Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


Тексерілген сынақ зертханаларының жыл сайынғы шолуларын дайындау бойынша Стандарттың орындалуын бақылау жөніндегі органдарға арналған нұсқаулық



бет27/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

Тексерілген сынақ зертханаларының жыл сайынғы шолуларын дайындау бойынша Стандарттың орындалуын бақылау жөніндегі органдарға арналған нұсқаулық

Келесі ең қысқа ақпарат уәкілетті орган үшін инспекторлар берген қысқаша шолуларды келісуге мүмкіндік береді:


1. тексерілген зертхана атауын көрсету: зертхананың (зертхананың, шетелдегі инспекцияны қоса, ол орналасқан қаланың және елдің атауы) екі мағыналы емес сәйкестендірілуі үшін жеткілікті ақпарат енгізіледі;


2. инспекциялар мерзімі және қорытынды: инспекцияның жүргізілген айы және жылы және тиісті жағдайларда Стандартқа сәйкестік мәртебесі туралы соңғы қорытындының шығарылған күні;


3. инспекцияны сипаттау: жүргізілген шаралар: Стандарттың сақталу инспекциясы және (немесе) зерттеу аудиті, стандартты немесе стандартты емес инспекция, инспекцияларға басқа органдардың қатыстырылуы нақты көрсетіледі;


4. тексерілген зертхана специализациясы: Стандартқа сәйкестік зертханалар жүргізген зерттеулермен байланысты болғандықтан, тексерілетін зертханалардың специализациясы жыл сайынғы қысқаша шолуды қамтиды, мысалы:


1) физикалық-химиялық зерттеу


2) уыттылығын зерттеу


3) мутагенділігін зерттеу


4) талдамалық және клиникалық химиялық зерттеулер


5) басқа зерттеулер, көрсету.


Зерттеулердің бұл түрлері белгілі бір жағдайға байланысты еркін режимде пайдаланылуы тиістігіне назар аудару керек және мақсаты басқа реттеуші органдарға пайдалы болатын осы стандартқа сәйкестігі туралы ақпаратты беру болып табылады.


5. Сәйкестік мәртебесі: Зертхананың сәйкестік мәртебесін көрсету үшін үш санат пайдаланылады:


1) сәйкес келеді


2) сәйкес келмейді


3) аяқталған жоқ (себебін көрсетумен).


"Аяқталған жоқ" термині әртүрлі түсіндірілуі мүмкін болғандықтан, оны қолдану шолудағы түсіндірмелермен қатар жүреді. Мұндай түсіндірмелер, мысалы, "екінші қайтара инспекциялау аяқталған жоқ", "зертханадан алынған кейінге қалдырылған жауап", "әкімшілік шара аяқталмаған" және т.б. дегендерді қамтуы тиіс.


6. Түсіндірмелер: Қажет болғанда қосымша пікірлер берілуі тиіс.


7. Күрделі ауытқулар: Тексерілген зертханалардың жыл сайынғы шолуларында аудит нәтижесінде осы Стандарттың орындалуынан күрделі ауытқулар анықталған және салдарынан реттеуші орган жарамсыз деп тапқан жекелеген зерттеулер туралы хабарланады. Көптеген зерттеулер бір мезгілде түрлі елдердің реттеуші органдарына жіберіле алатындықтан, бұл ақпараттың жыл сайынғы шолуға қосымша ретінде мүмкіндігінше тезірек реттеуші органдар арасында таралуы ұсынылады.


8. Сәйкестігі туралы қорытынды: Уәкілетті органдар сәйкестігі туралы қорытынды жіберген кезде онда жыл сайынғы шолудағыдай терминология мен санаттар пайдаланылады.


9. Жыл сайынғы шолуларды тарату: Шолулар сұрату бойынша уәкілетті органның шешімімен қоғамға ұсынылады.



Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 4 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-15
Бұйрығына 2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет