислам.Айша,Қ.Ислам,Әдемі.
Жүргізуші: Біз балдырған баламыз,
Көңілді өскен баламыз.
Шырқап әнге саламыз,
Тойымызға сән беріп,
Биде билей аламыз.
Би: «Вальс».
Жүргізуші: Өткізіп қызық күндерді,
Алты жасқа жеттіңдер.
Алуға терең білімді,
Мектепке енді кеттіңдер.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Ата-аналарға, сөз беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |