Тілім менің-тірлігімнің тірегі атты тәрбие сағаты



Дата04.09.2022
өлшемі7.74 Kb.
#460220
Til


Тілім менің-тірлігімнің тірегі»атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Студенттерге мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Студенттердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Түрі: Дәстүрлі


Көрнекілігі: Тіл туралы слайд, нақыл сөздер


Кіріспе бөлім:


Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек. Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым.Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын.Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тілім менің-тірлігімнің тірегі»атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


2-жүргізуші:Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» деп жарияланған. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді тіл.


Өткірдің жүзі,


Кестенің бізі,


Өрнегін сендей сала алмас,- деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен осы қасиетті тіліміз.


1-жүргізуші: Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет.Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге


ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.


2-жүргізуші: Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.


1-жүргізуші: Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.


2-жүргізуші: Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын . "...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді" деп Сәкен Сейфуллин баға берген.


1-жүргізуші:Тіл байлығы,тіл тазалығы ұлт қасиетінің,салт-санасының негізгі өнегесі,нағыз белгісі деп Бауыржан Момышұлымыздың айтқан сөзімен келесі кезекті «Мақал-сөздің мәйегі»атты айдарымызға берсек.


2-жүргізуші:Яғни,мақалдың алғашқы жолы оқылады,ал сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз керек.


Тіл туралы мақалдар


1. Тіл тас жарады, тас жармаса…..(бас жарады)


2. Бал тамған тілден…(у тамған)


3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты…(сөз бұзар)


4. Жақсы сөз -…(жарым ырыс)


5. Қаһарлы сөз…(қамал бұзар)


. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің…( тілі ортақ)


7. Жақсы байқап сөйлер, жаман…( шайқап сөйлер)


8. Бас кеспек болса да,… ( тіл кеспек жоқ)


9. Дәлелсіз сөз…(желмен тең)


10. Тіл қылыштан… (өткір)


11. Піл көтермегенді,…(тіл көтереді)


12. Тілден артық…(қазына жоқ)


13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі…(ой өсіреді)


14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы… ( тілінде)


15. Ең ащы да тіл, ең…(тәтті де тіл)


16. Өнер алды – ( қызыл тіл)


17. Айтылған сөз -…( атылған оқ)


18. Жылы — жылы сөйлесең, жылан…(інінен шығады)


19. Басқа пәле -…(тілден)


20. Білім кілті -… (тіл)


21. Тілге құрмет –(елге құрмет)


1-жүргізуші: Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс . Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан - ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан –жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.


2-жүргізуші:


Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.


1-жүргізуші:


Орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі


өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.


2-жүргізуші:Келесі кезекте видеороликке назар аударайық.


1-жүргізуші: Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет.


2-жүргізуші: Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпай, қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсу біздің парызымыз.Осы орайда сіздердің ой пікірлеріңізді білсек(студенттер өз ойларын ортаға салады).


1-жүргізуші:Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.


2-жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.


1-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.


2-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!


1-жүргізуші:


Танытқан қазағымның қазақтығын,


Танытқан қазағымның азаттығын,


Танытқан қазағымның ғажаптығын,


Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.


Туған тіл-ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы.


Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын ерінбей – жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.


2-жүргізуші:


Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.


1-жүргізуші




Осымен «Тіл мерекесі» өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет