Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі



бет1/3
Дата09.04.2024
өлшемі20.42 Kb.
#498091
түріСабақ
  1   2   3
Қаныш Сәтбаев


Күні: 8.04.2024ж
Сынып: 8 «З»
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл!
Сабақтың мақсаты: көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп ,сабақтың мақсатын айту.
-Сәлеметсіздер ме, балалар?
Оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызда біздің елімізге,жерімізге көптеген еңбегін сіңірген,өз жеріміздің пайдалы қазбаларын зерттеуге өз үлесін қосқан тұңғыш геолог-ғалым туралы өтетін боламыз. Өздерің білесіңдер, жердің бізге берері мол , ал осы байлықты алу үшін көп тер төгу керек. Осындай өз елі , оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл!»
Өмірбаяны.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
1899-1964
Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері. 
Ол 1899 жылы Павлодар облысында туған. Қаныштың әкесі ауылда би болған. Қаныш бала кезінен алғыр,зерек болған. Оның алғаш сауатын ауыл молдасы ашқан болатын. Кейін Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс - қазақ мектебін, Семейдің семинариясын, Томскідегі Технология институтын бітірген.
Сәтбаев Қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. Ғалым бүкіл өмірін геология зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады. Ол Жезғазған мыс кенді ауданын ашты. Екібастұз көмірін ашты,сол жерлерде үлкен зауыттар ашылды. Ол Ұлытаудан Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған тасын тапқан.Қазір бұл тас Эрмитажда орналасқан.
Қаныш Сәтбаев дарынды адам еді. Ол – 640- тан астам ғылыми еңбектің авторы. «Жезғазған руда кеніші» деген ғылыми еңбегі үшін Қ.И. Сәтбаев Ленин орденімен марапатталды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тек қана геология саласында ғана емес , оның әдебиетке де қатысы бар екенін білдіңдер.Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары дәлел. «Алгебра оқулығына» қосқан 220 терминдері арқылы да оның нағыз сөз атасы болғандығын түсінеміз.
 Ұлы ғалым 1964 жылы қаңтар айында көз жұмды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет