Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережесін бекіту туралы



Дата24.06.2016
өлшемі267.88 Kb.
#156560
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 07.05.2010 15:45:41
Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 746 Бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Қ.А. Мейрембеков):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;



2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м.а.                                 

М. Оразаев

 

Қазақстан Республикасы      



Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.

2008 жылғы 5 желтоқсандағы    

746 бұйрығымен бекітілген



 

 

Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы

құрылыстарын пайдалану

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы

құрылыстарын пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану тәртібін анықтайды.

2. Осы Ереже су тартуды, су беруді, су таратуды, су шаруашылығы



құрылыстарын дұрыс және жұмыс қалпында ұстауды ұйымдастыру жөніндегі

мәселелерді реттейді.

3. Бұл Ережеде келесі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:



ағысқа бағыттаушы жүйе - тасындылардың көп мөлшерін ағызып әкелетін өзен арнасын реттеу кезінде пайдаланылатын құрылыстар;

анжыр - суда немесе су айдынының бетінде үгілмелі мұздың жиналуы;

гидрометриялық бекет - жүйелі гидрометрикалық бақылауды жүргізуге қажетті құралдармен және жарақтармен жабдықталған су нысанындағы бекет;

дюкер - сутартқыш, әдетте сорғылармен жарақталған, кедергілерді өту (басқа өзеннің арнасын, терең жыраны немесе темір жол балкаларын) үшін арналған;

жабық құлақарық желісі - жер асты құбырлар жүйесі немесе мелиоративтік жерлеріндегі қуыстар;

кәріз - жасанды жер асты ағын су (құбыр, ұңғыма, қуысы) жер асты - топырақ суларды жинау және бұру үшін және топырақтың ауалануы, жол үймелеріннің негізін, құрлыс территориясын құрғатуы үшін;

кептелу - сең жүру кезінде өзен арнасындағы мұздардың үйілуі, қиып өтуін төмендетеді және осыған байланысты судың деңгейі жоғарлайды;

қойыртпақ - ұсақталған пайдалы қазбалардың су қоспасы;

кольматаждау - ұсақ бөліктерінің шөгінділері, олар каналдың түбіндегі саз немесе тұнбалар, нәтижесінде олардың су өткізу мүмкіншілігі төмендейді;

қопару бөгетше - бөгетшенің бір түрі, ауыл шаруашылығы егістерді, объект территорияларын су басудан қорғау, су қоймалардың санитарлық жағдайын жақсарту үшін, гидроқоспалардың ағу зонасын оқшаулау (сумен жуу учаскісі аумағынан тыс ағуын алдын алу) үшін;

науалы құлақарық желі - су өткізгіш науалар желістері және олардан қайтатын құлақарықтар, суды суғару көзінен суғару массивтеріне тасымалдаушы үшін арналған;

репер - геодезиялық белгісі, орналасу жерінде орынды белгілейтін және бекітетін, оның биіктігін теңіз деңгейінен невелирлеп анықтайды;

сеңнің тоқтатуы - анжырдың үйілуі, өзен арнасындағы майда ұрылған мұздар, ойқы-шойқынысының көбейуін, су қимасының сығылысуын тудыратын және соған байланысты судың деңгейі жоғарлайды;

сифон - жабық су тартқыш, учаскінің пьезомериялық жолағынан жоғары;

тасынды - су қашыртқылар мен арналардың эрозиясының және су айдындарының жағаларының желміруінің себебінен пайда болатын және өзендерде, көлдерде, теңіздерде ағыстармен тасымалданатын қатты бөлшектер;

тарнау - елді мекен пункттеріне, құлақарық және гидроэнергетикалық жүйелеріне олардан жоғары орналасқан көздерінен суды беру үшін су тартқыш.

 

 

2. Құлақарық жүйелерінде су пайдалануды және суды



есепке алу ұйымдастыру тәртібі.

 

4. Құлақарық жүйелерінің суды алуға, оны аймақтарға, тораптарға, каналдар мен ауыл шаруашылығы су пайдаланушылар арасында үлестіруге дайындығы суғару мезгілі алдында су шаруашылығы ұйымдары бассейндік инспекциялармен бірлесіп құрған комиссиялармен тексеріледі.

5. Су шаруашылығы ұйымдары құлақарық жүйелерін суғаруды бастамас бұрын қызмет көрсету жұмысшылары мен ауыл шаруашылығы су пайдаланушылармен нұсқаулы кеңес өткізеді.

6. Автоматтандырылған құрылыстарды пайдалану орталықтандырылған диспетчерлік басқару арқылы жүзеге асырылады.

7. Ауылшаруашылық су пайдаланушылары мен құлақарық жүйелерін пайдалануын жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымдары арасында су беруі туралы келісім-шарт жасалады.

8. Суды бөлу пунктерінде су өлшеуіштер немесе гидрометриялық бекеттер орнатылады.

9. Төтенше жағдайлар кезінен басқа кезде, суғармалау көздерінде су көп болған жағдайда құлақарық жүйелеріне жоспардан асыра су беруге рұқсат етілмейді.

10. Құлақарық жүйелерінен суды алу үшін жаңа бас тоғандардың

(сужібергіштер) құрылысы, уақытша сорғы стансаларын және тағы басқа

құрылғыларды орнату бассейндік инспекциялардың - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік атқарушы органның келісімінен кейін ғана рұқсат етіледі.

11. Суғару жүйелеріндегі судың есебін, гидрометриялық бекет желілерімен су өлшеу және жабық суғару желілеріндегі бекітіліп орналасқан өлшеу құрылымдардың көрсеткіші арқылы есепке алынады.

12. Ауылшаруашылығы су пайдаланушылары гидрометриялық бекеттерді орнату жайлы жазбаша өтініш жасаған жағдайда құлақарық жүйелерін пайдалануды жүзеге асырушы су шаруашылығы ұйымдары ауылшаруашылығы су пайдаланушылары есебінен оларды орнату және бақылау ұйымдастыру мен қызмет көрсету жөнінде техникалық көмек көрсетеді.

 

 

3. Басты бас тоған құрылымдары



 

13. Жүйелі бақылауды жүргізу үшін басты бас тоған ғимараттары гидрометриялық бекеттермен, бас құрылымнан жоғары және төмен өлшеуіш тұстамаларымен, тіреу реперлерімен және маркаларымен, құрылым жағдайын, максималды, қалыпты, минималды су деңгейін белгілеп отыратын, сонымен қатар тежеу қисығының таралуын анықтайтын, шайылу мен қопарылуға қатысты аса қауіпті шекараларының белгілерімен жабдықталады.

14. Басты бас тоғанды ағысқа бағыттаушы жүйемен жабдықтағанда учаскіде қозғалатын шығыр құралы орнатылады және де маневрлеу жұмыстары кезінде техника қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

15. Суғару жүйелерінің тұндырғыштары басқару құралдарымен және камерадағы тасындының шөгінді көлемін, судағы тасындының және тұндырғыштан шығарылатын қойыртпақты болуын анықтауға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталады.

16. Басты бас тоғандағы құрылыс және жөндеу жұмыстары, құлақарық жүйесіндегі бекітілген су беру графигіне сәйкес жүргізіледі. Осы жұмыстардың орындалуы кезеңі су пайдаланудың жалпы жүйелік жоспарын құрған кезде ескеріледі.

17. Құлақарық жүйелерінің басты бастоған құрылыстары түнгі уақытта жарықпен, ал су бетіндегі ілініп тұрған алаңдар мен ғимарат ойығы қоршаумен қамтамасыз етіледі. Қысқы уақытта қызмет көпірлері, алаңдар және ашық баспалдақты торлар қар мен мұздан тазартылады.

18. Өзенде анжыр болған жағдайда оның каналға ағып келуін болдырмау жөніндегі шаралар қолданылады. Каналға анжырдың түспеуін алдын-алу мүмкін болмаса, жоғары тұрған ұйымдардың рұқсатымен бас каналға су беруді тоқтату керек немесе анжырдың қарқынды келіп түсу қауіпі келтірмейтін деңгейге дейін жеткізу керек.

19. Құлақарық жүйелерінің барлық құрылымдарында қолайлы орында орналасқан, құтқару құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

20. Басты бас тоған құрылымдарында су тасқыны, анжыр, сең жүру өтіп жатқан кезінде тәуілік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

21. Басты бас тоған құрылымдарын күту мен дұрыс пайдаланудың барлық талаптары оның пайдалануы, қызмет көрсетушілерімен уақытылы және толық көлемде орындалады.

 

 

4. Каналдарды, бөгендерді, гидротехникалық



құрылымдарды пайдалану.

 

22. Барлық су шаруашылығы құрылыстарында олардың жағдайын жүйелі бақылау, жұмысындағы ақауларды уақытылы анықтау, тиісті жөндеу іс-шараларын белгілеу, болуы мүмкін апаттарды болдырмау және пайдалану шарттарын жақсарту мақсатында бақылау сыртқы бақылау жүргізіледі.

23. Құрылымның тік және көлденең қозғалуын бақылау геодезиялық тәсілдермен іске асырылады.

24. Төтенше жағдайлар туындауы мүмкін аумақта орналасқан каналдар мен құрылыстар үшін тұрақты бақылау жасалады.

25. Тораптың жоғарғы және төменгіде бьефтерінің арнасы қайта құрылуын бақылауға арналған жағалауда реперлер бекітілген промерленген тұрақты жармалар соғылады. Промерленген жарма бойынша арнаның көлденең қимасы жылына сутасу мен сутасу өткеннен соң 2 рет түсіріледі. Жармадағы бақылау промерлері әдетте әкелуші арнаның гидравликалық шайылу басында және аяғында жүргізіледі.

26. Тораптың бақылау және зерттеу кезіндегі мәндері журналдарға енгізіледі.

27. Барлық су шаруашылығы құрылыстары және олардың құрылғылары,



механизмдері және жабдықтары бекітілген жобалық құжаттарға және

техникалық шарттарға сәйкес жұмыс күйінде ұсталады.

28. Су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезінде анықталған барлық ақаулар және зақымдар журналға жазылады және оларды туындатқан себептермен бірге комиссия қорытындысының актісімен белгіленген мерзімде жойылады.

29. Су шаруашылығы құрылыстарын пайдаланғандағы және олардың жабдықтары мен конструкцияларына талаптары, параметрлері мен жұмыс реті, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өкілетті органның келісімімен бекітілген пайдалануы бойынша нұсқаулықта көрсетіледі.

30. Каналдар мен гидротехникалық құрылымдардың жұмыс



қабілеттілігі мен техникалық түзу жағдайының негізгі көрсеткіштері болып мыналар табылады:

1) қамтамасыз етілген жобалық өткізу мүмкіншілігі:

2) сүзілу және пайдалану-техникалық суды жоғалтудың минималдығы:

3) каналдардың тұнбалануы, балдырлануы, қопарылуы мен шайылуы, сонымен қатар тиіп тұрған аймақтарда сүзілген судың басуының болмауы;

4) төменгі бьефтердің, гидроқұрылымның қабырғаларының артындағы бостықтың шайылуы болмауы;

5) қалқанша құрылғыларының, көтергіш механизмдерінің, автоматика құралдарының, телемеханика мен байланыс жұмысының үздіксіздігі;

6) каналдарда жобада көрсетілмеген сорғы стансаларының, су бөлу нүктелерінің, өткелдерінің, көпірлердің және басқа құрылымдардың болмауы;

7) нысанды тиісті жайластыру және ұстау.

31. Канал бөгетшесінің жылдамдатылған су деңгейінен асуы мыналардан кем емес анықталады:



            шығын, м3/с                     артық, м

            кем емес 1,0                      0,20

               1-20                           0,30

               10-30                          0,40

               30-50                          0,50

               50 ден аса,                    0,60

Каналдағы максималды және минималды су жылдамдықтары, тасындыларды тасымалдауын және каналдың шайылмауын қамтамсыз ететін аралықта болады.

32. Беткей сырғуы болдырмау үшін, каналдарды сумен толтыру мен босату біртіндеп жүзеге асырылады. Жеке өткізу немесе су шығынының кемуі аралығының мөлшері 2 сағаттан кем болмауы қажет, ал шығынның өзгеруі шаруашылық каналдар үшін 20% көп, шаруашылық аралық каналдар үшін 10%.

33. Каналдардағы судың жылдамдығы канал беткейлері мен түбінің шайылуын және тасындылардың жиылуын болдырмайтын көлемде ұстап отырады, шөгінді қоқыс мұз қабаттары пайда болған жағдайда судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етіледі. Ең жоғарғы және ең төменгі судың жылдамдығы төменде орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін ескере отырып жергілікті шарттарға байланысты анықталады.

Су көлемінің күрт өзгеруі болуы мүмкін туралы жағдайды жергілікті атқарушы орган және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы және су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдар алдын ала хабарландырылады.

Төменде орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.

34. Каналдан малдарды суғару, өткелдер, тракторлар мен



автомашиналардың жүріп өтуі осы мақсатта арнайы жабдықталған жерлерінде жүзеге асырылады.

35. Бөгетшелерде, бермаларда және канал беткейлерінде, канал



арналарының кұрылғыларында, қандайда бір мойнақта, бөгесінде, қазылған жерлерінде және басқа құрылыстарында мал бағуға тыйым салынады.

36. Коллекторлы-кәріздеу желісі тасқорымнан, топырақ пен тасындылар сырғымаларынан, сондай-ақ кәріз суларының еркін ағысына кедергі болатын өсімдіктер мен жүзіп жүрген заттардың үйінділерінен тазартылады.

37. Жабық құлақарық және кәріз жүйелерінің лайлануы мен ластануын болдырмау мақсатында шолу құдығы, ұңғыма және кәріз сағасы арқылы оны жүйелі түрде сумен шаю және бақылау жүргізіледі.

38. Жабық және науа құлақарық желілері өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінің соңында су қалдықтарынан босатылуы және қыс мезгілінде жабық құбырлар және науа желісіндегі судың жиналуын болдырмайтын шаралар жасалады.



Каналдардың қаптауына, сүзілуге қарсы үлдірлі бүркемелеріне және науа жүйелерінің шөгінді тіреулеріне мұқият бақылау ұйымдастырылады.

39. Суды жоғалтумен күресінің бірінші кезектегі пайдалану шараларына:



1) ауыл шаруашылығы су тұтынушыларына тәулік бойы суару мен суды беру шоғырландырылған ағыспен жүргізу;

2) артық су шығындарын каналдарға беруі және алуына жол бермеу;

3) сумен шаюды, суаруды, және құлақарық мөлшерлерін қатал сақтау;

4) құлақарық жүйелерінде жылдың суармайтын кезінде жұмыстарды барынша шектеу;

5) ауыл шаруашылығы су тұтынушыларына суды болу нүктелерін кеміту мүмкіндігі, дұрыс бас тоғандарға қатаң есеп пен бақылау ұйымдастыру;

6) қалқанша құралдарынан судың ағып кетуіне және судың одан қайта құйылуына жол бермеу;

7) каналдардың жұмысын командалық деңгей үшін пайда болған, тежеу сандарының минималдылығымен қамтамасыз ету;

8) каналдардың балдырлануы мен лайлануына жол бермеу;

9) құмды, жұмыртас және баска да жеңіл грунттан өтетін каналдардың жасанды кольматажын өткізу;

10) коллекторлы-кәріздеу желістеріне транзит құлақарық суларының қашыртқысына жол бермеу жатады.

40. Суды жоғалту күресінің пайдалану-құрылыс шараларына:



а) құлақарық каналдарының тарнзиттік телімін ұзақтығын қысқарту және олардың қажетті қимасы мен еңістіктерін қолдау;

б) сүзілген судардың тойтарылған жерлерінде канал бөгетшелерін

күшейту;

в) үлестірілу желісіндегі тәулік бойы суды реттеу су қоймаларының құрылысы және транзиттік каналдарға судың бөліну нүктелерін кеміту;

г) каналдардың түбі мен беткейлерін тығыздату;

д) саз балшықты қалқан мен киім құралдары;

е) асфальтті, бетонды және үлдірлі қаптау құралдары;

ж) каналдарды жасанды сортаңдау;

з) жер каналдарын науа мен құбыр желісіне алмастыру жатады.

Пайдалану және пайдалану-құрылыс іс-шаралары техника-экономикалық талқылау және жобалық шешімдерінің негізінде қолданылады.

41. Каналдардағы үлестіру тораптары суөлшеуіш құралдарымен



жабдықталады. Тораптың понурлық бөлік қабырғаларында су деңгейінің катастрофалық қызыл сызығы жүргізіледі. Су деңгейін қызыл сызықтан асыруға рұқсат етілмейді.

42. Тарнауларда, сифондарда, дюкерлерде, құбырларда және басқа да құрылымның кіру саңылауларында жүзіп жүрген заттарды ұстап қалатын жабдықтар мен қоршаулар болады. Осы құрылымдарды пайдаланған кезде оның кіру бөлігінде тежеуіштердің болмауына ерекше көңіл бөлінеді.

43. Шаруашылық аралық (аудандық) маңызы бар суғару каналдардың бойымен реперлер мен шақырымды белгілер және пикеттермен қатырылған қозғалтқыш желілері салынады. Репердің орналастыру орны оның сақталу және көріну есебімен таңдалады.

Репер ретінде гидротехникалық құрылыстарының, көпірлердің, ғимарат цокольдерінің тіреулері пайдаланылады.

Әрбір торап құрылымдарында тұрақты репер орнатылады.

44. Каналдар мен құрылымдарға, әсіресе қауіпті телімдерде, жүйелі бақылаулар орнатылады, байқау мен бақылау нәтижелелері журналдарда жазылады.

45. Жұмыс жарақтары мен гидротехникалық құрылымдардың темір конструкциялары, негізгі, жөндеу және авариялық жапқыштар мен кедергілер, торлар, көтергіш механизмдер мен жабдықтар, транспорттық құралдар, жылытқыш құрылғылары, автоматты басқару аппараттары олардың толық сақтығы мен дұрыстығың кепіл ететін тиісті ретімен ұсталады.

46. Су шығынының есептік және авариялық максималды өткізу кезінде тіректермен маневрлеу, тек қана гидротехникалық құрылым торабының жұмыстарына жауапты тұлғаның тікелей қадағалауымен іске асады.

47. Қажетті ылғалданбаған аймақтағы су қоймалар, өзен ағысын реттеу негізінде суғармалау үшін қызмет атқарады.

Су қойманың оны кешенді пайдаланған кездегі жұмыс тәртібі, бекітілген графигі бойынша іске асады.

Су қойманың жұмыс тәртібі су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өкілетті органмен бекітіледі.

48. Қарқынды тасқын болжанғанда тасқынның алдын алу үшін келетін ағын суды су қойманың сыйымдылығының бөлігіне жұмыс істету керек.

49. Су қоймалардың және таянып тұрған бьефтердің тұнбалануы мен қоқыстануы мөлшеріне және осыған байланысты тежеу қисығының және сумен шайылу, су басу ауданының ұлғаю мөлшеріне қарай, жер үсті және жер асты суларының тежеу қисығының тойтарылу аймағында әсіресе орта және кіші су қоймаларында және таянып тұрған бьефтерінде төмен арналы гидротораптарда эксплуатациялық бақылаудың және зерттеулердің көлемін көбейту қажет.

50. Су қойманы пайдаланған кезде құрылымның және оның бөлек бөлшектерінің шөгуіне, тігістердің бұзылуына, жарықтың пайда болуына, қаптауыш пен сыртқы қабат бекітпелерінің талқандалуына, құрылым негізінде және айналып өтетін сүзілу кәріздеу құрылғыларының жұмысына, арналардың деформациясына, жағалаулардың қайта өңдеуін және тиіп тұрған аумақтардың су басуына қатысы барлық құрылымдарға қатаң бақылау жүргізу қажет.

51. Су торабы құрамына кіретін гидротехникалық құрылымдар мен су қоймаларды пайдалану және қалыпты күйде ұстау осы ержелер бойынша іске асырылады.

 

 

5. Құлақарық жүйелеріндегі сорғы стансаларын пайдалану



 

52. Сорғы стансасының жұмыс істеу тәртібі су беру графигіне максималды жақындатылуы қажет және оған негізгі сорғы агрегаттарын қосу және өшіру графигі, сонымен қатар су берудің мүмкін болу тапшылығы бойынша оперативті шаралар жатады.

53. Жер үсті ағын суларынан су тартуды іске асырушы бас сорғы стансаларында дайындаушы-зауыттың техникалық шарттарына сәйкес келетіндей, сорып алатын судың тазалануы қамтамасыз етіледі (судың тұнықтығына және тасындылардың ірілігіне байланысты).

54. Әрбір басты сорғы стансаларында немесе стансаларда, үлестіру каналдарына ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына су беруді немесе құрғатылатын немесе қорғалатын территориясынан су бұруды іске асырушы, сорып алынған су көлемінің нақты есебі ұйымдастырылады.

55. Энегетикалық және гидромеханикалық жабдықтарға қызмет корсету үшін сәйкес құжаттары мен арнайы дайындығы бар тұлғалар жіберіледі.

56. Сорғы стансасында журналдар, баулы кітаптар және негізгі және қосалқы жабдықтарды пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаунамаларға сәйкес басқа құжаттар үнемі жүргізіледі.

57. Сорғы стансаларын пайдаланған кезде суқабылдағыштың, жеткізу каналдарының, су қабылдап алғыш, қоқыс ұстап қалатын торлар өзінен өзі ағатын құбырларын шаю дүркін-дүркін тазаланып тұруы керек, сонымен қатар негізгі және қосалқы құрылғыларының сақталуы және дұрыстығы үнемі қадағаланып отырады.

58. Суғармалау мезгілінің алдында қозғалғыштар және сорғылар, орнатылған арматуралар, автоматика, телемеханика және байланыс құралдары мұқият тексеріледі.

Машиналарды іске қосуға дайындағаннан кейін олар сыналады.

59. Сорғы стансаларының жұмысы келесі негізгі талаптарға сай іске асырылады:



1) суды суғармалау үшін беру жоспарының белгіленген мерзімде орындалуы, ал грунт суларының деңгейін төмендететін сорғы стансасы үшін - осы суларды тарту жоспарының орындалуы;

2) сорғы агрегаттарының, сорғы стансаларының үздіксіздігі мен беріктігі;

3) сорғы агрегаттары және сорғы стансалары жұмысының үнемділігі толығымен.

60. Барлық сорғы стансалары өртке қарсы ережелеріне сай өрт сөндіргіш, найзағай соққыларынан қорғау құралдарымен жарақталады және дұрыс және тазалық жағдайында ұсталады.

61. Уақытша және ашық сорғы стансаларды пайдалану үшін спецификалық ережелер нұсқауларға сәйкес орнатылады.

 

 

6. Қорғаныс жолдарын (үйме жол бөгетшесі) пайдалану.



 

62. Үйме жол бөгетше құрылымының маңайында жару жұмыстарын жүргізу осы құрылымдарды сөзсіз зақымданудан сақтауын қамтамасыз ететін жағдайда ғана Мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдарының және бассейндік инспекциялардың - су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі өңірлік өкілетті ұйымының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

63. Үйме жол бөгетшелеріндегі кемелердің айлақ орындары Қазақстан Республикасы өзен флотының талаптарына сәйкес белгіленеді.

64. Материалдардың, құрал-саймандардың және жарақтардың авариялық қоры осы үшін арнайы бөлінген жерлерінде сақталады. Авариялық қорларын сақтау орындарына кіру тек қана үйме жол бөгетшелерін пайдалану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі.

65. Үйме жол бөгетшелерін пайдалану кезінде өзен арнасына және бөгетшенің қысымды беткейіне орнатылған, су деңгейін бақылап тұру үшін гидрометриялық тақтайшалар (бекеттер) және де үйме жол аймағындағы жағалауларының шайылу қарқындылығын анықтау үшін бекітілген тұстамалар орнатылады.



Өзендерде судың деңгейі қауіпті жағдайға жеткен кезінде үйме жол бөгетшесінде жұмыс бригадаларының және қажетті механизмдерінің кезекшілігі орнатылады.

66. Су тасқыны мен сең жүру кезеңіне дейін бөгетше жалын бақылау тегістеуден өткізу, барлық үйме жол бөгетшелері мен ондағы құрылымдар қаралып, жөнделуі жүргізіледі, материалдардың және құрал-саймандардың қажетті авариялық қоры дайындалады, кезекші бригадалары мен механизмдер ұйымдастырылады, өте қауіпті және жауапты бөлімдермен байланыс орнатылады.



 

 

7. Құлақарық жүйлерін, жаңбырлатқыш машиналарын және



жылжымалы сорғы стансаларын қыс мезгілінде ұстау

 

67. Жұмыс істеуші қызметшілер жапқыштардың техникалық жағдайына, көтеру механизмдерінің, анжыр тоқтатушы қабырғаның және жабдықтың жылытқыш жүйесінің жағдайына ерекше көңіл бөле отырып бекітілген жоспар бойынша гидротехникалық құрылыстарды қыс мезгілінде жұмыс істеуіне дайындық жұмыстарын жүргізеді.

68. Каналдарының және құрылыстардың төменгі температура жағдайында апатсыз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру- техникалық іс-шаралардың жоспары құрылады.

69. Гидромеханикалық, жүккөтергіш, электротехникалық жабдықтарды, бақылау құралдарын және басқару жабдықтарын, қысқы уақытта жұмыс істемейтін гидротехникалық құрылыстарды суғару мезгілдің соңында тексеру және консервациялау қажет. Құбыр желістерін, науаларды, сорғының бетін және ілмек арматураларын судан босатылады.

70. Қысқы уақытта күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарының негізгі көлемі өтуі қажет, каналдарды тұнбадан тазалау, сонымен қатар, құрылыстарды қайта құру.

71. Жұмыс органдарын және гидромериялық бекеттердің, су өлшеуіш құрылыстардың, балық қорғау орнатуларын (аулар, барабандар, таспаларды, флейталарды) жабдықтарын демонтаждау, тексеру, консервациялау және арнайы сақтау орындарында сақталады.

72. Басты бас тоған өзендік гидротораптарында қыс мезгілінде су тарту болмаған жағдайда өзен шығындарын өткінші қашыртқы және жуу саңылаулары арқылы жапқыштары ашық кезінде өткізіледі.

73. Қыс уақытында жұмыс істейтін (құрғату жүйесінде, су басу, сумен қамтамасыз ету, кәріздеу) сорғы стансаларында, аяздың басталуына дейін сыртқы профилактикалық жұмыстар аяқталады, жапқыштарды, қоқыс ұстағыштарды, көтергіш механизмдерді, арындық және сору құбыр желістерін, кәріз, жылытқыш, жылу оқшаулары жүйелері тексеріледі.

74. Суғару мезгілінің аяқталуынан кейін құлақарық сорғы стансаларын міндетті консервациялау қажет, құбыр желісінен, сорғы беттерінен және арматуралардан су алынып тастайды. Тереңдетілген камералары бар сорғыларда олардың су басудан сақтау үшін, кәріз жүйелері тексеріледі, ілмек арматураларын тексеріп және жөндейді, реттеу құралдардың пускісін, құрғату сорғыларын, жылу және жылытқыш жүйелерін, кәріз жүйелерінің кішкентай қуатты трансформатордан қоректену беріктігі тексеріледі.

75. Жүзу сорғы стансаларын қыс мезгілінде арнайы шығанақтарда сақталады.

76. Қыс мезгілінде жұмыс істейтін құлақарық жүйелері үшін каналдар мен құрылымдарды төмен температура жағдайында пайдалану туралы іс-шаралар жоспары құрылады.



Жоспарда құлақарық жүйелерінің қыс мезгілінде апатсыз жұмысын қамтамасыз ететін, қажетті ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары ескеріледі, оның ішінде:

1) кептелу мен анжыр кептепмесі болған кезде суғармалау көздерінің төменгі жағалауларын су басудан қорғау;

2) өзен және каналдар бойындағы бөгеттерде, көпірлерде және басқа да құрылыстарында қауіпті кептелу мен анжыр кептепмесі пайда болумен күрес;

3) арналарды анжыр мен мұздың еркін өтуіне кедергі болатын құлаған ағаштардан, карчалардан және тағы басқа заттардан тазалау;

4) басты бас тоғанға келіп түсетін анжырды және мұзды бұру;

5) қысқы уақытта жұмысы үшін көзделген, қалқанша жапқыштарды жылыту;

6) реттеуіштің, дюкерлердің, тұндырғылардың қысымды құбыр желістерінің алдындағы мұз торларын жару;

7) каналдардың және құрылымдардың қауіпсіз жұмыс істеуіне іс-шаралар.

77. Жапқыштарды үсіп кетуінен сақтау мүмкін болмаған жағдайда оларды белгілі бір уақыт аралығы сайын көтеріп, жауып тұрады.

78. Жағалаулардың, каналдардың, көпір бекіністерінің, гидротехникалық құрылыстарында мұз қатып қалуынан сақтау үшін шығынның және каналдағы судың горизонтын күрт құбылтуға болмайды.

79. Құлақарық жүйелерін қыс мезгілінде пайдалану кезіндегі анжырдың пайда болуына қарсы күрестің тиімді әдісіне каналда судың жұмыс горизонты мүмкін болғанша жоғары деңгейінде ұстап, тұрақты мұз қабығын жасау болып табылады.



Мұз болғаннан кейін судың горизонтын мұз бетіне зақым келмейтіндей етіп, төмендетуге болады.

80. Көпірлердің алдында, тасалап тұратын құрылымдарда, қисық сызықты телімдерде каналдардағы кептелу мен анжыр кептепмесін жою, шағын жару жұмыстарын жасау шарттарын міндетті түрде сақталынған кезде, жару әдісімен жасалуы мүмкін. Бұл жұмыстар бекітілген жару жұмыстарын жасау ержелерін сақтау арқылы тек жару жұмыстарының мамандарымен орындалады.

81. Мұз және анжырдың қауіпті телімдерінен өтетін кезде пайдалану қызметіндегі жұмысшыларының және жұмыс бригадаларының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады. Барлық маңызды және жауапты құрылымдар мен канал телімдері қауіпсіз жұмыспен қамтамасыз ету үшін түнгі уақытта жарықтандырылады.

82. Қысқы жағдайда құлақарық жүйелерін, сондай-ақ суғару маусымы біткеннен кейін жылжымалы сорғы стансаларын тиісті ұстауын қамтамасыз ету үшін:



1) құлақарық каналдарды үйінділерден, тасындылардан және өсімдіктерден тазалау;

2) жаңбырлатқыш агрегаттарын және жылжымалы сорғы құрылғыларын (стансаларын) қысқы сақтау орындарына апару, кірден тазалау, ал су жинау және арын орындарындағы құбыр желістерін жөндеу;

3) жиналмалы темір құбыр желілерін, суғару біткеннен кейін қысқы сақтауға дайындайды.

Саптамаларды, бітеуіштерді және тағы басқа бөлшектерді кірден тазалап, жәшіктерге салу керек. Резеңке манжеталарды муфтадан суырып, жылы сабынды суда жуып, кептіріп алу керек.

Құрылғыларды бояумен бояп немесе коррозияға қарсы майлағыштармен майлау қажет. Іштіліктегі майларды ауыстырып, ойма қосылыстарын және барлық тораптарды маймен майлау керек.

Жаңбырлатқыш машиналарды, жылжымалы сорғы құрылғыларын және басқа да жарақтарды қысқы жағдайда ұстау және дайындау, пайдалану ержелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

8. Көлік және байланыс құралдары, қызметтік ғимараттар,



шеберханалар және қоймалар

 

83. Құлақарық жүйелерін пайдалануды іске асыратын су шаруашылығы ұйымдарында телефон және мобильдік байланыстар және жүк тасымалдау мен пайдалану шараларын орындау үшін қажетті, жеңіл және жүк таситын көліктермен қамтамасыз етіледі. Эксплуатациялық саладағы жұмысшылар өздеріне бекітілген жүйе учаскілерін қызмет ету үшін жылжымалы құралдарымен қамтамасыз етіледі.

84. Құлақарық жүйелерінде барлық гидротехникалық құрылымдарға еркін өтуді және ауа-райы жағдайына байланысты емес, ірі каналдар мен үйме жол бөгетшелерін жағалап жүруіне қамтамасыз ететін эксплуатациялық жолдар салынады.

85. Әрбір құлақарық жүйелерінде қызметтік үйлер және өндірістік ғимараттармен қамтамасыз етіледі.

86. Құлақарық жүйелерінде, каналдарда және бөгендерде материалдарды жеткізу үшін және инспекторлық мақсат үшін қажетті су көліктермен қамтамасыз етіледі.

87. Құлақарық жүйелерін пайдаланатын су шаруашылығы ұйымдары және пайдаланатын учаскілері мүлік қоймаларымен, құрылыс, жөндеу, апатты материалдармен, құрал-саймандармен және аспаптармен жабдықталады.

 

 

9. Құлақарық жүйелерінде техника қауіпсіздік



және жөндеу жұмыстары.

 

88. Каналдарды пайдалану кезінде каналдардың тұнбалауына әкеліп соғатын себептерді жоюды қамтамасыз етіледі. Каналдардың тұнбалануын төмендету, тасындылардың белгілі есеп бөлігін егіс алқаптарына тасымалдануын сондай-ақ тазартудың сапасын жоғарлатуын, каналдардың қажетті бойлық қимасын және еңістігін сақтай отырып, қамтамасыз ететін су алу құрылыстарының, басты және жүйе аралық тұндырғылардың және каналдардың ұтымды жұмыс тәртібі арқылы іске асырылады. Каналдардың тасымалдау қабілеттілігі, барлық тәртіптегі құрылыстар және үлестірушілердің жұмыстарымен келісіледі.

89. Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң, құлақарық жүйелерін пайдаланатын су шаруашылығы ұйымдары басшылығы және ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларынан құрылған комиссиямен куәландырылады  және қабылданады.

90. Құлақарық жүйелерін пайдалану және құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында құрылыстағы техника қауіпсіздік ережелері белгіленген тәртіпте бекітілген құрылыс нормалары және ережелеріне және гидротехникалық құрылыстарды және электростанциялардың гидромеханикалық жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сақталады.



Арнайы білім және дайындықты қажет ететін жұмыстарды орындау үшін (электротехникалық, жару, механизмдерді, автомашиналарды басқару) осы жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар тұлғалар шақырылады.

 

 

10. Құлақарық жүйелерін және құрылыстарын қорғау.



 

91. Құлақарықты, құлақарық - суландырғыштарды, суландыру және

коллекторлы-кәріздеу желілерін, бөгендерді, каналдарды, су тораптарды, сорғы стансаларын, жағалауды қорғанысты су шаруашылығы құрылыстарды қорғау, оларды пайдалануды іске асыратын, су шаруашылығы ұйымдарының эксплуатациялық қызметтеріне жүктеледі.

92. Каналдарды және құрылыстарды қорғау үшін жауапкершілік құлақарық жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын, су шаруашылығы ұйымдарының басшыларына жүктеледі, ал эксплуатациялық учаскілерінде - инженер-гидротехниктерге, құрылым тораптары мен жеке құрылымдары бойынша - осы құрылысты қорғауға жеке жауапкершілік жүктелген тұлғаға жүктеледі. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

93. Шаруашылық аралық мағынасындағы бөгендерде және каналдарда орналасқан гидротехникалық және басқа құрылымдарға еркін кіруіне рұқсатты, құлақарық жүйелерін пайдалануды іске асыратын, су шаруашылығы ұйымдары береді.

 

 

11. Техникалық құжаттар



 

94. Әр бір құлақарық, құлақарық - суландыру, суландыру және коллекторлы-кәріздеу жүйелерін пайдалануды, бөгендерді, каналдарды, су тораптарын, сорғы стансаларды және қорғаныс құрылымдарды пайдалануды басқаруды іске асыратын су шаруашылығы ұйымдарында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларында:

1) каналдардың, құрылымдардың және толығымен жүйенің төлқұжаттары;

2) жүйені, оның жеке учаскілерін және құрылымдарды мінездейтін картографикалық материалдары;

3) жобалы және атқару құжаттары;

4) сорғы стансаларының және құрылымдардың, жүйелердің жұмысына шұғыл есеп журналдары;

5) объектілерді, құрылымдарды және құрылғыларды пайдалану туралы техникалық нұсқаулары;

6) пайдалану қызметкерлерінің құлақарық жүйелерін техникалық пайдалану ержелерімен таныстыруды тіркеу журналы, лауазымды және техникалық нұсқаулары және техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелері болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет