«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының өңірлік іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың 4-ші тоқсанындағы орындалуы туралы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жұмыстары мемлекеттік бағдарламаның негізгі басымдықтарын сақтай отырып жүргізілуде.
Тілдерді қоллдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №293 қаулысымен 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа да санаттарына мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы №67 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды.
Мемлекеттік басқару органдарындағы тілдік даму
2009 жылдың 4 тоқсанында жоспарға сәйкес біршама жұмыстар атқарылды. Облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымына тұрақты мониторинг жасалды. Ағымдағы жылдың 12 айы бойынша облыстың аудандары мен қалаларындағы мемлекеттік органдардың құжат айналымында шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 98,4 пайыз болды, бұл көрсеткіш 2008 жылы 94,3 пайыз болған еді. Облыстық басқармаларда бұл көрсеткіш 86,9 пайызды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,1 пайызға артты.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық департаменттердің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 81 пайызға жетті, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17,8 пайызға өсті. Ал облыс әкімі аппаратынның шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы өткен 2009 жылы 99,3 пайызды құрап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,9 пайызға артық
Өңірлік іс-шаралар жоспарының 1-ші және 2-ші тармақтары бойынша мемлекеттік органдарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын тексерудің 2009 жылға арналған кестесіне сәйкес қазан айында ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, қараша айында Бородулиха ауданы әкімінің аппараты мен оның құрылымдық бөлімшелері және ШҚО орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша кеңестер өткізіліп, кемшіліктерді жою шаралары белгіленді.
Білім беру мен тіл оқыту салаларындағы тілдік даму
2009-2010 оқу жылында мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарына мемлекеттік тілді оқыту үшін 9 мемлекеттік, оның ішінде 1 облыстық және 8 аудандық тілді оқыту орталығы жұмыс істеуде. Аталған орталықтарда қазір 185 мемлекеттік органның 1642 тыңдаушысы және 28 мемлекеттік емес мекемелердің 229 тыңдаушысы, барлығы 213 мекеменің 1871 қызметкері мемлекеттік тілді үйренуде.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы XV сессиясының шешіміне сәйкес елді мекендеріндегі 329 мектептің негізінде 651 үйірме ашылып, 7980 тыңдаушы дәріс алып жатыр. 2010 жылы облыстың өзге ұлт өкілдері басым тұратын Көкпекті ауданының Самар, Ұлан ауданының Таврия өңірлерінде мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын ашу көзделіп отыр.
Бүгінгі күні облыс бойынша 30 мыңнан астам ересек адам мемлекеттік тілді оқыту үйірмелерінің тыңдаушылары болып табылады.
Жалпы облыстағы оқу орындары мен мектептердегі тіл үйрету үйірмелерін қоса есептегенде облыста 240 мыңнан астам тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.
Сонымен қатар қазір облыстағы 52 ұлттық-мәдени орталық жанындағы жексенбілік мектептердегі 103 топта 1408 тыңдаушыға ана тілдері және басқа да тілдер оқытылуда. Өскемен қаласындағы «Возрождение» жексенбілік мектебіндегі 46 топта 15 ұлттың 773 өкілі ана тілдерін, соның ішінде 5 топта 81 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.
Өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру бағытындағы шараларды жүзеге асыру мақсатында қараша айында Өскемен қаласында «Мемлекеттік тілді сала бойынша оқыту: ізденістер және перспективалар» атты облыстық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытып жатқан оқытушылар арасында қазан айында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық конкурсы өтті. Конкурстың жеңімпазы ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы Заира Сейманова республикалық конкурсқа қатысып қайтты.
Қазан айында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2009» облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленген Ләззат Сегізбаева республикалық конкурсқа қатысты.
Қараша және желтоқсан айларында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік тілді оқыту орталығында жаңа оқу жылындағы мемлекеттік тілді «Тілашар» жеделдете тегін оқыту курсын тыңдаушылрдың 2 тобы аяқтап, оларға курсты аяқтағаны туралы куәлік тапсырылды.
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарындағы, денсаулық сақтау мен тұрғындарға қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму
ШҚО 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тіл саясатының көкейкесті мәселелері бойынша қазан айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетімен бірлесіп мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының «Тілі бірдің – тілегі бір» республикалық форумы Риддер қаласында өткізіліп, республикалық бюджеттен 7,5 млн. теңге инвестицияланды.
Қараша айында «Тәуелсіздік және өңірдегі ономастика мәселелері» тақырыбымен өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, ономастика жұмыстарының өзекті проблемалары көтерілді.
Желтоқсан айында өткен «Бұқаралық ақпарат құралдарының оңтайлы тілдік орта қалыптастырудағы рөлі» атты «дөңгелек үстел» отырысында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жариялаған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының қорытындысы жарияланып, 5 номинация бойынша жұмыстары үздік деп танылған журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі» туралы №2923 Жарлығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс орталығындағы мектептерде «Тілге қолдау ата-тектен басталады» тақырыбымен акциялар өткізуде.
Облыс орталығының көшелерінде орналасқан мониторларда берілетін ақпараттық материалдардың тілдік ара салмағына мониторинг жүргізілді. Облыс орталығынан хабар жүргізетін телеарналардағы «Жүгіртпе жол» жарнамаларына талдау жасалып, кемшіліктерді жою бойынша 8 ескертпе жасалды
Тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың қаңтар айында мемлекеттік тапсырыс бойынша облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланатын материалдар мен облыстық «Қазақстан - Өскемен» және қалалық «Қалкен» телеарналарында жүргізілетін телехабарлардың 2009 жылға арналған медиа - жоспары жасалып, бекітілген болатын. Соған сәйкес облыстық газеттерде арнайы беттер ұйымдастырылып, тақырыптық хабарлар жарық көрді. Жалпы, 2009 жылы электронды бұқаралық ақпарат құралдарында 17 тақырыптық хабар, 50-ге жуық бейнематериал жарық көрсе, облыстық және аудандық газеттерде 350-ден астам мақала жарияланды.
Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету
Облыстағы жалпы тілдік ахуалды зерделеу мақсатында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Т.Ж. Қалдыбаеваның «Қазақстандық қоғамның ұлттық идеясының құраушысы ретіндегі мемлекеттік тілдің дамуы және орнығуы» атты әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қазан айындағы отырысында оған қатысушылар мен кеңес мүшелеріне хабарлама жасалды.
ШҚО өңірлік іс-шаралар жоспарын қаржыландыру
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға қарастырылған қаражатты игеру 100 пайызды құрады.
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
И Н Ф О Р М А Ц И Я
о выполнении регионального плана мероприятий на 2009 год по реализации Государственной программы функционирования и развития языков на 2001-2010 годы за 4 квартал 2009 года
Достарыңызбен бөлісу: |