Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-тарау. Саламатты өмір салтын насихаттау және аурулардың профилактикасы



бет205/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

2-тарау. Саламатты өмір салтын насихаттау және аурулардың профилактикасы

5. Саламатты өмір салтын насихаттау және аурулардың профилактикасы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды (оларды теріс пайдалануды барынша азайтуды немесе және оларды дұрыс емес пайдалануды қоса) ұтымды пайдалану, тұрғын халықты санитарлық ағарту және аурудың профилактикасы бойынша осы Стандарт талаптарын орындаудың бір бағыты болып табылады.


6. Аурудың профилактикасы өмір сапасын жақсарту, аурудың туындау қаупін азайту, аурудың симптомдарын ерте сатысында анықтау, ауру қайталануын тойтару бойынша іс-шаралар қабылдау болып табылады.


7. Халықтың денсаулығын нығайтуға және аурудың профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін мыналар қажет:


1) халықтың денсаулығын нығайту және аурудың профилактикасы, сондай-ақ дәрілік заттарды оңтайлы қолдану және тағайындау мәселелері бойынша медициналық ұйымдармен өзара әрекеттесу және бағдарламаларға қатысу;


2) пациенттермен олардың өтініші бойынша жеке кеңестер өткізу;


3) дәріханаларда салауатты өмір салтын насихаттау туралы ақпараттық стендтердің болуы;


4) халыққа денсаулық мәселелері бойынша медико-санитарлық мазмұндағы ақпараттық брошюра және буклеттер жасап берілуі;


5) пациентті тиісті ақпараттандыру үшін құжаттаманың болуы;


6) қажетті анықтамалық әдебиеттің болуы;


7) фармацевтің тиісті кеңес беру бойынша кәсіби дайындығы болуы, сондай-ақ тесттің нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсету.


8. Ақпарат пациентке кәсіби этика талаптарын сақтай отырып, қолжетімді және түсінікті түрде беріледі.


9. Барлық жүргізілетін іс-шаралар құжатталады. Құжаттардың сақталуына жауапкершілік сапаға жауапты (өкілетті) тұлғаға немесе дәріхана меңгерушісіне жүктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет