Қашықтықтан білім берудің дидактикалық мүмкіндіктері Сарсенбаева Айгерим



Дата17.07.2016
өлшемі88.6 Kb.
#205034
Қашықтықтан білім берудің дидактикалық мүмкіндіктері

Сарсенбаева Айгерим
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі – оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана оқушылардың бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқытушы мен оқушылардың білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің нақтылық мәліметтеріне, клиент – сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы оқулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

 - Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

 - Қашықтықтан   оқытудағы   мақсаттары   мен   міндеттері,   оның   алдағы   уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.

 - Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

 - Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

 - Оқытудың   телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану   ісіне   дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

 - Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

 - Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. 

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) – білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен оқушының территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен  оқушыға        анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе оқушы тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы – біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады.. Өйткені, ол басты орында.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты                                     сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі – оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жүргізіледі.

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мәселелік мазмұндау;

4. Әвристикалық;

5. Зерттеу;

Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағындағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын  оқу процесі.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Қашықтықтықтан  оқыту  технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

 - оқытуды даралау;

 - оқытудың тиімділігін  (сапасын) арттыру;

 - дәстүрлі оқыту нысаны  қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін        білім беру қызметін ұсыну болып табылады.

Білім  беру   ұйымдарында  қашықтықтықтан  оқыту  жүйесін  ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін  мынадай функцияларды орындау қажет:

- оқу курстарын қолдау;

     – білім алушыларға  оқу материалдарын  жеткізу;

-  кеңестер беру;

- білім алушылармен  кері байланысты ұйымдастыру;

- білім алушылардың  білімдерін бақылау.

Қашықтықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтықтан оқытудың  жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында  мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:

- оқу процесін ұйымдастыру және басқару;

- қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;

- ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.

Қашықтықтықтан оқытудың  дидактикалық тәсілдерін әзірлеу қызметі қашықтықтықтан оқытудың электрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады,  тестілеу жүйелері  мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын,  қашықтықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.

Білім беру ұйымы білім алушылардың  мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың  өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік  көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтықтық кеңестерін алуды ұсынады. Оқушылардың өзіндік жұмысына электрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).

      Қашықтықтықтан оқытудың нысандары:  бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; электрондық оқу басылымдары бойынша (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) оқушылардың өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер);  компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электрондық пошта арқылы консультациялар беру.

Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл оқушымен пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін  қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе  бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл оқушымен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

- Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.

- Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің электрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.

- Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.

Компьютер студенттердің шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы жұмыс атқара алады.

Компьютер мен студенттің өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.

Педагогиканың негізгі қозғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты – кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жылдам қол жеткізе бастайды.

ЖОО аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек – олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.

Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білім адамның жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет