Сындарлы оқытуға негізделген сабақ
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен білімді меңгеруге дағдыландыру мақсатында өз іс-тәжірибемде сындарлы оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануға тырысамын. Сындарлы оқытуда оқушылар әр сабақта оқу үдерісінін барлық аспектілеріне белсенді қатысуы керек: олар топ болып жұмыс жасайды, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырып, бір-біріне кеңес береді, өз алдарына мақсат қояды, алған нәтижелерін қадағалайды, идеяларымен эксперимент жасайды және «қателер оқудың ажырамас бөлігі» екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Топпен жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Оқушылар өзін және бірін-бірі бағалайды, өз білім деңгейін біледі және мұғаліммен бірге алдағы мақсаттарға қарай жылжиды, өз білімін қадағалау және бағалау қабілеттерін бойына сіңіреді. Бұл болса оқушының оқу үлгерімінің жоғарылауына септігін тигізеді.
Төменде 5-сыныптағы математика сабағында «Ең кіші ортақ еселік»тақырыбын оқушылардың өз бетінше меңгеруіне арналған және Блум таксономиясы бойынша құрылған сабақ үлгісін ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы
|
Ең кіші ортақ еселік
|
Жалпы мақсаттар
|
Ойлау қабілетін дамыту; ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу; сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; топтық жұмысқа бейімдеу; өзін-өзі реттеуді үйрету.
|
Негізгі мақсаттар
|
Ең кіші ортақ еселік туралы білім қалыптастыру; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінгенін математика тілінде жеткізе білуге баулу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |