Тікенекті ауылының әкімі С. А. Тәжимовтың есебінен тезистер



Дата24.02.2016
өлшемі25 Kb.
#16506
Тікенекті ауылының әкімі С.А.Тәжимовтың есебінен тезистер
2014 жылғы бірінші қаңтарда ауылда 208 сегіз адам болса, 2015 жылғы бірінші қаңтарда 245 адам тұрып жатыр. Отбасылар саны 61-ге жетті, аулалар саны 60 болды. 2014 жылдың басынан бастап жыл аяғына дейінгі аралықта 6 сәби жарық дүние есігін ашты.

Сарыөзен негізгі мектебі ықшамдалып қалмауына әрекет жасалып, сырт жерлерден 4 (Төрт) жанұя 10 баламен көшіп келді. Мектеп жылдағы жоспарлы жөндеуден өтті. Жылу беру жүесіне отын жеткілікті көлемде түсірілді. Жалпы айтқанда ауылда биыл 8 (Сегіз) жанұя қоныс құрды.

Ауылымызға бір медбике, физика пәнінің ұстазы, ағылшын тілі және дене шынықтыру мұғалімдерімен толықтырылды. Былтырғы жылдың өзекті мәселелерінің біршамасының басы қайырылды деуге де болады.

Ауыл тұрғындарының арқасында көше жарығы да өз шешімін тауып отыр. Бүгінгі таңда тұрғындар арасында 15 және мектеп пен әкімшілікті санағанда 17 көше фонарьлары орнатылған. 2015 жылы көше жарығына аудан торабынан 1 млн 300 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, күн жарығының қуатын пайдаланатын көше жарығы құрылғылары орнатылатын болады.

Жаз айларында ауыл тұрғындарының көмегімен үш үйге күрделі жөндеу жасалды.

Су тасқыны уақытында бөгеттерге бақылау жасалып, олардың бұзылып кетпеуіне едәуір әрекеттер жасалды. Ауыл азаматтары мен жастардың көмегі арқасында құм, лай, тас тасылып, бұзылған жерлер уақытында жөнделіп отырды.

Ауыл ішінде 2400 тонна көлемінде күл-қоқыс, құрылыс және басқа да қалдықтар шығарылды. Осы тазалық мәселесі бойынша үш рет жиналыс өткізіліп, сенбіліктер мен бейсенбіліктер өтіп тұрды.

Жаз айларында ауыл ішілік электр жүйелері кезекті жөндеу жұмыстарынан өтті. Қыс айлары үздіксіз жұмыс істеп тұр.

2014 жылы жаңа байланыс жүйесі орнатылып, абоненттерге дербес терминалдар берілді. Осы байланыс арқылы тасымал телефондар пайда болып, кейбірі автокөліктеріне орнатты, біреулер ауылдан шалғай мал баздарына да апарып қойды. Бұл да байланыстын осы түрінің жақсы бір жақтары деуге де болады. Сонымен қатар интернет жүйесінің ағымы да едәуір жақсарды.

Ауыз сумен қамту мәселесі бойынша, 2013 жылы орнатылған аудандық «Қаратал» комуналлдық бөлімінің балансындағы су жүйесі өзінің қызметін үздіксіз атқаруда.



Мал басының былтырғы жылмен салыстырғанда біршама өсім бар.Ірі қара малдың саны 1688 бас (2014ж-1380 бас),ұсақ мал-2482 бас (2014ж-2371 бас),жылқы саны-999 бас (2014ж-960 бас), құс- 429 бас (2014ж-423 бас)

Мал бастары жоспарлы ветеринариялық тексерістен өткізіліп, қажетті жыл сайынғы вакцинация жасалып, бірдейленді. Бүгінгі таңда тегіс мал басы электрондық порталға тіркелу үстінде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет