«Тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктің аумағында қолданылатын
ветеринариялық анықтаманы беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі заңдарына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысына, «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушысының 2009 жылғы № 761 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми жариялануын және Астана қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Әкім И. Тасмағамбетов
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы «29» желтоқсан
№ 102-133
қаулысына қосымша
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы түсінік
Ветеринариялық анықтама – ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органның ветеринариялық дәрігерімен, ветерианария саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте жануарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық жай – күй туралы берілетін құжат.
2. Жалпы ереже
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар» заңының 4 тармағы 9-1 бабына сай құрастырылған.
2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласы аумағында ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге уәкілетті атқарушы орган.
3. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет:
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 13) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесінің 4 бөлімі негізінде (бұдан әрі – Ветеринариялық құжаттарды беру ережесі)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысының 1 тармағы 7 тармақшасы негізінде көрсетіледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Ветеринариялық анықтаманы беру басқа органдардың қатысуынсыз жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
7. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан орны; Астана қаласы Сарыарқа ауданы Бейбітшілік көшесі,11, тел: 8 (7172) 555-485; факс: 55-72-87, E-mail: ushastana@mail.ru.
Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен ұсынылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібен жүргізіледі.
8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет ресурсында www.minagri.gov.kz және Басқарманың интернет ресурсында ushastana@mail.ru. және Басқарманың ғимаратындағы стендтерінде орналасқан.
9. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — тұтынушы) көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:
1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі;
2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
1) егер жануар, жануардан алынатын өнім және шикізат (бұдан әрі - объект) қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;
2) жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда;
3) жануардың жеке нөмірі болмағанда;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі;
5) осы Регламенттің 4 бөлімінің 15 тармағында көрсетілген құжаттар пакетінің толық болмауы негіз болып табылады.
12. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу кезеңі:
1)мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы регламенттің 15 тармағы 4 бөлімінінде көрсетілген керекті құжаттарды тапсырады.
2) мемлекеттік қызметті тұтынушының өтініші ветеринариялық дәрігермен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналына тіркеу күні көрсетіліп тіркеледі.
3) тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтама тұтынушыға жеке өзі не оның өкілі келген кезде беріледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдайтын адам саны бір адамды құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) сипаттамасы
14. Құжаттарды қабылдау Басқарманың кеңсесі арқылы, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағ. 9.00 ден 18.00 ға дейін, үзіліс сағ 13.00 ден 14.00 ге дейін алдын-ала жазылусыз жүргізіледі.
15. Стандарттың 2-бөлімінің 11-тармағында көрсетілген Мемлекеттік қызметті алға қажетті құжаттар және оларға қойылатын талаптар тізбесі:
1) жануарға ветеринариялық паспорт;
2) тері-жүн шикізатына, жануардың жеке нөмірі көрсетілген жапсырма міндетті түрде қажет;
3) ветеринариялық анықтама бланкі құнын төлеуін растайтын құжат.
Мемлекеттік қызмет тұтынушы не оның өкілі тікелей жүгінген күні көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ветеринариялық паспортты, бланкі құнын төлеуін растайтын құжат ұсынады.
Мемлекеттік қызметті тұтынушының өтініші ветеринариялық дәрігермен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналына тіркеу күні көрсетіліп тіркеледі.
Мемлекеттік қызмет ақылы жүзеге асырылады (тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманың бланкісін беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.
Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:
-
қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде - ақы төлеу туралы түбіртек;
2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде – төлем тапсырмасы.
16. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары жоқ.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде басқа мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар қатыстырылмаған.
18. Әкімшілік іс-қимылдардың (процедуралар) бірізділігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы Осы Регламенттің қосымшасында келтірілген. Ветеринариялық анықтама тиісті-әкімшілік аумақтың бірлігі шегінде беріледі және Ветеринариялық құжаттарды беру ережесінің 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Ветеринариялық анықтаманы беруге жауапты лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
______________________________________________________
Тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктің аумағында
қолданылатын ветеринариялық
анықтаманы беру мемлекеттік
қызмет регламентіне қосымша
1. Мекеменің атауы
|
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі
|
«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
АШБ-ның жауапты қызметкері
|
Мемлекеттік қызмет:
«Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру».
|
Тұтынушының өтініші жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында мемлекеттік қызмет алатын уақыты көрсетіліп тіркеледі. тұтынушының тіркелген күні жазылады.
4 бөлімінің тізбенің 15 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың болуын тексереді.
анықтама беруді жүзеге асырады
|
Орындау мерзімі:
|
Күні бойы
|
Достарыңызбен бөлісу: |