«Стандарттау, метрология және сертификаттау»



бет1/5
Дата09.06.2016
өлшемі394 Kb.
#125095
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042–14.1.04.01.20.57/03 -2009




ПОӘК

«Сапа аудиті» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар


26.09.2009 ж.

№ 2 басылым




050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»


мамандығының студенттеріне арналған

«Сапа аудиті» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей

2009




Мазмұны





1

Дәрістер

3

2

Тәжірибелік сабақтар

20

3

Студенттердің өздік жұмысы

22


1 ДӘРІСТЕР
№ 1 дәріс

Тақырыбы: Кіріспе

Дәріс жоспары:

1 Курстың мақсаттары мен қарастыратын мәселелері

2 Сапа, сапаны басқару, сапа аудиті жөнінде мәліметтер


1 «Сапа аудиті» курсы сапаны басқару бойынша мамандарды дайындауға арналған. Бұл оқу пәні сапа менеджмент немесе экологиялық менеджмент жүйелеріне ішкі және сыртқы аудит жасауда негізгі ережелерін түсінуді қалыптастыруға арналған арнайы курс ретінде оқу бағдарламасына кіреді. ИСО 19011-2003 стандартына сай сапа менеджмент жүйесінен ауытқуларды табу әдісі болып аудит табылады. Сапа аудиті жүйелі және тәуелсіз зерттеу түрінде жүреді, яғни сапа саласында әрбір қызмет жоспарланған талаптарға сай және осы талаптар қойылған мақсаттарға жету үшін тиімді қолдану жарамдылығы тексеріледі.

«Сапа аудиті» пәнін оқытудың мақсаттары болып келесілер табылады:



  • сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелеріне аудитті жүргізуде принциптерін түсіну және олар бойынша студенттерде теориялық білімдер қалыптастыру;

  • аудит бағдарламаларын, сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелеріне ішкі, сыртқы аудиттерді жүргізуді ұйымдастыру;

  • аудиторлардың құзыреттілігін бағалауды үйрену;

  • аудиттерді жүргізген кезде сапа менеджмент құжаттамаларының талдауына дағдыларды қалыптастыру;

  • 9000 сериялы ИСО стандарттарын және сапа менеджмент мәселелері бойынша арнайы әдебиеттерді меңгеруді үйрену.

Қарастырылатын курс менеджмент теориясының негізгі ережелерінің логикалық жалғасы болып табылады.

Сапаға қатысты терминдер:



Сапа – бағытталуына сай белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын себептейтін өнім қасиеттерінің жиынтығы.

Талап – орнатылған немесе міндетті болып саналатын қажеттілік.

Сапаны басқару – сапа бойынша талаптарды орындауға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Сапаны жақсарту - сапаға қатысты талаптарды орындауға қабілеттілікті көбейтуге бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Сапаны қамтамасыз ету – сапаға қойылатын талаптар орындалады дегенге сенім туғызатын сапа менеджментінің бөлігі.

2 Сонымен аудит саласында келесі түсініктер кездеседі:



  • аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың өзін өзін реттейтін бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым;

  • аккредиттеу – уәкілетті органның «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңында көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы;

  • аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептелік жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру;

  • аудитор – Біліктілік комиссиясы аттестатталған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;

  • аудиторлық есеп – жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат;

  • аудиторлық қазмет – қаржылық есептілігі мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

  • аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым;

  • аудиттелетін субъект – қаржылық есептілігі және өзге де ақпараты бойынша аудит жүзеге асырылатын заңды тұлға;

  • аттестаттау – Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтауы;

  • Әдеп кодексі – аудиторлардың кәсіби қызметінің әдеп ережелері жиынтығы;

  • көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп – аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пікір жазылған аудиторлық есеп;

  • серіктес – аудиторлық ұйымның аудиторлық жобаға басшылық жасайтын және оның нәтижелеріне дербес жауапты болатын өкілі;

  • ұйымдардың стандарттары – аудиторлық ұйымның аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптар белгілейтін ішкі құжаттары;

  • уәкілетті мемлекеттік орган – аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

    1. Курстың мақсаты неде?

    2. Сапа дегеніміз не?

    3. Талап дегенді қалай түсінесіз?

    4. Сапаны басқару дегеніміз не?

    5. Сапаны қамтамасыз ету дегеніміз не?

    6. Аудит деген не?

    7. Аудитор дегеніміз не?

    8. Аудиттелетін субъект дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңы (1998 жылдың 20 қарашасынан).

  2. ИСО 19011-2003 Сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйелеріне аудитті жүргізу бойынша басшылық нұсқаулары

№ 2 дәріс



Тақырыбы: Аудиторлық қызмет туралы ҚР заңы

Дәріс жоспары:



  1. Аудитті жүргізу принциптері

  2. Үкімет пен аудит саласындағы уәкілетті органның құзыреттілігі

  3. Аудиторлық ұйымдар

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1998 жылдың 20 қарашасында басылып шықты. Бұл заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конситуциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.

Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мынадай қызметтерді де көрсете алады:



  1. аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтер;

  2. бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау;

  3. ішкі аудит;

  4. салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру;

  5. ұйымның статистикалық есептілігін жасау;

  6. қаржы шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық кеңес беру;

  7. бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша кеңес беру;

  8. бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту;

  9. бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету;

  10. бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржы шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау жөнінде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтерді көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу;

  11. аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету;

  12. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы данындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттің Қазақстан Республикасынң заңнамасына қайшы келмейтін ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық есептілік аудитіне ілеспе өзге де қызмет түрлері.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметінің бейініи бойынша жекелеген қызмет түрлерін көрсету тиісті лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл қызметтерді көрсетуге құқылы емес.

Аудиторлық ұйымдарға өз қызметінің бейініне жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.

Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар:


  • тәуелсіздік;

  • объективтілік;

  • кәсіби құзыреттілік;

  • құпиялылық;

  • адалдық;

  • ұйымдардың стандарттарын және Әдеп кодексін сақтау;

  • аудиторлық қызметтің халықаралық аудиторлық практикаға сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де принциптері.

Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттің жазбаша рұқсаты бар ұйымдар мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланған халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

2 Қазақстан Республикасының Үкіметі:



  1. аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік рететуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;

  2. егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды.

Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган:

  1. міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді, ал қаржылық ұйымдардың міндетті аудитіне қатысты біліктілік талаптарын – қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекітеді;

  2. кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекітеді;

  3. кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді;

  4. аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін бекітеді;

  5. аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

  6. аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оны кері қайтарып алу, қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

  7. аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бекітеді;

  8. Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекітеді;

  9. аудит стандарттарын тарату үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;

  10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіби ұйымдардыңқызметін тексеруді жүзеге асырады;

  11. кәсіби ұйымдарды тексеруді жүзеге асырудың тәртібін айқындайды;

  12. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы сақталмаған жағдайларда кәсіби ұйымдарға ескерту жасайды;

  13. кәсіби ұйымдардың есептілік тізбесін, нысанын және оны табыс ету мерзімділігін айқындайды;

  14. басқа мемлекеттік органдармен, кәсіби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзара іс қимыл жасайды.

Аудитор аудиторлық қызметті бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.

Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.

Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық құқықтық нысанында құрылады.

Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесі Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымға мүшелігімен расталса немесе оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемелкеттің құзыретті органы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.

Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды – Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиіс.

Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторларға және шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес жүз пайыз болуға тиіс.

Аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясы кері қайтарып алынған аудиторлық ұйымға жетекшілік еткен аудитор лицензиясын кері қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жыл бойы аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.

Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның – Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды.

Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:


  1. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде қатынастарды қандай заң реттейді?

  2. Заңның құрылымы мен мазмұнына қысқаша сипаттама беріңіз?

  3. Аудитті жүргізудің принциптерін атаңыз.

  4. Аудиторлық қызмет саласында ҚР Үкіметінің құзыреттілігін атаңыз.

  5. Аудиторлық қызмет саласында уәкілетті органның құзыреттілігін атаңыз.

  6. Аудиторлық қызметті лицензиялау дегенді қалай түсінесіз.

  7. Лицензияны қайтаруға негіз болып не табылады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңы (1998 жылдың 20 қарашасынан).

  2. ИСО 19011-2003 Сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйелеріне аудитті жүргізу бойынша басшылық нұсқаулары

№ 3 дәріс



Тақырыбы: Аудиттің негізгі құрамдары мен принциптері

Дәріс жоспары:

1 Аудиттің түсінігі

2 Аудиттің негізгі құрамдары

3 Аудиттің негізгі принциптері
1 Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түінікке әр түрлі анықтамарлар берілген. Әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық.
СНГ авторларының «аудитке» берген анықтамалары:
Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын көреміз. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол Аудиторлық қорытынды туралы. Себебі, қандай да бір аудиторлық қортынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көрсеткен объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге құқылы.
Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексеру немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуімен оның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады.

Көптеген авторлар «шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері» деген сөз құрамын көп келтірген. Біздің ойымызша бұл түсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның «шаруашылық-табыстылық көрсеткішімен» байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторларды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір Англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтердің дұрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген.


Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясынды “Аудит – ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” – деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордың ойын қорытындылайтын болсақ, англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көрсетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғары деп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз.
Белгілі, АҚШ-тың аудит теориясын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда айтылған “мәліметтік күдік” – деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп, аудит тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәлімет пайдаланушылардың кәсіпкелігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол “Мәліметтік күдікті” бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз падалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап көрсеткен.
Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор “кәсіпкерлік күдік” – деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығындағы күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму жолындағы кауіптілігі деп түсінуге болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі, салық төлемінің толқымалығы немесе көбеюі, сату процесіндегі бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуіл жасауы мен тағы басқа көптеген себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын “кәсіпкерлік күдіктің” мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз шаруашылығын жүргізу үшін тиімді шешім қабылдай алады. “Кәсіпкерлік күдік” аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді.
АҚШ-тың аудит мамандары Э:А. Аренс және Дж. К. Лобск өздерінің жазған оқулықтарында мынадай анықтама береді: “Аудит ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздіқ жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру”. Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы сонғы анықтама басқаларына карағанда біздің ойымызша аудитті толық қарастырған сияқты
К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: “аудит – дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде түсініктеме қызметін атқару ” – деген. Автордың ойынша осы анықтамада аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден – тәуелсіз дербестігі көрсетілген, үшіншіден – аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның қатшылық жағдайы анықталып, даму жолына сәйкес ұсыныстар берледі, төртіншіден – аудиттің консалтингтік қызмет көрсету жағы айтылған.
Біздің ойымызша, «аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» - деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі – объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы бірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады.
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты.

2. Аудиттің негізгі құрамдары.

Аудиттің мазмұнына қарастыру қарастыру барысында оның нақты құрамы айту қажет. Олар мыналар :
1. шаруашылықтағы субъект;
2. мәлімет;
3. аудитордың мамандығы ;
4. фактілерді жинау және бақылау;
5. аудит стандарты;
6. аудитор ақпараты, есебі;
Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет .
1. Шаруашылықтығы субъект. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметірлері құрайды.Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі , мақсатты қарастырылыуы қажет. Мысалы, заң субектілері немесе
эканомикалық объектіге қосылмайтын мәлімет жүйесі.
2. Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәлімет қарастырады. Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін;
1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен;
2) ақпарат дұрыс жасалмағандықтан .

3. Аудитордың мамандығы. Аудит жүргшізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы, білгір адам болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп, қортынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет.


4. Фактілерді жинау және бақылау. Аудитордың негізгі мақсаты ол - фактіні жинау. Себебі сол фактілер арқылы ол өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды.
5. Аудит стандарты. Жиналған фактілер, мәліметтер өз кезегінде бір жүйеге келтірілуі қажет. Оған негіз аудит стандарты. Стандарт дегеніміз мәліметті бір жүйеге келтіру әдісі немесе нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру.

6. Аудитор ақпараты. Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру барысында анықталған кемшіліктердің


мазмұнын, өзінің аудиторлық қортындысын ақпаратында көрсетеді.
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген аудиттің міндетті құрамын қарастырмай, нақты аудит жүргізу мүмкін емес. Аудиттің міндеті мен мақсаты толық орындау үшін оның принціптерін білу қажет.

3. Аудиттің негізгі принциптері

Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізледі.
1. Ғылыми негізделігі. Аудиттің ғылыми негізгі оның методалогиасының диалектиалық әдісімен дамиды. Эканомика теориасындағы объективтік шындықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлденген болуы қажет. Аудит
қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын құрайды.
Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады.
Мысалы, аудитте эканомикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қортынды жасау. Сондықтан да аудит фирмалардың басшылығы зерттеу жұмысын, тәжирибесін игерген ғалымдар.
2.Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болу керек. Ол өзінің аудиторлық қортындысына кәсіпорыннның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қортындысы ешқандай күндіктенбеушілікке немесе сенбеушілік жол бермейтін дәлелді болу қажет.
3. Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше дербес деп танылған. Оған себеп ол бірінші ден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол төлем алуына алдын тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол онда төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім -шарт бойынша анықтайтыны тек қана шындық.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысына арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министірлігі, аудит платасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет.
4. Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы біліуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп іс жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпеиінше ешқандай қорытынды жасамауы керек.
5. Сенімділік, сөзге берік болуы (конфиденциальность)
Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиалығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана хабарландыруға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы.

6. Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез, тианақты орындаудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру. Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Бірінші, аудит жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытымен есептелінеді.



Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Аудитке әртүрлі авторлар қандай анықтама берген?

2 Аудиттің құрамдарына не жатады?

3 Аудиттің негізгі принциптерін атап шығып, оларға сипаттама беріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңы (1998 жылдың 20 қарашасынан).

2 ИСО 19011-2003 Сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйелеріне аудитті жүргізу бойынша басшылық нұсқаулары

3 Сәтмырзаев Асан Абдасбекұлы, Уқашев Бақыт Еркінбекұлы.


Аудит теориясы; оқу құралы – Алматы Р.Б.К 2000ж
4 Сәтмырзаев Асан Абдасбекұлы, Уқашев Бақыт Еркінбекұлы.
Аудит теориясы; оқу құралы Ұлағат университеті Алматы 1998ж
   № 4 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет