Мұрын қуысында иіс сезу аймағы орналасқан, ондағы рецепторлар ауамен түскен зиянды заттар туралы ақпарат береді
Мұрын қуысының шырышты қабығында көптеген шырышты және серозды бездер орналасқан, олар үнемі мұрын жолдарын ылғалдап, одан өтетін ауаны ылғалдайды.
Мұрын қуысының және маңайындағы ауалы қуыстардың шырышты асты негізінде венозды өрімдер орналасқан, олар шырышты қабықтағы температураны тұрақтап тұрады.
5. Газалмасу-ағзаның сыртқы ортадан оттегіні қабылдап, көмір қышқыл газын шығару.
6. Өкпелер су алмасуында қатысады, судың 15-20% өкпе арқылы шығарылады. Тыныс алу жүйесі көмір қышқыл газын шығара қышқыл-сілтілі тепе-теңдігін де сақтайды
7. Өкпелер қан депосы болып саналады. Олар дене температурасын бір қалыпты ұстауында қатысады.
8. Тыныс алу жүйесі улы заттар-алкоголь, эфир, хлороформ, ацетон, аммиакты сыртқа шығарады.