Білгенім батырлығы бабамның, Жүргенім қазағымның даласы



Дата02.04.2023
өлшемі17.55 Kb.
#471620
Білгенім батырлығы бабамның


.Білгенім батырлығы бабамның,
Жүргенім қазағымның даласы
Өлең мен өнерімнің жолында
Алатын лайық бағасы,
Қорғаушы жалғыз ғана Алласы,
Қолдаушы болған анасы.
Мың қыздың болмасам да арманы,
Жұлдыздың болам жаңасы.

Қайырмасы:


Өнерді қуған ұлмын.
Жаркентте туған ұлмын,
Жетісуда
Ән салсам саxынада.
Тамсанып баршасы да
Қол соғуда

2.Сәби күнімнен өнер жолында,


Саxна сіңген санама.
Әлемге амандасып әніммен,
Естілсе дауысым далама.
Шырайлы сұлу болған өлкесі,
Шұғылалы туғам қалада.
Бір жарық боламын ғой жұлдызың
Сенсең сүйкімді балаңа.

Ал бір екі үш қосулы тұр аппарат


Бала кезден өлеңге бар махаббат
Келіп тұрған араңа Санжардайын балаңа
Тағыда бір ұрыңыздар шапалақ
Шаң жуытпай еркелетіп маңдайды
Той жасайтын бар байлығын арнайды
Қызыл гүлдей баптаған ұлы үмітін ақтаған
Әкемізге бір қол соқсақ болмайма?
Соғып тұратын жүрек дейтін кез ед
Ұғынарсың бар қадырын өсе кеп
Жылап жатса оянған түнде бесік таянған
Анамызға қанекей бір қошемет
Жиенінің көрген талай айласын
Жолын бірақ қалай оның байласын
Бар сыйлықты әкелер тойды бимен көтерер
Нағашы мен жиен бөле қайдасың?
Мың жыл бойы туысым деп мойындар
Өткізетін қонақ болып тойым бар
Қыз алысып қыз берген құда болған сіздермен
Құдаларға бір қол соғып қойыңдар
Той болғанда жандарыңнан табылар
Жұмыс болса бірге жасап жабылар
Апалармен жезделер ағалармен жеңгелер
Қол соғайық осы жерде тағы бір
Доссыз өмір әрқашанда бекер шың
Олар жоқта қалай тірлік етерсің
Осы тойды күшті қып биді билеп ысқырып
Құрдастар мен достар тағы көтерсін
Жас жүректер бір жүрекке сыйғасын
Езулерін шын бақыттан жыймасын
Осы аулетке немере содан кейін шөбере
Әр жыл сайын жалықпастан сыйласын
Келіндерің болмасыншы ұрысқақ
Күйеу бала алда жүрсін туыстап
Бауыр бүтін бас аман осындай той жасаған
Ата анаға қол соғайық дұрыстап
Аман жүрсін ақ жаулықты анамда
Аман жүрсін ақ көйлекті ағамда
Көрсеттім ғой өнрді аяқтайын өлеңді
Бір қол соғып қойыңыздар мағанда

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет