«Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсынов (тәрбие сағаты) Нұркен ауылы -202 Тақырыбы



бет1/4
Дата07.10.2022
өлшемі0.68 Mb.
#462154
  1   2   3   4
Ахмет Байтұрсынов тәрбие сағаты


Қарқаралы орталықтандыпылған кітапхана жүйесі


«Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсынов
(тәрбие сағаты)



Нұркен ауылы -202


Тақырыбы: Әліппенің атасы Ахмет ата.( Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 )
Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми
еңбектері туралы мағлұмат беру.Ақын өмірін оқушыларға үлгі
ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға
тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.



  • Слайд:«Әліппенің атасы Ахмет ата»



Бейне ролик : « Ұлт көсемі»


Кітап көрме : « Ұлт ұстазы»


Ж үргізуші: -Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады. Ахмет Байтұрсынұлы. Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар. -Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?


1-оқушы: Адильжан
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.


2-оқушы: Айша
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
3-оқушы:Ерасыл
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
4-оқушы: Назым
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.
5-оқушы:Мәди
1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.
6-оқушы: Сезім
1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет